Автокөлік құралдарын бағалау

Скачать

Әдістемелік әзірлеме негізі көліктің бағасы мен,яғни шыққан жылы,алғашқы бағасы,жұргені және техникалық жағдайымен байланысты.
«Автокөліктердің өзіндік тозу есебі мен техникалық жағдайын көрсету кезіндегі автокөліктің құнын анықтау бойынша әдістемелік басқару» құжаты негізінде автокөліктің бағалауын жүргізеді.
Бұл бағалау түрін шетелдерде шығарылатын жеңіл және жүк көліктерінің,автобустар мен әртүрлі маркадағы мототехникалардың құнын анықтау кезінде қолдану үшін арналған.
Әртүрлі жағдай үшін құнды анықтау кезінде ұсынылатын әдістерді пайдалану барысында есебінің шешімі анықталады,яғни:
• Кәсіпорындағы көлік құралдарын негізгі қор ретінде немесе көлік құралын жалға беру және сату үшін бағаны анықтау кезінде;
• Кепіл ретніде көлік құралын қолдану кезінде;
• Мүліктік дау шешімдерін реттеу үшін;
• Салық салу есебін жүргізу мақсаты үшін;
Берілген әдістеме заңдылықтар мен құқықтық норма талаптарына сәйкес міндетті орындалуы керек.Автокөлік құралдарын бағалау бірнеше кезеңдерден тұрады.
Бағалау кезеңдері.
Бірінші бағалау кезеңінде бағалаушы мен бағалауға тапсырыс берушінің кездесуі,демек көлік құралының иесі немесе оның сенімді тұлғасы.Сонымен қатар көлік құралына тапсырыс беруші болып,заңды немесе жеке тұлғалар,басқа да қызуғышылық білдіретін ұйым,яғни банктер,сауда немесе сақтандыру компаниясы,салық,сот,құқықты қорғау органы болып табылады.Сондықтан бағалаушы тапсырыс берушінің бағалауға тапсырыс беруге құқығына көз жеткізе отырып,көлік құралын иемдену құқығы,тапсырыс берушінің жеке құжаттарымен танысу керек.Тапсырыс беруші бағалаушыға бағалау мақсатында көліктің көзге көрілмейтін бөлшектердің дефектілері мен бұзылысын айқындап көрсетуі қажет.Көлік құралының иесі берілген жұмыстың бағасымен танысып,бағалау жүргізуге келісімшартқа тұру ұсынысын береді.


Скачать


zharar.kz