Екеуміз шанаға мініп, төменге сырғи жөнелдік

Скачать

Қысқы демалыс күндері басталды. Қар қалың түскен. Күн суық. Су бетіне қалың мұз қатқан. Балалар жылы киініп мұз айдынына жиналады. Коньки тебеді. Кішкене төбешіктен шанамен сырғанайды. Мен де сіңілімді ертіп, төбешікке келдім. Екеуміз шанаға мініп, төменге сырғи жөнелдік. Қандай тамаша!
Бір шетте Сандуғаш, Әсем, Елдана, Жанерке аққала соғып жатыр. Екі–үш бала қар атысып ойнап жүр. Бәрі өте көңілді. Маған қыс мезгілі ұнайды. Мен қысқы демалысымды өте қызықты өткіздім.


Скачать


zharar.kz