РЕФЕРАТ

Скачать

Бұл зерттеу жұмысы отбасындағы ажырасу мәселесіне, соның ішінде, біз қарастыратын ажырасу жағдайына жасөспірімнің бейімделу ерекшеліктерін, ажырасу жағдайының жасөспірімге әкелетін зардабының әсерінен болатын тұлғалық-эмоционалды өзгерістерін зерттеуге арналған.
Жұмыс беттерінің саны: 46
Кестелердің саны: 10.
Гистограммалардың саны: 1.
Зерттеу мақсаты: Ата-анасы ажырасқан жасөспірімдердің ажырасу жағдайына бейімделудегі психологиялық ерекшеліктерді зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Әдебиеттерді талдау негізінде ажырасу мәселесін зерттеу.
2. Тұлғалық қасиеттердің эксперименталды зерттеуін жүргізу.
3. Ажырасу жағдайымен байланысты болған тұлғалық өзгерістер арасындағы байланысты табу.
4. Ата-анасы ажырасқан және қалыпты отбасындағы жасөспірімдердің тұлғалық қасиеттерін зерттеу.
5. Әдістемелерді өткізу.
6. Алынған мәліметтер бойынша салыстырмалы талдау жасау.
Әдістемелер: 1. К.Роджерс пен Р.Даймондтың тұлғаның әлуметтік-психологиялық бейімделу деңгейін анықтауға арналған әдістемені жүргіздік. Бұл әдістеме 101 сұрақтан тұрады, әрбір пікірге тиісті жеті жауаптың біреуі беріледі.
2. Р.Кэттелдің 16-факторлық тұлғалық әдістемесі (жасөспірімдік вариант). Бұл әдістеме 142-сұрақтан тұрады. Әдістеме қолдануда өте ыңғайлы және бізге керекті барлық тұлғалық факторларды қамтиды.
3. «Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесі. Бұл әдістеме Сакс-Леви модификациясы бойынша алынған. Әдістеме 60-аяқталмаған сөйлемнен тұрады. Алынғаған нәтижелер әртүрлі қатынасты анықтайтын тоғыз шкала бойынша өңделеді.
Алынған нәтижелердің расталынуы: Біздің жұмысымыздың болжамы көрсетілген әдістемелердің көмегі арқылы өз дәлелін тапты. Айта кететін болсақ, ата-анасы ажырасқан жасөспірімдердің ажырасу жағдайына бейімделуінде олардың тұлғалық және эмоционалдық жағынан өзгрістерге ұшырайтыны (Р.Кэттелдің 16-факторлық сұрақтамасының нәтижесі бойынша) және жасөспірімдердің әлеуметтік-психологиялық бейімделу ерекшеліктртері осы тұлғалық өзгерістермен тығыз байланыстылығы (К.Роджерс пен Р.Даймондтың әлеуметтік-психологиялық бейімделу деңгейін анықтауға арналған әдістеменің нәтижелерімен салыстыру барысында) туралы зерттеу болжамымыздың дұрыстығын дәлелдейді.


Скачать


zharar.kz