Мейірімді - ана деген сөздің өзі қандай жағымды естіледі. Өйткені менің анам мейірімді, маған үнемі әдептілікті және сыпайылықты үйретеді. Адамдарға көмектесуді, сабақты жақсы оқуды үйретеді. Мысалы бір адам құлап немесе жылап жатса ол адамға барынша көмек беруді үйретеді. Анаңды үш рет Меккеге апарсаңда қарызыңнан құтыла алмайсың, - деп бекер айтпаған. Мен өмір бойы анамды құрметтеп, сыйлап өтемін. Анамның қас–қабағына қарап, ол кісіні ренжіткім келмейді. Әрқашан бақытты жүзін көргім келеді. Ана үшін – бала қымбат болса, мен үшін - Ана қымбат. Ана әрдайым қамқор. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербеткен. Аналардың ешқашан мейірімі таусылмасын.