Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде)
5-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 5-сынып білім алушыларына Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) Қазақ әдебиеті пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
2
Мазмұны
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ... ... ... .4 Таза, мінсіз асыл сөз бөлімі бойынша жиынтық бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ... ... ...10 Тәрбиенің қайнар бұлағы бөлімі бойынша жиынтық бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ... ... ...16 Адамгершілік - асыл қасиет бөлімі бойынша жиынтық бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ... ... ...20 Отбасы құндылықтары бөлімі бойынша жиынтық бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
3
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
Таза, мінсіз асыл сөз бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
Асан қайғы Асан қайғының жерге айтқан сыны аңызы, Қобыланды батыр жыры
АИ2 Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау БС2 Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау
Білім алушы
Шығармадағы автордың бейнесіне талдау жасайды Шығарма кейіпкерлерінің әрекетін қазіргі өмірмен
салыстыра бағалайды
Жоғары деңгей дағдылары
15-20 минут
1-тапсырма
Шығармадан келтірілген үзінділерді пайдалана отырып, автордың негізгі ойын, көзқарасын анықтаңыз.
Асан қайғының (автор бейнесі) жерге айтқан сыны арқылы жердің қандай қасиеттері туралы айтқанына талдау жасаңыз.
Асан қайғының сыны
Қандай қасиеттер туралы айтады?
Автор қандай адам?
Түркістанның қасында ескі қорған қала Сауранды көргенде: Әттеген-ай, қорғанды ай тақырдың бетіне, Шөлістанның өтіне салған екен. Сарқырап аққан суы жоқ, жайқалып тұрған нуы жоқ, түбі тұрақты қала бола алмас, - деген екен.
Баянауыл тауын көргенде: Баянға жаймай, қой семірмес, - деп, Асан қазіргі Баянауылды өзіне жайлау етіпті.
Жетісуды көргенде: Мынау Жетісудың ағашының басы сайын жеміс екен, шаруаға жақсы қоныс екен, - депті.
Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) тұсындағы Сыр өлкесін көргенде: Ей, Ақмешіт, жерің шаң екен, суың жар екен, әр бұтаның түбінде кесек етің бар екен! Елің жұтамас, малыңның көзіне сақ бол! -депті.
Қарсақбай аймағын көргенде: Айналаң жапан түз екен, тауыңның асты жез екен, екі тауың ел біткенді шақырар, басыңа байлық қонар, жұртың ашықпас! - деп жүріп кетіпті.
4
2-тапсырма
Қобыланды батыр жырындағы батыр бейнесін қазіргі шынайы өмірдегі батыр бейнесімен салыстырыңыз, айырмашылығы мен ұқсастығын сөздер мен сөз тіркестері арқылы жазыңыз.
Қобыланды батыр жырындағы батыр бейнесінің ерекшелігін сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестері
Ортақ белгілері (ұқсастықтары)
Қазіргі замандағы батыр бейнесінің ерекшелігін сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестері
Бағалау критерийі
№ тапсырма
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Шығармадағы автордың бейнесіне талдау жасайды.
1
шығармадан келтірілген үзінділерден жерге қатысты қасиеттерді анықтайды; 1-қасиет
2-қасиет 3-қасиет 4-қасиет 5-қасиет
1 1 1 1 1
үзінділер бойынша автор бейнесіне 3-5 сөйлеммен қорытынды жасайды;
1
Шығарма кейіпкерлерінің әрекетін қазіргі өмірмен салыстыра бағалайды.
2
жырдағы батырдың әрекеттері және оны сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестерін анықтайды;
1
қазіргі замандағы батырлардың ерекшелігін өз сөзімен сипаттайды;
1
екі замандағы батырларға тән ортақ ұқсастықтарды табады.
1
Барлығы 9
5
Таза, мінсіз асыл сөз бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
Қобыланды батыр жыры
5.ТЖ2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау 5.АИ3. Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау
Білім алушы
Шығарманың басты тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды
Шығармадан тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын ажыратады
Жоғары деңгей дағдылары
15-20 минут
1-тапсырма
Екі жақты түсіндірме күнделігі арқылы Қобыланды батыр жырының тақырыбы мен идеясын анықтаңыз. Кестенің сол жағына мәтіннен тақырыбы мен идеясына байланысты (шығарма бойынша) үзінділер жазыңыз. Оң жағына үзінділердің түсіндірмесін өз сөзіңізбен жазыңыз.
Жырдан үзінді (цитата)
Түсіндірме
(неге осы ойды таңдады, ол несімен маңызды болды)
Тақырыбы
Идеясы
2-тапсырма
Жырдан төмендегі сөздердің тура мағынасын анықтаңыз, жазыңыз.
Ауыспалы мағыналы сөз
Тура мағыналы сөз
Бейнелеуіш құрал түрі
Қара үйлі кедейлер қарқ болыпты да қалыпты.
Жылқы біткеннен тігерге тұяқ қалдырмай айдап кетіпті.
Арыстанның апандай аузын көреді.
Қараңғылық серпіліп жүре бергенде...
Құстай ұшып, құйғытып барады.
7
Бағалау критерийі
№ тапсырма
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Шығарманың басты тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды
1
жырдан тақырып пен идеяға қатысты үзінділер табады;
1
үзінділердің мағынасын өз сөзімен айтады;
1
үзінділер негізінде жырдың тақырыбы мен идеясын анықтайды;
1
Шығармадан тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын ажыратады
2
берілген сөздердің тура мағынасын анықтайды;
1
бейнелеуіш құрал түрін анықтайды.
1
Барлығы
5
8
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
Тәрбиенің қайнар бұлағы бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
Ыбырай Алтынсарин Қыпшақ Сейітқұл, Атымтай Жомарт
5.АИ1. Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу 5.БС3 Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
Білім алушы
Шығармадағы суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді ажыратады
Шығармадағы кейіпкердің жеке құндылығына талдау жасап, әдеби эссені жүйелі жазады
Жоғары деңгей дағдылары
15-20 минут
1-тапсырма
Қыпшақ Сейітқұл әңгімесінен цитаталар келтіре отырып, Қыпшақ Сейітқұл мен ағасының образдарын салыстырыңыз.
Кейіпкерлер
Кейіпкерлер іс-әрекетінен цитаталар
Екі кейіпкердің образдарына салыстыру (айырмашылығы мен ұқсастығына) жасаңыз.
Қыпшақ Сейітқұл
Сейітқұлдың ағасы
2-тапсырма
Суреттерге назар аударып, Атымтай Жомарт туралы әңгіме үзіндісін оқыңыз. Осы шығармадағы автордың ойын жалғастырып, Бүгінгінің Атымтай Жомарты қандай? тақырыбында әдеби эссе (сөз саны - 60-70) жазыңыз.
10
Бағалау критерийі
№ тапсырма
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Шығармадағы суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді ажыратады
1
шығармадағы екі кейіпкердің қарама-қарсы іс-әрекетін берудегі салыстыра суреттеулерді табады;
1
Шығармадағы кейіпкердің жеке құндылығына талдау жасай отырып, әдеби эссені жүйелі жазады
2
эссенің сұрағына жауап беретін үш дәйексөзді (аргумент есебінде) таңдайды;
1
эссе құрылымын, сөз санын сақтайды (кіріспе, негізгі, қорытынды, сөз саны -60-70);
1
стильді (көркем әдеби) орынды қолданады.
1
Барлығы
4
11
Тәрбиенің қайнар бұлағы бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
Дулат Бабатайұлы О, Ақтан жас, Ақтан жас
5.ТЖ3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу
5.АИ4. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап, авторға хат, өлең жазу
Білім алушы
Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын сипаттайды
Шығармадан алған әсерін өз пікірі арқылы жазбаша жеткізеді
Білу және түсіну
15-20 минут
1-тапсырма
Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен портретін талдап, автордың мәтіндегі кейіпкер образын ашуда сөз қолданысына талдау жасаңыз (2-3 сөйлем).
Кейіпкер портреті
(Ақтан жас) мен іс-әрекетін ашудағы өлең жолдары
Автордың кейіпкер образын ашудағы сөз қолданысына талдау
Жапанға біткен жапырақ, Жамылсаң тоңар ма екенсің? Жазғы шыққан бүлдірген, Сұғынсаң тояр ма екенсің?
Бадана көз, тоғыз тор, Сауыт киер ме екенсің? Білтеліні тұтатып, Түтінін үзбей оқ атып, Жау қашырар ма екенсің?
Тұлпар атты жаратып, Құйрық-жалын таратып, Сырты қырлы, жүзі алмас, Сапы асынар ма екенсің?
Тең құрбымен теңеліп, Шаруа жиып кенеліп, Бала сүйіп, мал жиып, Керсеніне бал құйып, Өмірде сүрер ме екенсің?
Жетімдіктен өтерсің, Шаң бермей әлі кетерсің, Қажыма, Ақтан, қажыма, Жетерсің, әлі, жетерсің.
13
2-тапсырма
Өлеңнен алған әсеріңізді білдіре отырып, жетім бала Ақтан жасқа (50 сөз көлемінде) хат жазыңыз.
Бағалау критерийі
№ тапсырма
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу
1
мәтіндегі кейіпкер образын ашатын сөз қолданыстарын талдай отырып, 2-3 сөйлеммен қорытып жазады;
1
Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу
2
шығармадан алған әсерін сипаттап жазады;
1
хат құрылымын сақтап жазады;
1
сөз санын (50 сөз) сақтайды.
1
Барлығы
4
14
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР Адамгершілік - асыл қасиет бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
М.Қабанбай Бауыр әңгімесі
5. ТЖ1. Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау
Білім алушы
Шығарманы сюжеттік желісі бойынша ретімен орналастырады
Мазмұн бойынша берілген сұрақтарға жауап береді
Білу және түсіну
15-20 минут
1-тапсырма
Шығармадағы сюжеттер желісіне қарай оқиғаларды ретімен орналастырыңыз.
Оқиғалар
Реті
Өле-өлгенше бұл дүниеден шешесін мың бейнеден іздесе де мәңгі бақи таба алмай, арманда өтетін шығар...
Иә, Манап Симбатович секілді ағам бар деген ой, әрине, Қалидың үш ұйықтаса түсіне кірген емес.
Қали костюмге көз қиығын немқұрайды тастады да, миығынан күлімсіреді.
Алыстағы ағаң жыл он екі айда бір рет келеді.
Орындық арқалығын желкесіне жастап, басын артқа тастап жіберді де, көзін жұмды.
Ауыл есіңде ме? Көкем, мен... Қалғұты... тау, қалың орман есіңде шығар?
Хат жазамын. Келер жылы жазда келемін...
Мереке қарсаңында жасөспірім боксшылардың қалалық біріншілігі өтеді.
2-тапсырма
Әңгіме мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Сұрақ
Жауап
Қали Манап әкелген костюмді неге киіп көрмеді?
Қали балалар үйінде немен айналысады?
Манап неліктен Қалиды балалар үйіне тапсырған еді?
Бағалау критерийі
№ тапсырма
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Шығарманың сюжеттік желісі бойынша реті мен орналастырады
1
шығарманың мазмұны бойынша оқиғалардың ретін белгілейді;
1
Мазмұн бойынша берілген сұрақтарға жауап береді
2
берілген үш сұраққа мазмұн бойынша жауап береді.
1 1 1
Барлығы
4
16
Адамгершілік - асыл қасиет бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
А.Байтұрсынұлы Адамдық диқаншысы өлеңі
5. АИ4. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу
5.БС 2 Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау
Білім алушы
Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап хат жазады, құрылымын сақтайды
Өмірмен байланыстырады
Жоғары деңгей дағдылары
15-20 минут
Тапсырма
Ақынның Тұқымын адалдықтың шаштым, ектім... деген өлең жолдарындағы басты ойын дамыта отырып, өз пікіріңізді білдіріп, замандастарыңызға арнап хат жазыңыз. Шынайы өмірмен байланыстырыңыз.
Бағалау критерийі
№ тапсырма
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап хат жазады, құрылымын сақтайды
1
хат құрылымын сақтайды;
1
кіріспе бөлімде автор өлеңінен алған әсерін жеткізеді;
1
негізгі бөлімде автор айтқан қасиеттердің қазіргі өмірде көрініс табуына өмірден дәлелдер келтіреді;
1
қорытынды бөлімде замандастарын адамгершілік қасиеттерге шақырады;
1
Өмірмен байланыстырады
шынайы өмірмен байланыстырады.
1
Барлығы
5
18
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
Отбасы құндылықтары бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
Нұрдәулет Ақыш Нағыз әже қайда?" әңгімесі
ТЖ4. Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту
Білім алушы
Әдеби шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқып, жатқа айтады
Білу және түсіну
15-20 минут
Тапсырма
Автор орындығын пайдаланып, Нағыз әже қайда? әңгімесі бойынша кейіпкерлер атынан мәнерлеп, жатқа үзінді оқыңыз.
Нұсқау: Білім алушылар жасырылған кейіпкерлер атын таңдап алады. Өзіне тиесілі кейіпкерді рөлге ене отырып, дауыс нақышына салып, мәнерлеп (монолог) жатқа оқиды. Кейіпкерлер:
1. Ая (автордың 1-қызы)
2. Райхан (автордың 2-қызы) 3. Азат (автор)
4. Жолдас (досы) 5. Азаттың әйелі
Мысалы: Азаттың әйелі (Жақсы кісілер. Тіпті айтары жоқ, оңды адамдар. Асты-үстімізге түсіп, жандары қалмай жүгіріп жүр. Қонаққа да өңкей тамаша адамдар жиналған екен.)
Бағалау критерийі
№ тапсырма
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқиды, жатқа айтады
1
жасырынған кейіпкерді таңдайды;
1
кейіпкер рөліне енеді;
1
үзіндіні мәнерлеп жатқа айтады.
1
Барлығы
3
20
Отбасы құндылықтары бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
Д.Лондон Мексика ұлы әңгімесі
АИ3. Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау БС 3.Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
Білім алушы
Шығармадан тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын анықтайды
Кейіпкерді ерекшелігіне талдайды
Жоғары деңгей дағдылары
15-20 минут
1-тапсырма
Мексика ұлы әңгімесінің желісі бойынша берілген сөйлемдерден сюжеттік кезеңдерін суретпен сәйкестендіріңіз.
22
2-тапсырма
Кейіпкерге сыни тұрғыдан баға бере отырып, 35-40 сөзден тұратын эссе жазыңыз.
Бағалау критерийі
№ тапсырма
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Шығармадан тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын анықтайды
1
әңгімедегі автордың тіл шеберлігін, тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер) ажыратады, суретпен салыстыру арқылы анықтайды;
1
берілген сөйлемдерден сюжеттік кезеңдерді суреттермен сәйкестендіреді.
1
Кейіпкерді ерекшелігіне талдайды
2
кейіпкерге сыни баға беріп, эссе жазады.
1 1 1
Барлығы
5
23
ɀɚɡɛɚɥɚɪԑɚɚɪɧɚɥԑɚɧɨɪɵɧ
ɀɚɡɛɚɥɚɪԑɚɚɪɧɚɥԑɚɧɨɪɵɧ
ɀɚɡɛɚɥɚɪԑɚɚɪɧɚɥԑɚɧɨɪɵɧ
Теруге 25.07.2017. берілді. Басуға 27.07.2017. қол қойылды. Пішімі 60х848. Кеңсе қағаз 80 грм2. Сандық басылыс. Шартты б. т.2,94. Таралымы 18 дана. Тапсырыс № 1574
Педагогикалық шеберлік орталығы ЖМ типографиясында басылды. 010000, Астана қ., №31 көше, 37а үй. e-mail: info@cpm.