Автоматтың бөліктері мен механизмдерінің оқтау және ату кезіндегі жұмысы

Скачать

Автоматты ұрыста білікті пайдалану үшін және кідірістер мен ақауларды тез жою үшін оның бөліктері мен механизмдерінің жұмысын жақсы білу керек.
Бөліктер мен механизмдердің автоматты атыс кезіндегі жұмысы.
Автоматты оқтау үшін оған жарақталған магазинді қосып, ауыстырғышты автоматты атыс не жекелей атыс жағдайына қойып, бекітпе жақтауын кері шегіне дейін тартып қайта жіберу керек — автомат оқталды. Егер дереу оқтау міндеті тұрмаса ауыстырғышты сақтандырғышқа қою керек. Магазинді қосқан кезде жоғарғы патрон астынан бекітпе жақтауына тіреледі. Аустырғышты автоматты атысқа қойған кезде ұңғы қорабының қақпағындағы бекітпе жақтауының тұтқасына арналған басқышты ойық босайды, ауыстырғыш секторы жекелей атыс септегішінің ойығында қалады, бірақ ағытқыш ілмектің бұрылуына кедергі жасамайды.
Бекітпе жақтауын еркін жүрістің ұзындығына кейін тартқан кезде ол фигуралық ойығының алдыңғы қиығымен бекітпенің жетекші шығыңқысына әсер етіп, бекітпені солға бұрайды, бекітпенің ұрыстық шығыңқылары ұңғы қорабының ойықтарынан шығады — бекітпенің ашылуы жүзеге асады; бекітпе жақтауының шығыңқысы автоағытқыш иінтірегін босатады да, автоағытқыштың септегіші серіппенің әсерімен шүріппенің алдыңғы жазықтығына қысылады.
Бекітпе жақтауын одан әрі шегерген кезде бекітпе онымен бірге кейін кетіп ұңғы каналын ашады; қайтарғыш серіппе қысылады, шүріппе бекітпе жақтауының әсерімен өз осінде бұрылады, ұрыстық серіппе бұралады; шүріппенің ұрыстық қайырмасы ағытқыш ілмектің фигуралық дөңесінің сыртына шығып шүріппенің баяулатқышының астына келеді де, шүріппе автоағытқыштың септегішіне тұрады; автоағытқыш иінтірегі бұл реттен жоғары көтеріліп бекітпе жақтауының шығыңқысы жүретін жолға тұрады.
Бекітпе жақтауының төменгі жазығы магазинге арналған терезеден өте салысымен патрондар магазин серіппесінің әсерімен жоғарғы патронмен бірге магазин қабырғасының иілмесіне тірелгенше жоғары көтеріледі.
Бекітпе жақтауын босатқан кезде ол бекітпемен бірге қайтарма механизмнің әсерімен ілгері жылжиды; бекітпе магазиннен жоғарғы патронды алып шығып оқшантайға кіргізеді де, ұңғы каналын жабады. Бекітпе ұңғының оқаталатын ойығына келгенде лақтырғыштың ілмегі гильзаның шығыршық кертпесіне кіреді; бекітпе бекітпе жақтауының фигуралы ойығының әсерімен бойлық осін айнала оңға бұрылады; бекітпенің ұрыстық шығыңқысы ұңғы қорабының ұрыстық тірегіне кіріп бекітпе жабылады. Бекітпе жақтауы шеткі алдыңғы жағдайға қарай қозғалысып жалғастырып өзінің шығыңқысымен автоағытқыш иінтірегін алға және төмен бұрады, автоағытқыштың септегішін шүріппенің автоағытқышының қайырмасынан шығарады; шүріппе ұрыстық серіппенің әсерімен бұралады да, баяулатқыштың бекітпесінен шығып ұрыстық қайырмаға тұрады.
Патрондар магазинде серігшенің әсерімен жоғарғы патрон бекітпе жақтауына тірелгенше жоғары көтеріледі. Ағытқыш ілмектің құйрығын басқан кезде, оның фигуралы ойығы шүріппенің ұрыстық қайырмасымен іліністен шығады. Шүріппе ұрыстық серіппенің әсерімен соққышқа қатты соққы береді. Соққыш патронның капсюлін қиратады. Патронның капсюлі тұтанады, жалын оқ-дәрі зарядын жандырады да атыс шығады.
Оқ оқ-дәрі газдарының әсерімен ұңғы каналының бойымен қозғалады, ол газ белетін тесіктен өтісімен газдың бір бөлегі осы тесік арқылы газ камерасына өтеді, газ поршеніне қысым түсіріп бекітпе жақтауын кері итереді. Бекітпе жақтауының кері кетуі, ілгеріде жазылғандай, оны тұтқасынан ұстап кері шегергендегідей жүзеге асады.
Бекітпемен бірге бекітпе жақтауы екпінімен артқа қарай қозғалысты жалғастырады; лақтырғыштың ілмегі ұстап тұрған гильза ұңғы қорабының шағылыстырғыш дөңесіне түйісіп патрон сыртқа лақтырылады.
Бұдан әрі бөліктер мен механизмдердің жұмысы, шүріппе мен баяулатқыштың жұмысын қоспағанда, нақ оқтау кезіндегідей болады. Автоматтың бөліктері мен механизмдерінің жұмысы қайталанады.
Атысты тоқтату үшін ағытқыш ілмекті босату керек. Бұл ретте ағытқыш ілмек ұрыстық серіппенің әсерімен бұрылады да, оның фигуралық шығыңқысы шүріппенің ұрыстық қайырмасының жолына тұрады. Шүріппе ұрыстық қайырмада тоқтайды. Атыс тоқталады, бірақ автомат одан әрі автоматты атыс жүргізуге дайын болып оқталған күйі тұрады.
Бөліктер мен механизмдердің жекелеп ату кезіндегі жұмысы. Жекелеп атыс жүргізу үшін ауыстырғышты жекелей атысқа қойып, ағытқыш ілмекті басу керек.
Ауыстырғышты "сақтандарғыштағы" жағдайынан "жекелей атыс" жағдайына қойған кезде ауыстырғыш секторы ағытқыш ілмектің тік бұрышты шығыңқысын босатады (ағытқыш ілмек ашылады), ол жекелей атыс серіппенің ойығынан толық шығады да атыс кезінде соққыш-ағытқыш механизмнің жұмысына қатыспайды.
Ағытқыш ілмектің құйрығын басқан кезде оның фигуралы шығыңқысы шүріппенің ұрыстық қайырмасымен іліністен шығады. Шүріппе ұрыстық серіппенің әсерімен өзінің осінде айналып соққышқа қатты соғылады. Атыс болады. Бірінші атыстан кейін бөліктер мен механизмдер сол автоматтық атыс кезіндегідей жұмыс атқарады, бірақ келесі атыс болмайды, өйткені ағытқыш ілмекпен бірге жекелей атыстың септегіші алға бұрылып оның бүртігі шүріппенің ұрыстық қайырмасының қозғалыс жолына тұрады.
Шүріппенің ұрыстық қайырмасы жекелей ату септегішінің сыртына шығып, шүріппе артқы жағдайда тоқтайды.
Келесі атуды жасау үшін ағытқыш ілмекті босатып, оны қайта басу керек. Ағытқыш ілмек босатылғанда ол ұрыстық серіппенің әсерімен жекелей ату септегішімен бірге бұрылады, жекелей ату септегіші шүріппенің ұрыстық қайырмасымен іліністен шығып, шүріппені босатады. Шүріппе ұрыстық серіппенің әсерімен бұрылады, әуелі баяулатқыштың бекіткішіне, ал одан соң оның алдыңғы шығыңқысына соғылып ұрыстық қайырмаға тұрады. Ағытқыш ілмекті қайталап басқан кезде бөліктер мен механизмдердің жұмысы қайталанады. Кезекті ату болады.


Скачать


zharar.kz