Сарышаған кентіндегі ЖОББ
мектебінің 9 А сынып оқушысы
Бөгембай Анель
Президент күніне орай
Елін сүйген елбасы-Нұр аға
Бірлігі жарасқан елміз міне, бүгінде,
Артқа тартып халқым енді шегінбе.
Дағдарыстан шығып, алға бет алдық,
Мұның бәрін өз көзіңмен көрдің де.
Даңғыл жолды салып берер, Нұр аға
Енді халқым ешқашанда құлама
Барлық жерден жиып-теріп қазақты,
Халқы үшін, жанын салған ғұлама.
Жаңа кезең бастауына сендіңдер,
Астананың бәйтерегін көрдіңдер.
Халқымыздың саны өсіп бүгінде,
Әрбір жылды мерекелеп келдіңдер.
Мұның бәрі Нұр ағаның жемісі,
Әрқашанда алда жүрді жеңісі.
Бүкіл әлем тыныштықты тіледі,
Себебі бұл Нұр ағаның жемісі.