Қоянның тапсырмасы

Скачать


№4 Алға орта мектебі

Өткізген: Жарикова Г.А.
1 А сынып жетекшісі

2012 – 2013 оқу жыл

Ақтөбе облысы, Алға ауданы
№4 Алға орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Жарикова Гульназ Абдешовна

Сабақтың тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат
Мақсаты: Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез-құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Ойлау, есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін қалыптастыру, ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Адам бойына жат қасиет тілазарлықтан аулақ болып, кешірімді болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ертегі еліне саяхат
Әдіс – тәсілдері: әңгіме, түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, практикалық.
Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлері суреттері, кеспе әріптер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық.
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Күндей таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді басаймыз.
– Балалар, ертегілер еліне саяхат жасауға дайынсыздар ма?! (Оқушылар: иә!)
– Бүгін біз ертегілер еліне саяхат жасаймыз. Ертегінің аты Бауырсақ. Бұл ертегінің ішінде сендерге арналған көптеген тапсырмалар бар. Тапсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма? Ендеше ертегімізді бастайық.
Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты.
Бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді.
Бауырсақтың тапсырмасы – жұмбақ шешу.
1. Өзі жап – жас, мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар.
Тастамайды жылы үйді,
Түкті тонын шұп – шұбар. (Мысық)

2. Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. (Жапырақ)

Қиқу салып бақырып,
Айқайлауды тауыпты.
Қыт – қыт дейтін шақырып,
Кім біледі...? (Тауық)

Лақтырып бөркін басынан,
Бүйірі қызса, тасыған.
(Құман)
– Өте жақсы, балалар! Бауырсақтың тапсырмасын жақсы орындадыңдар! Бір кезде оған Қоян жолығып:
Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді.
Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін: Менің атым
Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілген терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпаймын Қоян саған да!
Қоянның тапсырмасы:
Сиқырлы алма ағашынан әріптерді ата және дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырат:
А, Р, О, Л, Ш, С, У, Ы, Д, Т, М, Н, Ң, Ғ, Ж, І, Ә, Ө, Қ, К, Е, Б, И, Й, Г.
– Өте жақсы, балалар! Қоянның тапсырмасын жақсы орындадыңдар! Содан бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. Оған Қасқыр кездесіп, оның да жегісі келеді. Бауырсақ өзінің әнін Қасқырға айтып беріп, одан әрі домалай береді.
Қасқырдың тапсырмасы:
Кім жылдам? ойнын ойна. Бұл ойында 1 – 10-ға дейін, 10 – 1-ге дейін сана және +, – таңбалары арқылы есептерді шығар.
1+1=? 2–1=? 3–1=? 2+1=? 1+2=?
Өте жақсы, балалар, қасқырдың тапсырмасын жақсы орындадыңдар!
Бір кезде Аю жолығады:
Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді ол.
Сендей майтабанға мені жеу қайда? Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме, Қоян менен Қасқырға ұстатпағам ендеше.
Ал саған ұстатпаймын мүлде де!
Аюдың тапсырмасы: Сөздерді буынға бөл.
САНА, ҰЛУ, ҚАЛАЛАР, ЛАҚ, САБАҚ, БАҒА, РАУШАН, ДОП, ПАРТА, ҒАЛЫМ, ОЙНА, АЙНА, ТАҒА, НАН.
Сергіту сәті:
Бір дегенім – бесік, Үш дегенім – үміт,
Шықтым содан өсіп. Үміт артар жігіт.
Екі дегенім – елім, Төрт дегенім – төзім,
Далам, тауым, көлім. Төзе білем өзім.
Бес дегенім – бесік,
Бағалайтын уақыт.
Сөйтіп домалай жөнеледі. Аю тек көзімен шығарып салады. Бауырсақ домалағаннан домалап келе жатса, оған Түлкі жолығады:

Бауырсақ, Бауырсақ, қайдан домалап барасың? – дейді ол.
Жолмен домалап барамын.
Бауырсақ, Бауырсақ, маған өлең айтып берші!...
Содан Бауырсақ: Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа
иленгем, майға пісірілген терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпай кеттім Қоян менен Қасқырға. Ұстатпай кеттім Аюға, ұстатпаймын саған мүлде де! деп өлеңін айтып береді.
Түлкінің тапсырмасы:
Сөз ойла, тез ойла ойыны. Бұл ойында кез келген әріп айтылады. Мына әріптерден сөз құра: А, Б, Т, П, М, О, Ж, Ы, Н, Қ, Л, Р, Е.
Ертегіні одан әрі тыңдайық. Түлкі оған:
Әнің өте жақсы екен. Бірақ жөнді ести алмай тұрмын. Бауырсақ, сен
менің тұмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттырақ айтшы, – дейді. Бауырсақ Түлкінің тұмсығына домалап шығып алып бар даусымен әнін айтады. Сол кезде Түлкі ұстап алады.
Түлкі, сен мені жеп қайтесің? – дейді Бауырсақ. Жүр одан да
біздікіне. Атам мен Әжеме барайық. Олар сені тойғызады.
Түлкі келіседі. Жолшыбай өздерімен бірге Қоян, Қасқыр мен Аюды ертіп алады. Олар келсе, Әжесі көп қаусырма пісіріп қойыпты. Қоянға орамжапырақ салған, Қасқыр мен Түлкіге ет салған. Аюға таңқурай салған қаусырма салған тиеді. Ал Бауырсақ терезенің алдында өзінің әнін айтып отырады.
Қорытынды.
Ертегі кейіпкерлерін ата. Ертегіде қанша кейіпкер бар? Ертегіні сахналау.


Скачать


zharar.kz