Агробизнестің экономикалық тиімділігін арттыру

Скачать

Еліміздің бүкіл экономикасындағы секілді соңғы 10 жыл ішінде агроөнеркәсіптік кешен саласында да елеулі құрылымдық өзгерістер мен жетістіктер аз емес.
Саладағы бұрынғы мемлекет меншігінде болып келген шаруашылықтар мен кәсіпорындарды мемлекет қарамағынан алу мен жекешелендіруді жүзеге асыру барысында меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасып, жетілгені белгілі. Соның нәтижесінде ел халқының 40 пайызының басын қосып отырған ең үлкен сала бірте-бірте нарықтық қатынастарға қарай ойысты. Дегенмен, осындай үлкен өзгерістерді жүзеге асыру оңайға соққан жоқ. Егістік көлемі еселеп қысқарса, мал саны бірнеше есе азайып кетті. Ауылда жұмыссыздық орын алды. Міне, осындай ауыр кезде, яғни 1997 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев халқымызға үміт сәулесін сепкен үлкен стратегиялық бағыт – “Қазақстан-2030” ұзақ мерзімдік даму бағдарламасын әйгілеген болатын.
Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 1997 жылдың қарсаңында 297 млрд. теңгені құрады. Ал ауыл шаруашылығына бағытталған күрделі қаржының жалпы экономикадағы үлесі небары 1,5 пайыз болды.
Осы жылы барлық шаруашылықтардың тек 23,4 пайызы ғана пайдамен жұмыс істеп тұрды, қалған 72,4 пайызы шығынды шаруашылықтар еді. Сөйтіп сала жылды 27,5 млрд. теңге шығынмен аяқтады. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің несиелік борышкерлігі 121 млрд. теңгеге жетті.
Қалыптасқан жағдай мемлекет тарапынан бірқатар шаралардың қолға алынуын қажет етті. Шығынды шаруашылықтарды банкроттау үрдісі іске қосылды. Соның нәтижесінде 1998 жылы жоғарыдағы 121 млрд. теңгенің қарызы 67,2 млрд. теңгеге дейін қысқарды.
Міне, осындай жағдайда “Қазақстан-2030” Стратегиясы ауыл шаруашылығын үлкен өзгерістерге жетеледі. Стратегияны жүзеге асыру мақсатында саланы дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы іске қосылды. “Астық туралы”, “Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы”, егіншіліктегі “Тұқым шаруашылығы туралы” заңдар өмірге келді.
Тауар өндірушілерді жаңа техникалармен жабдықтау мақсатында “ҚазАгроҚаржы” АҚ құрылып, ол шаруаларға жеңілдікті несиемен лизингке техникалар әпере бастады. Сондай-ақ “Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы” АҚ, “Аграрлық кредиттік корпорация” АҚ, “Мал өнімдері корпорациясы” АҚ секілді қаржылай мүмкіндігі бар ірі құрылымдар өмірге келіп, ауыл шаруашылығына мемлекет қолдауын жүзеге асыру ісіне кірісті.
Дегенмен, салада қалыптасқан жағдайды түбінен өзгерту, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін салаға мемлекет қолдауын күшейте түсу және осыған бағытталған қаржылардың тиімділігіне қол жеткізу қажет болды. Осы мақсатта Елбасының тапсырмасымен 2003-2005 жылдар Ауыл жылдары деп жарияланып, осы жылдарға арналған мемлекеттік азық-түлік бағдарламасы қабылданғаны белгілі.
Қазіргі уақытта бұрынғы бақшалықтар мен жүзімдіктерді қайтадан қалпына келтіру, суландырудың мәшинемен және тамшылатып суару секілді прогрессивті тәсілдерін қолдана отырып көкөніс шаруашылығын дамыту, жылыжайлар тұрғызу жобалары қолға алынуда. Мәселен, қазірдің өзінде республикалық бюджет есебінен көпжылдық жеміс ағаштары мен жүзімдіктер өсірушілерге шығынның бір бөлігін өтеу жөнінде әңгімелер қозғалып, шаралар белгіленуде. Жоғарыдағы өршіл жобаларды жүзеге асыруда негізгі рөл 2006 жылы құрылған “ҚазАгро” ұлттық компаниясына жүктеліп отырғандығын айтуымыз керек. Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі мәселелерді жүйелі түрде шеше отырып, саланың бәсекелестік қабілетін арттыру, ауылдық тауар өндірушілердің бірлескен кооперативтерінің жұмыстарын ынталандыру, өндірілген өнімді өткізудің кепілді жүйесін құру, инфрақұрылымды дамыту және басқа да маңызды мәселелерді ұйымдастыру ісінде осы холдингтен үлкен үміт күтіледі.
Ауыл шаруашылығы саласында ғылымды дамыту мен оның жетістіктерін жеделдетіп өндіріске еңгізудің маңызы арта түскендігі ескеріле отырып үстіміздегі жылы “ҚазАгроИнновация” мамандандырылған компаниясы құрылды. Оған ғылымды, білім мен өндірісті және коммерцияланған инновациялық қызметті бір арнада шоғырландыру, аграрлық ғылым саласына инвестициялар тарту міндеті жүктелген. Сондықтан осы уақытқа дейін аумақтық-салалық құрылымдар негізінде жұмыс істеп келген ғылыми өндірістік орталықтар осы компания аясына шоғырланып отыр.
Ауыл шаруашылығы саласында міне, осындай құрылымдық өзгерістер жүзеге асырылуда. Осының барлығы, бір сөзбен айтқанда, саланың бәсекелестік қабілеті мен табыстылығын одан әрі арттыру, экономикасы жылдан жылға дами түскен елімізді қуатты аграрлық-индустриялық ел ретінде қалыптастыру үшін жасалып отыр. Жоғарыда айтқанымыздай өткен 10 жылдың ішінде көптеген жетістіктерге жеттік. Алдағы 10 жылда бұл жетістіктер еселене түседі деген үміт бар. Сөйтіп еліміздің ұзақ мерзімдік дамуын белгілеген “Қазақстан-2030” Стратегиясының ойдағыдай жүзеге асып келе жатуы агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерін жаңа істерге жігерлендіре бермек.
Қазакстанның ауылдарына тыңайтқыштар, гербицидтер, ауылшаруашылық мәшинелерін сатып алу, егін орағын, астық, ет пен сүт тасу мен өңдеуді каржыландыру үшін орталықгандырылған түрде жыл сайын одактық орталыкган 1985 жылдың бағаларымен 4 миллиард рубльге жуық сомада дотация берілетін. Қазақстан экономикасының дербестігі туралы сөз бола алмайтын. Барлық ірі кәсіпорындардың 80 пайызы одақтық бағыныста болды. Республикаға тек тамақ және жеңіл өнеркәсіпке билік ету құқығы қалатын. 90-шы жылдардың басында "саясат экономиканың алдында жүретін", бірақ уақыт бөрін өз орындарына қойды. Егемендік алдық деп есі кете қуанудан кейін жаңа мемлекеттерге дербес экономикалық жүйелерін құруға тура келді. Нарыққа өту алдын ала айқындалды, алайда көшу моделін таңдау күн тәртібінде түрған ең қиын мәселе болды.


Скачать


zharar.kz