Жәнібек Тархан Қошқарұлы, Шақшақ Жәнібек (1693 - 1752 жылы Қостанай облысында Жангелдин ауданы Тосын құмы) - қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің қаһарманы

Скачать



Жәнібек Тархан Қошқарұлы, Шақшақ Жәнібек (1693–1752 жылы Қостанай облысында Жангелдин ауданы Тосын құмы) -қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің қаһарманы. Орта жүз құрамындағы арғын тайпасынан шыққан. Атасы Шақшақ Аманжолұлы Еңсегей бойлы Ер Есім атанған атақты Есім хан қолбасшыларының бірі болған Жәнібек Тархан 1710 жылы он жеті жасында Тәуке ханның қолымен бірге жауға шығып, жекпе-жекке қалмақтың бас батырын өлтірген. Абылай ханның тұсында қол бастап, ханның негізгі кеңесшісінің бірі болған, ел басқару және мемлекет аралық қатынастарға белсене араласқан.1717 жылы Аягөз маңындағы шайқаста 24 жасында қол бастап, ерлік көрсеткен. 1723 жылдан бастап Жәнібек Тархан жағынан, Кіші жүз жасақтарына көмектесіп Еділ қалмақтарымен, екінші жағынан, Бөгембай, Қабанбай, Малайсары, Райымбек, Өтеген батырлармен бірге оңтүстікте жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беріп отырады. 1726 жылы Ордабасындағы ұйғарымнан кейін құрылып, Сарысу өзенінің Бұланты саласының бойында жоңғарларға ойсырата соққы берген біріккен қазақ жасағының құрамында Орта жүз әскерлерінің ең ірі қолын Жәнібек Тарханг басқарған. Ел жадында сақталған аңыз әңгімелер бойынша, Төле бидің түйесін бағып дүрген Сабалақтың (болашақ Абылай ханның) Ташкентті билеген Уәли сұлтанның баласы екенін алғаш жария еткен де, Абылай хан тағына отырғанда оған бата берген де Жәнібек Тархан болған. Ол 1740–1741 жылдары жоңғар қоңтайшысының тұтқынындағы Абылайды құтқарып алуда да ерекше мәмлегерлік шеберлік танытқан. Орынбор комиссиясының бастығы И. И. Неплюевпен арадағы қатынасын ұтымды пайдаланып, жоңғар қоңтайшысының арнаулы елшілік шығартқан, бұл іске Әбілмәмбет, Әбілқайыр хандары да араласып, ақыры Абылайды басқа адаммен аманатқа ауыстырып алған. Жәнібек Тархан 1732 жылы жеті мың қолдық жоңғар әскерлері Орта жүзге шабуыл жасағанда қазақ әскерлеріне басшылық еткен.
Жәнібек Тархан бастаған қазақ жасақтары саны жағынан анағұрлым басым басқыншыларға тойтарыс береді.
Бірақ үздіксіз шапқыншылықтан әбден титықтаған Қазақ елі Ресей патшасынан көмек сұрауға мәжбүр болды. Жәнібек Тарханның қазақ даласының тұтастығы мен елінің еркіндігі жолындағы саяси күресінің елеулі белестері осы кезеңде басталды. Абылай хан да, Жәнібек Тархан да Ресей мемлекетінің қазақ жеріне бекіністер салуына үзілді-кесілді қарсы шыққандарына қарамастан 1740 жылы шекара комиссиясының бастығы В. А. Урусовпен қазақ-орыс сауда қатынасын орнатуға, саяси байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздерге қатысқан. Ресей әкімшілігі Орта Азиядан Орынборға қатынап тұрған сауда керуендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, Жәнібек Тарханға жүктеген. Кейін Жәнібек Тархан Абылай сұлтан, Әбілмәмбет хан, Қабанбай, Бөгенбай батырлармен бірге Орта жүздің Ресейдің қол астына өтуін ресми тіркеген құжатқа қол қойды. Осы тұста, 1743 жылы 11 шілдеде Ресей патшайымы Елизавета Петровнаның жарлығымен Қошқарұлы Жәнібекке тархан атағы берілді. Орта жүз хандығының билігі Абылайдың қолына көшкеннен кейін Жәнібек Тарханның өкілдігі де жоғарлады. Ш. Уәлихановтың пікірінше, Жәнібек Тархан көп тыңдап, аз сөйлейтін, ердің құнын екі ауыз сөзбен шеше алатын әділ де шешен адам болған. Жәнібек Тарханның үлкен бәйбішесі- Тұрсынбай датқаның қызы, екінші әйелі-Әйтеке бидің қызы, үшіншісі- қалмақ ханның қызы, кіші әйелі- Қосым батырдың қызы. Бұлардан тараған Дәуітбай, Жауғашар, Ақпанбет, Тоқпанбет, Деріпсалы, Тоқтамыс ұрпақтары қазіргі уақытта, негізінен, Қостанай облысы Жангелдин ауданыда тұрады. Жәнібек Тарханның мәйіті Түркістанға жеткізіліп, Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне жерленген. Батыр есімі Бұқар жырау, Тәттіқара ақын, Абыз әулие жырларда кездеседі. Халық ақыны Иманжан Жылқайдаровтың жырларында бізге жеткен Шақшақ Жәнібек батыр жырында, Көкбайдың Абылай дастанында Жәнібек Тарханның ер тұлғасы нанымды сомдалған. 1993 жылы Арқалық қаласында ескерткіш орнатылған.

Санат: KZ портал Қазақша Рефераттар жинағы


Скачать


zharar.kz