XI-XV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ АНГЛИЯ

Скачать

Англияны нормандардың жаулап алуы. Халықтардыңұлы қоныс аударуы кезінде Британияға германдықтардың-сакс тайпалары барып қоныстанды. Олар алғашқы кезде өзара қырғи қабақ соғыстар жүргізіп отырған жеті корольдік құрды. IX ғасырда олар бірікті. Х ғасырдың аяғынан бастап бұл бірлестік Англия деп аталды. Оны алғаш даниялықтар жаулап алды. Англия бірлестігі тек ХI ғасырда ғана даниялықтардың үстемдігінен құтылды. Алайда Англия корольдігі әлсіз еді. Феодалдр өзара қырқысып, әрі корольмен қақтығысып, жауласып отырды.
Англия корольдігінің осындай әлсіздігін пайдаланып, 1066 жылы Британ аралдарына Нормандия герцогі Вильгельм басып кірді. Гастингс маңындағы шайқаста ол ағылшындар королі Гарольдті жеңді. Вильгельм Лондонға басып кірді. Сөйтіп өзін Англия королі деп жариялады. Ол «Жаулап алушы» деген атаққа ие болды.
Англияны нормандықтардың жаулап алуы нәтижесінде ондағы король билігі күшейді. Вильгельм ағылшын-саксондық ақсүйектердің жер иеліктерінің біраз бөлігін тартып алып, өзімен бірге келген рыцарьларына таратып берді.
Барлық ағылшын-саксондық феодалдар Вильгельмге адалдық жөнінде ант берді. Олардың бәрі корольдің бағыныштыларына айналды.
Вильгельм 1086 жер, халық және мүлік санағын жүргізді. Ол санақтың барысы жазылған кітап «Қаһарлы сот кітабы» деп аталды. Англия халқының саны 1,5 млн болды. Оның 95%-ы ауылдық жерде тұрды. Бұрыңғы ерікті шаруалардың көпшілігі тәуелді, басыбайлы шаруаларға айналды. Шаруалар феодалдарға қарсы күреске шығып отырды. XIV ғасырдағы балладаларда езілгендердің әділ досы Робин Гудтың ерлігі туралы айтылады.
Англияда бір орталыққа бағындырылған мемлекеттің күшеюі. Жаулап алушы Вильгельм тұсында Англия қуатты державаға айналды. Ол әсіресе Вильгельмнің шөбересі ІІ Генрих Плантагенет (1154-1189) тұсында онан сайын қанат жайды. ІІ Генрих Англиямен қатар Франция жерінің 3/2 бөлігін иемденді. Егер Нормандия оған бабасынан мұра ретінде қалған болса, Аквитания оның әйелі Алеонораның жасауы ретінде берілген үлесі болатын.
ІІ Генрих Плантагенет сот реформасын енгізді. Бұраңғы феодалдардың «Тәңір сотының» орнына король соты орнады. Оған халықтың бәрі бірдей шағымдануға құқылы болды.
ІІ Генрих әскери реформада жүргізді. Енді феодалдар әскери қызмет атқарғысы келмесе «қалқандық ақша» төлеуге тиіс болды. Ол ақшаға өкімет рыцарьларды жалдады. Король шонжарлардың феодалдық жасағына тәуелді болуын азайтты.
ІІ Генрих ағылшын шіркеуін детікелей өзіне бағындыруға тырысты. Оның бұйырығы бойыннша Англияның бас епископы Фома Беккет өлтірілді. Себебі, ол корольдің іс-әрекеттерін сынаған болатын.
Осындай реформалар король билігін нығайтып, бір орталыққа бағынған мемлекеттің құрылуына көмектесті.
Парламенттің құрылуы. ІІ Генрих өлгеннен кейін оның мұрагерлері Франциядағы иеліктерінен айырылды. Оның үстіне елде феодалдар бүлігі күшейді. 1215 жылы 15 маусымда корольді «Еріктіліктің ұлы хартиясы» деген құжатқа қол қоюға мәжбүр етті. Ол құжат бойынша король халыққа біраз жеңілдіктер берді. Шетел көпестерінің Англияға емін-еркін келіп-кетуіне рұқсат берілді.
1216-1272 жылдары Англияда ІІІ Генрих билік құрды. 1258 жылы ол Италияға қарсы соғыс ашып, барондардан барлық табыстарының 1/3-ін өзіне беруді талап етті. Бұл талапқа барондар наразылық білдірді.
Барондар өкімет билігін бақылайтын кеңес құрды. Ол кеңестің келісімінсіз король ешқандай шешім қабылдай алмайтын болды. 1259 жылы ІІІ Генрих Кеңеспен санасудан бас тартты. 1263 жылы Англияда король мен барондардың арасында басталған соғыс нәтижесінде барондар жеңіске жетті.
1265 жылы олар халық өкілдерінің жиналысын шақырды. Ол жиналыс ағылшын парламентінің (француздың «парле»- «сөйлеу» деген сөзінен шыққан) бастамасы болды. Парламент екі палатадан тұрды. Бірінші палата лордтар палатасы деп аталды. Оған ірі жер иелерінің өкілдері – герцогтер, маркиздер, графтар, виконттар мен барондар, епископтар сайланды. Екінші палата қауымдар палатасы деп аталды. Оған рыцарьлармен халық бұқарасының өкілдері сайланатын.
Ағылшын парламентінің мемлекеттік басқару жүйесіндегі ықпалы күшті болды. Алым-салық салу үшін король парламентпен келісіп отырды. Кейін, XIV ғасырда парламент заңдар шығарып отыру құқына да ие болды. Ол орталықтанған мемлекеттің жетістігін бейнелейтін басқару ұйымына айналды. Парламент феодалдық мемлекеттің одан ары нығая түсуіне жағдай жасады.
Уот Тайлер басқарған шаруалар көтерілісі. 1381 жылы көктемде Англияның оңтүстік шығысында шаруалар көтерілісі басталды. Оған Франнциямен соғысты жалғастыру үшін жаңа салықтың енгізілуі себеп болды. Көтерілісшілер салық жинаушыларды ұрып-соғып, олардың кейбіреулерін өлтіріп де жіберді. Көтеріліске бұрын Жүз жылдық соғысқа қатысқан Уот Тайлер басшылық етті. Лондонға жақын жатқан екі графтың шаруалары астанаға қарай аттанды. Олар корольдің «ақымақ кеңесшілерін» жазалап, корольге өз талаптарын орындатуды көздеді.
Көтерілісшілер үкімет қамап қойған діндар Джон Боллды түрмеден босатып алды. Ол шаруаларды үкіметтің зорлық-зомбылығына қарсы үгіттеушілердің бірі болатын. Джон Болл король соттарының сатқындығын, епископтардың тойымсыздығын, феодалдардың қаталдығын әшкереледі. Ол тыңдаушыларға «Адам ата жер жыртып, хауа ана жіп иірген кезде кім дворян болған еді?» деген сауалды жиі қойғанды жақсы көретін.
Лондонның кедейлері көтерісшілерге қақпаны ашып берді. Шаруалар король сыбайластарының үйлерін талқандап, өшіккендерін өлтіріп те жіберді. Қалада көптеген жазықсыз адамдар да шаруалар соққысына жығылып, қаза тауып жатты.
Король ІІ Ричард көтерілісшілермен кездесуге мәжбүр болды. Көтерілісшілер мынандай талап қойды:
- жеке адамдардың тәуелділігін, барщинаны жою (адамдар тек өз еріктерімен ғана тәуелді бола алады);
- жерді пайдаланғаны үшін оның иесіне салықты тек ақшамен ғана төлеу;
- қалалар мен селоларға сауда бастандығын беру;
- көтерілісшілерге кешірім жариялау.
Король бұл талаптармен келісіп, уәдесін орындайтындығы туралы грамоталар беруге жарлық етті. Шаруалардың бірсыпырасы Лондонды тастап, үйлеріне тарап кетті. Бірақ көтерілісшілердің бір тобы бұл жеңілдікке қанағаттана қоймай, Уот Тайлер және Джон Боллмен бірге Лондонда қалып қойды. Олар корольмен екінші рет кездесіп, жаңа талаптар қойды. Ол талаптар:
- епископтар мен монастырьлардың жерлерін тартып алып, шаруаларға үлестіру;
- корольдерден басқа барлық ағылшындардың теңдігін орнату (дворяндардың артықшылығын жою) тұрғысында болды.
Король шаруалармен келіссөз жүргізіп жатқанда Лондонның мэрі Уот Тайлерді опасыздықпен өлтіреді. Король шаруаларға толып жатқан уәделер беріп, оларды үйлеріне қайтуға көндіреді. Көсемінен айырылған көтерілісшілер Лондоннан қайтып кетеді. Көтеріліс шыққан аудандарда король соттары жұмыс істеп, көтеріліске қатысқандарды қатаң жазалайды. Джон Боллға үкім шығарылып, ол да өлім жазасына кесіледі.
Көтеріліс ағылшын мырзаларын біршама үрейлендіріп тастады. Олар шаруаларды белгілі бір шамадан артық қанау бүліктен басқа ештеңеге жеткізбейтінін түсінді. Сондықтан мырзалардың бір тобы корольге қызмет етуге келе бастады. Шаруалар жеңілдіктерге ие болды. Уот Тайлер көтерілісінен жүз жыл өткен соң Англияда жеке қожайынға тәуелді шаруа қалмады деуге болады.
Ал қызыл және Ақ раушандар соғысы (1455-1485). Жүз жылдық соғыстағы жеңіліс ағылшын барондарының арасында үкіметке қарсы наразылық туғызды. Оның үстіне корольVI Генрих Ланкастер (1422-1461) дімкас адам еді. Оның әйелі Маргарита ханшайым шыққан тегі жағынан француз болатын. Халық оны қатыгездігі үшін де жек көретін. Ханшайым мен оның сыбайластары тек өздерінің байлығын көбейтуді ғана ойлады. Елде ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылық, тәртіпсіздік етек алды.
Ханшайым мен оның сыбайластарының басты қарсыластары корольдің алыс туыстары – Йорктер әулеті болды. Ланкастерлер мен Йорктер әулеттерінің арғы атасы ІІІ Эдуард Плантагенет (1327-1377) болатын. Бұл екі әулеттің арасындағы билік үшін талас-тартыс ұзаққа созылған қанды қақтығысқа әкеп соқты. Йорктер туында ақ, ланкастерлердің туында ал қызыл раушанның суреті бейнеленді. Сол себепті бұл соғыс Ал қызыл және Ақ раушандар соғысы деп аталды. Соғыс 1455 жылдан, 1485 жылға дейін созылды.
Бүкіл ағылшын феодалдары өзара жауласқан екі топқа бөлінді. Олардың әрқайсысы король тағы үшін күресте шонжар әулеттерінің бірін қолдады. Соғыс шонжар-феодалдар бірін-бірі түгелдей дерлік қырып болған кезде тоқтады. Ланкастерлердің Францияда тұрып жатқан туысы Генрих Тюдор 1485 жылы жеңіске жетіп, билік құрып отырған Йорктер әулетіне қарсы соғыс бастады. Сол жылы тамыз айында Босворд түбіндегі шайқаста ІІ Ричард Йорк жеңіліп, өлім жазасына кесілді. Осы ақырғы соғыспен Ал қызыл және Ақ раушандар арасындағы дау-жанжал бітті. Генрих Тюдор (1485-1509 ж. Билік құрды) VІІ Генрих деген атпен Англияның королі деп жарияланды. Ол VІІ Эдуард Йорктің қызы Елизаветаға үйленіп, өзінің туында Ал қызыл және Ақ раушандарды мәңгі ажырамастай біріктірді.
VІІ Генрих Тюдордың тұсында король билігі нығайды. Ол феодалдардың әмкери отрядтар ұстауына тыйым салды, бағынғысы келмеген шонжарлардың қамалдарын талқандады, соғыс барысында қаза тапқан герцогтер мен графтардың жері мен атақтарын өз жақтастарына сыйлады. Өзара қақтығыстардан қалжыраған рыцарьлар мен қала тұрғындары да VІІ Генрих Тюдорға қолдаушылық көрсетті.


Скачать


zharar.kz