Максвелл Джеймс Клерк туралы

Скачать

Максвелл Джеймс Клерк
1831 - 1879
Ағылшын физигi Эдинбург және Лондон хандық қоғамының мүшесi Дж.Максвелл 1831 ж. Эдинбургте дүниеге келген. Эдинбург және Кембридж университеттерiнде оқыған. 1856-1860 ж.ж. Абердин университетiнiң профессоры, 1860-1865 ж.ж. Лондон хандық колледжiнiң профессоры, ал 1871 ж. бастап Кембриджтегi эксперименталды физиканың бiрiншi профессоры болып қызмет етедi. Максвелдiң басқаруымен Кембриджтегi әйгiлi Кавендиш лабораториясы құрылады, ол өзiнiң өмiрiнiң соңына дейiн сонда жұмыс iстейдi. Максвелдiң жұмыстары электродинамикаға, молекулалық физикаға, жалпы статистикаға, оптикаға, механикаға, серпiмдiлiк теориясына арналған. 1859 ж. газ молекулаларының жылдамдық бойынша таралуын сипаттайтын статистикалық заңды орнатты. 1866 ж. тура және керi соқтығысуға негiзделген молекулалардың жылдамдық бойынша таралу функциясының жаңа қорытындысын шығарды, тасымалдау теориясын диффузия, жылуөткiзгiштiк және iшкi үйкелiс процестерiне қолданып жалпы түрде дамытты. 1867 ж. термодинамиканың екiншi бастамасының статистикалық табиғатын бiрiншi болып көрсетiп, 1878 ж. “статистикалық механика" терминiн енгiздi. Максвелдiң ең үлкен ғылыми жетiстiгi болып 1860-1865 ж.ж. құрылған электромагниттiк өрiс теориясы табылады. 1873 ж. жарық қысымын теориялық түрде есептедi. Сонымен қатар серпiмдiлiк теориясының теоремасын берiп, жылулық физиканың негiзгi параметрлерiнiң арасындағы қатынасты орнатты.


Скачать


zharar.kz