Қазақстанның көрікті жерлері

Скачать



Қалыптастырушы бағалауға арналған

тапсырмалар жинағы

Қазақ тілі

(оқыту қазақ тілінде)
6-сынып

1
Құрметті мұғалім!

Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.

Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.

Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ smk.edu ресми сайтынан таба аласыз.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

2
Мазмұны

1-тоқсан

Бөлім Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография

Бөлім Ұлттық және отбасылық құндылықтар. Фонетика

Бөлім Әлемнің жеті кереметі. Лексикография

2-тоқсан

Бөлім Астана - мәдениет пен өнер ордасы. Лексика ..

3-тоқсан

Бөлім Тарихи тұлғалар.Лексика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Бөлім Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология

Бөлім Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары. Морфология

БөлімҚазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз. Морфология 65

4-тоқсан

Бөлім Әлемдегі ірі кітапханалар. Морфология

Бөлім Ғылым мен технология жетістіктері. Пунктуация

3
1-тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

Бөлім Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография

Оқу мақсаты 6.1.1.1- Мәтіннің атауын талқылау және алғашқы

бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Мәтіннің тақырыбын, келесі бөлігіндегі
мәселені болжайды

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану

Тапсырма
1. Суреттерді мұқият қарап, онда Қазақстанның қандай жерлері бейнеленгенін жұпта әңгімелеңіз. Суреттер арқылы тыңдалым мәтінінің тақырыбын болжап, талқылаңыз.

Дескриптор Білім алушы

бейнеленген суреттер бойынша жұпта әңгімелеседі;
суреттер арқылы мәтіннің тақырыбын талқылайды.

2. Мәтіннің алғашқы бөлігін мұқият тыңдап, талқылаған тақырыптарыңызбен салыстырыңыз және мәтіннің келесі бөлігі не туралы болатынын болжаңыз.

Қазақстанның көрікті жерлері
1-бөлігі
Қазақстанда шипалы су шығатын әрі емдік балшығы бар табиғаты ғажап, әдемі жерлер көп. Қазақ жерінде табиғи емдік қасиеті бар жерлер туралы алғашқы мәліметтер ХІХ ғасырдың орта кезінде белгілі бола бастайды. 1834-1880 жылдар аралығында Шығыс Қазақстандағы Рахман бұлағы, Қапал Арасан, Бурабай, көлінің, Барлық -Арасан бұлағының шипалы қасиеттері туралы белгілі болды. 1920-1925 жылдар аралығында Бурабай, Мойылды, Ауыл, Сер, Рахман бұлақтары, Шымған, Жаңақорған курорттары ашылды.

2-бөлігі
Жоғарыда аталған демалыс орындарының әрқайсысының табиғаты ерекше. Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлердің табиғаты көркем, ауасы таза, суы мөлдір.
Мұнда денсаулығы нашарлаған адамдардың тынығып, күш жинап, ем қабылдап, күш-қуатын қалпына келтіруге барлық жағдай жасалған.

Дескриптор Білім алушы

жұпта талқылаған тақырып пен мәтінінің тақырыбын салыстырады;
мәтіннің келесі бөлігіне болжам жасайды.

4
Оқу мақсаты
6.1.4.1 - мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара

Бағалау критерийі
отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау

Білім алушы

• Мәтіннің құрылымдық ерекшелігін ажыратады

Ойлау дағдыларының
• Сұрақтарға жауап беру арқылы негізгі ойды анықтайды

Қолдану

деңгейі

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз және құрылымдық ерекшелігіне назар аударып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Қазіргі таңда республикамызда туризмнің барлық түрлері дамып келеді. Сондықтан болар, демалуға қолайлы ел ретінде Қазақстанның танымалдылығы күн санап артуда. Сонымен еліміздің қай жерлерін міндетті түрде көру керек?
Бірінші орында кіші Швейцария – Бурабай. Ол республикамыздағы ең танымал туристік бағыт саналады. Бұл жердің әсем табиғаты, көптеген қонақүйлері, шипажайлары мен дамыған инфрақұрылымы демалушыларға ұмытылмас әсер сыйлайды. Сондықтан болар бұл жер халық арасында екінші Швейцария деп аталып кеткен. Бұл жерде демалып қана қоймай, ем қабылдауға да бар жағдай жасалған.
Бурабайда демалып үлгерсеңіз, онда Ұлы Жібек жолы бойымен экскурсиялық саяхатқа аттануға болады. Бұл бағыт ең танымал және тарихи маңызды орындар арқылы өтеді. Жол бойында қазақ халқының бірегей сәулет және археологиялық ескерткіштері, атап айтсақ, Айша-Бибі, Бабаджа қатын, Қарахан кесенелері орналасқан. Осы жерлерден ерекше рухани күш алуға болады.
Қазақстанда көз тартар көрікті жерлер, тарихи мекендер жеткілікті. Атап айтсақ, Шарын шатқалы мен Шарын өзені, Ақсай шатқалы, Алакөл мен Балқаш көлдері, Шымбұлақ курорты, Қорғалжын қорығы, Зайсан көлі, Марқакөл қорығы, Қатон-Қарағай ұлттық саябағы, Жидебай-Бөрілі қорық-мұражайы. Әрине, бұл тізімді жалғастыра беруге болады. Халқымыздың пейілі сияқты кең, көңілі сияқты дархан даламызда жабайы табиғатпен қауышып, рухани азық алып, жері, суы мен ауасының шипасын көруге мүмкіндік бар. Одан басқа не керек?

1. Мәтін қанша бөлімнен тұрады?
A) І
B) ІІ
C) ІІІ

D) ІV

2. Мәтіннің кіріспе бөлімінде не туралы айтылады?
A) Демалушыларға жасалған жағдай туралы
B) Еліміздің әлемге әйгілі сұлу жерлері туралы
C) Еліміздің саяхат саласының өркендеуі туралы
D) Тарихи маңызды орындардың өркендеуі туралы

3. Мәтіннің негізгі ойы қандай?
A) Ем қабылдайтын демалыс орындарын жетілдіру керек.
B) Жер аумағы халқымыздың ниеті тәрізді өте кең.
C) Қазақ елінде демалатын әсем жерлер баршылық.
D) Тарихи жәдігерлерді қалпына келтіруге көмек қажет. Жауаптары: 1D 2C 3C

5
Дескриптор Білім алушы

мәтіннің құрылымдық ерекшелігін анықтайды;
сұрақтарға жауап береді;
мәтіннің негізгі ойын анықтайды.

Бөлім Ұлттық және отбасылық құндылықтар. Фонетика
Оқу мақсаты
6.2.2.1 - Ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің
стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік
құралдар арқылы тану

Бағалау критерийі Білім алушы

• Ауызекі және әдеби сөйлеу стилін, тілдік
ерекшеліктерін анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану

Тапсырма
1. Мәтіндерді мұқият оқып, стилін ондағы сөздер арқылы анықтап, дәлелдеңіз.

1-мәтін
Әке мен бала
Бір адам он жасар баласын ертіп, егін даласынан жаяу келе жатса, жолда жатқан бір
ескі тағаны көреді. Ол баласына:
— Балам, анау тағаны ала жүр, — дейді.
— Іммм, сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын? - дейді еңкейіп, тағаны алуға ерінген баласы. Әкесі үндемейді, тағаны өзі иіліп алады да, жүре береді.
Қаланың бір шетіне келгенде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, бағанағы тағаны соларға үш тиынға сатады. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алады. Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірлеп жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре береді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түсіп кетеді. Артында келе жатқан баласы жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салады. Біраздан соң және бір шие, одан кейін тағы бір шие, сонымен әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жейді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып:
— Балам, көрдің бе, бағана тағаны жамансынып, жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға ерініп едің, енді сол тағаға алған шиені бінеше рет еңкейіп алдың. Бұдан былай есіңде болсын, балам, аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың, азды қанағат ете білмесең, көптен де құр қаласың, - деді.

2-мәтін
Бірде Төле би Мойынқұмдағы елдің дау-дамайын шешіп, ауылына қарай қайтқанда, бір топ қарақшының қолына түседі. Сонда Төле би: Әй, сендерге керегі мал ма, жан ба, жан керек десеңдер, қинамаңдар, тез өлтіріңдер, мал керек десеңдер, алдарыңа айдатып әкелдірейін, бізді босатыңдар, - дейді. Қарақшылар: Бізге мал керек, - дейді. Сонда Төле би: Менде мал көп, бай адаммын. Бірақ сендер сенбейсіңдер. Сондықтан біреуің менің атыма мініңдер, киімімді киіңдер, мен хат жазып жіберейін, - дейді . Хатты былай жазады: Кенже ұлыма құда түстім. Соған 40 құнан атан, 20 бура, 8 ақбас атанымды осы барған адамнан айдатып жіберіңдер. Бұған қоса оң босағамда тығулы алтынымды, сол босағамдағы күмісімді қоса беріңдер. Қарақшылар екі жігітті бидің аулына жібереді.

6
Ауыл адамдары бидің бұл хатын түсіне алмай, қатты дал болады. Сонда келіні Данагүл былай дейді: Жоқ, би атам 40 қарақшының қолына түскен екен . 40 құнан атан дегені – 40 мықты жігіт, 20 бура дегені – 20 палуан, 8 ақбас ата дегені – 8 ақсақал кісі, ал атаған алтыны мен күмісі – баласы және келіні – мен ғой . Қой, тез жетіп, би атамды құтқарайық. Сөйтіп Данагүлдің ақылымен хатта көрсетілген малды екі қарақшының өзіне айдатып , олардың соңынан 40 жігіт, 20 палуан, 8 ақсақал, әрі Төле бидің баласы және келіні Данагүл көрінбестен қоса еріп отырады. Осылайша бұлар Төле би мен оның серігін босатып алады. Осы оқиғадан соң, Данагүлдің ақылдылығы мен тапқырлығы елге жайылыпты.

2. Екі мәтінді мұқият оқыңыз. Кестеге сүйене отырып, мәтіндерді салыстырыңыз.

Мәтіндер
Стилі
Тақырыбы
Мазмұны
Тілдік

ерекшеліктері
1-мәтін

2-мәтін

Дескриптор

Білім алушы

мәтінді мұқият оқып, стилін анықтайды, дәлелдейді;
мәтіндерге салыстырмалы талдау жасайды.

Оқу мақсаты 6.3.2.1 -жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне

сай құрылымын сақтай отырып мінездеме,
құттықтау құрастырып жазу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Құттықтау, мінездемені жанрлық, стильдік
ерекшелігіне сай құрастырып жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану

Тапсырма
Жағдаятты мұқият оқып, отбасы мүшесінің біріне арнап құттықтау жазыңыз. Құттықтаудың стильдік ерекшелігін, құрылымын еске түсіріңіз. Орфографиялық норманы сақтаңыз.

Әке, ана, бауырларыңыз - сіздің отбасыңыздағы ең құрметті жандар. Олардың үйде орындары да ерекше. Бір қызығы, бүгін сіздің үйде бірнеше адамның туған күні қатар келіп тұр. Сіз біреуіне қолдан сыйлық жасасаңыз, біреуіне арнап құттықтау жазамын деп шештіңіз. Ендеше іске сәт.

Дескриптор Білім алушы

құттықтаудың жанрлық және стильдік ерекшелігіне сай құрылымын сақтап жазады;

жағдаят негізінде құттықтау жазады.

7
Оқу мақсаты 6.3.6.1 - мәтіндегі орфографиялық және

пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле
ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық
қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп
түзетеді, редакциялайды

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану

Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді түзетіп, дәптеріңізге жазыңыз. Қателерді түзетуде сөздіктер мен емле ережелеріне сүйеніңіз. Екпін түрлерін ажыратыңыз.

Ақ тілегі атаның
Сен қосылып немерем,
Кеңейді ғой керегем.

Әттең қолдан келмейді,
Айды алып берер ем.

Саған терді төгер ем,
Бар нәрсемді берер ем.
Оның бәрін аз десең,
Жан беруге көнер ем,
Сен аман бол немерем!

Ұрлап жатыр күн-түн-ді,
Көп, күттім мен бұл күнді.
Ешнәрсеге қимаймын,
Сенің таза күлкіңді.

Жатыр күлкің жаңғырып,
Жұртты естен тандырып.
Балғын тілің жүр менің,
Мейірімімді қандырып.

Әжеңді де жұбаттың,
Қайғымызды уаттың.
Қартайған да атаңды,
Жас баладай қуанттың.

Дескриптор Білім алушы

мәтінді мұқият оқып, қателерді анықтайды, түзетеді;
ережелерге сүйеніп, дәптерге түзетіп жазады;
екпін түрлерін ажыратады.

8
Бөлім Әлемнің жеті кереметі. Лексикография

Оқу мақсаты
6.3.4.1- Эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац

түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе

бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын

Бағалау критерийі
көрсетіп жазу (келісу, келіспеу эссесі)

Білім алушы

• Тақырыптан ауытқымай, құрылымын сақтап, эссе

жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі
• Көтерілген мәселеге өзіндік көзқарасын білдіреді

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
1. Берілген суреттерді мұқият қарап, аталған тақырып бойынша ой шақырып, эссе жазуға дайындалыңыз.

Ұлы Қытай қорғаны Колизей (Рим, Италия) Мачу-Пикчу (Оңт.Америка)

Петра (Иордания) Тәж Махал (Үндістан) Иса пайғамбар мүсіні (Базилия)

Чичен-Ица (Солтүстік Америка, Мексика)

2. Әлемнің жеті кереметін Әлемнің жаңа жеті кереметі деп уақыт өткен сайын өзгертіп отыру дұрыс па?. Осы мәселеге байланысты өзіндік көзқарасыңызды білдіріп, тақырыптан ауытқымай, құрылымын, мазмұнын сақтап, нақты аргументтер келтіріп, эссе жазыңыз. Орфографиялық норманы сақтаңыз.

Дескриптор Білім алушы

тақырыптан ауытқымай, құрылымын, мазмұнын сақтап, эссе жазады;

көтерілген мәселеге өзіндік көзқарасын білдіреді.

9
Оқу мақсаты 6.1.3.1 - тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну,

детальді ақпаратты анықтау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Мәтіннің мазмұнына қатысты детальді
ақпаратты анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Аспалы бақты кім салдырды?
Патшаның сүйікті жарының есімі кім?
Бақ қай шахарда орналасқан?
Бақты салуға не себеп болды?
Бақтың жойылып кетуіне не әсер етті?
Кім қазба жұмыстарын жүргізді?

Семирамиданың аспалы бағы
Тигр және Евфрат жарыса аққан қос өзен аңғарын жайлаған Месопотамия өз қойнауына талай кереметті жасырды. Тарихы бай Шумер мен Аккад мәдениетінің керемет туындысы – Вавилон патшасы Навуходоносордың (б.з.д. 605-562) сүйікті жары Семирамидаға арнап салдырған аспалы бағы . Оның тарихы былай еді: кәмелетке толған Навуходоносор патша алыстағы тау елі – Мидияның ханшасы Шамурматқа (грекше Семирамида) құда түсіп үйленеді. Сүйікті жарымен бірге Вавилон шаһарына оралады. Бірақ көркіне ақылы сай ассириялық ханша сол елге келгелі бір жадырап күлмейді, ешкіммен сыр ашып сөйлеспейді. Жатса-тұрса елін, жерін аңсайды. Көк шалғын желектері мен хош иісті райхан гүлдерін , кәусар бұлақ суларын сағынады. Ал Вавилон шаһарында аңызақ жел мен аптап ыстықтан өзге ештеңе жоқ. Күндіз де ыстық, түнде де ыстық. Қайткенде сүйіктімнің бабын табамын? деп көп ойланған патша туған жерін көз алдына келтірем деп, айрықша әсем бақ салуды бұйырады. Сөйтіп патша сарайының кең ауласында кірпіштен әсем террасалар орнатылады. Кірпіш үстіне жанартаудың лавасын құйып, оның үстіне қорғасын плиталар қояды, оған қоса құнарлы май топырақ төгіледі. Құнарлы топыраққа әлемдегі бар әдемі жасыл желекті отырғызады. Мыңдаған құлдар күн сайын төменнен жоғарыға су айдап, жасанды тоғандарды толтырады. Бақшаның беті солтүстік батысқа қарайды, күнбатыстан соққан самал жел Семирамида ханшайымның жабырқаған көңілін жадыратады.
Вавилонның құлдырауынан кейін су тасқыны бүкіл елді шайып кетеді. Кейіннен 1898 жылы Роберт Кольдевейдің қазба жұмыстарының нәтижесінде аспалы бақтың қалдықтары Ирактағы Хилла қаласынан табылады.

Дескриптор Білім алушы

мәтіннің мазмұнын анықтайды;
сұрақтарға жауап береді;
детальді ақпаратты анықтайды.

10
Оқу мақсаты 6.2.1.1 - мәтіннен негізгі және қосымша, детальді

ақпаратты анықтау, түсіндіру

Бағалау критерийі Білім алушы

• Мәтіннен негізгі, қосымша, детальді
ақпараттарды анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану

Тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Берілген тапсырмаларды орындаңыз.

Александрия маягі
Фарос аралының шығысындағы Египеттің эллиндік орталығы Александрия қаласының маңында орналасқан . Қала атын әлемге танытқан Фарос маягі біздің заманымыздың III ғасырында салынды. Тұтастай мәрмәр тастан қашалған, асқан шеберлікпен қаланған маяктің биіктігі – 150 метр. Сол заманда бұдан биік құрылыс жоқ еді. Бүкіл грек әлеміндегі мұндай үлкен көлемдегі құрылыстың авторы – Книдтен шыққан Сострат. Мәрмәрдан соғылған құрылыстың бір қабырғасына ол: Книдтен шыққан Дексифананың ұлы Сострат, бұл құрылысты теңізшілерді құтқарушы құдайларға арнадым, – деп ойып жазған. Оның үстіне саз балшықтың жұқа қабатымен патша Птоломей Состердің жорық жырынан үзінді келтірген. Уақыт өте келе сылағы түсіп қалған соң, ұлы инженердің аты белгілі болады. Маяк құрылысын салу кезінде Александрия ғалымдары ойлап тапқан құрылғылар пайдаланылған. 120 метрлік үш қабатты мұнараның төменгі қабаты төрт қырдан тұрады. Бұл төртеуі төрт бағытқа – батысқа, шығысқа, солтүстікке және оңтүстікке қараған. Екінші қабаттың сегіз қыры сегіз жақтан соққан жел бағытына ыңғайластырылған. Үшінші қабатта биіктігі жеті метр Посейдон мүсіні мен күмбез арасын жалғаған шырақ тұр. Металл айналардың күрделі жүйесі шамның шырағын ұлғайтып, жарқырата түседі. Бұл теңіз кеңістігін бақылауға мүмкіндік берді. Бұл ғажайып құрылыс ХIV ғасырға дейін сақталып келген.

2. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды ажыратыңыз.

Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат
1. 1.

2. 2.

3. 3.

3. Сұрақтарға жауап беру арқылы детальді ақпараттарды анықтап, түсіндіріңіз.
Фарос қайда орналасқан?______________________
Маяк қашан салынды? _____________________
Маяктың биіктігі қанша? ________________________
Авторы кім? ______________

Дескриптор Білім алушы

мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтайды;

қосымша ақпараттарды ажыратады;

сұрақтарға жауап беріп, детальді ақпараттарды түсіндіреді.

11
2-тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Бөлім Астана – мәдениет пен өнер ордасы. Лексика

Оқу мақсаты 6.1.2.1 - әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери

тақырыптарға байланысты диалог,
монологтердегі (хабарландыру, жаңалық)
көтерілген мәселені талдау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Тақырыпқа қатысты (диалог, монолог, өмірбаян,
хабарландыру) көтерілген мәселеге талдау жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтінде көтерілген мәселені анықтап, жұпта талқылаңыз.

Астана - әсем қала
Осыдан 15 жыл бұрын Астананы көшіру идеясы іске асты. Тарихқа үңілсек, бұл идея

бұрын да көтерілген. Айталық, Әлихан Бөкейхановтың Григорий Николаевич Потанин атты мақаласындағы Қазақты автономия қылсақ, Қараөткел – Алаштың ортасы, сонда университет салып, қазақтың ұл-қызын оқытсақ, Қозы Көрпеш – Баянды шығарған Шоқан, Абай, Ахмет, Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін Еуропа сонда білер еді-ау деген сөздерді еске түсірейікші. Өкінішке орай, ол кезде қалыптасқан саяси ахуал Алаш жұртын Қараөткелге (қазіргі Астана) шоғырландыруға мүмкіндік бермеді. Ол мүмкіндік өткен ғасырдың соңындағы азаттықпен бірге келді. Қазақ тарихының жаңа беттері ашылды. Тәуелсіз мемлекет құру және оның жаңа астанасын таңдау бақыты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бұйырды. Өзінің төлтумасына балаған Астана қаласы туралы толғауын Елбасы: Жаңа астанаға көшу және оны салу туралы ой менде ертеректе, сонау алыстағы 1992 жылы туған еді, бірақ мен ол кезде мұны аузымнан шығармадым, өйткені Қазақстанның экономикасы ойлағанды іске асыруға мүмкіндік бермеді, - дей келіп, 1992 жылы, Қазақстанның Президенттігіне бүкіл халық болып сайлағаннан кейін, мен Ақмолаға келдім. Есілден көлденең тартылған ескі көпірдің ортасында тұрып, өзенге қарадым. Маған қаланың ортасында ағып өзен жатқан болса, қашан да сол ұнайтын. Өзен қалаға ерекше бір көрік береді , мәртебесін көтереді. Мысалы, бізде Жайықтың бойында Атырау, Сырдарияның бойында Қызылорда, Тобылдың бойында Қостанай, Ертістің бойында Семей мен Кереку орналасқан. Ал әлемде қаншама Астаналар ылғи өзен жағасына салынған. Санкт-Петербург – Невада, Мәскеу – өзі аттас өзенде, Париж – Сенада, Лондон – Темзада тұр. Оның үстіне Ақмола Қазақстан мен бүкіл Еуразияның орталығына орналасқан - деп жеткізді. Деректерге көз салсақ, Арқа төсіне көшіп келген жылдары Астанадағы тұрғындар саны 290 мыңдай болған. Ал қазіргі есеп үш еселенді, 800 мыңға жуықтады. Ішкі көші -қон есебінен бас қаламызға қоныс ауыстырғандар саны 1999 жылдан бастап қарқын алды. Сол жылдары еліміздің түкпір-түкпірінен Елордаға 62 мыңға жуық адам көшіп келген. Биылдың өзінде Астанаға 40 мыңнан астам адам табан тірепті.

Дескриптор Білім алушы

мәтінде көтерілген мәселені талқылайды.

12
Оқу мақсаты 6.2.6.1-оқылым страгияларын қолдану:

комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп
оқу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Мәтінге қатысты оқылым стратегияларын
қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану

Тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Негізгі тірек сөздердің, астын сызыңыз.

Асқақтай бер, Астанам!
Қысқа уақыттың ішінде алаш жұртының ару Астанасы төрткүл дүние тамсанатын, әлемнің атақты астаналарымен салтанат жарыстырып, бой таластыра алатын бас қаласы ретінде қалыптасты. Тәуелсіз Қазақстанның Елордасы жұмыр жерді толғандырған тақырыптар талқыланатын, салиқалы саясат, тұғырлы экономика, дінаралық келісім кеңестері өтетін жаһандық орталық дәрежесіне жетті. Соның айқын дәлеліне келсек, 2010 жылғы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп, Астана Саммитін өткізгелі бері Елорданың мерейлі мәжілістер өткізе алатын деңгейі қуаттала түскендей болды. Айбарымызды асқақтатқан Азиаданы қоспағанда халықаралық саяси һәм экономикалық маңызды мәселелер талқыға салынған жиындар, жоғары деңгейдегі халықаралық шешімдер қабылданған мәжілістер соның айғағы. Бір сөзбен айтқанда, Астана қазақ даласының ғана емес, күллі Орталық Азияның, Еуразияның да беделін алға сүйреп келеді. Ал ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі секілді жаһандық деңгейдегі шаралардың да Астанада өткізілуі Елорданың даңқын арттыра түскені сөзсіз. Расында, ЭКСПО халықаралық көрмесі байтақ қаламыздың көркін ғана емес, даңқын асыра түсті. Мұндай ауқымды шараның өзі еліміздің ертеңін күрт өзгерткелі тұр десек артық айтқандық емес.

2. Мәтіннен Астана қаласының абыройын асқақтатуға үлес қосқан елеулі оқиғаларды іріктеңіз. Неологизм сөздер, термин сөздерді ажыратыңыз.

________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________

Дескриптор Білім алушы

мәтіндегі тірек сөздердің астын сызады;
оқылым стратегияларын қолданады;
неологизм, термин сөздерді ажыратады.

13
Оқу мақсаты 6.3.4.1 - эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі

құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу (келісу, келіспеу эссесі)

Бағалау критерийі Білім алушы

• Тақырыптан ауытқымай, құрылымын сақтап, эссе
жазады

• Көтерілген мәселеге өзіндік көзқарасын білдіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Төменде берілген пікірмен сіз қаншалықты келісесіз? Өз пікіріңізді білдіріп, эссе жазыңыз.

Бүгінде Астана қаласы адам танымастай өзгерді. Қонақтардың көбі бұрынғы астанамыз Алматымен салыстырғанда, қала көшелерінде ұлттық нақыштағы ою-өрнектер кең қолданыс тапқандығын айтады. Тіпті, көшелерге берілген көне қала атаулары мен қазақтың ақын-жазушылары, билері мен хандарының есімдері қалаға ерекше күш беріп тұрғандай.

Дескриптор Білім алушы

-берілген жағдаятқа сай эссе жазады;
-эссенің тақырыбынан ауытқымайды;
-абзацтар жүйесін сақтайды;
- өзіндік көзқарасын білдіріп,
келісу-келіспеу себептерін айқын жазады.

14

Бөлім Тарихи тұлғалар. Лексика

Оқу мақсаты
6.1.5.1-тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты

сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен

Бағалау критерийі
байланыстыру

Білім алушы

• Мәтінге қатысты сұрақтарға жауап береді

Ойлау дағдыларының
• Ақпараттарды өмірмен байланыстырады

Қолдану

деңгейі

Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдап, мазмұнын жұпта талқылаңыз.
Қаныш Сәтбаев – 1950 жылдары аты бүкіл Кеңес үкіметіне белгілі болған геолог ғалым. Ол Қазақ Ғылым Академиясының құрылтайшысы, ал 1945 жылы оның тұңғыш президенті болады. ХХ ғасырдың орта шенінде минерология ғылымдарының докторы Қаныш Имантайұлы Қазақстанның орталық бөлігіндегі табиғи қазба байлықтар шоғырланған ірі кен орындарын ашады. Көп уақыт өтпей оның аты бүкіл Кеңес үкіметіне белгілі болады.
Әйгілі ғалым соғыс кезінде немістер Украинадағы жез кендерін басып алған кезде, Қазақстанның орталығынан жез өндіретін кен орындарын ашады. Орыс ғалымдары оның жетістігіне таңдана қарайтын. Қаныш Сәтбаевтың топонимикалық білімі жоғары еді.
Қаныш Сәтбаев жастайынан этнографияға қызыққан. Бала кезінен әртүрлі жер-су атауы туралы аңыз әңгімелерді тыңдап өседі. Ер жеткен соң геология ғылымы саласына қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. Дегенмен өзінің топонимикаға деген қызығушылығын да жоғалтқан емес. Кейіннен мұның оған орасан зор пайдасы тиеді. Яғни жер атауларына байланысты ірі кен орындарын қысқа мерзімде анықтап, қоғамды жаңа ресурс көзімен қамтамасыз етеді.
Қаныш Имантайұлы Қарағанды облысында өмір сүретін ақсақалдардан топонимикалық атаулардың шығу тарихы туралы деректер іздейді. Нәтижесінде ата-бабаларымыздың мыс, қола, темір сынды пайдалы қазбаларды көне заманнан бері пайдаланғаны анықталады. Себебі бұл жер-су атаулары көне заманда қолданысқа енген. Айта кетсек, ғалымның негізгі ғылыми еңбектері кентасты кендер геологиясы мен Қазақстанның минералды ресурстарына арналған. Жезқазған кенін зерттеу және Орталық Қазақстанның металлогендік және болжам картасын жасауда көп еңбек сіңірген.

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Қаныш Сәтбаев кім?___________________________

Оның жетістігінің сыры неде? ___________________________
Ғалым жастайынан неге қызығып өсті? ___________________________
Сәтбаевтың еңбектері неге арналған? ___________________________
Ол қандай картаны жасауда көп еңбек етті? ___________________________
3. Мәтінге қатысты ақпаратты қазіргі өмірмен байланыстырып, жұпта талқылаңыз.
Қаныш Сәтбаев ашқан кен орындары қазіргі уақытта бар ма? Ғалым ол кен орындарын не үшін зерттеді деп ойлайсыз? Қаныштың қазіргі қазақ ғылымында қандай үлесі бар деп ойлайсыз?

Дескриптор Білім алушы

мәтінге қатысты сұрақтарға жауап береді;
мәтіннің негізгі ойын анықтайды;
мәтінге қатысты ақпаратты қазіргі өмірмен байланыстырады, талқылайды.

15
Оқу мақсаты 6.1.1.1 -мәтіннің атауын талқылау және алғашқы

бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені
болжау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Мәтіннің тақырыбын, келесі бөлігіндегі
мәселені болжайды

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану

Тапсырма
1. Берілген сөздерге қарап, мәтіннің атауын талқылаңыз.

Хан сайлау, үш жүз, Сабалақ, малшы.

2. Мәтіннің алғашқы бөлігін мұқият тыңдаңыз. Мәтіннің не туралы екенін болжап, өз жауабыңызбен салыстырыңыз. Көнерген сөздерді ажыратыңыз.

Абылай туралы аңыз
Жиырмаға жетпеген жас Абылай хан қасында Оразаулық деген сарт жолдасы бар, Есіл бойында Атығай, Қарауыл деген елге келіп, Дәулеткелді байдың жылқысын бағып, жылқышы болып жүріпті: - Атың кім? - деп сұрағанға: - Атым Сабалақ! - депті. Бай бәйбішесіне айтыпты: (Осы жерден тоқтатылып, оқушылар болжамы тыңдалады)

Өзге жалшыдай көрме, мұны, күте гөр! Бойында қасиеті бар екен. Қалайша десең, алты күн, алты түн аш жүрсе де, өз қолымен бір ас құйып ішпейді. Ол жарты аяқ ас ішсе де, сарқытын біреуге бермей, ішпейді. Өзі жерге бір отырмайды.
Сол уақытта қазақтың жылқысын түп көтере қара қалмақ Қатысыбан деген жау алыпты. Қазақ қылқұйрық деп көтеріле аттаныпты. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек, Көкжаралы көкжал Барақ, Шанышқылы Бердіқожа, Сырым Малайсары, керей, уақтан шыққан Сары, Баян бәрі аттанып, қалмаққа барса, қалмақ шеп құрып, қазаққа алдырмапты. Неше күн жатып, сасық қамал болып, қалмақтан жылқысын айыра алмай, салы суға кетіп қайтпақшы болыпты.
Сонда жылқының соңынан қалмай қуған жылқышылардың бірі Сабалақ қазақтың қайтарына көзі жеткен соң, көптен оңаша шығып, атынан түсіп, шүберек белбеуін құрығының басына байлап, ту қылып, қалмақтың қамалына Абылай! деп жалғыз кетті дейді. Құданың құдіретінің шеберлігінің тамашасы, өзіне атса оқ өтпейді, шапса қылыш өтпейді. Кірген жерін есік, шыққан жерін тесік қылып, жападан-жалғыз өзі қалмақтың қамалын бұзып, жылқының жусау тезегіндей топырлатып тастаған соң, қазақтың батырлары тұс-тұсынан кіріп, қалмақты жебір-жесір қылып шауып, талап, шаш-етектен олжаға қарық болысып қайтысыпты. Жауды жеңіп, көңілдері тынған соң арғын, найманның батырлары:
Кеше бізден айтылмаған аруақ, шақырылмаған ұран қалған жоқ, бәрі дәнемеге жарамады. Бұл өзі жалғыз болса да тегі, заты кім екені белгісіз болса да, бәрімізден бақ-талайы жоғары, аруағы күшті екен. Бұрынғының сөзі бар еді қой асығы деме, қолайыңа жақса сақа қой деген. Кел, осыны хан көтерелік! - деп әу десіп, Атығай Есенаман байдың еркесіне алып келіп, ақ отау көтеріп, ақ кигізге салып, хан көтерген екен.

Дескриптор Білім алушы

-мәтіннің атауын талқылайды;
-алғашқы бөлігі арқылы мәселені болжайды;
- көнерген сөздерді ажыратады;
-өз болжамдарымен салыстырады.

16
Оқу мақсаты 6.2.7.1 – энциклопедия, сөздік, балаларға

арналған газет-журналдардан қажетті
ақпараттарды алу, авторына сілтеме жасау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Ақпарат құралдарынан алынған қажетті
мәліметтердің авторына сілтеме жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану

Тапсырма
Энциклопедия, сөздік, балаларға арналған газет-журналдардан өзіңіз үлгі тұтатын тарихи тұлға туралы ақпарат жинаңыз. Алған ақпаратыңыздың авторына сілтеме жасаңыз. Ол тұлғаны неге таңдағаныңыз туралы және не себепті үлгі тұтатыныңызды айтып дәлелдеңіз.

Дескриптор Білім алушы

өзі таңдаған тұлға туралы ақпараттарды іріктейді;
ақпараттардың авторына сілтеме жасайды;
үлгі тұту себебін анықтап, дәлелдейді.

Оқу мақсаты 6.3.2.1 - жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне

сай құрылымын сақтай отырып, мінездеме,
құттықтау құрастырып жазу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Құттықтау, мінездемені жанрлық, стильдік
ерекшелігіне сай құрастырып жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану

Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі негізгі ақпараттарды іріктеп, тұлғаның өмірбаянын жазыңыз. Өмірбаянның жанрлық және стильдік ерекшелігін, құрылымын сақтап жазыңыз.

Дінмұхамед Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген. Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы Зәуре Баирқызы үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан. 1930 жылы Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1931-1936 жылдары Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің түсті металл институтына оқуға жібереді.
1936 жылы институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған
Қонаев 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болады.
1939 жылы Екінші дүниежүзілік соғыстың қиын күндерінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, Алтайполиметалл комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарады.

17
1939 жылы – КОКП мүшелігіне қабылданды.
1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д. Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңірді.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың бастамасы бойынша қазақ жерінің сол кездегі астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының және басқа да атаулы ғимараттары тұрғызылды.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік жан екенін көрсетті.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1993 жылғы тамыздың 22-сінде, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.

Дескриптор Білім алушы

мәтіннен тұлға туралы ақпараттарды іріктейді;

жанрлық және стильдік ерекшелігін ескеріп, өмірбаян жазады.

18
3-тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Бөлім Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология

Оқу мақсаты 6.2.1.1- мәтіннен негізгі және қосымша,

детальді ақпаратты анықтау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Мәтіннен негізгі, қосымша, детальді
ақпараттарды ажыратады

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Тапсырмаларды орындаңыз.

Су - тіршілік көзі
Су − тіршілік көзі. Осы мөлдір сұйықтыққа бар тіршілік тәуелді. Алайда күнделікті
тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған судың емдік қасиеттері жайында көбі біле бермейді. Су адамның шөлін қандыру немесе тұрмыстық қажеттілігінен басқа да жайларда пайдаға асады. Назарларыңызға судың пайдасы, емдік қасиеттері жайында мәлімет ұсынамыз. Жапон ғалымы Масару Эмото бірнеше жыл бойы судың қасиетін зерттеген. Ол тазартылған суды бір ыдысқа құйып, сол судың жанына адамдар келіп махаббат, періште, рақмет, бейбітшілік деген сияқты жақсы сөздер айтқан . Ғалым осы суды қатырып, суретке түсірген кезде кристалдары керемет әдемі, үйлесімді болып шыққанын байқаған. Ал дәл осы суға ыза, соғыс, қан, өлім сияқты жағымсыз сөздер айтқан кезде кристалдары мүлде басқа, бей-берекет, көмескі, қара лай болып шыққанын көріпті. Жапон ғалымы су біздің барлық эмоциямызды, сезімімізді, сөзіміз бен дұғамызды, музыканы қабылдайтынын осылай дәлелдеген.

Дәрігерлердің айтуынша, сумен емделудің қарапайым әдіс-тәсілі көп. Мәселен, суды алдымен қатырып, кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстіңгі қабатын төгіп тастау керек. Өйткені ауыр металдар судың бетіне көтеріледі. Осы суды адам күнде таңертең аш қарынға ішіп отырса, емдік қасиеті зор. Адам ағзасы бірден жұмысқа кіріседі. Ағзаға таза су енеді де, ол біздің сұйықтық қанымызға әсер етеді және тазалық ақпаратын жеткізеді. Сөйтіп бойымыздағы сұйықтықтардың құрылымдануына ықпал жасайды. Адам денесінің 70% судан тұрады. Ендеше ағзадағы судың құрамын өзгерте отырып, сауығуға әбден болады.

2. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңыз.

Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат

3. Сұрақтарға жауап беру арқылы детальді ақпараттарды табыңыз.
Судың қасиетін зерттеген ғалым кім?______________________
Ол зерттеу барысында нені байқады? _____________________
Сумен емделудің қандай түрі бар? ________________________
Адам денесінің қанша пайызы судан тұрады? _____________

Дескриптор Білім алушы

мәтіндегі негізгі ақпараттарды іріктейді;

қосымша ақпараттарды ажыратады;

сұрақтарға жауап береді; детальді ақпараттарды табады.

19
Оқу мақсаты 6.3.3.1 - ұсынылған тақырып бойынша деректер

жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру

Бағалау критерийі Білім алушы

• Тақырыпқа қатысты деректерді графиктік
мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде
ұсынады

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма
Дәлелдеріңіздің нәтижесін диаграмма арқылы ұсыныңыз.

Қазақстанда көптеген ірілі-ұсақты өзен-көлдер бар. Олардың біразын ғалымдар зерттеп , емдік қасиеттері мен минералдық құрамы қаншалықты екендігін де дәлелдеп келе жатыр. Еліміздегі өзен-көлдердің Қазақстан аумағының қанша пайызын алып жатқанын және олардың қанша пайызы өзен, қанша пайызы көлдер екенін әртүрлі ақпарат көздерінен деректер жинау арқылы дәлелдеңіз.

Дескриптор Білім алушы

тақырыпқа қатысты мәлімет жинақтайды;
мәліметтерінің негізінде диаграмма құрастырады.

20
Бөлім Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары. Морфология

Оқу мақсаты 6.1.3.1 - тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну,

детальді ақпаратты анықтау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Мәтіннен детальді ақпараттарды анықтайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, ұсынылған сұрақтарға жауап беру арқылы детальді ақпараттарды анықтаңыз.

Әлемдік үздік боксшылар тобын кім бастап тұр?_____________________________
Геннадий келесі кездесуін қашан, кіммен өткізеді? ___________________________
Ол қайда, қашан дүниеге келген? __________________________________________
Боксшы неше мәрте Қазақстан Республикасының чемпионы? __________________

Геннадий кәсіпқой боксқа қашан ауысты? ___________________________________

НВО телеарнасының мәлімдеуі бойынша кәсіпқой бокстағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин әлемнің үздік бес былғары қолғап шеберлері санатына енді. Әлемнің үздік боксшылары тізімінің көшін америкалық 36 жасар Флойд Мейвезер бастап тұр. Одан кейінгі орындарда 29 жасар Андре Уорд, 30 жасар Тимоти Брэдли және аргентиналық 38 жасар Серхио Мартинес бар. Ал GGG орта салмақ дәрежесіндегі қазіргі таңда әлемнің үздік боксшысы болып саналады. Бұған дейін Геннадий Головкин келесі кездесуін 3 қарашада америкалық Кертис Стивенспен өткізеді. Шаршы алаңдағы жекпе-жек Нью-Йорк қаласында болады.
Ал енді спорттағы мақтанышымыз туралы нақтырақ айтсақ, Головкин Геннадий 1982 жылы 8 сәуірде Қарағандыда дүниеге келген. Ол 2003 жылы әлем чемпионы және 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. 7 рет Қазақстан Республикасының чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы, жастар арасындағы әлем чемпионы, ҚР I спартакиадасының чемпионы. Шығыс Азия ойындарының чемпионы, Азия ойындарының чемпионы, жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы. Сонымен қатар А класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы. Ол 2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысты. Гена WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы атағын 8 рет қорғады және IBO нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы атағын 5 рет қорғаған. 89% нокауттық үлесімен Головкин кәсіпқой бокста орташа салмағы тарихында нокаут үлесі бойынша бірінші орында тұр.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін 2003 жылы бітірген. 2003 жылдан бері Астана батыры жекпе-жек клубы МКҚК-да бокс жөніндегі нұсқаушы-спортсмен. Universum Box Promotion мүшесі, ҚР
спорт шебері, Халықаралық кластағы спорт шебері, бокстан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері. Құрмет орденімен марапатталған.

Дескриптор Білім алушы

- мәтіннің мазмұнын ашады;
- сұрақтарға жауап береді;
- детальді ақпараттарды анықтайды.

21
Оқу мақсаты
6.2.1.1 -мәтіннен негізгі және қосымша, детальді

Бағалау критерийі
ақпаратты анықтау, түсіндіру

Білім алушы

• Мәтіндегі
негізгі,
қосымша,
детальді

Ойлау дағдыларының
ақпараттарды анықтайды

Қолдану

деңгейі

Тапсырма

1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Тапсырмаларды орындаңыз.

Жауырыны жерге тимеген Дәулет
Мұндай палуандарды сирек кездестіресің. Онда таңғажайып талант бар! Шеберлігінде шек жоқ, нағыз гауһар. Атақтың ешқандай құпиясы жоқ . Дәулеттің құпиясы оның мінезінде жатыр. Оның бойында қазақтың дархандығы, мақсатқа жетудегі табандылық, шынайылық, жомарттық пен мейірім бар! – дейді ол туралы бапкері Геннадий Андреевич Сапунов. Бапкері – палуан, күрестен КСРО, Еуропа, әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, КСРО, Белорусия мен Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Сидней олимпиадасында Қазақстан құрамасына жетекшілік еткен. 36 жылдық бапкерлік қызметінде Олимпиаданың 20 чемпионы мен әлемнің 50 чемпионын тәрбиелеген. Ал Дәулет Болатұлы Тұрлыханов - 1963 жылдың 18 қарашасында Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында дүниеге келген. Палуан, грек-рим күресінен еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Қазақстанның және халықаралық турнирлердің жеңімпазы, КСРО-ның жеті дүркін чемпионы, КСРО халықтары спартакиадасының күміс жүлдегері және жеңімпазы, Еуропа чемпионы, Әлем чемпионы және күміс жүлдегері, қола жүлдегері, Әлем кубогының екі мәрте жеңімпазы, ХІІ Азия ойындарының жеңімпазы, Азияның екі дүркін чемпионы, ХХIV-XXV Олимпиадалық ойындардың күміс, қола жүлдегері болған. 1995, 1999 жылдары екі мәрте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған. 2000-2006 жылдары Туризм және спорт агенттігінің төрағасы, Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі спорт комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.

Қырғызстан олимпиадалық қозғалысын дамытуға сіңірген еңбегі үшін Олимпиадалық орденімен, FILA, ҚР Ұлтық олимпиадалық комитетінің алтын медальдармен , І дәрежелі Ұлы Петр орденімен, көптеген медальдарымен марапатталған. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.

2. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңыз.

Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат

3. Сұрақтарға жауап беру арқылы детальді ақпараттарды тауып, түсіндіріңіз.
Дәулеттің бапкері кім?______________________
Дәулет қашан, қайда дүниеге келген? _____________________
Ол қай спорттың түрінен спорт шебері? ________________________
Олимпиада ойындарындағы жетістігі қандай? ______________
Саясаткер ретінде кім болды?______________________

Дескриптор

Білім алушы

-мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтайды;
-қосымша ақпараттарды ажыратады;
-сұрақтарға жауап беріп, детальді ақпараттарды табады.

22
Оқу мақсаты 6.3.2.1- жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай

құрылымын сақтай отырып, мінездеме, құттықтау, өмірбаян құрастырып жазу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Құттықтау, мінездемені жанрлық, стильдік
ерекшелігіне сай құрастырып жазады

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма
Суреттерге назар салып қараңыз және олардың кім, қай спорт саласында жетістікке жеткен тұлғалар екенін еске түсіріңіз.

2. Мәтінді оқып, мәтіннен спорт жұлдызына қатысты негізгі ақпараттарды анықтаңыз.

Жасындай жарқ еткен жұлдыз
Ол 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласындағы қарапайым отбасында дүниеге келген. Бекзат – әкесі Сейілхан мен анасы Сырлыкүлдің кенже баласы. Саттархановтардың Бекзаттан өзге мектеп қабырғасындағы спорттық бәсекелерде оза шапқан үш ұлы болды. Бағдат, Болат, Мақсат есімді балалары да спортты серік еткен екен. Бала кезінде өте нәзік, аурушаң, әлжуаз болған Бекзаттан атағы жер жүзіне жайылатын даңқты боксшы шығады деп ешкім ойламаса керек.
Алғашында өзін-өзі қорғап үйренсін деген оймен ата-анасы Бекзатты күрес үйірмесіне қатыстырады. Алайда күреске ынтасы болмай, екінші жағынан күреспен айналысу бойдың өсуін тежейтінін ұғып үйірмеге бармай, бірден боксқа бет бұрады. 1986-1996 жылдар аралығында Абай атындағы мектеп-интернатта, кейін Жұмабек Еділбаев атындағы №18 орта мектепте оқиды. 1995 жылы алғаш рет бокс үйірмесіне жазылып, балалар бапкері Нұрлан Жұмабаевтан тәлім ала бастайды.
Бекзат заң саласы мамандығын игерген. Алдымен Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене шынықтыру факультетіне түсіп, кейін Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетін тәмамдаған. Бекзат бокста Серік Қонақбаевты үлгі тұтқан. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының финалында Серік Қонақбаев жұдырықтасқан сәтте Бекзат бесікте жатқан сәби еді. Анасы Сырлыкүл Саттарханованың Серік Қонақбаев секілді Бекзат та чемпион болсын деген үлкен арманы болған. Бекзат кейін ана арманын орындайды да. Ол Сиднейдегі жеңісін Түркістан қаласының 1500 жылдығына тарту ететіндігін айтқан. Бекзат – 18 жасында қажылыққа барған мұсылман.
Бекзаттың қысқа ғұмырында 2000 жыл тек Сидней Олимпиадасындағы жеңісімен ерекшеленбейді. Ол мұхиттың арғы бетіндегі додаға аттанғанға дейін Қырғызстанда өткен Орта Азия ойындарында, Испанияда жалауы желбірген халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырына көтеріледі. Астана қаласындағы Қазақстан-Куба кездесуінде қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, Чехияда өткен Гран Приде жеңімпазға берілер Кубокті қанжығасына

23
байлайды. Мәскеудегі ТМД елдерінің біріншілігінде 4 жүлдемен қатар, сайыстың үздік боксшысы деген атақты еншілейді.
Бүгінде Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы ықшам аудан мен спорт кешені бар. Алматы қаласында көшеге Бекзат Саттарханов аты берілді. 2002 жылдан бастап бокстан Бекзат Саттархановты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир өтеді. 2010 жылы, яғни спортшының 30 жас мерейтойы қарсаңында туған қаласы Түркістанда Бекзат Саттархановқа арналған ескерткіш қойылды. 2005 жылы Қазақстанда боксшыға арналған пошталық марка шығарылды. Бекзат туралы 3 тілде кітап, фотоальбом жарық көрген. 2009 жылы режиссер Сатыбалды Текеев Бекзат атты деректі фильм түсірсе, 2012 жылы режиссер Ермек Шахмет Бекзат атты фильм түсіру жұмыстарын қолға алды. Биографиялық кинофильмде басты рөлді актер Асылхан Төлепов сомдап шықты. Бекзат Сейілханұлы Саттарханов 20 жылдық ғұмырында шаршы алаңда 143 жекпе-жек өткізіп, оның 132-сінде жеңіске жеткен.

3. Мәтіндегі негізгі ақпараттарға сүйене отырып, спортшы Б.Саттархановтың өмірбаянын жазыңыз. сөйлемдерде етістік түрлерін қолданыңыз. Жазылым жұмысын орындауда өмірбаянның жазылу ерекшеліктерін ескеріңіз.

Дескриптор Білім алушы

-мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтайды;
-ақпараттар негізінде өмірбаян жазады;
-есімдік түрлерін қолданады;
-өмірбаянның жазылу ерекшеліктерін ескеріп, жазады.

24
4-тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Бөлім Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз. Морфология

Оқу мақсаты 6.1.1.1 - мәтіннің атауын талқылау және

алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін
мәселені болжау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Мәтіннің тақырыбын, келесі бөлігіндегі
мәселені болжайды

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану

Тапсырма
Берілген сөздерге қарап, мәтіннің атауын талқылаңыз.

Жыл басы, ақ, көктем мезгілі, мереке.

2. Мәтіннің алғашқы бөлігін мұқият тыңдаңыз. Мәтіннің не туралы болатынын болжап, өз болжамыңызбен салыстырыңыз.

Наурыз - жыл басы
1-бөлім
Наурыз мерекесінің пайда болуы жайлы әркім әртүрлі дерек айтады. Біреулер Сүлейменнің жүзігі табылған күн десе, Иран аңыздарында адамзаттың отты пайдалана білген сәтін Наурыз деп атаған деседі. Адамзат емес, бір ғана түркі тайпаларында бұл күн жайлы аңыз да, ертегі де көп. (Осы жерден тоқтатылып, оқушылар болжамы тыңдалады)
2-бөлім
Жалпы, көне дәуірде бұл күндері әр жерге үлкен от жағып, отқа май құйған; жаңа жеті дәнге қарап болашақты болжаған; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже сумалақ ұсынған; ескі киімдерін тастаған; ескірген шыны аяқты сындырған; 22 наурызға бір күн қалғанда, күл-қоқыстардан құтылған; бір-біріне гүл сыйлаған, үйге күн символын салу дәстүрі де болған. Бір сөзбен айтқанда, жаманат кетіп, мен де жаңарсам деген тілек. Халық бұл күнде жетім-жесір, жоқ-жітіктерге қол ұшын беріп көмектеседі. Олардың ұлы күнге сай шат-шадыман, көңілді жүруін қамтамасыз етуге тырысады, - дейді философия ғылымдарының докторы, профессор Алтай Тайжанов. Ал қазақ ұлысы болып қалыптасқалы Наурыз тойы ешбір қазақ хандығында елеусіз қалған емес. Қайта қазақ ұлтының ең ұлы мерекесінің бірі болып тойланып келді. Бұл туралы көптеген деректерді келтіруге болады. Жалпы Самарқанның көк тасы еріген күн қазақ даласы үшін құт-берекенің басы. Қазіргі кезеңде 22 наурыз қалай тойланып жүр?! Наурыз десе, жұрт тек қана ішіп-жеу мен ас мәзірін ғана тілге тиек етеді. Одан қалса, атам қазақ Алтыбақан теуіп, ақсүйек ойнап қарсы алған дейтін сыңар жақтылы көзқарас бар. Әрине, 22 наурызда бұл дәстүрлі ойындар мен ас-тағамдар тарихтан бері жалғасып келе жатыр. Дей тұрғанмен, біз Наурыз тойының ең басты ерекшелігін ұмытып бара жатқан сияқтымыз. Ол – қамқорлықтың, мейірімнің айы болған Наурызды ізгі тілек, ізетті қамқорлықпен қарсы алу еді. Бұл дегеніміз ошақтың үш бұтындай болған ұлыстың кем-кетігін толтыру, аш-жалаңашын тойдыру еді.

Дескриптор Білім алушы

-мәтіннің атауын талқылайды;
-алғашқы бөлігі арқылы мәселені болжайды;
-өз болжамымен салыстырады.

25
Оқу мақсаты
6.4.4.3- үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік

Бағалау критерийі
қатарларын түрлендіріп қолдану

Білім алушы

• Үстеудің мағыналық түрлерін анықтайды

Ойлау дағдыларының
• Синонимдерді түрлендіреді

Қолдану

деңгейі

Тапсырма
Суретке назар қойып қарап, қандай салт-дәстүрлер бейнеленгенін анықтаңыз, бұл дәстүрлер қалай орындалатыны туралы топта талқылаңыз.

Дескриптор Білім алушы

суреттегі салт-дәстүрлерді анықтайды;
-дәстүрлердің жүзеге асырылуын талқылайды.

2. Мәтінді мұқият оқып, үстеулерді теріп жазыңыз.

Жазылмаған дала заңы қазақ халқының кеше ұстанған салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының ар жағында биік парасат пен даналық жатыр. Әрқашан ұрпағының тектілігін сақтауды көздеген батыр бабаларымыз оны өздерінің қасиетті борышы санаған. Дархан даламыздың кешегі жазылмаған заңдарын білесіз бе? Олар бүгін қаншалықты орындалып жүр? Ертең оны келешек ұрпаққа жеткізе аламыз ба? Ендеше қандай жағдайда не істеу керектігін әрқашан білген артық етпейді. Олай болса, не беру керек, не сұрау керек және не тілеу керек екенін біле жүрейік. Мыналарды үнемі есте сақтау керек: үлкенге – ілтипатпен сәлем, қуантқанға – сүйінші, қуанышқа – шашу, соғымнан – сыбаға, егіннен – кеусен, малдан
– көгендік, балаға – мол базарлық, киімге – байғазы, сәбиге – көрімдік, төркіндеген қызға – қалауын, жаңа көршіге – құрметпен ерулік, досқа – естелік, жетімге – жанашырлықпен қолқайыр, мүсәпірге – садақа, байлықтан – шүлен үлестіру, тойға – сияпат, жас босанған анаға – қалжа, сағынғанға – ыстық сәлемдеме.

Дескриптор Білім алушы

мәтіндегі үстеулерді ажыратады.

3. Мәтіндегі үстеулердің синонимдерін тауып, сөйлемдегі үстеулердің орнына қойып айтыңыз.

Үлгі: Жазылмаған дала заңы қазақ халқының кеше (өткен замандарда) ұстанған салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының ар жағында (астарында) биік парасат пен даналық жатыр.

Дескриптор Білім алушы

үстеулердің синонимдерін табады;
орнын алмастырып қолданады.

26
Бөлім Әлемдегі ірі кітапханалар. Морфология

Оқу мақсаты 6.1.2.1- әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери

тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі
(өмірбаян, хабарландыру) көтерілген мәселені талдау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Тақырыпқа қатысты (диалог, монолог, өмірбаян,
хабарландыру) көтерілген мәселеге талдау жасайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтіннің мазмұнына қатысты көтерілген мәселені жұпта талқылаңыз.
Конгресс кітапханасы
Кітап – білім бұлағы немесе Кітап – ізгілік пен руханилық айнасы деп жатамыз.
Ал сол инемен құдық қазғандай болатын білім бұлағының негізгі мекені – кітапхана. Кітапхана – білім мен ғылымның, мәдениеттің орталығы, қасиетті орда десек, артық айтқандық емес. Кітаптың иісі мен тыныштық жайлаған осындай кітапханалар – кітапсүйер қауымның сүйікті мекені. Олай болса, әлемдегі ең танымал әрі ең үлкен кітапханалардың бірі

Конгресс кітапханасы туралы мәлімет беріледі.
Конгресс кітапханасы – Америка Құрама Штаттарының ұлттық кітапханасы және Құрама Штаттар Конгресінің негізгі зерттеу филиалы болып табылады. Кітапхана Вашингтон қаласында үш бірдей ғимаратта орналасқан. Кітаптарының саны жөнінен де, алып жатқан аумағы жағынан да әлемдегі ең үлкен кітапхана саналады. Білесіз бе, мұндағы қызметкерлердің саны – 3000 адамнан асады екен. Кітапханада 437 түрлі тілде жазылған 32 миллионнан аса кітап пен құнды ақпараттар, 61 миллиондай қолжазба, Солтүстік Америкада сирек кездесетін кітаптар жинағы, 1 миллионнан астам мемлекеттік баспа, үш ғасырдан бері жиналып келе жатқан 1 миллионға жуық әлемдік газет, заңдық құжаттардың әлемдегі ең үлкен жинағы, фильмдер, 4,8 миллион карта, ноталар, 13,7 миллионнан астам сурет бар. Қазіргі таңда кітапхана басшысы – Джеймс Х.Биллингтон.
Алайда кітапхана осы кезге дейін әртүрлі кезеңдерді бастан кешірді. Кітапхана бірнеше кезеңдерді бастан кешіруі арқылы кітаптардың зардап шегуі, тозуы, ақпараттардың жарамсыз болып қалуы сияқты мәселелерге тап болды.

Дескриптор Білім алушы

-мәтіннің мазмұнын талқылайды;
-көтерілген мәселені анықтайды.

27
Оқу мақсаты 6.3.6.1 - мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық

қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық
қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп
түзетеді, редакциялайды

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану

Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді түзетіп, дәптеріңізге жазыңыз. Қателерді түзетуде сөздіктер мен емле ережелеріне сүйеніңіз.

Ең үлкен кітапхана - Швейцариядағы Сен-Галль аббаттығының кітапханасы — ортағасырлық кітаптарға ең бай кітапхана. 2005-жылы жүргізілген санақ бойынша мұнда 160000 кітап бар. Оның 2100-і қолжазба. Мұндағы төрт жүз-ге жуық кітаптардың жазылғанына мың жылдан көп болған.

Екінші, Дублиннің Тринити-колледжінің Кітапханасы — Ирландиядағы ең үлкен ғылыми кітапхана. Мұнда 5000000 кітап бар, соның ішінде манускрипт, карта және ноталар да қамтылған.
Үшінші , Прага қаласында орналасқан Страговск монастырінің кітапханасы. Монастырьдің негізі 1149-жылы қаланған. Мұндағы ең көне кітаптар ХІІ - ғасырға жатқызылады. Бүгінгі күні кітапхана мұрағатында 130000 -кітап, 1500 - мерзімді баспасөз, 2500 - қолжазба және бірнеше мың графикалық жазбалар сақталған.
Төртінші, Джей Уокер — америкалық ойлаптапқыш әрі кәсіпкер. Р riceline сайтының негізін салушы. Оның Риджфилдегі үйі адамзат тарихындағы ең үлкен көп деңгейлі лабиринт тәрізді құрылған кітапхана. Онда 50000 кітап және музейлік деңгейдегі артефакттар бар.
Бесінші, Йель университетінің сирек кездесетін кітаптармен көне қолжазбалар кітапханасы. Оның негізі 1963-жылы қаланған. Бұл сирек кітаптар мен манускриптерді сақтауға арналған әлемдегі ең үлкен кітапхана. Мұнда бүгінде 11 миллион кітап бар, соның ішінде Гутенберг Библиясының 48 данасы сақталған.

Дескриптор Білім алушы

-мәтінді мұқият оқып, қателерді анықтайды;
-қателерді түзетеді;
-дәптерге қайта редакциялап жазады.

28
Бөлім Ғылым мен технология жетістіктері. Пунктуация

Оқу мақсаты 6.1.2.1 - әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға

байланысты диалог, монологтердегі (хабарландыру, жаңалық)
көтерілген мәселені талдау

Бағалау критерийі Білім алушы

Тақырыпқа қатысты (диалог, монолог, өмірбаян, хабарландыру, жаңалық) көтерілген мәселеге талдау жасайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Көтерілген мәселені анықтап, жұпта талқылаңыз.

Денсаулық сақтау саласындағы жобалар
Денсаулық сақтау саласында да технологияның дамуы өз жемісін беріп келе жатыр. Сәуір айында Ұлыбританияның ғалымдары сүт безі тініне (ткань) жүргізілген генетикалық зерттеу қорытындысын жариялады. Олар аурудың 10 типі болатынын анықтаған. Бұл жаңалық ауруды емдеу мен науқастың өмірін ұзартуға зор көмек болуы ықтимал.
Сонымен қатар ғалымдар жасанды ағза жасау саласында да ілгері жылжыды. Бұл салаға қатысты осы жазда жарияланған зерттеуге сәйкес, америкалық ғалымдар қант арқылы жасанды орган өсіріп, жасанды бауыр жасау жолында біршама жетістіктерге жеткен. Жасанды орган 3D таңбасы арқылы құрастырылған. Жақ сүйегін ауыстыру да жақында 3D тәсілімен жасалмақ. Көптің назарын аудартқан 3D технологиясы тек медицинада ғана қолданылмайды. Қазір 3D принтері де танымал болып келеді.
Қағаздағы типографиялық бояудың орнына шағын пластикалық катушка қолданылады. Нұсқауына қарап, оны қалаған формаға келтіре аласың. Интернетке кіріп, дизайнын тауып, жүктеп , 3D принтеріңізге жібере аласыз. Тапсырысыңыздың оңай-күрделілігіне қарай белгілі бір уақыт аралығында құрастырып шығарады, - дейді АҚШ-тағы Gizmodo порталы бас редакторы Брайан Барет.
Техинсайдерлер 3D принтерінің келесі жылы кеңінен қолданыла бастайтынын айтады.
Оның екі мың таңбаға дейін қысқартуға мүмкіндігі бар.

Дескриптор Білім алушы

-мәтіндегі мәселені талқылайды.

29
Оқу мақсаты
6.2.5.1- Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты

көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау

Бағалау критерийі
сұрақтарын құрастыру

Білім алушы

• Мәтіннен негізгі, қосымша ақпарат пен

көтерілген мәселені анықтайды

• Нақтылау сұрақтарын құрастырады

Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану

Тапсырма

1. Мәтінді оқыңыз. Жұпта мәтіндегі негізгі ақпараттарды теріп жазып, қосымша ақпараттардың астын сызыңыз. Тыныс белгілеріне назар аударыңыз.

Ұлттық музей заманауи технологияларды таныстырды
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде аудиогид пен QR-кодтың және оnline-ticket жүйесінің таныстырылымы өтті. Ұлттық музей - заманауи жаңа технологиямен жабдықталған еліміздегі бірегей музей. Жақында ғана бір жылдығын атап өткен мәдениет ошағы әлемдік ірі музейлердің қатарына тек сәулеті жағынан ғана емес, сондай-ақ, мазмұндық және қызмет көрсету жағынан да енуді мақсат етеді.
Бүгінгі музей тарихи жәдігерлер сақталатын қойма емес, елдің арғы-бергі тарихын жаңа заман ағымына сай озық технологиялық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, өз көрерменін жан-жақты ақпаратпен қамтамасыз ететін рухани орталық болуға тиіс. Бұл үшін қазіргі таңда Ұлттық музейде барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Музей арнайы контенті бар доғал экранмен, сондай-ақ, медиа-еден, қазіргі Астананың орталық бөлігінің серпінді макеті, голограммалар, диодты жарығы бар Led-техникамен және арнайы сенсорлық дүңгіршектермен жабдықталған.
Бұдан былай музейге келушілер тарихи жәдігерлермен арнайы экскурсовод мамансыз-ақ, аудиогидтің көмегімен өз бетінше экскурсия жасап, таныса алатын болады. Аудиогид қызметі үш тілде, қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде жүргізіледі.
Сондай-ақ, музей экспозициясындағы жәдігерлер мен макеттер тұсында олардың тарихы жайындағы жан-жақты мәліметтер жазылған QR-кодтар орналастырылған. Музейге келушілер QR-кодтардағы ақпараттарды арнайы планшеттер арқылы сканерлеп оқи алады. Немесе арнайы бағдарлама негізінде ұялы телефондар арқылы да танысуға мүмкіндігі бар. Айта кетейік, дәл осындай тәсілмен қызмет көрсету Қазақстанда тұңғыш рет Ұлттық музейде жүзеге асырылып отыр.
Сонымен қатар, музейде оnline-ticket жүйесі де іске қосылып отыр. Жаңа жүйе бойынша елорда тұрғындары мен қонақтары Ұлттық музейдің билеттеріне astanamuseum веб-сайты арқылы онлайн-режимде алдын ала тапсырыс беру мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр. Электрондық билетті рәсімдеуге небары екі-ақ минут кетеді. Ал билет иелері музейге өздеріне ыңғайлы уақытта келе алады.

2. Мәтіннен іріктелген ақпараттарыңыз негізінде бірнеше сұрақтар құрастырыңыз. Сұрақтарыңыз негізгі, қосымша ақпараттар мен көтерілген мәселені анықтауға бағытталуын ескеріңіз.

Дескриптор Білім алушы

-мәтіндегі негізгі ақпараттарды ажыратады;
-қосымша ақпараттарды табады;
- тыныс белгілерді орынды қолданады;
-сұрақтар құрастырады;
-көтерілген мәселені анықтайды.

30
Оқу мақсаты
6.3.3.1 - ұсынылған тақырып бойынша деректер

жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте,

сызба) түрінде құрастыру
Бағалау критерийі
Білім алушы


Тақырыпқа қатысты деректерді графиктік мәтін

(диаграмма, кесте, сызба) түрінде ұсынады
Ойлау дағдыларының
Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Байланыс құралдарының тұтыну дәрежесі қаншалықты екендігін деректер жинау арқылы дәлелдеп көріңіз. Дәлеліңіздің нәтижесін кесте арқылы ұсыныңыз.

Әлемде телефон, планшеттердің көптеген түрлері бар. Олардың біразын ғалымдар зерттеп, адамға қаншалықты пайдалы не зиянды екендігін дәлелдеуге тырысып жатыр. Алайда бұл техниканың түрінсіз адамның күнделікті тіршілігін елестету қиын болып бара жатыр.

Дескриптор

Білім алушы

-тақырыпқа қатысты мәлімет жинақтайды;
-мәліметтерінің негізінде кесте құрастырады.

Оқу мақсаты

6.3.4.1 - эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу (келісу, келіспеу эссесі)

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Тақырыптан ауытқымай, құрылымын сақтап, эссе жазады • Көтерілген мәселеге өзіндік көзқарасын білдіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Эссенің абзацтар жүйесін сақтап, келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп, эссе жазыңыз.

Бүгінде ғалымдар бірнеше жылдан кейін роботтар адам еңбегінің орнын басып, кейбір мамандық иелерін жұмыссыз қалдыруы мүмкін екендігін айтуда. Сіздің ойыңызша, адам қолымен, адам ақылымен жасалуы тиіс жұмыстарды роботтар толықтай атқара алуы мүмкін бе? Ғалымдардың бұл пікірімен сіз қаншалықты келісесіз?

Дескриптор Білім алушы

эссенің тақырыбынан ауытқымайды;
абзацтар жүйесін сақтайды;
өзінің көзқарасын білдіреді;
келісу-келіспеу себептерін айқын жазады.

31
Оқу мақсаты 6.4.5.1 - қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін

(даралаушы) түсіну, дұрыс қолдану

Бағалау критерийі Білім алушы

• Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін ажыратады

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз. Тиісті жерлеріне тыныс белгілерін қойып, дәптеріңізге жазыңыз.

Телефондар мен планшеттер
Телефон планшет байланыс құралы. Барған сайын тұтынушылардың мобильдік құрылғылар мен сенсорлы экран мүмкіндіктеріне тәбеті артып барады Биыл планшеттер смартфондар нарығында сауда ерекше қыза түскен. Сарапшылар алдағы жылдар сатылу жағынан планшеттер дербес компьютерлерді артқа тастайды деп болжайды
Осының салдарынан бағдарламалық жабдықтау компаниялары өнімдердің смартфондар мен планшеттердің дизайнына қатты көңіл бөле бастады. Мысал ретінде биыл қазан айында таныстырылған Windows-тің жаңа түрін айтуға болады.

Биыл Facebook компаниясының да тасы өрге домалады. Осы жылдың қазан айында компания өкілдері ай сайын желіге миллиардтан астам қолданушылар кіретінін мәлімдеді.

Дескриптор Білім алушы

-мәтіндегі тыныс белгілерді орынды қояды.

32


Скачать


zharar.kz