Аралшық без құрылысы мен қызметі әртүрлі безді жасушалар - инсулощптерден (А, В, D, D, РР) құралған

Скачать

Аралшық без немесе Лангерганс аралшықтары (көне грекше: insuli pancreas; көне грекше: insuli — аралшық, көне грекше: pаn — барлыгы, көне грекше: kreas — ет) — ұйқы безінің гормондар бөлетін ішкі секреция (эндокринді) бөлігі. Аралшық без құрылысы мен қызметі әртүрлі безді жасушалар — инсулощптерден (А, В, D, D , РР) құралған. Аралшықтың орталығында орналасқай В инсулоциттер инсулин гормонын (организмдегі қант алмасуын ретгеуге қатысады, гормон жетіспеген жағдайда қант диабеті ауруы өрбиді), шеткі жағындағы А инсулоциттер глюкагон (инсулинге қарсы әсер етеді) гормондарын бөледі. D инсулоциттер аралшықтардың шеткі жағында орналасқан, сирек кездесетін безді жасушалар. Олардың гормоны А және В инсулоциттердін гормон түзу процесін тежейді. D инсулоциттер тым сирек кездеседі, олардың гормондары қанның қысымын төмендетіп, үйқы безінің сөл бөлу қызметін күшейтеді. РР инсулоциттер гормоны асқазан (қарын) мен үйқы безі сөлінің бөліну белсенділігін арттырады


Скачать


zharar.kz