ЖӘНДІКТЕР ЖОЛАМАЙТЫН КИЕЛІ САБАҚ
Оңтүстік Америкада ешқашан тіршілігін жоймайтын омбу деп аталатын ағаш өседі. Сұлбасының аумағы айналасына 15 метрге дейін жайылып, маңына көлеңке түсіреді. Оған жәндіктер (шыбын, құмырсқа, шіркей, маса( мүлде жоламайды. Күндіз оның көлеңкесінде алаңсыз демалуға болады. Ал түнге қарай өте жағымсыз иіс шығаратындықтан, саябақта демалып жүргендер шыдай алмай кетіп қалады. Бұл өсімдіктің жабайы түрлері Аргентинада, Уругвайда, Парагвайда, Перуде және Бразилияның оңтүстігінде өседі.
Омбудың діңі борпылдақ болғандықтан жылдық шеңбер түзілмейді, діңі өте тез өседі. Діңіндегі судың мөлшері шамамен 80 пайыз болғандықтан отқа күймейді. Қурағандары қағаз жанғандай тез жанып, кетеді. Ыстық пен құрғақшылыққа қатты желге төзімді. Егер жапырақтарын үсік шалса, қайта өсіп тез қалпына келеді. Діңінің сыртқы қабаты үнемі жаңарып отыратындықтан жергілікті халық оны «киелі» өсімдік деп атап кеткен.