Программалық жабдықтар интерфейсінде негізгі элемент болып оның анықтамалық жүйесі болып саналады, онда әрбір адамға қажетті информация толық түрде болуы тиіс.Біз Windows ортасының бір артықшылығы ретінде оның анықтамалық жүйесінің барлық қолданбалы программалар үшін бірдей етіп құрастырылғанын айтамыз.сондықтан бір программаның анықтамалық жүйесімен таныссаңыз, қалғандарының құрылымы да сондай болғандықтан, керекті информацияны қиналмай іздеп табуға болады.
Windows ортасы мен оның ішіндегі стандартты қосымша программалардың бәрінің де бір-бірінен тармақтала өрбитін анықтамалық жүйесі (бұдан кейін анықтамасы) бар, ол жұмыс кезінде туатын кез келген сұраққа жауап бере алады.Windows ортасында кез келген анықтаманы былайша шақыруға болады:
- Іске қосу (Пуск) батырмасын шерту керек,
- Менюдегі Анықтама (справка) командасын таңдау қажет;
Іс жүзіндегі кез келген Windows ортасының қосымша программаларының (бұдан былай қосымша) меню жолындағы соңғы пункте Анықтама сөзі (кейде көмек немесе сұрау белгісі) тұрады.Осы Анықтама командасы программаның толық сипаттамасын беріп, керектігін таңдап баспаға да шығарып бере алады.
Осыған қоса, Windows жүйесінің өзінде және оның қосымшаларының бірсыпырасында анықтаманы сұхбат терезесі арқылы да алу мүмкіндігі бар.Кез келген сұхбат терезесінде көмек батырмасы бар.Оны таңдап алсақ, экранға анықтамалық жүйе шығып, Анықтама терезесіне сол сұхбаттасу мүмкіндігінің жұмысын баяндайтын информация шығарылады.
1.2.Анықтама алуды ұйымдастыру
Windows ортасының және оның қосымшаларының анықтамалығы – гипермәтіндік анықтамалық жүйе.Программаның кез келген жерінде көмек бере алатын анықтамалық жүйе контекстке тәуелді, сондықтан Windows қосымшаларының анықтамалығы гипермәтіндік контекстке тәуелді анықтамалық жүйе болып саналады.
Гипермәтіндік жүйе дегеніміз – мәтіндегі түйінді сөздерге негізделген жүйе.Түйінді сөз – мәтіннің бір бөлімін оның басқа бөлімдерімен байланыстыра алатын немесе белгілі бір ұғымды беретін сөздер.Түйінді сөзді таңдағанда анықтама терезесіне автоматты түрде сол сөзбен байланысты бөлім шығады.Ол тарауда да бірнеше түйінді сөз болуы ықтимал, ал олар басқа бір тараулар мен бөлімдермен байланысқан осындай жолмен мәтіннің бір бөлігінен оның басқа бірнеше бөлігіне шығуға болады.Түйінді сөздер мен олар арқылы бір – бірімен байланысқан тараулар мазмұнының да бір – біріне байланысты болатыны түсінікті шығар.Сол себепті әрбір адам Анықтама Терезесіне түйінді сөзге байланысты нендей ұғымдағы мәліметтер шығатынын болжап біліп отырады десек артық айтқандық болмас.
Түйінді сөздер рөлін бірнеше сөздер немесе сөйлемдер де атқара алады.Анықтама ішінде басқа бөліммен байланысқан түйінді сөз ретінде суреттер де қолданыла береді (тышқан курсорымен суретті немесе оның бір бөлігін таңдай отырып онымен байланысқан басқа мәтінге көшеміз).
Анықтама ішіндегі түйінді сөздер алдын ала басқа түспен белгіленіп қойылады.
Анықтамалықта қосымша осындай мәліметпен байланысқан сөздер мен сөз тіркестері түйінді сөздердің жаңа бір типін құрайды.Мұндай сөздерді таңдап алғанда, басқа бөлімге ауыспаймыз, тек Анықтама терезесі ішінен қосымша мәтіні бар жаңа терезе пайда болады.Бұл пайда болған терезе тышқанды шерткенше не пернелердің бірі басылғанша экранда көрініп тұрады.Жаңа терезеге шығатын түйінді сөздер мәтінде де белгіленіп қойылған.
Windows ортасының анықтамалық жүйесін Windows Sx мысалында қарап шығалық, ол үшін оны іске қосалық..
1.3.Анықтамамен жұмыс істеу
Анықтамалық жүйенің басты терезесінің үш парағы бар, олар: "Көрсеткіш", "Журнал", "Таңдамалы" және "Іздеу" тақырыптарынан тұрады.Керекті парақты таңдау үшін тышқан курсорын сол беттің тақырыбына жеткізіп, оны бір рет шертсе болғаны.
Анықтама орталығы және оны сүймендеу осы жүйенің ең басты терезесі болып табылады.Онда анықтамалық информация әдеттегідей бөлімдер тақырыбымен көрсетіліп тұрады.Әр бөлімнің басында жабық кітап түріндегі беогіше бар.Керекті бөлімнің тақырыбын белгілеп алып, Enter пернесін басу арқылы немесе тышқан курсорын кітап бейнесіне жеткізіп, оны екі рет шерту жолымен кез келген бөлімнен анықтамалық мәліметті оқуға болады.Бөлімдер ішінде кішігірім бөліктер мен тараулар болуы мүмкін, оларды да ашу бөлімді ашқан сияқты орындалады.
Анықтама алудың екінші тәсілі салалық көрсеткіштен керекті мәліметті іздеу болып табылады.