Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Қазақстан тарихы
6-сынып
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып , тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ smk.edu ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
2
Мазмұны
І тоқсан 4
Бөлім VI – IX ғасырлардағы Қазақстан 4
ІІ тоқсан 11
Бөлім X ғасыр-ХІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан 11
ІІІ тоқсан 21
Бөлім: XIII - XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан 21
Бөлім: Қазақ халқының қалыптасуы 28
Бөлім Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы 29
IY тоқсан 31
Бөлім: Қазақ хандығының XVI - XVII ғасырлардағы дамуы 31
Бөлім XVI - XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет 42
3
I тоқсан
Бөлім VI – IX ғасырлардағы Қазақстан
Тақырып Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер
Оқу мақсаты 6.3.1.1 Оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы Түрік
қағанаты құрылуының тарихи маңызын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Түрік қағанатының құрылуының басты оқиғаларын
ажыратады
• Түрік қағанатының құрылуының тарихи маңыздылығын
анықтайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Кестедегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Теле сөзінің мағынасы
қандай?
Түрік қағанатының
құрылған жылы қандай?
Түрік қағанатын құрған
қаған кім?
Түрік қағанатының қай
жылы екіге бөлінді?
Мемлекетті күшейтудегі қызметін сипаттап, сөйлемдерді жалғастырыңыз.
Мен, Бумын қаған ...
Мен, Шегу қаған ...
Мен, Білге қаған ...
Мен, Мұқан қаған ...
Дескриптор Білім алушы
Теле сөзінің мағынасын анықтайды;
Түрік қағанатының құрылған жылын анықтайды;
Түрік қағанатын құрған қағанды анықтайды;
Түрік қағанатының екіге бөлінген жылын анықтайды;
Бумын қағанның түрік қағанатын нығайтудағы ролін анықтайды;
Шегу қағанның түрік қағанатын нығайтудағы ролін анықтайды;
Білге қағанның түрік қағанатын нығайтудағы ролін анықтайды;
Мұқан қағанның мемлекетті нығайтудағы ролін анықтайды.
4
Тақырып
Қазақстан
территориясындағы
ерте
ортағасырлық
мемлекеттер
Оқу мақсаты
6.3.2.2 Ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі
бағыттарын анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Түркі қағанатының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын көрсетеді
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Мәтінге және өз біліміңізге сүйеніп, Түрік қағанатының сыртқы саясатындағы әр бағытының маңыздылығын сиппаттап кестеге толтырып жазыңыз, жауабыңызды негіздеңіз.
Түріктер әрісі Бумын , берісі Мұқан қағанның тұсында жужандарды бас көтерместей етіп жеңді. Түріктер өз биліктерін батыс бағытта да жүргізе бастайды. Осы жорықта Бумын қағанның інісі Иштеми 10 түмен әскерді басқарды. Ол күшпен ху елін (соғдылықтарды) жаулап алуға аттанды. Алтайдың теріскейіндегі тайпаларды бағындырды.Түріктер 555 жылдың өзінде Арал теңізіне дейін жеткен және жол бойы ешбір тегеурінді қарсылық көрмеген. Түріктер Орта Азияның ішкі аумақтарына қарай жасаған жорықтарында эфталиттерден қатты қарсылық көріп, жорықтарын уақытша тоқтатуға мәжбүр болған. Оларды он жылдан кейін , 563-567 жылдары жаулап алды. 581 жылы (Тобо қаған қаза болғаннан кейін ) қағанат ішінде өзара соғыс басталды.
Шығыста
Батыста
Түрік қағанатының сыртқы саясатында маңызды рөл атқарған бағыттарды атаңыз. Өз жауабыңызды негіздеңіз.
Дескриптор Білім алушы
Түріктердің шығыс бағытта жүргізген саясатын атайды;
Түріктердің батыста жүргізген саясатын атайды;
Түрік қағанатының сыртқы саясатында маңызды рөл атқарған бағыттарды анықтап, дәлелдер келтіреді.
5
Тақырып
Қазақстан
территориясындағы
ерте
ортағасырлық
Оқу мақсаты
мемлекеттер
сабақтастығын
6.2.1.3 Тарихи оқиғалар мен процестердің
сипаттау үшін Ұлы Дала Елі ұғымын қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Алғашқы мемлекеттік бірлестіктер мен Түрік қағанаты арасындағы байланысты анықтау
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Ұлы Дала Елі ұғымының мағынасын ашыңыз.
Ежелгі Қазақстан мен Орта ғасырлардағы Қазақстан картасын салыстырып, қандай өзгерістер орын алғандығын сипаттаңыз.
Ежелгі Қазақстан картасы Орта ғасырдағы Қазақстан картасы
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
Ұлы Дала Елі ұғымының мағынасын ашады;
территориялық өзгерістерді анықтайды;
мемлекеттер арасындағы сабақтастықты анықтайды.
6
Тақырып Көне түркі жазуы
Оқу мақсаты 6.2.3.1 Көне түркі жазуының маңызын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Көне түркі жазуының маңызын сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
1. Суретті негізге ала отырып, сұрақтарға жауап беріңіз
Руна жазуы ұғымы қандай мағына береді?
Орхон – Енисей ескерткіштерінен қандай мәліметтер алуға болады?
Неліктен зерттеушілерді түркі жазулары қызықтырады?
2. Көне түркі жазуының маңыздылығын анықтаңыз.
1.
Көне түріктер руна жазуын құлыптастарға,
Себебі ...
тұрмыстық заттарға,
қолжазбалар, хаттар әзірлеуде қолданды
2.
Көне түрік жазуы түріктердің саяси тарихы туралы ақпараттар
Себебі ...
береді
3.
Көне түрік жазуы түріктердің мәдениетін көрсетеді
Себебі ...
4.
Көне түрік жазуы түріктердің дүниетанымдық ерекшеліктерін
Себебі ...
сипаттайды
Дескриптор
Білім алушы
Руна жазулар ұғымын анықтайды;
Орхон – Енисей ескерткіштеріндегі мәліметті саралайды;
зерттеушілердің түркі жазуына қызығуының себептерін көрсетеді;
көне түріктер руна жазуын құлыптастарға, тұрмыстық заттарға, қолжазбалар, хаттар әзірлеуде қолдануын түсіндіреді;
көне түрік жазуы түріктердің саяси тарихы туралы ақпараттар беретіндігін түсіндіреді;
көне түрік жазуы түріктердің мәдениетін, сауаттылығын көрсететіндігін түсіндіреді;
көне түрік жазуы түріктердің дүниетанымдық ерекшеліктерін көрсететіндігін түсіндіреді.
7
Тақырып Атлах шайқасы
Оқу мақсаты 6.3.2.3 Атлах шайқасының тарихи маңызын талдау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Атлах шайқасының тарихи маңызын талдайды
Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі
Тапсырма
Мәтінмен танысып сұрақтарға жауап беріңіз
Араб шапқыншылығы және Саманидтер тұсындағы Түркістан
V ІІІ ғасырдың 30-жылдары арабтар Сырдария түбінде түріктерді талқандады. Бұл көшпелі түрік империясының ыдырауына әкелді. 751 жылы Талас түбінде араб әскерлері қытай әскерлерін жеңді. Талас түбіндегі шайқас Түркістанда мұсылман немесе қытай мәдениеті үстемдігі орнауы мәселесін шешті.
Арабтар тұтқынға алынған қытайлықтардан қағаз жасауды үйреніп, бүкіл әлемге таратты. Арабтар батыстан Түркістанға мата өндірісін әкелді.
Парсылар Түркістанға келіп қоныстана бастады, соғды тілінің жойылуы осыған байланысты болса керек. Парсылар өңірде қала мәдениеті мен өндірістің дамуына ықпал етті.
Атлах шайқасының қытайлықтар үшін маңызы қандай болды? ______________________________________________________________________________ Атлах шайқасының арабтар үшін маңызы қандай болды? ______________________________________________________________________________ Атлах шайқасының түріктер үшін маңызы қандай болды? ______________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
Атлах шайқасының қытайлықтар үшін маңыздылығын анықтайды;
Атлах шайқасының арабтар үшін маңыздылығын анықтайды;
Атлах шайқасының түріктер үшін маңыздылығын анықтайды.
8
Тақырып
Түркі әлемі қалыптасуының басталуы
Оқу мақсаты
6.3.2.1 Тарихи оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы түркі тілдес тайпалардың миграциясын түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Түркі халықтарының миграциясын анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Төмендегі суретті пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Бұл қандай процесс?
Бұл процесте Ежелгі Қазақстан мен ерте орта ғасырлық мемлекеттер арасында қандай байланыс болуы мүмкін?
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
суреттегі оқиғаның атауын атайды;
суреттегі оқиғаның Ежелгі Қазақстан мен ерте орта ғасырлық арасындағы байланысын атайды.
Тақырып Түркі әлемі қалыптасуының басталуы
Оқу мақсаты 6.1.1.1 Түркі тілдес тайпаларды атап, олардың картада
территориялық орналасуын көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ерте ортағасырлық тайпалардың көші-қон бағытын
анықтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Төменде берілген тайпалардың орналасуын, көші-қон бағыттарын стикер қолдана отырып кескін картада белгілеңіз.
ғұн тайпаларының миграциясы
түркі тайпаларының миграциясы
оғыз-қимақ тайпаларының миграциясы
қыпшақ тайпалары тайпаларының миграциясы
Дескриптор Білім алушы
ғұн тайпаларының миграциясын картадан көрсетеді;
түркі тайпаларының миграциясын картадан көрсетеді;
оғыз-қимақ тайпаларының миграциясын картадан көрсетеді;
қыпшақ тайпаларының миграциясын картадан көрсетеді.
10
II тоқсан
Бөлім X ғасыр-ХІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан
Тақырып Х ғасыр - ХІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан
территориясындағы саяси процестер
Оқу мақсаты 6.3.1.3 X ғасыр–XIII ғасырдың басындағы мемлекеттердің
даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дамыған ортағасырлық мемлекеттерді анықтайды
• Дамыған ортағасырлық мемлекеттер картасымен ерте
ортағасырлар картасын салыстырады Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Дамыған ортағасырлық мемлекеттердің атаулары мен хронологиялық шеңберін тірек-сызбада анықтаңыз.
2. Картамен жұмыс.
Дамыған ортағасырлық мемлекеттердің алып жатқан аумағын, көршілес мемлекеттерін, астаналарын картаға түсіріңіз.
Дамыған орта ғасырларда ерте орта ғасырмен салыстырғанда қандай өзгерістер орын алғанын картаны қолданып сипаттаңыз.
Дескриптор Білім алушы
Х-ХІІІ ғғ. өмір сүрген мемлекеттердің атауын, хронологиялық шеңберін атайды;
Х-ХІІІ ғғ. өмір сүрген мемлекеттерді, олардың астаналарын картаға белгілейді;
дамыған орта ғасыр мен ерте орта ғасыр аралығындағы өзгерістерді анықтайды.
11
Тақырып
Қарахан мемлекеті
Оқу мақсаты
6.3.1.3 X ғасыр-XIII ғасырдың басындағы мемлекеттердің даму
ерекшеліктерін
түсіндіріп,
олардың
ұқсастықтары
мен
айырмашылықтарын анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• X ғасыр-XIII ғасырдың басындағы мемлекеттердің даму
ерекшеліктерін түсіндіріп,
олардың ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын көрсетеді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Тұжырымдарға мағынасына қарай атау беріңіз.
Ең жоғары билеуші титулы
Қағанның мемлекеттік саяси-әкімшілік іс жүргізетін жері
Олар үлесті жерлердің билеушілері болды. Қағандар тәрізді олардың өз әкімшілік орталықтары қызметін атқарған сарайлары және тұрақты ставкалары (ордалары) болды
Ол әрі көмекші, әрі кеңесші болып саналады
Тәртіп сақталуын қадағалады, оларға сот үкімдерінің және әдеттегі құқық нормаларының (тору) орын алуын бақылау міндеттелді, шекараларды қорғау да соларға жүктелді.
-------------------------------------------
-----------
-----------------------------------------------------
-----------------------------------------------------
-----------------------------------------------------
-----------------------------------------------------
Дескриптор Білім алушы
ең жоғарғы билеуші титулын анықтайды;
қағанның мемлекеттік саяси-әкімшілкті жүргізген жерін атайды;
жер үлестерінің билеушілерін атайды;
көмекші, әрі кеңесші қызметін атқарған лауазым иелерін көрсетеді;
мемлекеттегі тәртіптің сақталуын қадағалаушы лауазымын атайды.
12
Тақырып Қарахан мемлекеті
Оқу мақсаты 6.2.1.2 Ислам дінінің қоғамдық өмірге ықпалын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ислам дінінің түрік қоғамына тигізген әсерін
көрсетеді
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Көмекші сөздер мен өз біліміне сүйене отырып, Қарахан мемлекетінің исламды қабылдау себебін және қоғамға енген өзгерістерді анықтап, тиісті салаға сәйкесінше топтаңыз.
Көмекші сөздер: Ел ішіндегі жағдай, сыртқы саяси жағдай, араб жазуы, вакфтық жер иелену, билік үшін күрес, монша, кесене, намаз оқу, адам келбетін салуға тыйым салу, Атлах шайқасы, медресе білімі, сәлде орау т.б.
Мұса ханның ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялауының себептерін көрсетіңіз.
1.-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
2.-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
3.-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Ислам дінінің Қарахан мемлекетіне әкелген өзгерісін сипаттаңыз
Мемлекеттік
Құрылыста
Мәдениетте
Тұрмыста
басқаруда
Дескриптор Білім алушы
Мұса ханның ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялануына түрткі болған 3 себепті көрсетеді;
ислам дінінің енуімен мемлекеттік басқару саласында болған өзгерістерді атайды;
ислам дінінің енуімен келген құрылыс саласындағы жаңалықтарды атайды;
ислам дінінің енуімен мәдениет саласына келген өзгерістерді атайды;
ислам дінінің келуімен тұрмыста енген өзгерістерді атайды.
13
Тақырып Қарахан мемлекеті
Оқу мақсаты 6.3.1.4 Тарихи ұғымдарды қолданып, Қарахан мемлекетіндегі
жер иелену ерекшеліктерін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қарахан мемлекетіндегі жер иелену түрлерін
сипаттайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Қарахан мемлекетіндегі жер иелену мен салық түрлерінің атауына сәйкес мағынасын беріңіз.
Иқта Вакфтық
жер -
Мильк Коммен
дация
Дескриптор Білім алушы
Қарахан мемлекетіндегі жер иеліктерін атайды;
Қарахан мемлекетіндегі салық түрлерін атайды.
14
Тақырып Наймандар, керейіттер және жалайырлар
Оқу мақсаты 6.3.1.3 X ғасыр –XIII ғасырдың басындағы
мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Найман, керейіт, жалайырлардың қоғамдық
құрылысын сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Әр мемлекетке қатысты мәліметті төмендегі кестеге топтастырыңыз.
а
Тарихшы Әбілғазының Түрік шежіресінде
оларды Шыңғысханның қолға
түсірген тұтқындары ретінде көрсетеді, олар адал қызметтері арқылы монғолдарға
сіңісіп кеткен
b
Селенгі, Хилок, Орхон өзендері, Қарақорым таулы қыраттарында өмір сүрген
с
Орхон, Керулен, Селенгі, Аргун өзендерінің бойында тұрған
d
Мемлекет Наркеш Дайын кезінде күшейді
e
Халықты өз төңірегіне топтастыра білген Инанч-Білге елді өнерге, күн көріс-
тіршілікке баулып, бейбіт өмір салтына тартады
f
Орталығы Улан-батор қаласы жанындағы Битөбе деген жерде болған
g
Маркус пен оның баласы Құршақұз кезінде мемлекет шарықтау шегіне жетті
h
Білге хан қайтыс болғаннан кейін, оның ұлдары Бұйрық пен Даян арасында билік
үшін талас басталды
i
Жамұқа құрылтай шақырып, өзін гурхан жариялаған
j
Шыңғыс ханның құтылу үшін Күшлік Жетісуға қашты
k
Рашид ад - Дин Монғол жерінде өмір сүрген
... – күшті дамыған ел.Олар тек
Шыңғыс хан әскерінен әлсіреді. Олардың мәдениеті өте жоғары болып, көне түрік
жазуларын пайдаланған- деп жазған
l
Шыңғысханның жақын адамы, ақын, шешен, әрі батыр Мұқылай болған
Наймандар
Керейттер
Жалайырлар
Дескриптор Білім алушы
Найман мемлекетіне қатысты мәліметті жіктейді;
Керейіт мемлекетіне қатысты мәліметті жіктейді;
Жалайырлар мемлекетіне қатысты мәліметті жіктейді.
15
Тақырып Қыпшақ хандығы
Оқу мақсаты 6.3.1.3 X ғасыр –XIII ғасырдың басындағы мемлекеттердің
даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қыпшақ мемлекетінің саяси құрылымын анықтайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Кестедегі ақпарат ақиқат болса +, жалған ақпарат болса - белгісін қойыңыз.
1 Қыпшақ хандығы IX-XI ғасырларда қазіргі қазақ жерінде өмір сүрген мемлекеттік бірлестік. Қарахан мемлекеті ыдырағаннан кейін әскери-саяси билік қыпшақ ақсүйектерінің қолына көшкен
2 Әскери-әкімшілік жағынан Қыпшақ хандығы оң және сол қанат бөлінді. Оң қанаттың ордасы Еділ өзені бойындағы Ахтуба қаласы болса, сол қанаттың орталығы Сырдария бойындағы Сауран қаласында орналасты
3 Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және сословиелік жағынан тең болған жоқ. Негізгі теңсіздік малға жеке меншік еді. Жылқы басты байлық саналды
4 Қыпшақ қоғамы ұлы князь, князь, бояр, деген ақсүйектер енген қатал иерархиялық жүйеден тұрған
5 Қыпшақ мемлекетінде қарапайым адамдарды ерлер деп атады. Олар заң жүзінде ерікті болғанымен іс жүзінде үстем тап өкілдеріне тәуелді болды. Малы жоқ кедейлер жатақтар деп аталып, олар ханның немесе үстем тап өкілдерінің тәуелдігіне түскен
6 Қыпшақ қоғамының төменгі тобында малы аз шаруалар мен құлдар болды.
Құлға қолға түскен тұтқындар айналдырылып, олардың ешқандай құқы болмаған. Құлдар Орта Азия, Шығыс елдеріне құлдыққа сатылып отырған
7 965 жылы Қыпшақ ханы мен Киев князі Святославтың арасында хазарларға қарсы бағытталған әскери одақ жасалды. Мұның нәтижесінде Хазар қағанаты талқандалды
8 XI ғасырдың орта кезінен бастап қыпшақтар қазіргі Волгадан (Еділден)
батысқа қарай жылжыды, олардың территориясы шығыс Еуропа елдерімен, орыс княздіктерімен, Византиямен, Венгриямен шектесті
Дескриптор Білім алушы
1- ақпараттың ақиқат не жалғандығын көрсетеді;
2- ақпараттың ақиқат не жалғандығын көрсетеді;
3- ақпараттың ақиқат не жалғандығын көрсетеді;
4- ақпараттың ақиқат не жалғандығын көрсетеді;
5- ақпараттың ақиқат не жалғандығын көрсетеді;
6- ақпараттың ақиқат не жалғандығын көрсетеді;
7- ақпараттың ақиқат не жалғандығын көрсетеді;
8- ақпараттың ақиқат не жалғандығын көрсетеді.
16
Тақырып
Қыпшақ хандығы
Оқу мақсаты
6.3.2.4 Қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Қыпшақтардың көрші елдермен қарым-қатынасын
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Кестені толтырыңыз.
Қыпшақтар қарым-қатынас
қарым-қатынас түрлері
орнатқан елдер
Киев Русі
Хорезмшах мемлекеті
Венгрия
Еуропа елдері
Египет
Дескриптор Білім алушы
Қыпшақтардың Киев Русімен қарым-қатынасын сипаттайды;
Қыпшақтардың Хорезмшах мемлекетімен қарым-қатынасын сипаттайды;
Қыпшақтардың Венгриямен қарым-қатынасын сипаттайды;
Қыпшақтардың Еуропа елдерімен қарым-қатынасын сипаттайды;
Қыпшақтардың Египетпен қарым-қатынасын сипаттайды.
17
Тақырып Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек
жолының рөлі
Оқу мақсаты 6.4.2.2 Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастардың
дамуындағы орнын анықтау
Бағалау критериі Білім алушы
• Ұлы Жібек жолының саяси, экономикалық, мәдени
рөлін сипаттайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
Деңгейі
Тапсырма
Кадрларға бөлінген мәтінді сөйлемдер ретімен құрастырыңыз және берілген сұраққа жауап беріңіз.
1
Иран шахы Түрік
2
3
қағанатына
Византияға баратын
Елшіліктің ізінше
40 мың алтын динар
жолды бақылап отырған
жібек артқан сауда
салық төлеп тұруға
Иран шахы елінің
керуендері батысқа
міндеттеледі
қауіпсіздігі үшін бұған
ағылса, Қытайға
наразылық білдірді. 568
Византия, Кавказ, Орта
жылы Иран елімен келісімге
Азия елдерінен тауарлар
келе алмаған түрік қағаны
әкеліне бастады
Естеми соғды көпесі
Маниахтың басшылығымен
түрік елшілігін
Константинопольге
аттандырады
4
Уақыт өте Византияның
5
Б.з.б. 138 жылы аттанған
6
Византия мен Түрік
соғысқа кірісу ниеті
қытай елшілігі көптеген
қағанатының арасында
болмағандығын сезген
қызықты әрі қауіпті
әскери одақ құрылып,
Естеми қаған 571 жылы
оқиғаларға тап болып, өз
сауда келісімі жасалады.
Иранмен келісімге қол
еліне тек 13 жылдан кейін
Византия императоры
қойып, екі ел арасындағы
оралған
түріктерге жауап ретінде
шекара болып Әмудария
Земарх басқарған
өзені белгіленеді
елшілікті жібереді
7
Елшілік Сырдария
8 Ежелгі түріктер Ұлы Жібек
9Жібек жолы бөліктерінің
жағалауларынан Тянь-
жолының бір бөлігін
біріктіріліп, тұтас желіге
Шань таулы етегіне қарай
бақылай отырып, қытай
айналуы Қытай елшісі
төменгі бағытта Талас
жібегін Византияға тиімді
Чжан-Цзянь есімімен
аңғарындағы қаған
жолмен сатуға тырысты
тығыз байланысты. Қытай
ордасына келді. Екі ел
императоры У-Ди елшіге
арасында сауда және
жүз адамдық керуенді
әскери одақ құру келісімі
бастап батыстың
бекітіледі
беймәлім елдеріне сапар
жасауды тапсырады
18
Сұрақтар:
Түріктер қытай жібегін қай елге тиімді жолмен сатуға тырысты?
Византиямен Түрік қағанаты қандай келісім жасады?
Византия елшілігі қаған ордасына қандай жолмен келді?
Естеми қаған қашан және неліктен Иранмен келісімге қол қойды?
Иран Түрік қағанатына салықты қалай төледі?
Дескриптор Білім алушы
Кадрларға бөлінген мәтінді сөйлемдер ретімен құрастырады;
Түріктер қытай жібегін қай елге тиімді жолмен сатуға тырысқанын көрсетеді;
Византиямен Түрік қағанаты қандай келісім жасағанын көрсетеді;
Византия елшілігі қаған ордасына қандай жолмен келгенін көрсетеді;
Естеми қаған қашан және неліктен Иранмен келісімге қол қойғанын анықтайды;
Иран Түрік қағанатына салықты қалай төлегенін сипаттайды.
19
Тақырып Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени
дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы
Оқу мақсаты 6.4.1.1 Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара
экономикалық байланыстарын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ұлы Жібек жолының шаруашылық түрлерінің дамуына
әсерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Төменде ұсынылған деректі оқып, көшпенділер мен отырықшылардың сауда-саттық үшін өндіретін бұйымдарын анықтап, төмендегі кестеге жазыңыз.
Көшпенділер егіншілердің өніміне мұқтаж болса, ал отырықшылардың өндірісі көшпенділер сұранысымен анықталды. Көптеген қолөнер кәсіпшілігі ауыл шаруашылық шикізатын өңдеумен байланысты болды. Қолжазбалар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византиямен, Иранмен, Орта Азиямен , Кавказбен , Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда байланыстары болғанын дәлелдейді. Орта Азиядан әйнек, әр түрлі бағалы заттар, қолданбалы өнер бұйымдары, ал Қытайдан – жібек, қыш әкелінді. Сыртқа мал және мал шаруашылығының өнімдерін, сондай-ақ, ер-тоқымдар, садақ, қорамсақ, маталар, темір мен семсер шығарды. Қала халқы жылқы, ірі қара малын, жүн, шикізат, тері, киіз, сүт өнімдерін сатып алатын болса, көшпенділер есесіне мата, нан, ыдыс-аяқтар алды.Сөйтіп, ХІ-ХІІ ғасырларда тауар-ақша қатынастарының дамуы заттай (натуралды) айырбасты ығыстырды.
Отырықшылар тауарлары Көшпелілер тауарлары
Дескриптор Білім алушы
Отырықшылардың басты тауарларын жіктейді;
Көшпелілердің басты тауарлларын жіктейді.
20
III тоқсан
Бөлім: XIII - XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан
Тақырып
Моңғол империясының құрылуы
Оқу мақсаты
6.3.1.6 Картаны қолдану арқылы XIII–XV ғасырлардағы
Бағалау критерийі
мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру
Білім алушы
• Карталарды қолданып XIII–XV ғғ. өмір сүрген
мемлекеттерді белгілейді
• Монғол мемлекетінің құрылуының алғышартын
анықтайды
Ойлау дағдыларының
Қолдану
деңгейлері
Тапсырма
1. ХІІІ ғасырдың басындағы әлем және ХІІІ ғасырдың аяғындағы әлем карталарының мәліметтерін қолданып, ыдыраған және құрылған мемлекеттерді анықтаңыз.
1 – карта. ХІІІ ғ басындағы әлем
2 – карта. ХІІІ ғ аяғындағы әлем
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Дескриптор Білім алушы
карта мәліметтерін қолданып, ХІІІ ғасырдың басында Орталық Азияда өмір сүрген мемлекетті сипаттайды;
картаның мәліметтерін қолданып, ХІІІ ғ аяғында Монғолияда өмір сүрген тайпаны анықтайды;
Монғол мемлекетінің құрылғанын анықтайды.
21
Тақырып Моңғол шапқыншылықтарының салдары
Оқу мақсаты 6.1.1.2 XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік
құрылымын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Монғол мемлекетінің қыпшақтар мен монғолдардың
өміріне әкелген өзгерістерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейлері
Тапсырма
XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің дамуындағы өзгерістерді төмендегі кестеге толтырыңыз.
Этно-әлеуметтік
Шаруашылық
Территориялық
Саяси
Дескриптор Білім алушы
XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің құрылымындағы этно-әлеуметтік өзгерістерін сипаттайды;
XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің құрылымындағы шаруашылық өзгерістерін сипаттайды;
XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің территориялық өзгерістерін сипаттайды;
XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің саяси өзгерістерін сипаттайды.
22
Тақырып Қазақстан аумағында ұлыстардың құрылуы
Оқу мақсаты 6.3.1.6 Картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы
мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• XIII-XV ғғ. Қазақстан аумағында құрылған
мемлекеттерді анықтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейлері
Тапсырма
Карта мазмұны мен өз біліміңізге сүйеніп, сұрақтарға жауап беріңіз.
1-карта. Монғол империясы
және оның ұлыстары
2-карта. Монғол
империясының ыдырауы
1. XIII-XV ғғ. Қазақстан аумағында қандай мемлекеттер құрылды?
2. Монғол империясының құрылуы мен ыдырауы нәтижесінде қандай өзгерістер орын алды?
Дескриптор Білім алушы
XIII-XV ғғ. Қазақстан аумағында қандай мемлекеттер құрылғандығын атайды;
Монғол шапқыншылығының Еуразия құрлығына енгізген өзгерістерін анықтайды.
23
Тақырып Ақ Орда
Оқу мақсаты 6.3.1.6 Картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы
мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің саяси
тарихын анықтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейлері
Тапсырма
1. Кескін картаға Ақ Орда мемлекетінің территориясын белгілеңіз.
2. Ақ Орда және Алтын Орда мемлекеттерінің жер аумағын анықтаңыз.
Жошы ұлысы
Ақ Орда Алтын Орда
А) Жайық өзенінен Батыс Сібір ойпатына дейінгі, Сырдарияның орта және төменгі ағысы аралығы
B) Еділ бойы бойы мен Кавказдың терістік жағы
C) Шығыс Түркістаннан Ферғана аймағы аралығы
D) Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағы
F) Солтүстік Қазақстан мен Сібір жазығы
Дескриптор Білім алушы
Ақ Орда мемлекетінің территориясын кескін картада белгілейді;
Ақ Орда мен Алтын Орда мемлекетінің аумағын анықтайды.
24
Тақырып
ХІІІ- XV ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті
Оқу мақсаты
6.2.2.1 Күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи
дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
ХІІІ-ХV ғғ. өнер мен мәдениеттің дамуының
ерекшеліктерін анықтайды
•
Ислам дінінің ХІІІ-ХV ғғ. өнер мен мәдениеттің
дамуына ықпалын көрсетеді
Ойлау дағдыларының
Білу және түсіну
деңгейлері
Қолдану
Тапсырма
Орта ғасырларда кеңінен тараған жырлар мен олардың авторларын сәйкестендіріңіз.
№
Авторы
Шығарманың атауы
1
Кутб
2
Абдрахман Жәми
А
Жүсіп-Зылиха
В
Хұсрау мен Шырын
Туындыларды түрлеріне байланысты сәйкестендіріңіз.
№
Туынды түрлері
Туынды атаулары
1
Ертегілер
2
Күйлер
3
Эпостық жырлар
Туындылар:
Ертарғын, Құламерген, Ақсақ құлан, Орақ Мамай, Ертөстік, Ел айырылған
Күй, аңыз, шежіренің тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын анықтаңыз:
Дескриптор Білім алушы
ХІІІ-ХV ғасырлардағы мәдениет және өнер қайраткерлерін анықтайды;
ХІІІ-ХV ғасырлардағы мәдениет пен өнер туындыларын анықтайды;
ХІІІ-ХV ғасырлардағы мәдениет және өнердің даму бағытын анықтайды;
Күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын анықтайды.
25
Тақырып Ортағасырлық саяхатшылардың Қазақстан туралы
мәліметтері
Оқу мақсаты 6.4.1.2 Көшпелілердің шаруашылық өмірінің
ерекшеліктерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Орта ғасырдағы шаруашылықтың даму деңгейін
сипаттайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейлері
Тапсырма
Орта ғасырлық деректердің мәліметтері негізінде, орта ғасырлардағы шаруашылықтың даму деңгейін сипаттаңыз.
1-мәтін. Жүретін арба туралы
Бұл өңірде жылқыны көп өсіреді және оның құны өте төмен. Бір жылқының құны біздің бір динарға сәйкес келетін 50-60 дирхемнен тұрады. Бұл жылқылар Мысырда акадиш деген атпен танылады. Түріктер соны азық етеді. Бір түрікте бірнеше мың ат болады. Бұл аттарды түркілер Үндістанға апарады, бір керуенде алты мыңнан, кейде одан да көп болады. Бір атты ең арзаны 100 динарға сатады.
Ибн Баттута
2-мәтін. Шығыс елдеріне саяхат
Киіз үйді былай жасайды: тал шыбықтан тоқылған керегені дөңгелек етіп орналастырады. Керегеге тал шыбықтарды (уық) жалғайды. Тал шыбықты дөңгелек ағашқа (шаңырақ..) тағады. Үйлер арбаға орналастырылады. Бір арбаны 22 өгіз тартады. Олар киімдерін Қытайдан алады. Парсы және өзге оңтүстік елдерінен жібек пен алтын материалдарын, жазда киетін киімдерді алады. Руссия, Ұлы Бұлғария, Паскатир, яғни Ұлы Мажарлар, Керкистен және солтүстіктің басқа көптеген елдерінен қымбатты тері бұйымдары әкелінеді. Мұндай заттарды біздің елден ешқашан көрмедім.
Гильом де Рубрук
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________ Дескриптор Білім алушы
орта ғасырлық саяхатшылардың Қазақстан тарихына қатысты еңбектеріне сипаттайды;
орта ғасырлық деректердің негізінде шаруашылық деңгейін анықтайды.
26
Тақырып Ортағасырлық саяхатшылардың Қазақстан туралы
мәліметтері
Оқу мақсаты 6.2.2.5 Көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін
сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін
анықтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Көшпелілердің өнер туындыларына сипаттама беріңіз.
Қолөнер түрлері
Сипаттама
Темір ұсталығы
Ағаш ұсталығы
Зергерлік
Киім тігу
Дескриптор Білім алушы
темір ұсталығына сипаттама береді;
ағаш ұсталығына сипаттама береді;
зергерлік кәсібіне сипаттама береді;
киім тігу кәсібіне сипаттама береді.
27
Бөлім
Қазақ халқының қалыптасуы
Тақырып
Қазақ халқының қалыптасу үдерісінің аяқталуы
Оқу мақсаты
6.1.1.4 Қазақ этнонимінің мағынасын түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Қазақ этнонимінің мағынасын сипаттайды
Ойлау дағдыларының
Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Қазақ этнонимінің мағынасы туралы ғылыми болжамдардың
қайсысымен келесіз?
Ұстанымыңызды нақты дәлелдермен дәлелдеңіз.
№
Пікір
1
Ежелгі Сібір тайпалары тілінде қазақ сөзі мықты, берік деген маңына
береді
2
Қазақ сөзі көне түрік дәуірінде пайда болып, ХІІІ ғасырда еркін адамдар
деген мағынада қолданылды.
3
В. Минорский
Константин хабарында Казахия деп касогтар айтылатынын
дәлелдейді. Араб тарихшысы Әбу-л-Хасан Әли әл-Масуди Өсиет және қайта
қарау кітабі шығармасында Құбан өзенінің төңірегіндегі тайпалар арасында әл-
касакия тайпасын көрсетеді. Неміс шығыстанушысы И. Маркварт бұл екі сөз бір
ғана этнос — касогтардың атауын береді деді.
4
Фин алтайшысы Г. И. Рамстедт және А. А. Семёнов қазақ терминін Қасиетті
жылнамада (13
ғ.) монғолдың хасаг-терген арба ұғымы
бар сөз тіркесінен
шығарады. Ал Қазақстанды қоныстаған түркі тайпалар осы қоссөзді
пайдаланғанына ешбір тарихи мағлұмат табылмаған.
Дескриптор Білім алушы
Қазақ этнонимінің мағынасын ғалымдардың пікірлері негізінде түсіндіреді;
Қазақ этнониміне қатысты ғылыми болжамды қолдайтындығынқолдамайтындығын анықтайды;
Қазақ этнонимінің мағынасын дәйектер келтіріп түсіндіреді.
28
Бөлім Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы
Тақырып Қазақ хандығының құрылуы
Оқу мақсаты 6.3.1.9 Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын
анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қазақ хандығының құрылуының алғышарттарын
көрсетеді
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Төмендегі ақпаратқа сүйене отырып, қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын салалар бойынша анықтаңыз.
Саяси
Экономикалық
Әлеуметтік
Қазақ хандығының құрылуының маңызы
Сасы-Бұқа мен Орыс хан басқарған Ақ Орда мемлекетті қайта жаңғырды
B Дешті-Қыпшақ даласындағы қандас ру-тайпалардың арасындағы соғысты тоқтатты
C Дешті-Қыпшақтан ығысытырылып, Шайбан әулиетінің хандары Мәуеренаһрға барып қоныстанды. Атадан мирас болып келе жатқан жер қайтарылды.
D Дешті-Қыпшақта бейбітшілік орнады. Қарапайым халық шаруашылықпен айналысты. Малшылар малдарын өсірді. Егіншілер егіс алқаптарын ұлғайтты. Өз өнімдерін Сыр бойы қалаларына әкеліп өткізді. Бұл халықтың тұрмысын жақсартты
E Халық саны тез өсе бастады. Халық саны өсуіне екі жағдай ықпал етті:
біріншіден, басқа ағайынды жұрттардың келіп қоныстануынан болса, екіншіден, халықтың тұрмысы жақсарып, адамдардың әл-ауқаты арттуына байланысты болды. Мысалы, ХV ғасырдың аяғына қарай Қазақ хандығының халық саны - 200 мың адамды құрады. Ал ХVІ ғасырдың басында Қазақ хандығының халық саны – 1 миллион адамға жетті
Қазақ хандығы бірорталықтанған мемлекет болғандықтан, сыртқы саясаты күшейді.
G Қазақ хандығы құрылып, көшпелі және отырықшы шаруашылықтар арасында байланыс орнады. Шаруашылық өркендеді, сауда қатынастары дамыды.
H Қазақ хандығы құрылып, ішкі алауыздық тоқтатылды.
Дескриптор Білім алушы
Қазақ хандығы құрылуының саяси алғышарттарын анықтайды;
Қазақ хандығы құрылуының экономикалық маңызын анықтайды;
Қазақ хандығы құрылуының әлеуметтік маңызын анықтайды.
29
Тақырып Қазақ хандығының құрылуы
Оқу мақсаты 6.2.3.4 М.Дулатидің Тарихи-Рашиди еңбегінің
маңыздылығын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• М.Дулатидің Тарихи-Рашиди еңбегінің тарихи
құндылығын анықтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Деректі мазмұнын оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Әбілқайыр хан қайтыс болған соң, өзбек ұлысы бір-бірімен шайқасты. Жұрттың көпшілігі Керей мен Жәнібек ханның маңына топтасты. Олардың саны 200 мың адамға жетті . Олар өзбек-қазақ атала бастады. Қазақ сұлтандарының алғаш билік жүргізуінің басы 870 жылдан (1465-1466 жж) басталады. Алла жақсы біледі. 940 жылға дейін (1534 ж.) қазақтар Өзбекстанның көп бөлігіне биліктерін орнатты.
Деректің авторы – Мұхаммед Хайдар Дулат. Ол Моғолстан хандарында қызмет етіп, өмірінің соңғы күндерін Үндістанда өткізді. Рашидтың тарихы кітабының бірінші дәптерін 1544-1546 жылдары толықтырып аяқтады
Деректе қандай тарихи фактілер келтірілуде?
Деректің тарихи маңыздылығы неде?
Дескриптор Білім алушы
М.Дулатидің Тарихи-Рашиди еңбегінің мазмұнын анықтайды;
М.Дулатидің Тарихи-Рашиди еңбегіндегі Қазақ хандығының құрылуының алғышарттарын анықтайды.
30
IY тоқсан
Бөлім Қазақ хандығының XVI - XVII ғасырлардағы дамуы
Тақырып Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі
Оқу мақсаты 6.3.2.6 Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қасым ханның жүргізген сыртқы саясатын бағалайды
Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі
Тапсырма
Дерек негізінде Қасым хан билігі тұсындағы Қазақ хандығының ішкі, сыртқы саясатына және Қасым ханның саяси тұлғасына баға беріңіз.
34 – тарау. Ханның шайқасынан кейінгі болған оқиғалар туралы
1512 жылдың көктемінде Шайбан өзбектері Мауренаһрда билік құрды. Өзбектер Шаһибек ханның қол астында еді. Саид хан қыс кезінде көктемдегі жағдайды ойлады. Саид хан Ташкент қаласына қарайтын Ахангаранға жорық жасады. Мен ол жорықта ханның жанында болдым. Сол жорықтан Саид хан олжалы оралды. Ізінше Қасым хан Ташкентке Сүйініш ханға шабуыл жасады деген хабар келді. Саид хан тездетіп Ташкентке бет алды. Кендірлік асуына жеткенде, Қасым хан қайтып кеткені туралы хабар жетті. Саид хан осыдан кейін қазақтарға бет алды. Ондағы ойы Ташкентті алуға тағы да қазақтарды көтеру болатын. Қасым хан жасы ұлғайғандықтан, Саид ханды қарсы ала алмайтынын айтып , кешірім сұрайды. Жошы әулиетінің жасы елу мен алпысқа толған отыз-қырық сұлтанды жіберіп, тізе бүгіп қарсы алсын деп бұйырады. Соның ішінде Жаныш хан мен Таныш хан жас жағынан Саид ханнан көп үлкен еді. Олар тізе бүккенде, хан орнынан тұрды. Қалған сұлтандардың бәрі тізе бүккенде, хан орнына отырды. Олардың сәлемін қабылдады. Қасым хан Саид хан алдына келгенде, жылы жүздесіп, құрметтегені сондай хан өмірінің соңына дейін, оның кішіпейілдігін ұмытқан емес.
Мұхаммед Хайдар Дулат. Тарихи Рашиди. 1543
Дескриптор Білім алушы
Қасым ханның сыртқы саясатта жүргізген саясатын анықтайды;
Қасым ханның Қазақ хандығының дамуына қосқан үлесін талдайды.
31
Тақырып
Хақназар хан кезіндегі Қазақ хандығының сыртқы
саясаты
Оқу мақсаты
6.3.1.10 Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін
анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Хақназар хан мен Қасым хан тұсындағы Қазақ
хандығының жағдайын сипаттайды
Ойлау дағдыларының
Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Кестені толтырыңыз
Хандар
Ішкі саясаты
Сыртқы саясаты
Мемлекетті
нығайтудағы
басты қадамдары
Қасым хан
Хақназар хан
Дескриптор Білім алушы
-Хақназар ханның тұсындағы Қазақ хандығының ішкі саясатын
сипаттайды;
-Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі саясатын сипаттайды;
-Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саясатын
сипаттайды;
-Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саясатын
сипаттайды;
-Хақназар ханның мемлекетті нығайтудағы басты қадамдарын
сипаттайды;
-Қасым ханның мемлекетті нығайтудағы басты қадамдарын
сипаттайды.
32
Тақырып Хақназар хан кезіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясаты
Оқу мақсаты 6.3.2.6 Қазақ хандарының сыртқы саясатын анықтап,
нәтижелерін талдау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Хақназар ханның саясатына баға береді
Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі
Тапсырма
Кестеге шекаралық өзгерістерді жазып, Хақназар ханның саясатына баға беріңіз.
шекарасы Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығының
батыста
__________________жетті
шығыста
_____________________жетті
солтүстікте
____________________жетті
оңтүстікте
____________________жетті
Хақназар ханның мемлекетті нығайтудағы саясатына баға беріңіз.
Дескриптор Білім алушы
Хақназар хан тұсындағы батыстағы шекараны көрсетеді ;
Хақназар хан тұсындағы шығыстағы шекараны көрсетеді;
Хақназар хан тұсындағы солтүстіктегі шекараны көрсетеді;
Хақназар хан тұсындағы оңтүстіктегі шекараны көрсетеді;
Хақназар ханның мемлекетті нығайтудағы саясатына баға береді.
33
Тақырып Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығының оңтүстік
шекраларының нығаюы
Оқу мақсаты 6.3.1.10 Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін
анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тәуекел ханның саясатының басты жетістіктерін
көрсетеді
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Кестеге Тәуекел ханның саясаты нәтижесінде қол жеткізген жетістіктерін жазыңыз.
1
Тәуекел хан қол
2
4
жеткізді...
3
Дескриптор Білім алушы
Тәуекел ханның саясаты нәтижесінде қол жеткізген негізгі 4 жетістігін анықтайды.
34
Тақырып Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығының оңтүстік
шекраларының нығаюы
Оқу мақсаты 6.3.2.6 Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тәуекел ханның ішкі және сыртқы саясатына
баға береді
Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі
Тапсырма
Деректер мазмұны мен біліміңізге сүйеніп , Тәуекел ханның ішкі және сыртқы саясатын талдап, ханның саяси роліне баға беріңіз.
Шежірелер жинағы
Ораз-Мұхаммед 8 жасында атасы Шығай ханнан айырылды. 13 жасында әкесі Ондан сұлтан шейіт болды. Сейдақ биге тәуелділікте өмір сүрді. 16 жасында бүкіл христан билеушісі Борис Федоровичке қызмет етуге дайын болды. Патша ағзам Керман шаһарын сойырғал қылып берді.
Қадырғалиби Қосымбиұлы ХI ғасырдың соңында Мәскеуге келіп, Тәуекелдің немере інісі Ораз-Мұхаммедтің жанында жоғары лауазымды қызмет атқарады
Шараф-намайи шахи
Сауран қаласына зеңбіректер жеткізілді. Қаланы жаппай атқылай бастады. Баба сұлтан Тараз қаласына екі қалмақты аттандырып, азық-түлік беріп жіберуді тапсырады. Тәуекел хан екі қалмақты ұстап алып, жағдайды Абдаллах ханға хабар береді. Тәуекел хан қол астындағы әскермен Баба сұлтанға қарсы аттанып, қоршауға алып, басын алады. Баба сұлтан мен оның жақтастарының басын атақты және даңқты билеуші Абдаллахқа алып келеді.
Хафиз Таныштың әкесі Ұбайдулла ханның жақын адамдарының бірі болған. Еңбегін ХYI ғасырдың соңында жазған.
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саясатын талдайды;
Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі саясатын талдайды;
Тәуекел ханның тұлғасына баға береді.
35
Тақырып Есім хан билігі кезіндегі Қазақ хандығының бірлігінің
нығаюы
Оқу мақсаты 6.3.1.10 Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін
анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Есім ханның тұсындағы хандықтың ішкі жағдайын
көрсетеді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Есім ханның тұсындағы хандықтың ішкі жағдайын сипаттап, кестені толтырыңыз.
Қазақ хандығы
Есім хан
Тұрсын хан
астанас
ы
Қатаған қырғыны себепті орын алды?
Есім ханның мемлекетті нығайтудағы басты іс-әрекетін атаңыз
Дескриптор Білім алушы
-Есім хан тұсындағы Қазақ хандығының астанасын
анықтайды;
-Тұрсын ханның өзін хан деп жариялап, астана атаған
қаласын анықтайды;
-Қатаған қырғынының себептерін анықтайды;
- Есім ханның мемлекетті нығайтудағы басты іс-әрекетін
анықтайды.
36
Тақырып Есім хан билігі кезіндегі Қазақ хандығының бірлігінің нығаюы
Оқу мақсаты 6.3.2.6 Қазақ хандарының сыртқы саясатын анықтап,
нәтижелерін талдау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Есім ханның сыртқы саясатының басты бағыттарын
анықтап, Есім ханның саясатына баға береді
Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі
Тапсырма
Есім ханның сыртқы саясатының басты бағыттарын анықтап, Есім ханның саясатына баға беріңіз.
басты
бағыттары Есім ханның сыртқы саясаттағы
Орта Азия билеушілерімен
_________________________
Қарақалпақтармен
___________________________
_
Ойраттармен
____________________________
__
Есім ханның саясатына баға беріңіз
Дескриптор Білім алушы
Есім ханның Орта Азия билеушілерімен қарым-қатынасын анықтайды;
Есім ханның қарақалпақтармен қарым-қатынасын анықтайды;
Есім ханның ойраттармен қарым-қатынасын анықтайды;
Есім ханның саясатына баға береді.
37
Тақырып Жәңгір хан және қазақ-жоңғар қарсылығы
Оқу мақсаты 6.2.2.3 Көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығының жағдайын
көрсетеді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Жәңгір хан тұлғасы және Орбұлақ шайқасы туралы алған біліміңізді пайдаланып, мына тапсырманың бірін орындаңыз:
Орбұлақ шайқасындағы басты оқиғалар және оның тарихи маңызы туралы ой-толғау жазыңыз.
Орбұлақ шайқасы туралы сурет салып, оның мәнін ашатын түсіндірме жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы
Орбұлақ шайқасындағы басты оқиғалар және Оның тарихи маңызы туралы ой-толғау анықтайды;
Орбұлақ шайқасының барысы туралы сурет салып, оның мәнін ашатын түсіндірме береді.
38
Тақырып Жәңгір хан және қазақ-жоңғар қарсылығы
Оқу мақсаты 6.3.2.7 Орбұлақ шайқасындағы қазақ жасағының әскери
өнердегі шеберлігі мен ерлігін бағалау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қазақ жасағының әскери өнердегі шеберлігі мен
ерлігіне баға береді
Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі
Тапсырма
Суретті, картаны және өз біліміңізді пайдаланып, Орбұлақ шайқасында жеңіске жетуге мүмкіндік берген Жәңгір ханның қолбасшылық қабілетіне баға беріңіз.
Орбұлақ шайқасы. Суретші Т. Асықов
Қолбасшылық қабілеттері
Жәңгір хан
(Пікіріңізді дәйектермен дәлелдеңіз)
Қорытынды ой
Дескриптор
Білім алушы
-Жәңгір ханның қолбасшылық қабілеттеріне баға береді;
-Жәңгір ханның тұлғасына баға береді.
39
Тақырып Тәуке хан тұсындағы қазақтардың қоғамдық-құқықтық жүйесі
Оқу мақсаты 6.3.1.10 Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін
анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тәуке ханның ішкі және сыртқы саясатына анықтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Тәуке ханның мемлекетті өркендетудегі рөлін сипаттап, Жеті жарғы заңдар жинағы бойынша кестені толтырыңыз.
Жеті жарғы заңдары
Заңның сипаттамасы, неліктен осындай
заң қабылданды?
Мемлекет ішінде жазықсыз кісі
өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын
Өреде тұрған,тұсаулы жүрген сәйгүлік
атты ұрлаған кісіге өлім жазасы
бұйырылсын
Төбелесте мертігудің түріне қарай
төмендегіше мүліктей құн төленсін:
а)біреудің көзін шығарған кісі айыпқа
қызын береді, ал қызы жоқ болса қыздың
қалыңмалын береді.
ә)төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі
айыпқа ат береді
Түркі халқының мүддесін сатып, елге
опасыздық еткендер өлім жазасына
бұйырылсын
Дескриптор Білім алушы
Жеті жарғы заңдарына сипаттама береді;
Жеті жарғы заңдарының қабылдану себептерін көрсетеді.
40
Тақырып Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы
Оқу мақсаты 6.3.1.11 Қоғамдық-саяси өмірдегі сұлтан, би, батыр,
жыраулардың қызметтерін сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың
қызметін анықтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Төменде берілген әлеуметтік топ өкілдерінің қызметі мен қоғамдағы ролін сипаттаңыз.
Әлеуметтік топ
Қызметі мен қоғамдағы ролі
өкілдері
Сұлтан
Би
Батыр
Жырау
Дескриптор Білім алушы
Сұлтанның қызметі мен қоғамдағы ролін сипаттайды;
Бидің қызметі мен қоғамдағы ролін сипаттайды;
Батырдың қызметі мен қоғамдағы ролін сипаттайды;
Жыраудың қызметі мен қоғамдағы ролін сипаттайды.
41
Бөлім
XVI - XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет
Тақырып
Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы
Оқу мақсаты
6.4.1.2
Көшпелілердің
дәстүрлі
шаруашылығының
ерекшеліктерін анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының маңызын көрсетеді
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Төрт түліктің ерекшелігін және көшпелілер үшін маңызын жазыңыз.
Төрт түлік
Көшпелілер үшін маңызы
Дескриптор Білім алушы
-Қойдың көшпелілер өміріндегі маңызын анықтайды;
Сиырдың көшпелілер өміріндегі маңызын анықтайды;
Жылқының көшпелілер өміріндегі маңызын анықтайды;
Түйенің көшпелілер өміріндегі маңызын анықтайды;
42