Мал етінің құрамында адам организміне қажетті органикалық заттар түгелдей бар және ол оңай сіңімді күйінде кездеседі

Скачать



Мал етінің құрамында адам организміне қажетті органикалық заттар түгелдей бар және ол оңай сіңімді күйінде кездеседі.

Малдың еттілігін мына төменгі көрсеткіштер арқылы бағалайды: тірілей салмағы, сыртқы дене пішіні, тәулігіне қосатын салмағы, тез жетілгіштігі, сойыс салмағы мен оның шығымы, ұшасының салмағы мен шығымы, ұшасының морфологиялық құрамы, сұрпы етінің химиялық және биологиялық құрамы, еттілік коэффициенті, азықты өтеу қабілеті, т.б.

6.1. Малдың нақтылы ет өнімі, негізінен сойғаннан кейінгі алынған ұшасының салмағы мен оның сапалық көрсеткіштері арқылы сипатталады. Ұшаның құрамына қоректік қасиеті әр түрлі ет, май, сүйек және дәнекер тканьдары мен шеміршек, сіңірлері кіреді. Ұшаның құрамында шеміршек пен сүйек аз болса, майлы сүрпы ті көп болса, соғұрлым оның қоректілігі күшті, нәрлілігі мен сіңімділігі жоғары болады.

Малдың еттілік қасиеттерін тірі кезінде және сойғаннан кейін тексеріп, бағалайды. Малдың тірі кезінде еттілік қасиеттерін ауық-ауық слмағын өлшеу, соның деректері бойынша тәулігіне қосатын салмағын есептеу арқылы бағалайды.

Сонымен қатар малдың еттілік қасиетіне, оның сырт пішініне, үлкен-кішілігіне қарап, толық бағалауға болады. Малдың еттілік қасиетімен тығыз байланысты дене биіктігі мен тұрқының ұзындығы, кеуде орамы, жалпақтығы мен кеңдігі, бөксесінің орамы сияқты дене мүшелерінің өлшеулерімен қатар көзбен де бағалау қолданылады.

Малдың еттілік қасиетіне баға бергенде, оның қоңдылығына көп көңіл аударылады. Бұны малдың май жиналатын мүшелерін – құйрықтың түбін, төсті, шабынын, белін, арқасын, мықымын және қабырғасын – қолмен ұстап көріп, бағалайды.

Қазіргі жағдайда малдың тірі кезінде еттілік сапасын, қоңдылығын, май және ет қабатын батарея арқылы жұмыс істейтін лииметр, полномиометр деген құралмен анықтайды. Бұлардың бәрінен де ультрадыбысқа негізделген құралдардың келешегі мол. Қазірдің өзінде Дон-2, ТУК-2, ОУ УКН-5, УЗБЛ-2 маркалы құралдар жиі қолданылады.

Малдың тірісінде қолданылатын әдістердің барлығы да оның еттілік қасиетін, әсіресе сапасын жобалап қана анықтауға мүмкіншілік береді. Нақтылы деректер арқылы қорытынды шынайы баға тек малды сойғаннан кейін беріледі.

6.2. Сойыс салмағына, сойылған малдың қаны ағызылып, басын терісін құйрығын, өкпе-бауырын, шек-қарнын, сирағын алып тастағаннан кейінгі қалған таза еті (ұшасы) мен майы кіреді. Сойыс салмағының малды сояр алдындағы тірілей салмағына процент есебімен алынған қатынасын сойыс салмақ шығымы деп атайды. Таза етінің сояр алдындағы салмағына қатынасын ет түсімі (шығым) деп атайды. Ұшаның сапасын оның салмағына, түріне, сұрпы етімен сүйек, шеміршек қатынасына, химиялық және биологиялық құрамына қарап, бағалайды.

6.3. Малдың еттілігін сипаттағанда, оның еттілік коэффициентін анықтайды. Ол үшін сұрпы етінің салмағын сүйек пен шеміршектің салмағына бөледі.

Еттілік бағытындағы мал тұқымдарынан, мысалы, сиыр, сойыс салмағының шығымы 68-70%-ке дейін, сүтті-етті тұқымдарынан – 55-60%, таза сүтті тұқымдарынан – 45-60% болады.

6.4. Малдың қосатын салмағының әрбір килограммына сәйкес келетін азық ретінде жұмсалған жем-шөптің өлшемі (к.ед.) мөлшерімен азықты өтеу қабілеті бағаланады.

XIV – тапсырма. Төменде келтірілген 11-кестедегі көрсеткіштерді пайдаланып, қара-ала сиыр тұқымының өгізшелерінің әртүрлі дәрежеде азықтандырылғанда алынатын сойыс салмағын, сойыс шығымын, сұрпы ет-майының шығымын, сүйек пен шеміпшек шығымын, еттілік коэффициентін және азықты өтеу қабілетін анықтау қажет.

Әр дәрежеде азықтандырылғанда қара ала тұқымды өгізшелерді ет өнімін алу үшін ұтымды өсіруін анықтау қажет.

Санат: KZ портал Қазақша Рефераттар жинағы


Скачать


zharar.kz