Жаңа жылдарыңызбен балалар, қонақтар

Скачать



Жаңа жылдан күтер сыйым жақсылық
(Жаңа жыл тіл ұстарту ертеңгілігінің сценарийі)

Кубденова Жанылсын Сабитқызы
Атырау қалалық №20 Алтын балық
мүмкіншілігі шектелген балаларға
арналған балабақшасы тәрбиешісі

Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұмат беру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір - біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Түзетушілік мақсаты: Балаларға мерекелік көріністер арқылы диалогты сөйлеуге, қарым - қатынасқа еркін түсе білуін жетілдіру. Танымдық қабілеттерін дамыту.
Қажетті құралдар: Жаңа жылдық шырша, ертегі кейіпкерлері, ойын құралдары
Әдіс – тәсілдері: Ән айту, би билеу, көркем сөздер оқу, ертегі көріністерін сахналау
Зал Жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген
Жүргізуші:
Құрметті біздің бөбектеріміз, қонақтар, ұжымдастар!
Барлығыңызда бүгінгі Жаң а жылдық шырша тойына қош келдіңіздер. Бүгінгі шыршамызға сән беретін мерекелік шеруімізді бастайық.
Мерекелік әуен ойналып балалар кіреді. Балалармен ертегі кейіпкерлері сиқыршы ескі жыл қойда кіреді.
Жүргізуші: Балалар, мереке қонақтары қош келіпсіздер. Барлығыңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Жаңа жыл тек табыс береке, бірлік әкелсін.
Әрбір адам Жаңа жылдан жаңалық күтіп, үмітпен қарайды. Осы мерекеге жиналған әрбіріңіздің үміттеріңіз ақталып әрбір отбасында арман - тілектеріңіз орындалсын.
Кел,, жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым.
Жақсылықтың жаршысы да нұрысың.
Адамдардың асқақтаған арманы,
Ақындардың таусылмайтын жырысың
Сізде қош келдіңіз Қой жылы, сіздің жылыңыз да биылғы құтты болды.
Заман дағдарысына қарамастан молшылық болды. Өз жылыңа ризасың ба?
Қой жылы: Әрине ризамын. Биылғы менің жылымда көптеген жаңалықтар болды.
Жүргізуші: Бүгінгі шырша тойымызда да көптеген қызықты әндер де билерде күтпеген таңғажайып оқиғалар болуы мүмкін.
Шырша тойына балалар өз өнерлерін ала келіпті.
Балалар жаңа жылдық тақпақтар айтады.
1. Қырларды жапты күміс қар
Далада жаңа тыныс бар
Бұталар жалт - жұлт етеді
Кәдімгі бейне хрусталь
2. Қуантып елді
Жаңа жыл келді
Өсетін болдым
Бір жасқа енді

Жүргізуші: Бүгінгі біздің Жаңа жылдық ұранымыз бір - бірімізбен дос болу. Олай болса бәріміз
ЖАҢА ЖЫЛ әнін айтайық.
Балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге шыршаны айналып тұра ән айтады.
- Балалар шырша тойына сиқыршы да келіпті. Өзінің сиқырлы күшімен талайды достастырып, жамандықты жақсылықпен жеңе білген.
Сиқыршы: Жаңа жылдарыңызбен балалар, қонақтар
Жүргізуші Сіз бізге көмектесіңізші біздің Аяз атамыз бен Ақшақарымыз кешігіп жатыр. Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы қайда жүргенін біліп бермейсіз бе?
Сиқыршы сиқырлы таяғымен сиқырлайды
. Сахна ашылып қасқыр ешкінің үйін торуылдап жүреді. Ешкі себетін арқалап орманға кетіп бара жатады. Аяз ата орман ішін аралап келе жатып көріп қалады.
- Ей қасқыр, әлі торуылдап жүрсің бе Жаңа жылда барлық әлемде жақсылық, достық орнауы тиіс.
Сондықтан сен бұл қылығыңды қой. Жүр менімен балалар күтіп отыр, мерекеге барайық.
Жолда келе жатып ағаштың түбінде тығылып отырған түлкіні көріп қалады.
- Ей, қу түлкі енді кімді алдасам деп отырсың ба?
- Жүр бізбенен шырша тойына барайық, балалармен көңіл көтерейік.
Музыка ойналып Аяз ата ертегі кейіпкерлерімен шырша жанына келеді.
- Амансыздар ма балалар, қонақтар Жаңа жылдарыңыз құтты болсын
Жүргізуші: Сәлематсыз ба Ата Балалар сізді асыға күтіп отыр.
Балалар мен орман ішінде келе жатқанда Ақшақар қызымнан адасып қалдым. Сіздер көрген жоқсыңдар ма?
- Кәне бәріміз қарша қызды дауыстап шақырайық.(Балалар дауыстайды)
Сиқыршы – Мен көмектесейін (сиқырлы әуен ойналады)
Музыка ойналып Ақшақар кіреді.
- Сәлематсыздар ма балалар, қонақтар. Сіздерге келе жатқанда орман ішін қызықтаймын деп Аяз атамнан адасып қалдым.
- Рахмет сиқыршы
Жүргізуші - Ақшақар балалар сізді асыға күткен еді. АТА сіз шаршаған боларсыз, дем алыңыз.
Ақшақар - Мен секілді қарша қыздар бар екен ғой мында билегім келіп тұр.
АҚШАҚАРЛАР биі
Би соңында Ақшақар қар жауғызады.
Жүргізуші – Біздің балалар сіздерге арнап өз өнерлерін көрсетеді
Әлде қарлы боранды
Тау басынан түсті ме
Аяз ата оралды 
Ақ тон киіп үстіне
Мұздан моншақ тағынып
Күміс алқа малынып
Ортада тұр Ақшақар
Көптен күткен сағынып
Аяз ата: - Ой мына балалар өнерлі екен. Менің де билегім келіп кетті ғой. Қәне менің кішкене көмекшілерім қайда екен.,
Аяз ата балалармен Гномдар биін билейді
- Аяз ата балалармен ойын ойнаңызшы
Аяз ата балалармен Тесік қапшық ойынын ойнайды.
Қой жылы – Ой балалар менің де мерекеде көңілім көтеріліп қалды. Сендермен қоштасатын кез келді. Сау болыңыздар. ҚОЙ жылы қоштасып шығып кетеді.
Жүргізуші: Балалар Жаңа жылымыз келгенше көңілді шырша тойымызды жалғастырайық.
ӘН Аяз Ата
Би Буратино
Есік қағылып Жаңа жыл Мешін кіреді.
Келді міне Жаңа жыл аппақ болып,
Ән болып, жұмбақ болып, тақпақ болып,
Ауламыздың тұсына қонып жатыр
Аяз болып, мұз болып, қатқақ болып
Жүздерінен қуаныш нұрын төккен
Балбұл жанған беттерін аяз өпкен
Айналайын балалар қарсы алыңдар
Жаңа жылды асыға көптен күткен.

Жаңа МЕШІН жылы сөйлейді
Армысыздар балалар
Бармысыздар халайық
Жаңа жылды жұп жазбай
Келіңдер қарсы алайық Жақсылыққа бағыт алған
Мешінмін мен Жаңа жыл
Жаңа жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл
Жаңа жылдың мерекесін
Мерекеге жалғаймын
Елде, жерде, табиғатта
Бақыт жолды қолдаймын
- Қонысыңыз құтты болсын Мешін жылы
Қонарсыз төрімізге ырыс болып
(Аяз ата мен Ақшақар қоштасып шығып кетеді)
- ал енді балалар келіп жеткен Жаңа жылымызға арнап өз өнерлерімізді көрсетейік.
Балалар тақпақтар айтады.
Тілеймін мен бар адамға
Жаңа бақыт, жаңа жыр
Ата - әже, ата - әже
Құтты болсын Жаңа жыл

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын деген сөз
Қанаттана кең әлемге тарайды
Ойын Кім жылдам
Би САМБО
Жүргізуші: Жаңа жылға арнап тамаша әнімізді шырқайық.
Ән ЖАҢА ЖЫЛ
Жаңа жыл бірлік берсін елімізге
Береке ырыс келсін жерімізге
Қыспақты пейіліміз жеңіп шығып
Қуаныш шашу шашсын төрімізге
Жаңа жыл мерекесін аяқтау, мерекелік шырша жанында жалпы би


Скачать


zharar.kz