Бәби би орыс еліне бодан болуға қарсы шыққандардың бірі болды

Скачать

Бәби би орыс еліне бодан болуға қарсы шыққандардың бірі болды. Бәбидің баласы Ақша 1732 жылдың 7 ақпанында Әбілқайыр ханмен М.Тевкелевке келіп, өздерін бидің жібергенін, бұрынғы наразылық ниетінен бас тартқанын, жасақтарын тарататынын жеткізеді. Бұдан былай ханмен тілмаш осы топтың ауылдарымен бірге болып, еш алаңсыз көшіп-қонуларыңа болады,-деп айтады. Бірақ олар Бәби бидің ауылына баруға қорқады. Өтінішіне ден қоймаған елшіге қарсы Бәби жасақ жинап, інісі Байқараны атып өлтірген башқұртты қолына беруді талап етеді, болмаса елшіні өлтіретінін айтады. [1]
Бидің А.Гладышевке қатысты мәліметтерінде, Елизавета патшайымға Нұралы сұлтанды хан етіп сайлау туралы жазған хаттары да кездеседі.


Скачать


zharar.kz