Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Облыс: Қызылорда
Аудан: Қармақшы
Кент: Төретам
4-бағыт
Қазақстанның тарихи ескерткіштері
және болашақ дамуы бар маршруттары
Тақырыбы: Аралдың ежелгі мәдениеті
Жұмысты орындаушы: Алтыруова Малика
Сыныбы: 11ә сынып оқушысы
Пәндік жетекшісі: Әбдіреева Жадыра
Қызметі: № 80 мектеп-гимназия мұғалімі
Ғылыми жетекші: Макинев Бақытжан
Тарих және тарихты оқыту әдістемесі кафедра меңгерушісі
2012 оқу жылы
АННОТАЦИЯ
ТАҚЫРЫБЫ: Аралдың ежелгі мәдениеті
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ең басты кезек күттірмейтін мәселелерінің бірі- Арал экологиялық дағдарысы — адам әрекетінің әсерімен болған экологиялық дағдарыстың неғұрлым айқын мысалы, Арал теңізі экологиялық жүйесінің құлдырауы,ежелгі мәдениет.
Ғылыми жұмыстың мақсаты: Аралдың ежелгі мәдениетіне талдау жасау.
Мақсатқа жету үшін алға қойылған міндеттері:
- Арал қаласының географиялық сипаттамасы
- Зерттеу әдістерін пайдалану ;
- Аралдың қоршаған табиғи ортаға экологиялық әсері ;
- Аралдың ежелгі мәдениеті;
Зерттеу объектісі:Аралдың ежелгі мәдениетіне тоқталу.
Зерттеудің барысы: Аралдың тұрғындарының әлеуметтік экономикалық деңгейі қанағаттанарлығына қарамастан, тұрғындардың денсаулығы алаңдатарлық. Арнайы түрде жүргізілген зерттеулер қандай да болмасын қазіргі кезде Арал экологиялық дағдарысы — адам әрекетінің әсерімен болған экологиялық дағдарыстың неғұрлым айқын көрінеді. Арал өңіріндегі ерте темір дәуірінің сақталған археологиялық ескерткіштердің жинақталуы.
Соңғы ондаған жылдар бойында халық санының көбеюі, суармалы жерлер аумағының 2-3 есе ұлғайтылуы, Арал алабында су тұтынудың едәуір артуы теңіз деңгейінің апатты түрде төмендеуінің негізгі себебі болды. Әмудария мен Сырдария сулары
қоршаған ортаға елеулі өзгерістер келтіретіін анықтап береді. Ол өзгерістер төмендегідей:
1. Арал өңірінде табиғи процестер мен шаруашылық салаларының көне дәуірден бері келе жатқан үйлесімді даму ырғағын бұзылуы;
2.Шаруашылық кешеннің өнімділігі жетілмей, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы төмендеуі.
3.Табиғи қорлар тиімді пайдаланбау ;
4.Өйткені мен бұрынғы Арал теңізі өз деңгейін сақтамауы;
Қорыта айтқанда, Қызылорда облысы, Арал ауданы,аудан өңірінде ірі экологиялық жобалар жүзеге асырылуына байланысты табиғи кешендердің даму бағытын антропогендік реттеу негізінде қорларды тиімді пайдалану, шаруашылық салаларын экологиялық дамыту, жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескеру ұсынылады. Қызылорда облысының териториясында орналасуы,аймақтың релъефі, жергілікті халық тұрмысы жөнінде ,ежелгі Арал мәдениеті жөнінде нақты ұсыныс-пікірлер келтірілген.
Ендігі жерде қазақтың ұлан байтақ аумағы өзінің жаралы денесін сауықтыра отырып, болашақ ұрпақтарының салауатты өмір сүруін қамтамасыз етіп, өркениетті елдер қатарына қосылатынына кәміл сенетіндігі қамтылады.
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
1
Арал қаласының географиялық сипаттамасы
5
1.1
Тарихы
5
1.2
Демографиясы,кен байлықтары
7
1.3
Табиғаты
8
1.4
Климаты
9
1.5
Шаруашылығы
9
1.6
Өсімдік жабынының сипаттамасы.
9
2
Зерттеу әдістері мен құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
10
3
Арал теңізі, Кайнозой дәуірінде
12
3.1
Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар мен көне мемлекеттік құрылымдар.
13
3.2
Арал өңіріндегі антропогендік факторлар
13
3.3
Зерттеулер жүргізу ,Аралдың ежелгі мәдениеті
14
3.4
Аралдың қоршаған табиғи ортаға экологиялық әсері
17
Қорытынды
26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
27
Қосымша
28
Кіріспе
Қазіргі кездегі қоғамның дамуы айналадағы қоршаған ортаны пайдаланумен
тікелей байланысты, яғни адамзат тіршілігіне қажетінің барлығын табиғаттан алады. Бұл жағынан алғанда табиғат–табиғи қажеттілікті қамтамасыз ететін таңғажайып құбылыс.
Ғылым мен техниканың жетілуі, өндірістің дамуы, жер асты қазба байлықтарын кеңінен пайдалану, транспорт түрлерінің көбеюі қоршаған ортаға түрлі химиялық зардаптарын тигізуде. Соңғы ондаған жылдар бойында халық санының көбеюі, суармалы жерлер аумағының 2-3 есе ұлғайтылуы, Арал алабында су тұтынудың едәуір артуы теңіз деңгейінің апатты түрде төмендеуінің негізгі себебі болды.
Солардың бірі –Арал теңізі .
Арал десе алдымен ойға оралатыны: Қазақстанның атын аспандатып, әлемге әйгілеген алып Арал ауданының кен байлықтарынан темір кентасы, тұздар (миробилит, астраханит, ас тұзы), борат, мұнай, және кварц құмдары мен құрылыстық тастар олардың аңызға айналған жетістіктері.
Жұмыста Арал өңірінің антропогендік факторлар, Аралдың ежелгі мәдениеті
талдау жасалынады. Қазіргі кезде Арал экологиялық дағдарысы — адам қарекетінің әсерімен болған экологиялық дағдарыстың неғұрлым айқын мысалы, Арал теңізі экологиялық жүйесінің құлдырауы.
Соңғы ондаған жылдар бойында халық санының көбеюі, суармалы жерлер аумағының 2-3 есе ұлғайтылуы, Арал алабында су тұтынудың едәуір артуы теңіз деңгейінің апатты түрде төмендеуінің негізгі себебі болды. Әмудария мен Сырдария сулары ағымының күрт азаюы. 1901-1905 жылдары Орынбор - Ташкент темір жолы Арал теңізі станциясы үстінен өтті. Ал Алтықұдық елді мекені Арал теңізі станциясы болып аталды.
1909 жылы - Арал кеме жөндеу зауытының іргетасы қаланды.
1917 жылы - Арал ауданы Қазан төңкерісіне дейін Қазалы уезі қарамағында болды.
1923 жылы - Қазалы уезі кеңесінің шешімімен Арал поселкесінде атқарушы комитет құрылды.
1925 жылы - Сольтрест құрылды.
1929 жылы - Арал ауданы құрылды.
1930 жылы - Балық шаруашылығы саласы құрылып, Арал ауданында балық шаруашылығымен айналысатын 25 колхоз, 15 зауыт, 75 балық қабылдау пункттері жұмыс істеді. Балықшы қауымы жылына 450-500 мың тонна балық аулаған болатын.
1940 жылы - Арал теңізі екіге бөлінді. Сонымен қатар, 12 шаруашылық құрылысы да бөлініп, ал 4 зауыт Қарақалпақ АССР еншісіне берілді.
1941-1945 жылдары - Ұлы Отан соғысына қатысқан 8847 аралдық, оның ішінде 45 азаматша елді жаудан азат етті.
1949-1950 жылдары - Балық өнеркәсібінде 8 мың балықшы жұмыс істеді.
1950-1960 жылдары - Балық және мал шаруашылығын дамытуға айрықша үлес қосқан 16 аралдық Социалистік Еңбек Ері атағын иемденді.
1957 жылы - бүкіл ұжымшар кеңшар болып қайта құрылды. Арал ауданында Приарал, Арал, Қарақұм, Жіңішкеқұм совхоздарымен бірге Құланды жылқы зауыты жұмыс істеді[1,2].
Арал ауданы 1929 жылы құрылған.Алғашқы кезде оның құрамына Қамыстыбас және Арал болыстары кірді. 1938 жылғы 29 наурыздан бастап жұмысшы поселкесі қалаға айналды, яғни Арал поселкасы Арал қаласы болып аталды[3,4]. Ауданның орталығы Арал қаласы. Ауданда 2008 жылғы 1 қаңтарға 72145 адам тұрады[5,6,7]. Оның 30622-сі Арал қаласының тұрғындары[8,9]. Территориясы 52,2 км2.
Ғылыми жұмыстың мақсаты: Арал қаласының ежелгі мәдениеті талдау жасау.
Мақсатқа жету үшін алға қойылған міндеттер:
- Арал қаласының географиялық сипаттамасы
- Зерттеу әдістерін пайдалану ;
- Аралдың қоршаған табиғи ортаға экологиялық әсері ;
- Аралдың ежелгі мәдениеті;
Зерттеу объектісі: Арал қаласының қазіргі кезеңі мен ежелгі мәдениеті.
1.Арал қаласының географиялық сипаттамасы
АРАЛ ТЕҢІЗІ – Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе обл.) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін (1960 – 70 ж.) дүн. жүз. теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан (кестені қ.). Осы деңгейдегі айдынының ауд. 66,1 мың км2 (аралдарымен қоса), суының көл. 1064 км3, орташа тереңд. 16,1 м (ең терең жері 67 м), ұз. 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауд. 69000 км2 болған. Алабындағы шарлашылық мақсаттарға үздік өңдеу алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді (1997). Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға – Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды (қ. Арал апаты)[1,6]. А. т. көне замандардан белгілі. Ежел гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің сақ шығанағы есептесе, А. Македонский кезінде , Окс теңізі (Окс — Сырдарияның грекше аТЫ) деп атаған. Кейін Птолемей оның геогр. орнын анықтаған. А. т-нің Хорезм т., Жент ті Кердері т. сияқты аттарында бар. Араб саяхатшылары Әбу Әли Ахмед ибн Русте (10 ғ.), Әбу Исхак әл-Истахри (10 ғ.), ӘбуАбдал-лаһ Мүхаммед әл-Идриси (12 ғ.), Әбу-л-Фида (14 г.), сондай-ақ Әбілғазы жазбаларында А. т. туралы деректер кездеседі. Теңіз табиғатын жан-жақты зерттеу Ресей империясының шығысты отарлау саясатын жүргізу кезінде іске асырыла бастады[1]. 1848 – 49 ж. әскери теңізші әрі зерттеуші А.И. Бутаковтың экспедициясы А. т-нің су айдынын алғаш рет толық зерттеді, нәтижесінде 1850 ж. Аралдың алғашқы толық картасы жасалды. Теңіздің морфометриялық сипаттамаларын тұңғыш рет (1874, 1889) И.А. Стрельбицкий анықтады. 1874 ж. геодезист А.А. Тилло теңіз деңгейін өлшеп, солт.-батыс жағасына қада орнатты. Теңіз суының хим. құрамы туралы зерттеулердің нәтижесі 1870 – 73 ж. жарық көрді. 1900 – 03 ж. теңіздегі және оның маңайындағы кешенді геогр. және гидрол. зерттеулер Л.С. Бергтің басшылығымен жүргізілді[1,6]. Одан кейінгі жылдары теңізді зерттеумен көптеген ғыл.-зерт. Және жобалау ин-ттары шұғылданды.
Қазақстанның, сонымен бірге бірқатар шетелдік ғыл.-зерт. мекемелері А. т-н зерттеу мәселесімен айналысты. Бірнеше халықаралық қоғамдар, ұйымдар құрылған. Арал ойысы жоғарғы плиоценде жер -қыртысының төменге майысуы нәтижесінде қалыптасқан. Табанының бедері жота-жоталы жазық болып келеді. Деңгейі күрт төмендегенге дейінгі теренд. 20 — 25 м, А. т-нде жалпы ауд. шамамен 2235 км2 (айдынның 3,5%) болатын 1100 аралдар тобы болған, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылған. Кезіндегі ең ірі аралдары: Көкарал, Барсакелмес, Возрождение (бұл аралда КСРО-ның бактериол. қаруын сынау алаңы болған). Солт-нде биік және жайпақ жағалаулар кезектесіп отырады. Олар терең шығанақтармен тілімделген; шығыс жағасы жазық және құмды, шағын шығанақгар мен жаға маңы аралдары көптеп кездеседі, оңт. жағасы Әмударияның атырауынан тұрады; батыс жағасының тілімденуі шамалы, бұл тұстағы биікт. 250 м- ге жететін Үстірттің жарлауыт қабақтарынан тұрады[11]. А. т-не Орталық Азияның 2 аса ірі өзені (Әмудария мен Сырдария) құяды. Климаты континенттік, құрғақ ауаның орташа темп-расы жазда 24 – 26°С, қыста -7,0 – 13,5°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлш. шамамен 100 — 150 мм. Табиғи жағдайдағы теңіздің су тендестігінің құра-мы: кел бетіне жауатын жауын-шашынның мөлш. 5,9 км3, өзен ағындысы 54,8 км3, көл бетінен буланған ылғал 60,7 км3. 1970 ж. бастап көлге құятын өзен ағындысы жоққа
тән болғандықтан, булануға кеткен шығынды толтыруға 4 шамасы жетпейді, сондықтан теңіз суы жылдан жылға тартылып келеді (1-картаны қараңыз). Су деңгейінің маусымдық тербелісінің орташа мәні 25 см, көп жылдық (ғасырлық) ауытқуы 3 м-ге дейін жеткен. Соңғы кезде маусымдық құбылмалылық, болмаса су деңгейінің көпжылдық ауытқу көрсеткіші тек төменге бағытталған (картаны қ.). Судың беткі қабатының темп-расы жазда 26 – 30°С, қыста 0°С-тан төмен. Қыс бойы теңіз айдынын толығымен мұз басады. Суының тұзд. табиғи жағдайда 9 — 14%о болатын, соңғы он жыл ішінде (1988 – 98) 25 – 30%с-ге дейін өсті. Суы өте мөлдір, 25 м-ге дейінгі тереңдікті көруге болатын еді. Теңіздегі ағыстар сағат тілінің бағытьмен айналым жасайды. А. т-нде балықтан арал шоқы-ры, сазан, қаяз, торта, т.б. бар. Соңғы кезде камбала жерсіндірілген. Кеме байланысы шамамен 7 айға созылатын, казіргі кезде тек иірімдерде ғана қатынайды. Маңызды айлақтары мен негізгі экон. қ-лары бұрын Арал (Кіші Аралда) және құрлықта қалған Мойнақ (Үлкен Аралда) қ-лары болған. А. т-нің жағалауында халық аз тұрады, жергілікті халық балық аулау, мал ш-мен және көкөніс-бақша өсірумен айналысады. Арал балық аулау ауданына А. т-не құятын өзендердің атырау аумағы кіреді. Балық өндеу (тұздау) зауыттары бұрын Әмударияның атырауында, Аван кентінде (Көкаралда), Бөген ауылында (шығыс жағалау), бұрынғы Ұялы және Ұзын-қайыр аралдарында орналасқан болатын. Алғаш Әмударияның атырау тұсы к. т. аталып (аралдардың өте көп болуы себепті, картаны қараңыз), кейін теңіз түгелімен Арал аталған.
1.1 Тарихы
Арал ауданы – Қызылорда облысындағы әкімшілік бөлінісі 1938 ж. ұйымдастырылған. Аудандағы 58 елді мекен, 1 қалалық, 2 кенттік, 14 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы – Арал қаласы Жер аумағы 55,1 мың км2. Тұрғыны 70,8 мың адам, орташа тығыздығы 1 км2-ге 1,2 адамнан келеді (2006). Арал ауданы облыстың солтүстік-батыс бөлігінде, шөлейт белдемде орналасқан. Аудан жерінің ең биік жері – Шевченко шығанағынан солтүстік-батыста жатқан тау (324 м). Аймақтары мен елді мекендер Ірі елді мекендері: Арал қаласы (30,5 мың), Абай (2,3), Сексеуілді (8,9), Жақсықылыш кенттері (5,0) және Шижаға (2,2), т.б.
Жалпы білім беретін 45 мектеп болды. Мәдениет саласында 6 мәдениет үйі, 16 клуб, 37 кітапхана, бір музей, бір кинотеатр тіркелген. Аудандық Толқын газеті шығып тұрады. Н. Кенжеғұл атында мәдениет үйінде Қазанғап атында халық аспаптар оркестрі, Сыдықовтар жанұясының ансамблі, Көңілашар үгіт-көркемдік бригадасы жұмыс істейді. Денсаулық сақтау саласында ауд. аурухана, балалар босанатын үй, психоневрол. диспансер, кеңес беру диагностик. емхана, 2 аурухана, 31 фельдш.-акушерлік және фельдш. пункт, 12 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, тіс емдейтін Жансая және Аралстоммед ЖШС-тері, 4 дәріхана, ауд. санэпидстанса, лепропункт, т.б. медицина мекемелер халыққа қызмет көрсетеді. Спорт саласында ауданда 192 спорт ғимараттары тіркелген. Ауданда көптеген қоғамдық бірлестіктер (Қайрат, Ана үміті, Байқоңыр, Арал теңізі, Ұстаз ұлағаты, Көкжиек, т.б.) жұмыс істейді. А. а. аумағымен Орынбор–Ташкент т. ж. (162 км) өтеді. Автомоб. жолының жалпы ұзындығы 502 км, оның ішінде респ. маңызы бар жолдың ұзындығы 211 км. Байланыс кәсіпорындары мен мекемелерінен 1 ауд. байланыс бөлімі, 18 пошта бөлімшесі, 1 телекоммуникация жүйесі елге қызмет көрсетеді. Ауданда ұзындығы 570,6 км су құбыры тартылған. Электр энергиясын Дәу летэнерго ЖШС-і береді. Аудан өңірінен көптеген археол. және мәдени ескерткіштер табылған.
1.2 Демография
Ауданның халқы көпұлтты. Мұнда 20-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Халқының 99%-ын қазақтар құрайды. Одан басқа мұнда орыс, украин, кәріс, өзбек, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Халықтың басым бөлігі Сыр өзеннің атырауында және Орынбор – Ташкент т.ж. бойында қоныстанған. Тұрғындарының 1 км2-ге шаққандағы орташа тығызд. 6,2 адамнан келеді[1,6].
Кен байлықтар
Кен байлықтарынан темір кентасы, тұздар (миробилит, астраханит, ас тұзы), борат, мұнай, және кварц құмдары мен құрылыстық тастар бар.
Халқы
Ауданның халқы көпұлтты. Мұнда 20-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Халқының 99%-ын қазақтар құрайды. Одан басқа мұнда орыс, украин, кәріс, өзбек, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Халықтың басым бөлігі Сыр өзеннің атырауында және Орынбор – Ташкент т.ж. бойында қоныстанған. Тұрғындарының 1 км2-ге шаққандағы орташа тығызд. 6,2 адамнан келеді.
Тарихи-өлкетану музейі
Арал аудандық тарихи-өлкетану музейі 1988 жылдың 25 маусым күні ашылып, халыққа қызмет көрсете бастады. Бүгінгі таңда музейде 8 мыңға тарта жәдігерлер бар, олардың екі жарым мыңы көрме залдарына орналасқан. Музей негізінен 6 көрме залдарынан тұрады.
Этнография және археология залына тартылған теңіз ұлтанынан табылған ертедегі жәндіктердің қаңқалары, тасқа айналған денелері, бұрынғы ата- бабаларымыздың ұстап- тұтынған мүліктері. Киім-кешектері аналарымыз бен қыз-келіншектердің әшекей бұйымдары, ұлттық әуендік аспаптар, елге белгілі Жетес бидің шәйнегі, тұтынған сандығы, атақты тігінші Жармағанбеттің Зингер тігін машинасы, сауда-саттық, Орынбор- Ташкент теміржолының салынуы жәйлі деректер, жәдігерлер мен Өмір бөгетінен табылған Алты Алаштың мыс қазаны қойылған. Өлке тарихы залында балық кәсіпшілігіне байланысты балықшылардың ау-құралдары, балықтың түрлері, Арал теңізінің зерттелуіне байланысты материалдар, Арал теңізінің тартылуы, табиғат, Қамбаш көлі, Барсакелмес аралы, Қарақұм көріністері, Лениннің Арал балықшыларына жазған хаты, осыған орай Түркірыбтың аралдықтарға жіберген станогінің макеті, 16 Социалистік Еңбек Ерлерінің материалдары бар.
Музейде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғы-сына қатысқандардың фотосуреттері мен құжаттары, қойылған. Сондай-ақ, ауданда Кеңес өкіметінің орнауы, ұжымдастыру, тұз өнеркәсібі, мал шаруашылығы мен өнеркәсібінің дамуы, Арал бекінісі көріністері орын алған.
Әдебиет пен өнерге арналған залда заманымыздың заңғар жазушысы Ә.Нұрпейісов, ақын-жазушы З.Шүкіров, әйгілі шайыр Нұртуған Кенжеғұл-ұлының көрмелерімен қатар ауданда әдебиет пен өнерді дамытуда есімі елге белгілі ақын-жазушылардың, термеші- жыраулардың және басқа да өнер адамдарының суреттері мен мәліметтері, шығармалары орналасқан. Сонымен бірге бұл залда қолөнер шеберлері, зергер-мүсінші, тоқымашылар-дың қол туындылары бар. Ескерткіштер тарихы мен имандылық, ина-баттылық және спорт көрмелері де осы залға орналасқан.
Төртінші зал, негізінен әртүрлі тақырыпты қамтиды. Мұнда, Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасы, Арал теңізінің, Көкарал бөгетінің проблемалары және басқа да күнделікті тақырыптағы стенділерді қамтиды.
Ауданның тарихы залына орналасқан стенділер Аралдың 100 жылдығы тарихына саяхат жасалады. Көзі қарақты көрермендер бұл залдан көптеген жәдігерлер мен деректер табуына болады.
1.3Табиғат жағдайы
Табиғат жағдайының әр түрлілігі өзен алабын бірнеше бөліктерге бөлуде анықтаушы факторлар болып табылады. Сырдария өзені алабы жазық аумағының климаттық жағдайы жазда ауа температурасының жоғарылығымен, ұзақ жылы кезеңмен сипатталады. Негізінен қыс, коктем мезгілінде жауатын атмосфералық жауын-шашынның аздаған ғана мөлшері қолдан суландыруды қажет етеді. Соңғы уақытқа дейін Арал теңізіне суы толық екі ірі өзен — Сырдария мен Әмудария өзенінің суын бұрып әкету, суармалау мен суландыруға пайдалану бұл өзендердің гидрологиялық режіміне әсер етіп қана қоймай, Арал теңізі алабының экологиялық жағдайын тудырды. Арал маңының барлық аумағында жауын-шашын жеткіліксіз.
Жазда мұнда бірнеше ай бойы жауын-шашын мүлде түспеуі мүмкін. Мұнда оңтүстікте жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері — 90 мм, ал солтүстікте — 125 мм. Қазақстан аумағынан шыққан кезде Сырдария өзеніне Келес, Арыс өзендерінің солтүстік жағасының салалары құяды. Оның барлық су жинау алабының ауданы — 462000 км2.
АРАЛҚҰМ — Балқаш көлінід оңтүстігіндегі, Лепсі мен Басқан өзендерінің аралығындағы қырқалы, төбешік құм. Абс. биікт. 400—500 м. Оңт.-шығыстан солт.-батысқа қарай 50 км-ге созылып жатыр. Ені 18 км, жері 650 км2. Қырқалардың биікт. 8—10 м, төбөшікті құмдардың биікт. 15-20 м. Құмда жүзген, қоянсүйек, жусан, селеу, өзенге жақын жерлерде жыңғыл, баялыш, бұйырғын, құрақ өседі. А. қысқы жайылым ретінде пайдаланылады.
АРАЛ МАҢЫ ҚАРАҢҰМЫ — Арал теңізі мен Шалқар көлі аралығындағы төбешік құмдар. Шығысында Сарыарқамен шектеседі. Оңт.-батыстан солт.-шығысқа қарай 250 км-ге созылып жатыр, ені 200 өлг-дей: Абс. биікт. 53—145 м. Теңіз жағалауындағы төбешік құмдардың биікт. 5-8 м. Төбешік құм мен бархан арасында қырқалар да кездеседі. Сазды, құмды саз топырақта жусан, еркекшөп, ақ сексеуіл, жүзгек өcеді. Климаты құрғақ әрі өте континенттілік. Жазда мал жаюға пайдаланылады.
АРАЛ МАҢЫНДАҒЫ АРТЕЗИАН АЛАПТАРЫ — Арал теңізінің солтүстігін, шығысын, оңтүстігін алып жатқан жер асты суы бар кең аймақ. Жалпы көлемі 150000 км2 Солт. Арал, Шығ. Арал артезиан алаптары бар. Солт. Арал артезиан алабының арыны күпггі артезиан сулары бор жүйесі альб, сөноман ярустарының (70- 100 м тереңдікте) және палеогеннің (50-300 м тереңдікте) шөгінді жыныстарына байланысты. Альбсеноман суының минералдануы 1-3 гл, ал палеогендікі — 2,5 гл. Бұл алаптың оңт.-шығысындағы судың минералда¬нуы 8-12 гл. Шығ. Арал алабындағы артезиан сулары бор жүйесінің жоғарғы бөлімінің сулы қабаттарында (100—300 м терсңдікте), судың мине¬ралдануы 1,5—2,5 гл-ден аспайды. Алаптардағы су скважиналарының тәуліктік өніыі 1 ?0—2500 м3. Артезиан суларының жалпы қоры 500 млрд. м3 шамасында. Елдг ауыз сумен қамтамасыз етуде, мал жайылымын суландыруда, егіндік жерді суаруда бұл ар¬тезиан суларының мәні зор[11,12].
1.4 Климаты
Арал ауданының климаты тым континенттік. Орташа ауа температурасы қаңтарда – 13 – 15°С, шілдеде 24 – 35°С. Жауын-шашынның мөлшері 100 мм-ге жуық. Аязсыз күндер саны 160 тәулік, қар жамылғысы жұқа (10 см), ол 80 күндей жатады. Вегетация кезеңінің жылдық температура жиынтығы солтүстігінде 3400ӘС, оңтүстігінде 3800ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. солтүстігінде 150 мм, оңтүстігінде 105 мм. Оның 80%-ға жуығы көктем мен күз айларына келеді. Атмосфера қуаңшылықтың орташа мөлшері 50 тәулік. Аудан өте құрғақ агроклиматтық ауданға жатады. Сондықтан гидротермиялық коэффицент 0,3-ті құрайды, яғни ылғалдылығы өте төмен аймаққа жатады. Аудан аумағында желдің басым бөлігі солтүстік-шығыс (22%) және оңтүстік-батыстан (18%) соғады. Қыста солт-тен соғатын жел 24%-ды құраса, жаздағы жел 26%-ды құрайды[1,6]. Желдің жылдық орташа жылдамд. 4 – 4,5 мс.
Жануарлар мен өсімдіктер
Аудан жерінде өсімдіктерден жусан, селеу, жыңғыл, сексеуіл, жиде, жыңғыл, қамыс, т.б. өседі. Жануарлар дүниесінен құм қояны, сарышұнақ, қосаяқ, түлкі, қасқыр, қарақұйрық мекендейді. Жан-жануарлары зоогеография тұрғыдан Жерортатеңізі облысы, Иран-Тұран провинциясының Тұран округіне қарайды. Мұнда, негізінен, ақ бөкен, құм қояны, қарсақ, борсық, қамыс мысығы (мәлін) дала тышқандарының бірнеше түрлері мекендейді. Өзен-көлдерінде қаз, үйректердің бірнеше түрі мен туыстары, т.б. құстар ұя салады, кейбіреулері жыл бойы Сыр бойы мен теңіз жағалауында қалады. Ауданның өзен-көлдері балыққа бай.
1.5 Шаруашылығы
Аудан негізінен қаракөл қойын, ірі қара жылқы және түйе өсіруге маманданған. Қазір бұрынғы кеңшарлар негізінде ұжымдық шаруашылықтар мен шаруа қожалықтары ұйымдастырылған. Аудан арқылы Орынбор – Ташкент темір жолы, Қызылорда – Ақтөбе автомобиль жолдары өтеді. Арал ауданы елімізге балық аулау және өңдеумен танымал. Теңіз жағалауындағы елді мекендердің негізгі кәсіпшілігі – балық аулау болып саналады. Кейінгі 20 жыл ішінде Арал теңізінің тартылуына байланысты балық ш. да біршама азайды. Ауданда өнеркәсіп біршама дамыған. Бұрынғы кәсіпорындар мен мекемелер, өндіріс орындары нарық экономикасына өтуіне байланысты жекешелендірілді. Олардың негізінде аудан аумағында 300-ге жуық шаруашылық нысандары ұйымдастырылды (2001). Салалық қатыстығына қарай а. ш-нда, орман ш-нда және аңшылық бағытында 19 нысан, балық аулау ш-нда 37, кен өндіруде 1, өңдеу
өнеркәсібінде 13, электр энергиясын өндіру және оны тарату, газ және су мекемелерінде 7, құрылыста 11, сауда, автомоб. жөндеу және үйге пайдаланылатын бұйымдар жасау мекемелері 31, көлік және байланыс мекемелері 11, қаржылық іспен айналысатын мекемелер 2, мемлекет басқару мекемелері 39, білім саласында 36, денсаулық сақтау және әлеум. қызмет көрсетуде 27, басқа да коммунальдық, әлеум. және қоғамдық ұйымдар саны 51 (2001). Ірі өнеркәсіп кәсіпорындарына Аралтұз, АҚ, Вагон жөндеу зауыты, Сексеуілді локомотив жөндеу зауыты, Қамыстыбас балық питомнигі т.б. жатады. Ауданда 1995 жылға дейін 25 ұжымшар, 16 балық зауыты, балық қабылдайтын 75 пункт, механикаландырылған 4 машина ст-сы болған. Жылына 500 т балық ауланып отырған. Еділ жағалауы өңіріне қуаңшылық пен аштық жылдарында (1930 – 40) Арал өңірінен 14 вагон балық жөнелтілген. Арал т. суының тартылуы және еліміздің нарық экономикасына өтуіне байланысты ауданның ауыл шаруашылық біршама өзгерістерге ұшырады. Қазір аудандағы а. ш-на пайдаланылатын жердің аум. 12,93 мың км2, оның ішінде ерекше қорғалатын жердің аум. 167,9 км2 (Барсакелмес қорығы), орман қорының аум. 6,37 мың км2, су қоры 22,3 мың км2, мемлекет жер қоры 10,86 мың км2. Ауданда 2001 жылдың басында а. ш-нда 101 агроқұрылым болды. Оның ішінде 4 ЖШС, 2 АҚ, 5 ӨК, 90 шаруа қожалығы болды. А. ш-на жарамды жердің аум. 2,03 млн. га, оның ішінде жыртылған жері 619 га, тыңайған жер 2715 га, шабындық 9442 га, жайылымы 2,02 млн. га, бау-бақша 357 га. Аудан бойында 2000 ж. 930 т күріш жиналды. Ірі қара малдың саны 21,14 мың бас, қой мен ешкі 90,33 мың бас, жылқы 11,7 мың бас, түйе 13,3 мың бас болды. Шағын кәсіпкерлік саласында (жалпы саны 98) 2001 жылдың басында заңды тұлғалар бойынша өнеркәсіп саласында 5, балық ш-нда 31, а. ш-нда 13, құрылыста 2, көлік және байланыста 2, саудада 23, басқа шаруашылық нысандарының саны 22
1.6 Өсімдік жабынының сипаттамасы.
Бұл өлкенің топырақ-климат жағдайы екі түрлі – Сырдарияның ескі атыраулық жазығы және оны айнала қоршап жатқан шөл және шөлейт дала. Осы аумақтан өзен атырауының үлесіне 10 (он) пайызы тиеді. Аумақтағы өсімдік қауымдастығы Сырдария өзені атырауының, саздақ жазықтардың, құмды даланың және тау етегіндегі жазықтардың өсімдіктері болып төрт топқа бөлінеді. Өсімдік топтарының құрамы әр аймақтың бедеріне байланысты қалыптасқан. Сырдария өзені мен сулы өзектердің арналық қырқаларындағы ығалды (гидроморф) жерлерде өсетін астық тұқымдастар мен аралас шөптер. Өнімділігі гектарына 15-20 центнер. Қазір арналық қырқаның ауқымды бөлігі көкөніс-бақшалыққа немесе тастанды жерге айналған. Жалпы Сыр бойының гидроморф жерлеріндегі өсімдік қауымдастығын байырғы аймақтық өсімдіктер емес тез ауысып тұратын ортаға беймделген плаккаттық топтар құрайды. Құмды алқаптарда эфемер-жусанды, эфемер-күйреуік және эфемер-теріскенді топтар тараған. Саздақ шөл даланың фитоценозы Солтүстік Арал өңірі мен Сырдария атырауының солтүстік жағындағы үштік-бор қыратында және жаңа атырау (Қазалы оазисі) жазығында кездесетін төбелерде тараған. Сазды жерлерде эфемерлер, итсигек пен изен аралас жусан өседі. Тау бөктерінің өсімдіктері Қызылорда облысының аумағына кіретін Қаратаудың батыс беткейінде тараған. Астық тұқымдастар, эфемерлер, сұр жусан және аралас шөптер. Арал өңірі ежелден ормансыз өлке. Мұнда орманды өзен
атырауының сыртындағы субаэралдық аймақта өсетін сексеуіл және атыраулық ығалды жерлердегі сиректеу ағаштар (терек, тал, қарағаш, тораңғыл) аралас жиделі тоғай құрайды.
Топырақ жабынына экологиялық сипаттама.
Сырдарияның атырауында топырақ пайда болатын аллювийлік шөгінділер. Мұнда литоморфопедогенездің тұтастығы топырақ құрылу процесінің гидрологиялық режимімен және гидрогеологиялық процестермен тығыз байланысты. Атыраулық жағдайда биологиялық факторлардың маңызы үлкен, ал кейде басты рөл атқарады. Сырдарияның төменгі ағысында осы өңірге тән климат, өсімдік, гидрология және гидрогеология жағдайында пайда болған әртүрлі топырақтар екі үлкен топқа жатады: атыраулық ығалды (гидроморф) және шөлейт бөлігінде (субаэрал) қуаң топырақтар. Өлкенің топырақтары көптүрлі болғанымен, құмды және таудың топырағын қоспағанда, бәріне тән ортақ белгілері бар: құрамында карбонат көп (10-25 пайыз), топырақ профилі қабаттасып жатады (тегі су шөгіндісі болғандықтан), топырақта макроқұрылым жоқ, бірақ суға тез езілмейтін микроқұрылым бар, гидроморф түрдің беткі қабатында (0-15 см) және шөлейт дала топырағының профилінде (орта тұсында 20-150 см) тұзы көптеу, микробиологиялық процестер тым күшті, сондықтан органикалық заттар тез шіриді де қордаланып жиналмайды. Өлкеде шаруашылық маңызы бар барлық топырақ түрлерін олардың генетикалық тегіне, тұздану дәрежесіне және механикалық құрамына қарай үш категорияға және он мелиоративтік топқа бөледі. Жеңіл-желпі мелиоративтік шараларды қажет ететін (аздап суарылады) бірінші категорияға топырақ түрлерінің үш тобы жатады. Орта дәрежеде және түпкілікті мелиоративтік жұмыстарды қажет ететін екінші категорияны топырақ түрлерінің төрт тобы құрайды, ал жер бетінің бедеріне қарай суармалы егіншілікке жарамайтын үшінші категориядағы жерлерді 8,9 және 10 топтар құрайды.
2 Зерттеу әдістері мен құралдары
АРАЛ ТЕҢІЗІ – Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе обл.) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін (1960 – 70 ж.) дүн. жүз. теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан (кестені қ.). Осы деңгейдегі айдынының ауд. 66,1 мың км2 (аралдарымен қоса), суының көл. 1064 км3, орташа тереңд. 16,1 м (ең терең жері 67 м), ұз. 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауд. 69000 км2 болған. Алабындағы шарлашылық мақсаттарға үздік өңдеу алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді (1997). Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға – Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды (қ. Арал апаты).
Арал ауданы – Қызылорда облысындағы әкімшілік бөлінісі 1938 ж. ұйымдастырылған. Аудандағы 58 елді мекен, 1 қалалық, 2 кенттік, 14 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы – Арал қаласы Жер аумағы 55,1 мың км2. Тұрғыны 70,8 мың адам, орташа тығыздығы 1 км2-ге 1,2 адамнан келеді (2006). Арал
ауданы облыстың солтүстік-батыс бөлігінде, шөлейт белдемде орналасқан. Аудан жерінің ең биік жері – Шевченко шығанағынан солтүстік-батыста жатқан тау (324 м). Аймақтары мен елді мекендер Ірі елді мекендері: Арал қаласы (30,5 мың), Абай (2,3), Сексеуілді (8,9), Жақсықылыш кенттері (5,0) және Шижаға (2,2), т.б.
Жалпы білім беретін 45 мектеп болды. Мәдениет саласында 6 мәдениет үйі, 16 клуб, 37 кітапхана, бір музей, бір кинотеатр тіркелген. Аудандық Толқын газеті шығып тұрады. Н. Кенжеғұл атында мәдениет үйінде Қазанғап атында халық аспаптар оркестрі, Сыдықовтар жанұясының ансамблі, Көңілашар үгіт-көркемдік бригадасы жұмыс істейді. Денсаулық сақтау саласында ауд. аурухана, балалар босанатын үй, психоневрол. диспансер, кеңес беру диагностик. емхана, 2 аурухана, 31 фельдш.-акушерлік және фельдш. пункт, 12 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, тіс емдейтін Жансая және Аралстоммед ЖШС-тері, 4 дәріхана, ауд. санэпидстанса, лепропункт, т.б. медицина мекемелер халыққа қызмет көрсетеді. Спорт саласында ауданда 192 спорт ғимараттары тіркелген. Ауданда көптеген қоғамдық бірлестіктер (Қайрат, Ана үміті, Байқоңыр, Арал теңізі, Ұстаз ұлағаты, Көкжиек, т.б.) жұмыс істейді. А. а. аумағымен Орынбор–Ташкент т. ж. (162 км) өтеді. Автомоб. жолының жалпы ұзындығы 502 км, оның ішінде респ. маңызы бар жолдың ұзындығы 211 км. Байланыс кәсіпорындары мен мекемелерінен 1 ауд. байланыс бөлімі, 18 пошта бөлімшесі, 1 телекоммуникация жүйесі елге қызмет көрсетеді. Ауданда ұзындығы 570,6 км су құбыры тартылған. Электр энергиясын Дәу летэнерго ЖШС-і береді. Аудан өңірінен көптеген археол. және мәдени ескерткіштер табылған[15]. Арал ауданы
1-ші сурет Арал ауданы
Арал өңіріндегі ерте темір дәуірінің сақтанған археологиялық ескерткіштердің жинақталуы.
Арал өңіріне Әмудария мен сырдарияның Арал теңізіне құятын төменгі ағысының аралығы жатады.
3. Арал теңізі, Кайнозой дәуірінде
Арал теңізі, Кайнозой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын Каспий теңізіне қосылып жатқан. Бұған теңіздің терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспе тұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйектерінің тасқа айнала бастаған күйінде табылуы дәлел болмақ. Бұл теңіздің кезінде мұхитпен қосылып жатқандығын көрсетеді. Сондай-ақ Арал маңынан акуланың тісі мен сүйегі табылды. ХІХ ғасырдың орта кезіндегі Арал-Каспий ойпатының пайда болуы жөніндегі болжамдардан Арал бассейнінің геологиялық ерте кезеңде Жерорта теңізімен тұтасып жатқан су айдыны екенін, оның кейінгі Альпілік дәуірлерде жер қыртысының көтерілуіне байланысты ұсақ су айдындарына бөлінгенін білеміз. Сондай-ақ, Арал теңізінің көлемі жайлы, Арал теңізі жайлы ұғымдар сонау ерте дүние әдебиеттерінде де кездеседі.
Ендеше қазіргі кезде әлем елдері назарын өзіне аударып отырған осы су айдынын зерттеу сол ерте заманан бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді деуге болады. Міне, сондықтан да көне зерттеулер мен қазіргі жаңа мәліметтерді салыстыру арқылы Арал теңізі бассейнімен оның жағалауының даму эволюциясын, сондай-ақ ғасырлар бойы өзгеру сипатын анықтау қиын емес. Мысалы, ежелгі заманның өзінде Арал теңізі көп елдерге мәлім болған. Өйткені, сол ЫХ-Х ғасырлардағы араб ғалымдары – Ибн Хордадбех, Ибн Руста, Әл-Масуди, Әл-Истахри келтірген мәліметтер аса құнды саналады. Демек, бұл еңбектерден сол кездегі Аралдың көлемі мен жағаларының пішіні туралы мағлұмат алуға болады[15].
3.1 Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар мен көне мемлекеттік құрылымдар.
Біздің заманымыздан бұрынғы V ғасырдың 40-жылдар аяғында грек тарихшысы Геродоттың Тарих деп аталатын еңбегінде және басқа қол жазбаларда біздің заманымыздан бұрынғы I мың жылдың орта шенінде Орта Азия мен Қазақстан жерінде сақ деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар массагеттер, каспийші- лер, есседондар, кейініректе алаңдар, сарматтардан тұрған. Персия патшасы I Дарийдің Накширустамдағы (Персополға жақын) тас жазуларында Сақ тайпалары үш топқа:сақ-хаумаваргаларға (хаома сусынын дайындайтын сақтар), Сақ-тиграхаудаларға (төбесі шошақ бас киімдері бар сақтар), Сақ-парадараяндарға (теңіздің арғы бетіндегі сақтар) бөлінеді делінген. Бірінші топтоғы сақтар Ферғана жерінде мекендесе, екіншілері Сырдарияның орта
аймағы және Жетісу жерін жайлап, үскифтер немесе Арал теңізі және Сырдарияның арғы жағындағылар болған[16].
Геродоттың айтуынша: Сақтар скиф тайпалары, бастарына тік тұратын төбесі шошақ тығыз киізден іселінген бөрік және шалбар киген. Олар садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер.
Сақ әулетінің іргесін қалаушы Алып Ер Тұлға (Афрасиаб) болған деген деректер бар. Сақтар көк тәңіріне табынған. Археологиялық қазбаларға қарағанда, сақ тайпалары темірден зат жасай білседе, мыс пен қоланы пайдалануды артық көрген. Оларда жабайы аңдардың суреттері салынған қоладан құйылған үлкен тай қазандар болған. Сақтардың дүние жүзіне аңдарды өрнектеумен әйгілі болған даналық өнері жалпы адамзаттық мәдениетті дамытуға елеулі әсерін тигізді[17].
Сақ тайпаларында көпке дейін матриархаттық ел билеу тәртібі сақталып, әйелдер ерекше жағдайда болған. Мәселен, олардың көсемдерігнің бірі-тамаша сұлу, әрі жігерлі, елге әйгілі патша ханум Заррине ел билеп, қалаларды салуға және жорықтарға қатысқан.
Сақ тайпалары көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен байланысты. Оның себебі, біріншіден, бұл тұста климат жағдайы өзгеріп, құрғақшылық болып, күн ысып, өзен, көл сулары тартылып, шөп шықпайтын шөлейт жерлер пайда бола бастаған еді. Екіншіден, бұл жерлер бұрынғы теңіздің табаны болғандықтан оның біраз бөлігі құнарсыз, сусыз, сортаң болып келді. Мұндай жерлерге өсімдік, шөп шықпайды, егін егуге де болмайды. Сондықтан бұл жердегі адамдар мал өсірумен шұғылданып, оны өзінің тұрақты кәсібіне айналдырды. Малдың жайылымына қарай олар көшіп қонып жүрді.
Сақтардың мал шаруашылығын негізгі бағыты қой шаруашылығы еді. Оның еті мен сүті ғана емес, сонымен бірге киіз басу, арқан есу үшін жүні де іске асты. Сақтардың тұрмысында жылқы да үлкен рөль атқарады. Өйткені ол мінсе көлік, жесе тамақ, ім-шсе сүті сусын қымыз.
Сақтардың заманында жылжымалы арба да болған. Иппократ скифтер- дің тұрмысын суреттей келіп, былай деп көрсетеді: Арбалар өте шағын, төрт доңғалақты. Басқа бір алты доңғалақты арбалар киізбен жабылатын үйге ұқсас екі және үш қабат киіз жабылған арбалар жасалып, олар жаңбыр мен желден пана болды... бұл арбаларда балаларымен әйелдер отырып, ал ерлер қашанда ат үстінде жүретін. Оңтүстік Қазақстан жеріндегі (Сырдария аңғары, Арыс, Келес т.б. өзендер бойы) сақ тайпалары егіншілікпен де айналысқан. Олар тары, арпа, бидай еккен. Кейбір жерлерде (Сырдария) суармалы егін шаруашылығы дамыған[17,18].
Сақ тайпалары мал шаруашылығы мен егіншіліктен басқа аңшылық пен балық аулау кәсіптерімен де шұғылданған. Олар тау теке, арқар, қабан, бұғы, бұлан, дуадақ аулайтын. Жартастағы суреттер таулы-далалық тайпалардың аңды салт атпен қоршалып аулайтыны бейнеленген.
Б.з.б. I мың жылдықтың орта шенінде, яғни сақ заманында өндірістің мамандырылған түрлері болды. Бұлар руданы өндіру және өңдеу, темір ұсталығы, темірді құю және зергерлік істер еді. Сақтар темірден үзеңгі, ауыздық жасауды үйреніп, соғыс құралдарын, қару-жарақтарды, жебенің ұштарын, қысқа семсерлер-ақинақ, қанжар, ұзын семсерлер, найза, түрлі балталар жасады. Металл өңдеумен бірге қолөнердің тұрмыстық ыдыс-аяқ жасау, тас қашау, суйек ою, тері илеу, жіп иіру және
тоқымашылықтың түрлері де болды. Темірден пышақ, металдан ыдыс, балта, темір ілгектер, шоттар, қашаулар т.б. заттар жасалынды.
Сақтар Алтай, Сібір, Шығыс және Батыс Еуропа халықтарымен тығыз байланыс жасап тұрды. Бұл жөніндегі қазылған ескі молалардан табылған заттар сақтардың өмірі туралы көптеген мағлұматтар береді. Сақтардың әлеуметтік қоғамы жөніндегі айтқанда, олардың басты үш топқа бөлінгенін көрсетуге болады. Бірінші-әскери топтар, екіншілері-ауқатты бай топтар, діни адамдар, жрецтер, үшіншілері-жай қатардағы сақтар, бұлар кедейлер, оларға соқа және екі өгіз тән болған. 2-сурет
Cақ тайпалары мекендеген аймақ
Сақтардың ауыл шаруашылығы
Мал шаруашылығымен де егін өсірумен де айналысқан.
Жылқы өсірген. Екі тұқымы болғаны анықталды. Оның бірер басы үлкен, аяғы жуан, денесі шомбал, жатаған жылқы, ал екіншісі шоқтығы биік бойшаң, сымбатты жылқы, оны қарулы жауынгерлер мінетін болған[17].
Қой бағумен де айналысқан. Сақтарда маңдай алды дөңестев ірі қойлар көп тараған. Олар қазақтың кәзіргі құйрықты қойлары тұқымына жақын болған.
Түйе шаруашылығы да кең дамыды.Ал сиырдың көшпелі тіршілікке бейімделген мұндай тұқымының өзгеден айырмасы — өнімділігі төмен, тірілей салмағы аз, жемшөпті көп талғамайтын. Суықта сыр бермейтін, жүні қалың, тебін малы болды.Егіншілік пен суару. Қыстау маңындағы егін сақтарды астықпен қамтамасыз еткен. Олар тары, арпа, бидай еккен. Оңтүстік Сырдарья алқабында сақтардың Шірік Рабат, Бәбіш-молла, Баланды секілді қоңыстарында табылған.
Кәсіпшілігі
Сақ тайпалары арасында металл өндіру және оны өңдеу, әсіресе қола құюға байланысты кәсіпшіліктері дамыған. Б.э.д. 1 мыңжылдықта Қазақстан және Орта Азияны мекендеген сақ тайпалары темірден заттар жасауды меңгерді.
Темір мен мыс, қалайы мен қорғасын, алтын мен күміс өндіру жоғары дәрежеде дамыған. Мәселен, Имантау кен орнында 3 млн. пұт мыс рудасы, ал Жезқазған мен Успенскіден 10 мың және 26 мың пұт руда өндірілген, сонда сол руданың көбісі сақтар заманында өндірілгені анықталды[17,18].
Сақ зергерлері қоладан қанжарлар, оқ жебелері мен сүңгі ұштарын, аттың қайыс әбзелдерін, әшекейлер мен айна, қазандар мен құрбандық ыдыстарын жасаған.
Тиллә тепеден табылған алтын әшекейлер, Бактра.
Саудасы
Еуразия далаларын сақтар билеген кезде Батыс пен шығысты, Жерорта теңізі мен Қытайды байланыстырған халықаралық өтпелі сауда басталады. Б.з.д. 1 мыңжылдықтың орта кезінде дала жолы пайда болады. Геродот жазуына қарағанда, дала жолы Қаратеңіз өңірімен жүріп, Дон жағалауына сосын Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтар жерінен Ертіс бойына, одан әрі Алтайдағы аргиппейлер еліне жеткен, содан әрі Моңғолия мен Қытайға қарай кететін болған. Осы жолдың бір бөлігі Қазақстан жерімен өтті.
Қоғамы
Сақ қоғамында халықтың үш тобы болды деген болжам бар. Ол рим тарихшысы Квинт Курций Руф айтқан аңызға сүйеніп айтылады. Бұлар:
жауынгерлер — сүңгі мен оқ (ратайштар-арбада тұрғандар),
абыздар — құрбандық табағы және айрықша бас киімі бар,
қауымшыл сақтар, яғни сегізаяқтар (соқаға жегетін екі өгізі барлар).
Осы үш жіктің өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге — қызыл, сары-қызыл; абыздарға-ақ; қауымшылдарға-сары мен көк түстер. Сондай-ақ көсемдер мен патшалар да болды. Олар әскери жіктердің өкілдері болды. Гректер оларды басилевс — патша деп атаған. Патшаның белгісі жебелі садақ[17,18].
3.2 Мәдениеті
Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.д, д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз түрлі жануарлардың бейнелерін дыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа
салған. Сақтар күнге, найзағайға, жел-дауылға табынған[17,20]. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірісі Митра, жердікі Варуна, жер астыныкі Индира секілді құдайлар болған.
Сақтардың қолөнері
Уикипедия жобасынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Сақ тайпалары мекендеген аумағы. 1000 ЗБ — 500 ЗБ
Сақтардың қолөнері — сақтардың тұрмысында үйдегі өндірістің үлкен мәні болды. Еңбек құралдарын, киімдер, қару-жарақтар, тұрғын үйлер, түрлі аспаптар жасауға керекті шикізаттардың көпшілігін ертедегі мал өсірушілер жергілікті жерде өндіріп, өңдеді. Өнерлі шеберлер өз қауымы мүшелерінің қажет заттарын жасап беріп, оған айырбасқа ауыл шаруашылық өнімдерін алды. Қауым ішіндегі айырбасқа қоса руаралық және тайпа- аралық айырбас та кеңінен тарады. Кең-руда шикізаты, бірқатар шаруашылық бұйымдары, әшекейлер кейде шалғай жерлерден тасып әкелінді. Бірақ неғұрлым кейінгі уақыттағы қолөнер өндірісінен айырмашылығы — сақ қолөнері түрлерінің дамымағандығымен және мал шаруашылығына тығыз байланыстылығымен ерекшеленеді, үй кәсібі де жақын болып, бөлініп кете қойған жоқ[18,19].
Б. з. б. Ы мыңжылдықтың басы бұрынғы КСРО аумағының оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарын мекендеген тайпалар мен халықтар үшін адамға темір қызмет көрсете бастаған заман болды.
Қазақстан, Орта Азия және Сібір аумағының ертедегі халықтары өздерінің батыстағы көршілері — скиф-сармат тайпаларына қарағанда темірмен неғұрлым кейінірек танысты деп топшыланатын еді. Мәселен, Геродот массагеттер тайпаларын суреттей келіп, темір және күміс олардың күнделікті тұрмысында мүлде жоқ, өйткені бұл елде ол металдарды атымен кездестірмейсін. Мұнын есесіне онда алтын мен мыс мол деп тура айтады. Алайда зерттеудің көрсеткеніндей, мұндай пікір тым асырып айтылған пікір болып шықты. Б. з. б. 1 мыңжылдықтың басында Қазақстан аумағының ертедегі тайпалары қызыл және қоңыр темір тасы, магнитті темір жылтыры сияқты тез балқитын кен түрлерімен таныс болған. Мұны Қарқаралы қаласына жақын Суықбұлақ қоныс-жұртын қазу кезінде Тоғай-1 кенішінен табылған жақсы сұрыпталған темір кенінің үйіндісіне қарап білуге болады. Б. з. б. ғасырларда темірден соғылған бұйымдардың Орталық Қазақстан мен Жетісу обаларынан табылған едәуір жиынтығы (темір қанжарлар, пышақтар, жүген әшекейлері), сондай-ақ Аралдың шығыс өңірінің ертедегі сақтар тұрақтарындағы тікелей рудадан алынған темір балқымасының (кесектер мен қоқыстар) көптеген іздері де осыны дәлелдейді.
Қазақстанның бірқатар аудандарында, негізінен орталық бөлігінде (Шығыс Қарқаралы аймағы) темір өндірілген ескі орындар сақталған, олардың біразы сол кезде пайдаланылған[19,20].
Дегенмен, ежелгі Қазақстанда мыс пен қалайы өндіру неғұрлым басым болды. Саяқ пен Жезказғандағы, Қалба мен Нарымды ірі-ірі түсті металлургия орталықтарынан алынған құрамында күшала және қалайы бар қоладан жасалған жоғары сапалы қола бұйымдары темір бұйымдарынан кем түскен жоқ, сондықтан адамдар темірден көміртегі мол болат қорытуды үйренген кезде барып қана қоланың орнына темір қолданылатын болды.
Сақ заманында кен ісі мен руда шикізатын алғашқы өңдеу техникасы андронов дәуірімен салыстырғанда едәуір ілгеріледі. Сақ тайпалары әсіресе қола күю ісі мен
басқа металдарды өндеу техникасында елеулі табыстарға жетті. Өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық мақсаттарға арнап алуан түрлі бұйымдар жасалды. Құйма қалыптар ретінде қыш, металл, кейде тас пайдаланылды. Жебенің құйма ұштары мен қанжарлар жасау үшін олар екі немесе үш ұялы жармалардан тұратын қарапайым құйма қалыптарды қолданды, сақ металлургтері металл бұйымдарын жасаудың жойылатын үлгі тәсілімен құю сияқты күрделі әдістерін де білген. Оның мәні балауыздан немесе тон майдан үлгі жасап алып, оның сыртың балшықпен қаптау болатын. Балшық кепкеннен кейін қалып тұтас қыздырылып, еріп кеткен балауыздың немесе майдың орнына металл құйылады. Нақ осындай тәсілмен ірі бұйымдар: үлкен мыс қазандар, құрбан шалатын үлкен үстелдер, үлкен қоңыраулар құйылды. Құйма қалыптарда олардың салмақты жармаларын бөлетін тіректер ретінде құбырлар деп аталатын арнайы істелген кішкентай цилиндрлер қолданылды. Жануарлардың қуыс мүсіндерін жасау үшін мәнерлі біліктер мен кұйма жалғамалар пайдаланылды. Құйып жасалған заттардың көбі кейін қырналып, тегістелді, қажетжерлері бұрғымен тесілді. Қалайымен аптау техникасын меңгеру ертедегі құюшылардың елеулі жетістігі болды. Қалайымен апталған бұйымдар оншататтанбайды әрі көпке шыдайды. Сақ металы арасында қола және мыс қазандар, құрбан шалғыштар мен шырағдандар жиынтығы ерекше көп орын алады, олар Жетісу сақтарының өнері мен керкем құймаларының жалпы жұрттаныған ескерткішіне айналды. Металл өндеудің жоғары деңгейі мен көркем құйма өнері сақ заманы қола индустриясы гүлденген кезең болғанын
дәлелдейді. Шаруашылықтың жаңа түрлері, мәдениеттің біршама биік деңгейге жетіп дамуы, тұрмыстың қиындауы келе-келе еңбек құралдарының, қару мен тұрмыс және табыну заттарының алуан түрлі болуын талап етті. Алайда қола дәуірінің шой шүйделі балталары, пальстав сияқты шоттары, қырлы және ұшты қашаулары, жетісулык үлгідегі деп аталатын орақтары сияқты қола бұйымдарының ең мінсіз түрлері сақталып қалды.
Ертедегі құймашылар ат-тұрманын, қару-жарак пен тұрмыстық керек- жарақтар жасауға ерекше назар аударды. Көне сақ заманының жүгендері ебедейсіз әрі күрделі болатын. Оның қола ауыздықтары екі ұшы кішкентай үзеңгі тәріздес етіліп жасалды. Үзеңгі тәріздес ауыздықтар жүген жақтауларьша айшықтармен жалғастырылды; үш тесігі немесе ілгегі бар бұл айшықтар қоладан, сүйектен, мүйізден жасалды.
3.3 Арал өңіріндегі антропогендік факторлар
Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда.
Қазіргі арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.
Аралдың экологиялық ахуалы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241 Жарлығымен мақұлданған ҚР-ның 20004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында атап көрсеткендей, экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттерінің біріне экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту жатады. Міне осы айтылған жәйттердің бәрі біздің өңірден тиісті өз орындарын алады. Мысалы, Арал апат аймағын, Байқоңыр ғарыш аймағын және қауіпті Возрождение аралын бұған жатқызуға әбден болады. Демек, бұлардың қолайсыз экологиялық зардаптарының өңір халқының денсаулығына айтарлықтай зияндарын тигізіп келеді. Жеке тоқтап айтар болсақ, Арал өңірі экологиялық аймағында (186,3 мың халық бар 178 елді-мекен) тұрады. Сондай-ақ бұл өңір тұрғындарында ішек-қарын аурулары мен қан аздығы, әсересе әйелдер мен балалар арасында балалар өлімі мен туа біткен аурулар және балалардың жүйке аурулары көбею үстінде. Мысалы, облыста 2001-2003 жылдар аралығында 1408 бала алғаш тер мүгедектігіне куәландырылды. Демек, балаларды мүгедектікке шалдықтырып отырған негізгі аурулардың ішінде белді орынды жүйке (нерв жүйесі) аурулары иеленеді. Өткен жылы куәландырылған 355 баланың 104-і (29,9) ал қайта куәландырылған 1186 баланың 364 (30,6%) осындай науқасқа шалдыққан.2002 жылы бұл көрсеткіш 458 баланың 108-і (23,5%), қайта куәландырылған 1293 баланың 433-ін (33,4%) құраған-ды. Сондай-ақ өткен жылы алғаш рет 84 бала ақыл-есі кем балалар санатына жатқызылса, қайта куәландырылғандардан өткен жылы 250 бала (2002 жылы-317) осы дертке шалдыққан. Ал, былтыр 62 бала (2002 жылы – 98) бала туа бітті кемтарлыққа ұшыраған. Олблыс бойынша жалпы мүгедек балалардың 2003 жылы 1541 баланың
468-нің (2002 жылы – 1751 баланың 541) жүйке ауруына шалдыққаны анықталды. Демек осы науқастың түрі балалар арасында жылдан-жылға етек алып келеді.
Жалпы, адам үшін бірінші байлық – денсаулық. Сондай-ақ, ертеңін ойлаған әрбір ел алдымен халқының саулығын, ұрпағының салауатты өмр сүруін қадағалайтынын әркез естен шығармағанда абзал. Сонымен бірге өңірде іш сүзегімен ауыратындар саны 7 есеге өскен. Сол сияқты қоршаған ортаның лакстануынан аймақта жүрек-тамыр және онкологиялық (обыр) аурулары әлдеқайда жиі кездеседі. Демек, бұларды ғаламшар тұрғындарын өлім-жітімге душар ететін, осы заманғы бірінші орындағы аурулар десе де болады. Жалпы, планетадағы көлдердің арасында көлемі жағынан төртінші орынды иеленетін Арал теңізі бұл күндері жер бетінен біржолата жоғалу үстінде. Өйткені, бұрынғыдан 66 мың шаршы шақырымға жуық қана су айдыны қалып отырған сияқты. Ғалымдар теңіз 2015 жылдары жер бетіне толық жойылады деп отыр. Ал, Арал өңіріндегі экологиялық апат адам өміріне жыл өткен сайын өте қауіп төндіруде. Өйткені, республика территориясында алғаш теңіз жағалауы 100 шақырымнан артық қашықтап, кіші арал оқшаулана бастаған шақта, сол құрғаған теңіз ұлтанынан тұзды шаң көлемді аймаққа тарала бастаған сәтте Ю.У.Новиковтың деректеріне қарағанда Арал табанынан кезінде жылына 72 млн. Тонна тұз дүние жүзіне шаң болып тарап, ал Арал өңірінде әрбір гектар жерге 700 кг тұз аспаннан жауатынын дәлелдеген. Міне, осыған орай бұл күндері теңіздің 70-80 пайызы жалаңаштанып құрғаған теңіз табанынан жан-жаққа тарап ұшатын әлгі тұз шаңының көлемін есептеп шығу қиынға соқпайды. Демек, бұл күндері әлемнің түкпір-түкпіріне жылына орта есеппен теңіз табанынан 290 млн. Тоннаның үстінде тұз-шаң тарап жататыны белгілі болды. Қазіргі деректер бойынша Арал теңізіндегі тұздың жалпы массасы 10,7-ден 11,4 млрд. тоннаға жетті. Аралдың тұзы таза табиғи тұз емес, құрамында тыңайтқыштар мен гербицидтерінің қалдықтары, гексохлоран сияқты аса қауіпті химикаттар ондаған жылдар бойы Сырдария мен Амудария ағынымен ілесіп, теңізге құйылады[20,21].
3.4 Арал теңізінің экологиялық ахуалы
2000-2009 жылдар
Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белде-міндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км², тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.
1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдай Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы Халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын
су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара).
Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Арал 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м³, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты.
Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады[22,23].
Арал апатына себеп болған факторлар:
Жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істелген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды. Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда – 60 %, Қазақстанда – 60-70 %-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылықа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда[23].
Арал экологиялық дағдарысы
Арал теңізіндегі тастанды кемелер
Арал экологиялық дағдарысы — адам қарекетінің әсерімен болған экологиялық дағдарыстың неғұрлым айқын мысалы, Арал теңізі экологиялық жүйесінің құлдырауы.
Соңғы ондаған жылдар бойында халық санының көбеюі, суармалы жерлер аумағының 2-3 есе ұлғайтылуы, Арал алабында су тұтынудың едәуір артуы теңіз деңгейінің апатты түрде төмендеуінің негізгі себебі болды. Әмудария мен Сырдария сулары
ағымының күрт азаюы (1960 жылдардағы 50—60 км3-ден 1990 жылдардағы 5-7 км3-ге дейін) садцарынан оның деңгейі 1960 жылғы 53 метрден 1987 ж. 40,3 метрге дейін жоне 1992 ж. 37,2 метрге дейін төмендеді[24].
1990 жылдардың басында теңіз айдынының ауданы 45%-дан астам кішірейіп, судың көлемі 65%-ға кеміді, судың тұздылығы 3 еседен астам артты. Суы тартылған 30 мың шаршы километрден астам орасан зор аумақ тұзды шөлге айналып, одан жылына 40 млн тоннадан 150 млн тоннаға дейін тұзды жел көтеріп теңізден мындаған шақырым шалғайға дейін тарап жайылатын болды. Арал төңірегінде антропогендік шөлдену процесі жедел өршіп, бұл орайда климаттың континенттенуі күшейді, шанды дауылдар жиілеп, топырақ қабаты, өсімдік жамылғысы күрт нашарлады, балықты айтпағанның өзінде, ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі мүлдем азайды. Жайылымдар мен шабындықтардың өнімділігі азайып, дәрі-дәрмектік өсімдіктер қоры кеміді. Табиғи орта сапасының нашарлауы салдарынан жергілікті халықтың денсаулығына қауіпті төтенше экологиялық, әлеуметтік- экологиялық және санитариялық- эпидемиологиялық жағдай қалыптасты.
3-сурет Арал қаласындағы тастанды кеме
Теңізді құтқарудағы болжамдар.
Арал теңізі, Кайназой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын, Арал Каспий теңізіне қосылып жатқан. Өйткені, теңіздің терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспе тұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйектері тасқа айнала бастаған күйінде табылды. Бұл теңіздің кезінде мұхитпен қосылып жатқандығын көрсетеді. Сондай-ақ, Арал маңынан акуланың тісі мен сүйегі табылды. 19 ғасырдың орта кезіндегі Арал-Каспий ойпатының пайда болуы жөніндегі болжамдардан Арал бассейнінің геологиялық ерте кезеңде Жерорта теңізімен тұтасып жатқан су айдыны екенін, оның кейінгі Альпілік қатпарлықта жер қыртысының көтерілуіне байланысты ұсақ су айдындарына бөлінгенін білеміз. Сондай-ақ, Арал теңізінің көлемі жайлы, Арал теңізі жайлы ұғымдар сонау ерте дүние әдебиеттерінде де кездеседі[25].
Ендеше қазіргі кезде әлем елдері назарын өзіне аударып отырған осы су айдынын зерттеу сол ерте заманан бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді деуге болады. Міне, сондықтан да көне зерттеулер мен қазіргі жаңа мәліметтерді салыстыру арқылы Арал
теңізі бассейнімен оның жағалауының даму эволюциясын, сондай-ақ ғасырлар бойы өзгеру сипатын анықтау қиын емес. Мысалы, ежелгі заманның өзінде Арал теңізі көп елдерге мәлім болған. Өйткені, сол IХ-X ғасырлардағы араб ғалымдары – Ибн-Хордадбех, Ибн-Рустен, Масуди, Истахри келтірген мәліметтері аса құнды. Демек, бұл еңбектерден сол кездегі Аралдың көлемі мен жағаларының пішіні туралы мағлұмат алуға болады.
Ибн-Хордадабех Китаби-ал-масалик Вал-мамлик \саяхаттар мен мемлекеттер кітабы\ атты еңбегінде Амударияны Жейхун, Арал теңізін Күрдер көлі деп атайды. Ал, Ибн-Рустеннің Амудария мен Арал теңізі туралы жазғандары неғұрлым нақты, оның мліметтері бойынша, Арал теңізінің көлемі 80 фарсах, яғни бір фарсах-6 шақырым. Теңіздің басты жағалауындағы Жоталары Сиякух \қара таулар\ деп аталады. Ал оң жақ жағалауы батпақты, онда қалың орман өскен. Демек аталмыш Сиякух – үстіртің тік жарлы құздары болуы мүмкін. Өйткені оның бастыс жағалауы қазір де биік келеді, кейбір нүктелердің биіктігі – 190 метрге жетеді.
Сол сияқты Араб географы Истахри Арал теңізін Хорезм көлі деп аталған және Сырдария жөнінде мәліметтер келтірген. Истахри былай дейді: Бұл көлдің айналасы 100 фарсах. Суы тұзды, көлге Жейхун, Илаш \Сырдария\ және басқа өзендер құяды. Сондай-ақ Х ғасырда өмір сүрген белгісіз автордың парсы тілінде жазған Худуд-ал Алам \шығыстан батысқа дейінгі әлем облыстары\ атты қол жазбасында да Арал теңізінің сипаттамасы берілген. Мұнда теңіздің көлемі 300 фарсахқа тең келетіні және жағалауларының құмды екені жазылған. Сондай-ақ жоғарыдағы Арал теңізі жөнінде мәлімет қалдырушылар негізінен теңізді арнайы зерттеген адамдар емес, жолшыбай көргенін жазған саяхатшылар, жалпы дүниежүзілік әдебиетке қатысты шағын дерек жинаған шолушылар. Сондықтан бұл кезде Арал теңізі жайлы нақты ғылыми зерттеулер болған жоқ деуге болады. Дегенмен, бұл кезеңдегі табиғат жағдайларының кейбір ерекшеліктерінің көрсетілуі қазіргі осы өлкенің табиғатының өзгеруі сипатын анықтауға мүмкіндік береді[26].
Негізгі Арал теңізі жайлы нақты деректі мәліметтердің жиналуы яғни, арнайы зерттеулердің басталуы \17-19 ғғ.\ ғасырлардың еншісіне тиеді. Өйткені бүгінгі Арал деген атау сол 17 ғасырдан бергі жерге берілген. Яғни, 1740-1741 жылдары Сырдария мен Арал маңын зерттеуге алғашқылардың бірі болып, Иван Мурауин қатысып, тұңғыш рет Арал теңізінің шығыс жағалауларын өте дәлдікпен арнайы түсірілім жасау нәтижесінде карта жазған. Жалпы, Арал теңізі жайлы соңғы толық зерттеулер 1946-1950 жылдарға жатады. Демек, ол мәліметтер бойынша теңіз көлемі 66 мың шаршы шақырым, ең ұзын бөлігі 424 шақырым, ал ендігі бөлігі 292 шақырым, орташа тереңдігі 16,1 метр, ең терең жері 68 метр болды. Ал, содан нақты бүгінгі қалған теңізде шамамен 15-20 мың шаршы шақырымға жуық қана су айдындары бар көрінеді. Демек, теңіздің осындай құрғауына орай өңірде алғаш рет 2001 жылы Арал теңізінің табаны қала орны болған деген болжам, бұл күндері нақты шындыққа айнала бастады.
Өйткені бұрын Арал теңізі өз деңгейін сақтап тұрған жылдары сол жағасынан көне заманға тән ою-өрнектер, адам сүйектері, ұшырасқан кездері болғаны жөнінде кезінде теңізде жүзетін кейбір қарт кеме капитандарының талай өз аузынан естіген кездеріміз де болды. Бірақ та, ол кезде теңіз астында қала барын кім білсін. Ал енді теңіз тартылып, жағасы әр деңгейде ашыла бастағанда қазір де бұл жағдай жиі көріне
бастады. Өйткені қазіргі археолог ғалымдардың деректері бойынша кепкен теңіз табанынан табылған әлгі мешіттің ою өрнектері сол 12-15 ғасырлардың еншісіне жатқызады. Сондай-ақ бұған дәлел ретінде Арал тарихынан белгілі сол 1592 жылдарға дейін қазіргі табылған қала орны яғни, Барсакелмес аралының батыс беті құрлықпен бірігіп жатқан көрінеді. Кейін теңіз суының көтерілуіне байланысты құрлықтан бөлініп қалған. Сондай-ақ жоғарыда сөз болғандай сол ертедегі араб ғалымдарының деректері бойынша да теңіз көлемі сол әрқили көлемде өзгеріп отырған. Мысалы, 80,100 және 300 фарсах мөлшерінде. Егер де бір фарсах 6 шақырым болса, сонда кезінде теңіздің ең үлкен дген көлемі не бәрі 300 х 6 = 1800 шақырым ғана. Бұл – теңіздің сол 1950 жылғы көлемімен салыстырғанда төмен екенін көрсетеді. Міне осыған орай бір сөэбен айтқанда Барсакелмес аралы сол 1592 жылға дейін құрлықпен жалғасып жатыр деген сөз шындыққа жақын.
Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белде-міндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км², тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген[28].
Арал ойысы
Арал ойысы – Арал теңізі ойпатын және оның солтүстігін, шығысы мен оңтүстік-шығысын алып жатқан мезозой-кайнозой шөгінділерінен құралған тектоникалық құрылым; геоморфология тұрғыдан алғанда солтүстік Қызылқұмға жалғасып жатқан ойпат. Тұран плитасының құрамына енеді. Ауданы 350 мың км2 шамасында. Арал ойысының солтүстік-шығысы, Тұран шығысы, оңтүстігі жайпақ жазық, ал Үстіртке жалғасатын батыс жағы тік жарлы болып келеді.
Арал ойысы солтігінде Торғай ойысының оңтүстік шетімен, шығысында Аққырқақұм қыратымен, оңтүстігінде төменгі Әмудария мегаантиклиналімен шектеседі. Ойыстың оңтүстік-шығысындағы Бозкөл қырқасы оны шығыс Арал және Тәжіқазған қазаншұңқырларына бөледі.
Арал ойысы табанының жоғары бөлігі палеозой мен триас шөгінділерінен түзілген. Оның үстін мезозой мен кайнозойдың қалыңдығы 1800 – 2000 м шөгінді жыныстары (саз, құмтас, әктас, мергель) жауып жатыр. Арал ойысының юра мен бор шөгінділерінде мұнай мен газ, палеоген жыныстарында қоңыр көмір, темір кендері кездеседі, сондай-ақ жер асты суының мол қоры бар.
Арал қазба фаунасы
Мүйізтұмсық
Арал қазба фаунасы – Арал теңізінің солтүстік жағалауындағы (Ақеспе елді мекені маңынан) олигоцен дәуірінің аяқ кезіндегі құрлық шөгінділерінен табылған жануарлар қалдығы. Қазба жұмыстарын 1930 ж. КСРО Ғылым Академиясының Палеонтология институты және Қазақстан Ғылым Академиясының Зоология институты (1952, 1966, 1981, 1990 – 1991 ж.) жүргізді. Қазбадан: мүйізтұмсықтар (Парацератһеріұм, Ацератһеріұм, Протацератһеріұм, Апротодон, Гігантамyнодон), бұғытәрізділер
(Лопһіомерyх, Міомерyх, Продрематһеріұм, Ампһітрагұлұс), кемірушілер (Пропалеоцатор, Араломyс, Аргіромyс, Агіспелагұс, Проталацтага, Еұмyсодон), бауырымен жорғалаушылар (Цһелоніа, Тестұдо), құстар (Анас) қалдықтары табылды. Олар шамамен 25 – 26 млн. жыл бұрын ылғалды ормандар мен көлді, батпақты аймақтарда тіршілік еткен. Арал қазба фаунасының жер қабатының геологиялық салыстырмалы жасын анықтауда маңызы зор.
Арал түбегіндегі қалалары
Біздің эрамызға дейінгі I мыңжылдықтың басында Әмудария толығымен Арал алқабына қарай ағатын болған.Осы кезде шамамен 2,5 мың жыл бұрын Сырдарияның, оған қоса Шу өзенінің Аралға келіп құюына байланысты теңіздің деңгейі шегіне жетті. Алайда,бұрын кейінгі жылдары Әмудария бірнеше рет ағысын батысқа бұрып,Сарқамыс ойпатына қарай аққан.Каспийге құятын Өзбой аңғарына (қазіргі құрған өзен аңғары)қалып қоюы міне ,осыдан болған.Мұны табиғи да әлеуметтік экономикалық себептермен түсіндіруге болады. Соғыс жылдары Әмудария сағасындағы су тоспалары құлатылып,суару жүйелері қиратылды.Нәтижесінде су Батысқа қарай ақты.Бұл-біздің заманымыздың IY-YI ғасырларында Арал теніз деңгейлерінің төмендеуіне әкеліп соқты.YII ғасырдан Х ғасырға дейінгі аралықта Әмудария өзенінің Арал теңізіне келіп құятын ағысы қалпына келіп,Арал қайтадан суға толды.Бірақ Хорезмдегі (өзеннің төменгі ағысында) моңғол шапқыншылығы кезінде болған қиратулардан Әмудария Сарқырамас ойпатына қайта бұрылып,оны суға толтырды[29].
Әмудария бағытынан Сарықамысқа қарай бір бұрылуы Хорезмді Әмір Темірді басып алумен байланысты болған.Оның сарбаздары көптеген қалалар мен су жүйелерін толығымен қиратқан.Нәтижесінде Әмудария Сарықамыс ойпатына лап қойған.Тіпті Өзбой аңғарымен ағып отырып,Каспийге құйылған да болар.Сондықтан ХIY ғасырда Арал деңгейі тағы да төмен түсіп кеткен. Кейінгі ғасырларда да Аралдың деңгейі тұрақты болды.Мұндай тұрақсыздық негізінен ,ауа райының өзгеруіне байланысты туындаған еді. Мысалы,Әмудария өзенінің суы Аралға мүлдем жетпей қалған кездері бар. Бұл әсіресе, ХIII-ХY ғасырларда орын алды. Сол уақытта Арал тағы құрғап ,суы тартылып,теңіз түбіне қала салынды.
2001 жылы өзінің бұрынғы жағалуынан алыстап ,құрғап бара жатқан Арал түбегінен тас пен күйдірілген кірпіштен салынған кесене табылды.Кесененің салынуын археология ХIY ғасырға жатқызды. Сонымен бірге осы арада 2004 жылы табылған зираттардың орны мен ортағасырлық қалашық археологтардың назарын өзіне
аударды. Шартты түрде Арал-Асар деп аталатын қалашық Қаратерең елді мекенінен солтүстік –батысқа қарай 65,2 шақырым жерден табылды. Ал Қаратереңнің өзі болса,Қызылорда қаласының 370 шақырым жерде солтүстік батысқа қарай орналасқан. Қаратерең біраз уақыт бұрын ғана Аралдың жағасында тұрған елді мекен еді. Енді қазір теңіз тартылып ,жағадан 120 шақырым алыстап кетті. 2004 жылы табылған қалашықтың жалпы ауданы 6га шамасынада. Оның жоғары қабатынан шаруашылық заттары: диірмен тастары,қыш ыдыстар мен олардың бөліктері,темір және қоладан жасалған бұйымдардың сынықтары көп мөлшерде табылды. Құрлыс-жай орындарының қандай болғанын ажырату қиын. Олар су шайып
әбден мүжілген.Қаланың өн бойын кесіп өтетін ені 2-2,5 м суару жүйесінің жақсы жетілгенін және қала тұрғындары бұл араға суды ондаған шақырым жерлерден шамасы,Сырдария мен Әмудариядан әкелгенін көрсетеді.Қала маңы тұрғындары жер өңдеу мен айналысып ,астық өсірген. Ұн сақтауға арналған орын –хумданның жанынан дирменнің 14 тасы табылды. Бұл ұн тарту шаруашылығының жақсы жолға қойылғанын білдіреді.
Жиналып алынған көк және қара түсті шыңылтыр жалатылған қыш бұйымдар қаланың ХIII-ХIY ғасырларда,тіпті ХY ғасырдың басында өмір сүру мүмкін екенін көрсетеді.
Сонымен қатар жерден 30 см тереңдіктен бетіне күйдірілген кірпіштің сынықтары төселген тегіс алаң аршылып алынды. Оның ортасына үлкен ыдыс хум тұрғн.Хумның ¾ бөлігі жер астына көміліп ,ал жоғарғы жағы тұтқасынан дейін күйдірілген кірпіштермен қаланған.Шамасы ,қалашық жердің
тек бір ғана қабатын құрайтын болуы керек. Соған қарағанда,ол ұзақ уақыт тұрмаған. Айтуға боларлықтай ,100 жыл өмір сүрген шығар.
Қалашықтың жанынан табылған зираттағы бір кесененің қалдығы мамандардың қызығушылығын тудырды,менің де қызығушылығым артты. Бұл құрлыс-биіктігі 1,6 м болатын,әбден шөгіп кеткен төбе.Батыс бөлігі жайпақ және көлбеу,ал шығыс жағы керісінше тік. Төбенің үстінде күйдірілген кірпіштер .Кесененің сыртқы солтүстік қабырғасы іргетасының тастары анық көрінеді. Ені -2,2 м ол қашалған тастардан үш қатар етіліп қаланған. Кесене екі бөлімнен тұрған деп шамалауға болады:жерлеу жоралғы өтетін зиратхана мен көрхана. Көрхананың солтүстік-шығыс бұрышынан қабір табылды.Кесенеге кірер есік батыс тарапта орналасқан.Портал секілдендіріп әрленген ол кезінде көңілдір және көк түсті қаңылтырмен қапталған кірпішпен қапталған.Құрлыстың төбесін күмбезбеп жабылғанына күмән жоқ. .
Зиратта көлемі жағынан кішілеу тағы да үш кесене ерекшелінеді.Кесененің ені-4,5 м аула бар.Ол күйдірілген кірпіштен қаланған қабырғамен қоршалған.Сонымен қатар кесененің маңынан кішкентай күйдірілген үш пештің қалдығы ашылып алынған. Зерттеушілер үшін аяқ асты табылған Арал түбегіндегі қалалар аса маңызды жайт еді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан ұлттық жэнциклопедиясы. Алматы 1998 ж.
2. Г.С. Оспанова., Г.Т. Бозшатаева Экология Алматы 2002.
3. Есназарова Ұ.А. Темірбеков А.Т. Түркі тілдес елдер географиясы Анкара -1999 ж.
4. Қ.Н. Жалмишова Экологиялық білім және тәрбие Шымкент 2006.
5. Сағымбаев Ғ. Экология негіздері, Алматылық баспа кабинеті 1995 ж.
6. Орынбаева Ғ Оқушыларға экологиялық тәрбие беру Алматы Рауан, 1998 ж.
7. Ю.П. Одум экология Мәскеу 1986 ж.
8. П. Аресс Экология кілттері санкт-петербург 1982 ж.
9. А.Ш. Алматьев табиғи ортаның дамуы, өзгеруін және қорғалуы. Санкт-Петербург. 1983 ж.
10. И.Д. Лаптев Экологиялық проблемалар Мәскеу 1982 ж.
11. П. Бердокс, Д. Родд Қоршаған ортаны ластанудан қорғау стратегиясы. Мәскеу 1979 ж.
12. Егемен Қзақастан, 2005 жыл 30 қараша
13. Отырар алқабы, 2002 жыл 15 наурыз.
14. Фейзуллах Будан, Қазақстан: өткені, бүгіні мен ертеңі. Анкара 2000 жыл.
15. Қазақстан Республикасы: Энциклопедиялық анықтамалық Қазақстан энциклопедиясы Алматы 2001 ж.
16. Қазақстан тарихы. Очерктер. 30-56-бб.
17. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. I-том. Алматы, 1996. 2-бөлім, 1-3-тараулар.
18. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 2-бөлім
19. Акишев К. Курган Иссык. М., 1978.
20. Бичурин Н.Я. Средняя Азия и Восточный Туркестан А., 1997.
21. Гумилев Л.Н. Хұндар. А., 1998.
23. Өтениязов С. Аттила А., 2000.
24. Ирмуханов Б.Б. Древняя история Казахстана. А., 1997.
25. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Государства и народы евраазиских степей. М. 2004
Қорытынды
1. Арал ауданына сипаттама
Арал ауданы – Қызылорда облысындағы әкімшілік бөлінісі 1938 ж. ұйымдастырылған. Аудандағы 58 елді мекен, 1 қалалық, 2 кенттік, 14 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы – Арал қаласы Жер аумағы 55,1 мың км2. Тұрғыны 70,8 мың адам, орташа тығыздығы 1 км2-ге 1,2 адамнан келеді (2006). Арал ауданы облыстың солтүстік-батыс бөлігінде, шөлейт белдемде орналасқан. Аудан жерінің ең биік жері – Шевченко шығанағынан солтүстік-батыста жатқан тау (324 м). Аймақтары мен елді мекендер Ірі елді мекендері: Арал қаласы (30,5 мың), Абай (2,3), Сексеуілді (8,9), Жақсықылыш кенттері (5,0) және Шижаға (2,2), т.б.
2. Арал апатына себеп болған факторлар:
Жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
Aуыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
Cуды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
Жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
Табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
3. Арал өңірінде өмір сүрген ежелгі тайпалар жайлы мәлімет,ежелгі мәдениеті.
Зерттеу жұмысы барысында Арал өңірінде сақтардың үш топқа бөлінгенін айтып өту керек. 1.Парадарайа,2Тихграхауда,3Хаумаварга.Осы үш топты сақтардың Парадарайа сақтары Арал теңізінің маңында көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан.
Халқы мал шаруашылығымен, егін егумен, аң аулаумен айналысқан. Қазба жұмысы кезінде дәнді дақылдар – арпа, тары қалдықтары, үккіш, қол диірмен, т.б. құрал-саймандар табылды. Мал сүйектерінің 47%-ы ірі қара сүйектері болуы, оның ішінде түйе, жылқы сүйектерінің мол кездесуі жартылай көшпелі өмірдің басым болғанын аңғартады. Қол өнері, зергерлік жақсы дамыған. Шірік-Рабат қ. төңірегіндегі обаларды зерттеу барысында алынған бұйымдардың Арал өңірі тұрақжайларындағы бұйымдарға ұқсастығы дәлелденді. Жерлеу тәсілдерінің өзіндік ерекшелігі бар. Бейіттер күмбез тәріздес, аум. 38,5 м, биікт. 8 м, көл. 47х29х9,5 см, 53х31х11 см шикі кірпіштен өрілген. Антроп. зерттеулер сақ тайпаларының бет пішінінде б.з.б. 7–5 ғ-ларда еуропалық, ал б.з.б. 4–2 ғ-лардан бастап моңғолдық белгілері күшейе бастағанын көрсетті.
Арал өңірі ескерткіштері жаңа тас дәуірі мен соңғы темір дәуірі аралығында бұл аймақта мал шаруашылығымен суғармалы егіншілікпен айналысқан, әскери өнері жақсы дамыған тайпалардың өмір сүргенін көрсетті. Олар көрші елдердің және шығыстан келген тайпалардың әсерінен саяси-әлеуметтік, экономика, мәдени және антропологиялық жағынан өзгерістерге ұшырап отырған.
Арал маңын мекен еткен тайпалардың ішінде сақ,қаңлы тағы басқа тайпалардың тарихы топырағына сінген қасиетті өлке. Сонау ежелден келе жатқан тайпалардың қонысы Арал өңірінде Шірік-Рабат,Бәбіш молда,Баланды тағы басқа ескерткіштер
табылғанын жоққа шығара алмаймыз.Соның ішінде сақтардың үш топқа бөлінгенін айтып өту керек. 1.Парадарайа,2Тихграхауда,3Хаумаварга.Осы үш топты сақтардың Парадарайа сақтары Арал теңізінің маңында көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Қаңлы тайпалары да арал теңізі мен Сырдария етегінде отырықшы және көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан.
4.Зерттеулер жүргізу .
1740-1741 жылдары Сырдария мен Арал маңын зерттеуге алғашқылардың бірі болып, Иван Мурауин қатысып, тұңғыш рет Арал теңізінің шығыс жағалауларын өте дәлдікпен арнайы түсірілімге түсіріп, карта жасаған. Жалпы Арал теңізі жайлы соңғы толық зерттеулер 1946–1950 жылдар аралығында болған. Ондағы мәліметтер бойынша теңіз көлемі 66 мың шаршы шақырымды құрап, ең ұзын бөлігі 424 шақырым, ал ендігі бөлігі 292 шақырым, орташа тереңдігі 16,1 метр, ең терең жері 68 метр деп сипатталып жазылған. Содан қалған бүгінгі теңізде шамамен 15-20 мың шаршы шақырымға жуық қана су айдындары бар көрінеді. Теңіздің осындай тартылуына орай өңірде алғаш рет 2001 жылы Арал теңізінің табаны қала орны болған деген болжам жасалды, ал бұл күндері осы болжам шындыққа айнала бастады.
Арал өңірінде экологиялық ахуалдың бағытын бақылаудан шығармай басқару арқылы өлкенің табиғи қорларын тиімді пайдаланумен бірге оның потенциалын молайтуға қол жеткізу болмақ. Мәселені түбегейлі шешу үшін өңірде бұрыннан қалыптасқан табиғи процестер мен шаруашылық салаларының даму жолын және қазіргі күйін жан-жақты зерттеп, жаңа экологиялық жағдайға орай өрбіту бағытын айқындау мен басқарудың негізінде табиғи қорларды тиімді пайдаланудың негізін жасау қажет болып отыр. Біздің жүргізген ғылыми зерттеулеріміз осы мәселеге арналған.
Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен Орталық Азия елбасыларының 1993 жылдың қаңтарында Ташкент қаласында қабылдаған шешімі бойынша 1993 жылғы 26 наурызда Қызылорда қаласында өткен Арал теңізі мәселелері жөніндегі 1-конференцияда жасалған келісім. Ол Арал теңізі және Арал аймағы мәселелерін, экологиялық сауықтыруды, аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз етуді бірлесіп шешетін ортақ шаралар туралы Келісім деп аталды. Келісімге Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев, Қырғыз Республикасының Президенті Ақаев, Тәжікстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Э.Ш. Рахмонов, Өзбекстан Республикасының Президенті И.А. Каримов, Түрікменстан Президенті С.А. Ниязов қол қойды.
Келісімнің арнайы баптарында Арал теңізі айдынындағы экологиялық дағдарысқа байланысты негізгі мәселелер нақтылы қаралды. Апаттың алдын алуға, қоршаған ортаны сауықтыруға және Арал аймағының әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз ететін, денсаулық сақтау, тұрмыстық қажеттіктерді өтейтін істерге тікелей назар аударылды. Келісімді орындаудың алғашқы шарты есебінде Халықаралық Арал қоры, Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес құрылып, олардың ұйымдық мәселелері шешілді. БҰҰ-ның Бас хатшысына Орталық Азия елбасыларының атынан Үндеухат жолданды. Онда Аралды сақтап қалуға, Арал аймағының келелі мәселелерін шешуге арналған шараларға дүниежүзілік қауымдастықтың назары аударылды.
Ұсыныстар
Қоршаған ортаның және халықтың экологиялық қауіпсіздігін нығайтып, қазіргі кездегі өзекті мәселелерді шешу көптеген жұмыстардың атқарылуын сонымен қатар Арал маңын мекен еткен тайпалар туралы, Аралдың ежелгі мәдениеті
қамтылады. Ал бұл мақсатқа жету үшін мынадай шараларды орындау қажет:
Арал өңірінде табиғи процестер мен шаруашылық салаларының көне дәуірден бері келе жатқан үйлесімді даму ырғағын бұзбау;
Шаруашылық кешеннің өнімділігін жетілдіру, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы төмендетпеу.
Табиғи қорларды тиімді пайдаланудың негізін жасау;
-Арал теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі құрғаған орнында пайда болған жаңа құрлықты кешенді зерттеп, табиғи қорларының шаруашылық потенциалын анықтау;
- Жаңа құрлықта егіншілікке жарайтын жер көлемін анықтап, теңіз жағалауында суармалы егіншілікті дамытудың ғылыми негізін жасау;
- Арал өңірінде экологиялық жобалар жүзеге асырылуына байланысты Сырдарияның төменгі ағысында дәстүрлі шаруашылық салаларын жаңа экологиялық жағдайға бейімдеп дамытуды ғылыми негіздеу;
- Өңірде табиғи-шаруашылық нысандарды ластайтын заттардың жиналуы мен таралуын зерттеп, зиянды зардаптарын азайтудың жолдарын реттеу.
Қорыта айтқанда, Арал өңірінде ірі экологиялық жобалар жүзеге асырылуына байланысты табиғи кешендердің даму бағытын антропогендік реттеу негізінде қорларды тиімді пайдалану, шаруашылық салаларын экологиялық дамыту, жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескеру ұсынылады.