Кеңес әскері қатарына 1942 жылы шақырылды

Скачать

Чигадаев Петр Васильевич (1923, Қостанай облысы Қарабалық ауданы Боскөл ауылы - 26.2.1982, Меңдіғара ауданы Боровской кенті) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сержант, өздігінен жүретін қарулы қондырғының командирі. Орыс. Кеңес әскері қатарына 1942 жылы шақырылды. Украина, Молдова, кейіннен Румыния, Венгрия, Австрия жерлерін азат етуге қатысты. 1944 жылдың 20 тамызында 2-Украина майданының тобы жау бекінісін Яссы қаласы тұсында бұзып өтті. 6-армияның танкішілері дұшпанның үшінші алаптағы қорғаныс шебіне шықты.
Жау ұрысқа өз резервінен үш дивизия қосып, Кеңес әскерлерін Бахлуй өзенінің сырт жағына шығарып тастамақ болды. Бахлуй өзенін кешіп өтушілер сапында Чигадаев та болды. Холл станциясына басып кірген Чигадаев өзінің жауынгер достарымен бірге танкіге қарсы ататын төрт зеңбіректі, алты пулеметті, жүзге тарта жау басқыншыларын жойып жіберді. Келесі бір шайқаста Чигадаев Румыния жеріне бойлап еніп, Текун маңында Серет өзенінен өтті. Чигадаевқа алға өтіп барып көпірді басып алуға бұйрық берілді. Мөлшерлі жылдамдықпен әрі оқты үздіксіз жаудыра отырып, өздігінен жүретін зеңбірек оғының қалқалауымен саперлер көпірді минадан тазарта бастады. Осының нәтижесінде жаудың үш танкісі жойылып, артиллерия мен миномет батареяларының үні өшірілді. 17 автокөлік өртеніп, 100-ден астам жау жойылды. Осындай ерен ерліктері үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Чигадаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілд".


Скачать


zharar.kz