Өзіндік бақылауға бейімдеу шарттары
Оқыту үрдісіне студенттерді өзіндік жұмыс арқылы өзіндік бақылауға бейімдеудің педагогикалық шарттары белгілі бір жағдайларда ғана дамып тиімді қызмет ете алады (Ю.К Бабанский, Т.Е. Климова,Н.М Яковлева және басқалар ).
Ғылымдағы «Шарт» термині онсыз өмір сүре алмайды,- ұғымын білдіретін пәннің (нәрсенің) қоршаған ортаға қатынасын көрсететін категория. Ғылым әдебиеттер талдауы «шарт» дефинициясының алуан түрлі болғандығына қарамастан оны екі топқа біріктіруге болатындығын көрсетеді. Біріншісі- «бір нәрсенің басқаға тәуелділігінің барлығы, ал екіншісі – пәндер мен құбылыстар онсыз өмір сүре алмайтын орта немесе жағдай. Бірінші топ- абстракция, ал екіншісі- нағыз өмірмен байланысты :екінші топ объектілердің жиынтықтарын тым кеңейтіп жіберетіндіктен «шарт» терминінің дефинициалдық нағыз анықтамасы бола алмайды,- деген пікірді ұстанамыз (Н.Л Коршунова).
Біз Н.М Яковлеваның: қарастырылған анықтамаларға педагогикалық конструкцияға қатынасы сыртқы түрде болатын шарттар(жағдайлар) кейде ішкі сипаттамаларға да енеді»,- деген пікір санаймыз(1).
Біздің пікірімізше, «педагогикалық шарт» дефинициясы оқу әрекеті, оқытудың негізгі элементтерін білдіретіндидактикалық категория арқылы анықталуы тиіс.
Осыған байланысты «педагогикалық шарттар» дефинициясын оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту үрдісіне олардың оқутанымдық әрекетінің нәтижелі жоғары болуын қамтамасыз ететін барлық іс-шаралардың жмынтығы деп түсінүге болады. Дәлірек айтқанда «педагогикалық шарттар» ... дидактикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін оқытудың мазмұнының, әдістерінің, сондай-ақ ұйымдастырылуының элементтерін мақсатқа сай іріктеп алу, құрастыру және қолдану.
Студенттердің өзіндік жұмыстарды орындау арқылы өзіндік бақылауға тиімді бейімдеудің педагогикалық шарттарын анықтауда біз қоғамның орта мектепке тапсырып отырған әлеуметтік тапсырысын ескеріп, өзіндік бақылау ұғымының мән-мағынасын, оған тән ерекшеліктері жан-жақты қарастырылғңан жүйелі-қызметтік сипаттамаларын анықтадық.
Педагогикалық шарттар жиынтығы оқушылардың оқу-танымдық әрекетінің өзгермелі сипатына сәйкес өзгермелі кешен түрінде болып, зерттелетін құбылыстың барлық жағын қамтуы тиіс.
Өзіндік бақылауға бейімдеу шарттары оқу-танымдық әрекеттің өзгермелі сипатын ескере отырып, зерттеліп отырған құбылыстың барлық жағын қамтитын динамикалық кешен түрінде болуы маңызды екендігін ескеру қажет.
Өзіндік бақылауға бейімдеу студенттің өзіндік жұмыстарды орындауға үйретілу дәрежесімен байланысты, яғни оқушы неғұрлым өз бетінше дербес шешім қабылдай алуға, жоспалай алуға, өзінің іс-әрекетін реттеп, түзетіп отыруға қабілетті болған сайын, соғұрлым өзіндік бақылауды табысты өз дәрежесінде жүргізе алады.
Жалпы студент өзіндік жұмыспен өзіндік бақылауды біріктіре отырып әрекет жасаса, оның өзіндік дамуы, жетілуі қалыптаса түседі.
Оқыту үрдісі кезінде студенттерді өзіндік бақылауға бейімдеу тиімді болу үшін төмендегі жағдайлар қажет деп есептейміз:
а) өзіндік бақылауға бейімдеу шарттары жасалып, оның нәтижелерінің студенттің өзіндік жұмысқа үйретілу дәрежесіне тәуелділігі анықталуы тиіс.
ә) Студенттің ортасына лайықталған өзіндік бақылауға бейімдеудің дидактикалық және әдістемелік жүйесі жасалынуы тиіс.
б) Ол жүйе барлық бақылау түрлеріне ортақ әмбебап кешен түрінде болуы тиіс.
в) Жасалынатын жүйенің қызметінің шарттары және болашақ дидактикалық құралдардың жобалары тәжірбие-эксперименттік жұмыстар арқылы анықталып тексерілуі тиіс.