Сұраққа жауап жаз

Скачать



Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде)

2-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (2-4-сыныптары) Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификацияда тапсырма үлгілері мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

2
Мазмұны

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ... ... ... . 4 Өзім туралы ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4 Менің отбасым және достарым ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ... ... ... ... ... 7 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ... ... ... 15 Менің мектебім ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15 Менің туған өлкем ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ... ... ... 26 Дені саудың – жаны сау ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ... ... ... ... ... ... ... . 26 Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ... ... ... ... 28 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ... ... ... 36 Қоршаған орта ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 36 Саяхат ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41

3
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

Өзім туралы ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты

Тапсырма
Тыңдалым және айтылым

2.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
2.1.4.1 Тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

Білім алушы
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді
• Тірек сөздер арқылы тақырыпқа қатысты әңгіме құрастырады

Білу және түсіну Қолдану

20 минут

1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.

Бүгін Аяулым өте қуанышты. Себебі, бүгін оның туған күні. Анасы Аяулымның туған күніне арнап, үлкен торт пісірді. Тортқа әдемілеп 7 деген жазу жазды. Әкесі оған сыйлыққа ертегілер кітабын тарту етті. Туған күнге Аяулымның дос қыздары келді. Олар дастарқан басында Аяулымға тілектерін айтып, әкелген сыйлықтарын тарту етті. Туған күн көңілді өтті.
Әр сұрақтың жауабын тауып, сәйкестендір.

Ертегілер кітабын тарту етті.

Аяулым неге қуанды?
Себебі, бүгін оның туған күні.

Әкесі Аяулымға қандай сыйлық жасады?

Үлкен торт сатып әкелді.

Себебі, бүгін жексенбі күн.

2. Сен туған күніңді қалай өткізесің? Сұрақтарға сүйене отырып, әңгімеле. • Сенің туған күнің қашан?
• Сенің туған күніңе кімдер келді?
• Сен туған күніңе қалай дайындалдың? • Туған күніңе қандай сыйлықтар алдың? • Туған күніңді қалай тойладың?
Тірек сөздер: туған күн, дайындалу, шақыру, сыйлық, тілек, көңіл күй.

4
Бағалау критерийі
Тапсырма №
Дескриптор
Балл

Білім алушы

Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді

1
бірінші сұрақтың жауабын анықтайды;
1

екінші сұрақтың жауабын анықтайды;
1
Тірек сөздер арқылы тақырыпқа қатысты әңгіме құрастырады

2
сұрақтардың негізінде өзінің туған күнін сипаттап айтады;
1

тірек сөздерді орынды пайдаланады;
1

сөйлемнің құрылымын сақтайды;
1

сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
1
Барлығы
6

5

Менің отбасым және достарым ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты

Тапсырма
Оқылым Жазылым

2.2.3.1 Мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
2.4.1.2 у, и, й әріптерінің емлесін сақтап жазу

Білім алушы
• Мәтінге қатысты сұрақ қояды және жауап береді • у дыбысының дауысты және дауыссыз түрлерін
ажыратады

Қолдану

20 минут

1. Мәтінді оқы.
Біз Гауһар екеуміз көрші тұрдық. Кішкентай кезімізден бірге ойнадық. Бірінші сыныпқа да бірге бардық.
Қазір ол отбасымен шетелге көшіп кетті. Маған өзінің әдемі қуыршағын сыйлап кетті. Осы ойыншықты қолыма алған сайын досым есіме түседі.
Мен оны туған күнімен құттықтап, телефон соқтым. Ол қуанып қалды. Мен оны қатты сағындым.

1) Сұрақтарға қысқаша жауап жаз.

• Досының аты кім?
• Досы қазір қайда тұрады?

2) Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ құрастырып жаз. ____________________________________________________________ _________________________________________________________

2. Мәтіннен у дыбысы бар сөздерді теріп жаз. Дауысты у дыбысының астын бір, дауыссыз у дыбысының астын екі рет сыз.
___________________________________________________________ ___________________________________________________________

7

Бағалау критерийі
Тапсырма
Дескриптор
Балл


Білім алушы

Мәтінге қатысты сұрақ қояды және жауап береді
1
бірінші сұраққа жауап жазады;
1

екінші сұраққа жауап жазады;
1

мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ құрастырады;
1
У дыбысының дауысты және дауыссыз түрлерін ажыратады
2
у дыбысы бар сөздерді теріп жазады;
1

дауысты у дыбысын анықтайды;
1

дауыссыз у дыбысын анықтайды.
1
Барлығы
6

8

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы

1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 2-сыныпта Қазақ тілі пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.

2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

Қазақ тілі пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).

3. 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

3.1 Ұзақтығы – 40 минут Балл саны – 15
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.

3.2. Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 3 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерденсұрақтардан тұруы мүмкін.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісі оқылым дағдысын, үшіншісі жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.

10

4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі

Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) пәнінен
1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

Тыңдалым және айтылым

1. Сұрақтарды мұқият тыңда. Берілген сұрақтарды пайдаланып, досыңнан оның отбасы туралы сұхбат ал.

[5]

Балл қою кестесі

Сұрақ №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

Білім алушының ықтимал жауабы: - Сенің отбасың қандай?
- Менің отбасым үлкен
- Отбасыңда неше адам бар?
- Менің отбасымда төрт адам бар. Олар: әкем, шешем, мен және қарындасым.
- Әкең қайда жұмыс істейді?
- Әкем емханада дәрігер болып істейді. - Қарындасыңның аты кім?
- Оның аты - Балнұр.

1

Білім алушының тақырыпқа сәйкес кез келген диалогы қабылданады.

Тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады.

1

Сұхбаттасына сұрақ қояды.

1

Сұхбаттасының сұрағына сәйкес жауап береді.

1

Сөздер мен сөйлемдерді орынды қолданады.

1

Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

Барлығы

5

Оқылым

2. Мәтінді оқы.
Менің досымның аты - Қанат. Оның түрлі түсті қарындаштары көп. Қанат сурет салуды жақсы көредi. Оның альбомында неше түрлi суреттер бар. Қанат күннің суретiн салды. Оның астына Әрқашан күн сөнбесiн! деп жазып қойды.

12
1) Сұрақтарға жауап бер. Белгіле ( ).

• Қанат нені жақсы көреді?

• Ол ненің суретін салды?

• Суреттің астына қандай жазу жазды? __________________________________

2) Мәтіннің мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз.

____________________________________________________________________

[5] Балл қою кестесі

Жазылым

3. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

1. Ол қи...р жинауға көмектесті. 2. Келесі күні те...ізге бардық. 3. Бұлт қо...лана түсті. 4. Балалар тоға...дан ж...дек терді.
[5]

13
Балл қою кестесі

Сұрақ №
Жауап
Балл
Қосымша ақпарат

3
қияр
1

Теңізге
1

қоюлана
1

тоғайдан
1

жидек
1

Барлығы
5

5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қаламқарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.

6. Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

14
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР Менің мектебім ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Бөлімше

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты
Тыңдалым және айтылым

2.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау
2.1.3.1 Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты өзара сұхбаттасу

Білім алушы
• Тақырып пен тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын болжайды
• Тақырып бойынша диалогке қатысады

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

20 минут

1. Берілген тақырып пен тірек сөздерді мұқият тыңда. Бұл мәтінде не туралы айтылуы мүмкін?

Тақырып: Кітапханада
Тірек сөздер: мектеп кітапханасы, кітапханашы, қарсы алу, спорт туралы, кітап, іздеу, көмек, қуаныш.

2. Жұптық жұмыс. Сурет пен тірек сөздерді қолдана отырып, кітапханашы мен оқушының рөлінде сұхбаттас.

Бағалау критерийі
Тапсырма №
Дескриптор
Балл

Білім алушы

Тақырып пен тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын болжайды
1
тақырып пен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжап айтады;
1
Тақырып бойынша диалогке қатысады
2
берілген тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады;
1

тірек сөздерді орынды қолданады;
1

сұхбаттасына сұрақ қояды және жауап береді;
1

сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
1
Барлығы
5

15

Менің туған өлкем ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Бөлімше

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты
Оқылым Жазылым

2.2.1.1 Сұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? неліктен?) мәтін түрлерін (әңгімелеусипаттаупайымдау) және құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) анықтау
2.3.7.1 Сөйлем түрлерінің айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қою

Білім алушы
• Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады • Сұрақ қою арқылы мәтіннің түрін анықтайды
• Сөйлем түрлерін ажыратады, тиісті тыныс белгілерді қояды

Қолдану

20 минут

Тапсырма

1. Мәтіннің бөліктерін түсініп оқы.
1) Мәтіннің басқы, ортаңғы және соңғы бөліктерін анықтап, дөңгелектің ішіне ретін көрсетіп жаз (1, 2, 3).

Алма ағашы жайқалып өсе бастады. Бірақ алма ағашында зиянды құрттар пайда болды. Қанат пен атасы зиянды жәндіктермен күресуге кірісті. Олар құрттарға қарсы дәрі қолданды.

Жаз соңында Қанат пен атасы алмадан мол өнім алды.

Қанаттың атасы - бағбан. Ол баққа алма ағашының көшетін отырғызды. Қанат атасына көмектесті.

2) Мәтінге сәйкес сұрақты анықта және мәтіннің түрін көрсетіп жаз.

Қандай? Не істеді? Неліктен?

Бұл _____________________________________________ мәтіні.

17
2. Берілген сөздерден 3 сөйлем құрастырып жаз. Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгіні қой.
1) Астана, орналасқан, қаласы, жерде, қай 2) Астанада, тұрады, өкілдері, ұлт, көптеген 3) Астанам, бер, гүлдене

Бағалау критерийі
Тапсырма №
Дескриптор
Балл

Білім алушы

Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады
1
мәтіннің құрылымдық бөлігін анықтайды (басы);
1

мәтіннің құрылымдық бөлігін анықтайды (ортасы);
1

мәтіннің құрылымдық бөлігін анықтайды (соңы);
1
Сұрақ қою арқылы мәтіннің түрін анықтайды

мәтінге сұрақ қояды;
1

мәтіннің түрін анықтайды;
1
Сөйлем түрлерін ажыратады, тиісті тыныс белгілерді қояды
2
тиісті тыныс белгісін қоя отырып, хабарлы сөйлем құрастырып жазады;
1

тиісті тыныс белгісін қоя отырып, сұраулы сөйлем құрастырып жазады;
1

тиісті тыныс белгісін қоя отырып, лепті сөйлем құрастырып жазады.
1
Барлығы
8

18

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы

1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 2-сыныпта Қазақ тілі пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.

2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

Қазақ тілі пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).

3. 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

3.1 Ұзақтығы - 40 минут Балл саны – 15
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.

3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 4 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерденсұрақтардан тұруы мүмкін.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екінші тапсырма оқылым дағдысын, үшінші, төртінші тапсырмалар жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.

20

4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі

Қазақ тілі (оқыту қазақ тілді) пәнінен
2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

Тыңдалым және айтылым

1. Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.

Бөгде адам
Балалар жол бойымен жүріп келеді. Олардың алдында бір қарт әжей кетіп бара жатты.
Жолдың бетін мұз басқан, тайғанақ болатын. Бір кезде қарт әжей тайғанап кетіп, құлап қалды. Ұл бала әжейге қарай тұра ұмтылды. Ол әжейді орнынан тұрғызып, жолдан өтуіне көмектесті.
Қыз бала әрі қарай жүре берді. Ол досы өз әжесіне көмектесіп жатыр деп ойлады. Бірақ әжей мүлде бөгде адам еді.

1) Мәтіннің кейіпкерлерін жаз _________________________________________ 2) Әжейге кім көмектесті?
3) Екінші кейіпкер не деп ойлады?
4) Саған қай кейіпкердің іс-әрекеті ұнады? Неліктен? 5) Мәтіннің мазмұны бойынша қандай ой түйдің?

Балл қою кестесі

Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

Ұл, қыз, әжей

1

Екі кейіпкерден кем болмаған жағдайда 1балл беріледі.

Әжейге ұл бала көмектестіұл бала көмектестіұл балаұл

1

Сұрақтың мазмұнына сәйкес басқа да дұрыс жауаптар қабылданады.

Досы өз әжесіне көмектесіп жатыр деп ойлады өз әжесіне көмектесті деп ойладыәжесіне көмектесті деп ойлады

1

Білім алушының ықтимал жауабы: Маған ұл баланың ісі ұнады. Себебі ол өзі
танымайтын әжейге көмектестіҰл бала ұнады. Себебі ол құлап қалған әжейге көмектесті.

1

Білім алушының ықтимал жауабы: Үлкендерге көмектесу керек өзімшіл болмау керек

1

Барлығы

5

22
Оқылым
2. Мәтінді оқы. Мәтінге сәйкес сұрақпен сәйкестендір.

Бүгін – білім күні. Әсел мектепке жиналды. Киініп айнаның алдына келді. Өзін тәртіпке келтіре бастады. Өзіне-өзі қарап ұзақ тұрды. Бантигінің байлауын шешіп, қайта байлады. Содан соң қуанышы қойнына сыймай, сөмкесін асынып, сыртқа шықты. Уақытын өткізіп алғанын енді аңғарды. Жүгіре басып мектепке келді. Алғашқы күні сабаққа кешігіп қалғанына қатты өкінді.

Қандай?

Не істеді?

Неліктен?

1) Мәтіннің түрін белгіле ( ).

Пайымдау мәтіні Сипаттау мәтіні Әңгімелеу мәтіні

2) Мәтіннің ортасын білдіретін бөлікті тауып, қоршап сыз.
3) Әселдің сабаққа кешігуінің себебі неде? Сұраққа жауап жаз. __________________________________________________________________________ 4) Мәтінге ат қой _____________________________________

Балл қою кестесі

23
Жазылым

3. Сөйлемдерді сөйлем қой.

Хабарлы сөйлем

Сұраулы сөйлем

Лепті сөйлем
түрімен сәйкестендір. Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгіні

Өркенің өссін, қарағым

Тоғайда түрлі аңдар болады

Қалада қандай үйлер бой көтерді

4. Сызбаға мұқият қара. Сөйлемдегі сөздердің байланысын анықта. Сызба бойынша 2 хабарлы сөйлем құрап жаз.

Балл қою кестесі

5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.

24
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қаламқарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.

6. Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

25
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

Дені саудың – жаны сау ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Бөлімше
Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты Тапсырма
Тыңдалым және айтылым
2.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау
2.1.3.1 Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты өзара сұхбаттасу

Білім алушы
• Тақырып пен тірек сөздер бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды
• Тақырып бойынша диалогке қатысады

Қолдану

20 минут

1. Берілген тақырып пен тірек сөздерді мұқият тыңда. Бұл мәтінде не туралы айтылуы мүмкін?
Тақырып: Тіс күтімі
Тірек сөздер: тісті тазалау, тіс пастасы, тіс жегісі ауруы, тістің эмалі, тіс ысқышты ауыстырып тұру, тіс дәрігерінің кеңесі, ауызды шаю, тәттіні аз жеу, әдемілік, сөзді дұрыс айту.

2. Жұптық жұмыс.
Тіс күтімі тақырыбы бойынша тіс дәрігері мен науқас адамның рөлінде сұхбаттас. Диалогті жалғастыр.
- Сәлеметсіз бе, дәрігер!
- Сәлеметсің бе! Кел, кір, орындыққа отыр. - Рақмет.
- Қай жерің ауырады? - ...
- ...

Бағалау критерийі
Тапсырма №
Дескриптор
Балл

Білім алушы

Тақырып пен тірек сөздер бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды
1
тақырып пен тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын болжайды;
1
Тақырып бойынша диалогке қатысады
2
тақырыпқа сай диалог құрастырады;
1

берілген тақырып бойынша сұрақтар қояды;
1

сұхбаттасының қойған сұрақтарына жауап береді;
1

тірек сөздерді орынды қолданады;
1

сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
1
Барлығы
6

26

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Бөлімше

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты
Оқылым Жазылым

2.2.6.1 Мұғалімнің көмегімен белгілі бір тақырыпта жазылған мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын (жанрымәтін түрі) табу
2.4.2.1 Мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажырату
2.3.5.1 Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзету және құрастырған сөйлемін толықтыру

Білім алушы
• Салыстыру арқылы мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды
• Сөз құрамына талдайды
• Сөйлемдегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді анықтап, түзетеді

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

20 минут

Тапсырма

1. Мәтіндерді оқы және салыстыр. Салыстыру нәтижесін кестеге түсір.

1-мәтін
Асанның анасы – шебер тігінші. Ол теріден ішіктер тігеді. Апасы Асанға қойдың терісінен жылы ішік тігіп берді. Асан қатты қуанды.
2-мәтін
Ішік – қыста киетін жылы киім. Ішік суық күндері киіледі. Ішік киген адам суықта тоңбайды. Оның тысы қымбат матамен қапталады.

Ұқсастығы
Айырмашылығы

2. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда.

Тігінші Матамен

28
3. Жіберілген қателерді түзетіп, мәтінді көшіріп жаз.

Асан мен мәди сырғанақ теуіп жүрді. Асан қолғапын жоғалтып алды. Қолы тоңған Асан жылады!

Бағалау критерийі
Тапсырма №
Дескриптор
Балл

Білім алушы

Салыстыру арқылы мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды
1
мәтіндердің ұқсастығын анықтайды;
1

мәтіндердің айырмашылығын анықтайды;
1
Сөз құрамына талдайды
2
сөздің түбірін және жұрнағын анықтайды;
1

сөздің түбірін және жалғауын анықтайды;
1
Сөйлемдегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді анықтап, түзетеді
3
бірінші сөйлемдегі орфографиялық қатені анықтайды және түзетеді;
1

екінші сөйлемдегі орфографиялық қатені анықтайды және түзетеді;
1

үшінші сөйлемдегі пунктуациялық қатені анықтайды және түзетеді;
1
Барлығы
7

29

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы

1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 2-сыныпта Қазақ тілі пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.

2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

Қазақ тілі пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).

3. 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

3.1 Ұзақтығы – 40 минут Балл саны - 15
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.

3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 3 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерденсұрақтардан тұруы мүмкін.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісі оқылым дағдысын, үшінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.

31

4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі

Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде )пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

Тыңдалым және айтылым

1. Берілген тақырып пен тірек сөздерді пайдаланып, мәтін құрастырып айт.

Тақырып: Спорт – денсаулық кепілі
Тірек сөздер: әр адам, спортпен шұғылдану, мықты денсаулық, шыдамдылық, жаттығу жасау, ойындар, денені шынықтыру, үйірмеге қатысу, пайдалы, көтеріңкі көңіл күй, ұзақ өмір, спорттың барлық түрі, футбол, күрес, денсаулық кепілі.
[5]

Балл қою кестесі

Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

Білім алушының ықтимал жауабы:
Әрбір адам спортпен айналысу керек. Өйткені спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл күйі көтеріңкі болады. Денсаулығы жақсарады. Спорттық ойындардың түрлері өте көп: футбол, баскетбол, волейбол т.б. Біз отбасымызбен спортпен айналысамыз. Достарымды да спортпен айналысуға шақырамын.

5

Тақырыпқа сәйкес болатын кез келген мәтін қабылданады.

Тақырыпқа сәйкес жүйелі әңгіме құрастырады – 1 балл.
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) сақтайды – 1 балл.
Тірек сөздерді орынды қолданады – 1 балл.
Сөйлемдердің құрылымын сақтайды – 1 балл.
Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды – 1 балл.

Барлығы

5

Оқылым

2. Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
Асар жасау - қазақ халқының көне салт-дәстүрлерінің бірі. Бұл – көпшіліктің көмегін пайдалану дәстүрі. Бұл салт бойынша ауыр жұмыстарды атқару үшін адамдар бір-бірін көмекке шақырады. Мысалы: үй салу, той жасау, ас беру т.б. Асарға келгендер еңбегі үшін ақы алмайды. Үй иесі оларға арнап ас әзірлеп, дастарқан жаяды.
Асар – адамдардың арасындағы өзара көмектің бір түрі. Ол халқымыздың бірлігін, қайырымдылығы мен ұйымшылдығын танытады.

1) Асар деген не? Белгіле ( ).

қонаққа шақыру өзара көмек еңбегіне ақы алу

33
2) Асар туралы жалған ақпаратты анықта. А) көмекке шақырады
В) еңбекақы төленеді С) тегін көмек беріледі
Д) үй иесі ас дайындайды

3) Мәтіннің мазмұны бойынша бір сұрақ құрастырып жаз. _________________________________________________________

4) Мәтіндегі қарамен берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздер (антоним) тауып жаз. ________________________________________

[5]

Балл қою кестесі

Тапсырма №
Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
2
өзара көмек
1

В
1

Білім алушының ықтимал жауабы:
Асарға қандай мақсатпен шақырады?Үй иесі не дайындайды?Асарға қандай жағдайда шақырады?
1
Мәтін мазмұнына сәйкес басқа да сұрақтар қабылданады

көне – жаңа
1

ауыр – жеңіл
1

Барлығы
5

Жазылым

3. Мәтінді мұқият тыңда. Берілген жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын жаз.

Саматтың добы
Әкесі Саматқа доп сатып әперді. Оның қуанышында шек болмады. Самат добын құшақтап далаға шықты. Ойнап жүрген балалар көріп қасына келді. Допқа қызыға қарады.
Самат допты ортаға тастады. Балалар екіге бөлініп, футбол ойнауға кірісіп кетті. Самат доп қуғандарға қосылып, көңілденіп жүгіре жөнелді. Балаларға ойын қызықты болды.

Жоспар:
1) Саматтың қуанышы.
2) Балалардың футбол ойнауы.
[5]

34
Балл қою кестесі

Тапсырма №
Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
3
Білім алушының ықтимал жауабы:
Саматқа әкесі доп сатып әперді. Самат қатты қуанды. Добын алып балалардың қасына келді. Олар доппен футбол ойнады. Ойын қызықты болды.
1
Мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жазады.

1
Мәтіннің мазмұнын III жақта жазады.

1
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды.

1
Орфографиялық нормаларды сақтап жазады (3 қатеден артық емес).

1
Пунктуациялық нормаларды сақтап жазады (3 белгіден артық емес).
Барлығы
5

5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қаламқарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.

6. Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

35
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

Қоршаған орта ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Бөлімше
Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
Тыңдалым және айтылым
2.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау
2.1.4.1 Тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

Білім алушы
• Тақырып пен тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын болжайды
• Тақырыпқа сәйкес әңгіме құрастырады

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
20 минут

Тапсырма
1. Берілген тірек сөздерді мұқият тыңда. Бұл мәтінде не туралы айтылуы мүмкін? Тірек сөздер: өзен, жаңбыр, су болу, ағаш арасы, тығылу, қармақ салу, балық аулау, көңілді.

2. Тірек сөздерді пайдаланып, Балық аулаған балалар тақырыбына әңгіме құрастырып айт.

Бағалау критерийі
Тапсырма №
Дескриптор
Балл

Білім алушы

Тақырып пен тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын болжайды
1
тірек сөздердің негізінде мәтіннің не туралы екенін болжап айтады;
1
Тақырыпқа сәйкес әңгіме құрастырады
2
тақырыпқа сәйкес жүйелі әңгіме құрастырып айтады;
1

мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) сақтайды;
1

тірек сөздерді орынды қолданады;
1

сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды.
1
Барлығы
5

36

Саяхат ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Бөлімше

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты

Тапсырма
1. Берілген мәтіндерді оқы.

1-мәтін
Оқылым Жазылым

2.2.1.1 Сұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? неліктен?) мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) анықтау
2.3.1.1 Мұғалім көмегімен жеке суретсюжетті суреттер арқылы шағын сипаттауәңгімелеу мәтіндерін құрап жазу

Білім алушы
• Сұрақ қою арқылы мәтіннің түрін, құрылымын анықтайды
• Сурет бойынша мәтін құрастырып жазады

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

25 минут

2-мәтін

Орман ішінен тоқ-тоқ еткен дыбыс естідім. Жан-жағыма таңдана қарадым. Ағаш басынан шұбар ала тоқылдақты көрдім.
Тоқылдақ ағаш бойымен өрмелеп, әр жерді бір тоқылдатады. Содан соң біздей тұмсығымен ағаш қабығының астындағы зиянды жәндіктерді суырып алады.
Бұл менің тоқылдақты алғаш рет көруім еді. Оған қызыға әрі таңдана қарап қалдым.

Тоқылдақ – орман құсы. Ол ағаш қабығының астындағы зиянды жәндіктерді теріп жейді. Тоқылдақты орман емшісі деп бекер айтпаған. Себебі, тоқылдақ орманды құрттардан, ұсақ жәндіктерден тазартады.
Тоқылдақ – пайдалы құс.

Әр мәтінге сұрақ қоя отырып, түрін анықта. Кестені толтыр.

Мәтін
Сұрағы
Мәтіннің түрі
1-мәтін

2-мәтін

38
2. Берілген сұрақтарға сүйеніп, суреттегі құсты сипаттап жаз.

1) Бұл қандай құс?
2) Оның түр-түсі (денесі, басы, тұмсығы, қанаты, құйрығы, тырнағы т.б) қандай?
3) Ол қайда мекендейді? 4) Немен қоректенеді?

Бағалау критерийі
Тапсырма №
Дескриптор
Балл

Білім алушы

Сұрақ қою арқылы мәтіннің түрін, құрылымын анықтайды
1
сұрақ қою арқылы әңгімелеу мәтінін анықтайды;
1

сұрақ қою арқылы пайымдау мәтінін анықтайды;
1
Сурет бойынша мәтін құрастырып жазады
2
сурет бойынша сипаттау мәтінін құрастырып жазады;
1

сын есімдерді орынды қолданады;
1

мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
1

сөйлемдерді сауатты жазады.
1
Барлығы
6

39

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы

1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 2-сыныпта Қазақ тілі пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.

2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

Қазақ тілі пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).

3. 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

3.1 Ұзақтығы – 40 минут Балл саны - 15
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.

3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 3 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерденсұрақтардан тұруы мүмкін.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісі-оқылым, үшінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.

41

4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі

Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

Тыңдалым және айтылым 1. Мәтінді тыңда.

Көктемде жылы жақтан жыл құстары ұшып келеді. Жыл құстарының алғашқысы болып ұзақ қарғалар келеді. Оларды халық көктем хабаршысы деп атайды. Содан кейін бозторғайлар мен қараторғайлар келеді. Қараторғайлар келісімен күннің көзі ашылып, жер беті жылынады. Қар еріп, жылғалардан су ағады. Ең соңынан су құстары ұшып келеді.
Жыл құстары жол бойы талай қиындықтардан өтіп, топ -тобымен туған жерлеріне оралады. Ұя салып, балапан өргізеді. Адамдар жыл құстарын қуана қарсы алады.

Мәтінге сүйеніп, Құстарға қамқорлық тақырыбында әңгіме құрастырып айт.

Тірек сөздер: көктем, ауа райы, жыл құстары, ұшып келу, күтіп алу, балалар, көмек, ұя, жем шашу, қуаныш.
[5] Балл қою кестесі

Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

Білім алушының ықтимал жауабы:
Көктемде жыл құстары ұшып келеді. Адамдар оларды қуана қарсы алады. Балалар құстарға арнап ұя, жемсауыт жасайды. Оны ағаштың бұтағына іледі. Олар құстарға қамқорлық жасап, жем шашып тұрады.

5

Тақырыпқа сәйкес болатын кез келген мәтін қабылданады.

Тақырыпқа сәйкес жүйелі әңгіме құрастырады – 1 балл.
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) сақтайды – 1 балл.
Тірек сөздерді орынды қолданады – 1 балл.
Сөйлемдердің құрылымын сақтайды – 1 балл.
Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды – 1 балл.

Барлығы

5

Оқылым

2. Мәтінді түсініп оқы. Сұрақтарға жауап бер.
Жыл сайын мамыр айында Жомарттың әкесі үйінің жанына бір түп жас қарағай көшетін отырғызады. Қазір олардың үйінің алдында жап-жасыл алты түп қарағай иық тіресе өсіп тұр. Жомарт дүниеге келгелі бері әкесі баласының туған күніне арнап, белгі ретінде бір түп қарағай отырғызуды әдетке айналдырған.
Енді, міне, жетінші қарағай да осы мекеннің сәні болып жайқалады.

43
1) Әкесі Жомарттың туған күніне қандай сыйлық жасайды? Жаз. ______________________________________________________

2) Жомарт қазір неше жаста деп ойлайсың? Белгіле ( ).

Алты жаста

Жеті жаста

3) Мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін мақалды таңда. Белгіле ( ).

Бір тал кессең, он тал ек.

Бабалар еккен шынарды балалар саялайды.

4) Мәтіннен дара және күрделі сын есімдерді теріп жаз.

Дара сын есім: _______________ Күрделі сын есім: _______________

Балл қою кестесі

Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

2

Білім алушының ықтимал жауабы: Аулаға қарағай көшетін отырғызады аулаға ағаш егедіқарағай отырғызадыағаш отырғызады.

1

Сұрақтың мазмұнына сәйкес басқа да дұрыс жауаптар қабылданады.

Жеті жаста жетіде

1

Бабалар еккен шынарды балалар саялайды.

1

жас

1

жап-жасыл

1

Барлығы

5

44
Жазылым

3. Берілген суреттердің біреуін таңда. Сызбаға сүйеніп, сурет бойынша әңгімелеу мәтінін құрастырып жаз.

Оқиға неден
басталды?
Əрі қарай не
болды?

Оқиға қалай
аяқталды?

[5]

Балл қою кестесі

Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

3

Білім алушының ықтимал жауабы:
1-сурет бойынша:
Жазда әкем екеуміз балық аулауға бардық. Әкем өзенге қармақ салды.
Ол бес балық ұстады. Балықтарды шелекке салып қойды. Мен өз қармағыммен шелектегі балықтарды аулауға кірістім. Әкем менің ісіме қарап, күлді. Біздің демалысымыз жақсы өтті.
2-сурет бойынша:
Қыздар орманға жидек теруге келді. Маржан мен Ғалия жидегі көп жерге кездесті. Айқайлап басқа қыздарды шақырды. Олар жидек терді. Гүлден тәж жасады. Үйлеріне көңілді оралды.

5

Суреттің мазмұнына сәйкес болатын кез келген мәтін қабылданады.
Мәтіннің мазмұны тақырыпқа сәйкес келеді – 1 балл.
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлімі, соңы) сақтайды – 1 балл. Орфографиялық нормаларды сақтайды (3 қатеден артық емес) – 1 балл.
Пунктуациялық нормаларды сақтайды (3 белгіден артық емес) – 1 балл.
Каллиграфиялық нормаларды сақтайды – 1 балл қойылады.

Барлығы

5

45
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қаламқарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.

6. Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

46

ɀɚɡɛɚɥɚɪԑɚɚɪɧɚɥԑɚɧɨɪɵɧ

Теруге 19.07.2017. берілді. Басуға 20.07.2017. қол қойылды. Пішімі 60х848. Кеңсе қағаз 80 грм2. Сандық басылыс. Шартты б. т.5,6. Таралымы 18 дана. Тапсырыс № 1574
Педагогикалық шеберлік орталығы ЖМ типографиясында басылды. 010000, Астана қ., №31 көше, 37а үй. e-mail: info@cpm.


Скачать


zharar.kz