Барақ Жанұзақұлы (шамамен 1696, кейбір деректерде 1722, қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Алдияр ауылы — өлген жылы белгісіз, Қостанай облысы Сарыкөл ауданы) — батыр.[1] Әкесі Жанұзақ Қарабалуан есімімен мәшһүр болған түйе балуан. Барақ Жанұзақұлы 1740—1758 жылдары қазақ жерін қалмақ басқыншыларынан азат ету жолындағы шайқастарға қатысқан. Батырлығымен қатар емшілік, көрегендік қасиеттерімен де халыққа кең танылған. 1996 жылы Қостанай өңірі Барақ Жанұзақұлының үш жүз жылдық мерейтойын атап өтіп, батырдың ұрпақтары басына ескерткіш күмбез орнатты. [2]
Барақ Жанұзақұлы (Қарабалуанұлы) - батыр (1700-1793). Емельян Пугачев бастаған шаруалар соғысына, одан кейін Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске қатысып, батырлығымен аты шыққан. Оны халық қара күштің иесі деп таныған. Барақ Қарабалуанұлы Дәуітбай Жәнібекұлымен қатар Абылай ханның қосынында болып, ханның сенімін ақтаған. Барақ батыр көріпкел, сәуегей болжаушы, емшілік-тәуіптік қасиеті де болған екен. Оған тәуіпшілік шешесі Жасқаннан берілген. Барақ батырдың кесенесі Сарыкөл ауданынан 10 км жерде жатыр.