Алла
Осы сөзбен бесігіңде таныстың,
Ер жеткен соң мәңгілікке табыстың.
Мейіріміне бөленген сан мұсылман,
Аллаға сен дей алмайсың, алыспын.
Алла, сірә, басты сөзі Арабтың,
Әлимсақтан әжетіңе жараттың.
Әміріне бір Алланың бойсұнып,
Жазираға ілімін де тараттың.
Осы өлең өріміне өрілген,
Біршама сөз
Бізде қырға керілген.
Арабтардан
Тарағаны дау тудырмас тегінде,
Деген ойға
Ертелі- кеш берілем.
Амал
Амал айы өткен соң,
Күн жылынып, ерір тоң.
Дегенде үлкен кісілер,
Наурызды еске түсірер.
Мұнан да басқа амалдың
Омонимі бар таласпа.
Күйретіп жаудың қамалын,
Әдісін біліп жол тауып.
Әперген жеңіс Алашқа,
Қолбасшы біліп амалын.
Сөз мәнін білсе артық па,
Тіл таныр жасқа саналы.
Сүлеймен Баязитов