Омонимдер (сырт формасы, дыбыстық құрамы бірдей, бірақ білдіретін мағынасы әр түрлі сөздер) жеке тұрған қалпында стиль түрлерінің жалпы қайсысында да қолданыла береді. Омонимдерді қатар алып, қабаттастыра қолдануға келгенде, стиль түрлерінің бәрінен мұндай ерекшелік байқалмайды. Оларды бір контексте, не бір сөйлемнін. өзінде дәл осылай өз ара жарыстыра пайдалану кө-бінесе публицистикалық стиль мен сөйлеу, көркем әдебиет стиль-дерінен айқын көрінеді.
Омонимдердің әдеби шығарма стиліндегі көркемдік қызметі әр түрлі. Бұл — әрбір жазушының шеберлігімен байланысты құбылыс. Бірақ көркем әдебиет стиліндегі омонимдер мен сөйлеу стиліндегі омонимдерді бір-бірінен ажыратуда біраз қиындық бар. Себебі, көркем әдебиет стилінде қолданылатын омонимдердің көпшілігі — күнделікті сөйлеу стилінде әбден қалыптасып, жалпы халықтық сипат алып кеткен сөздер. Ал бұлардан басқа, көркем әдебиет стиліне бейім тұратын омонимдердің қашан да контекстік сипаты басым болып келеді. Сырт тұлғасы бірдей, екі сөздің өз ара омонимдік қатынасы белгілі бір контекс ішінде ғана байқалады. Мысалы: Қара түнде қара баспаса, Ертісті арлы-берлі кезген қайықшыны қашан көрдің (М. Әуезов). Мысалдағы түсмәніндегі қара сын есімі әдебиеттегі албасты мағынасындағы қара сөзімен омонимдік сипат алып тұр. Бірақ қара сөзі осы контексте ғана омоним бола алады.— Қара қасқа кедей болсам да, қара ниет болмаспын деуші ең. Жамандық сенің жатың еді. Қасиетің сол еді. Сен қартайған шағыңда бізді қара басайын деді ме (М. Әуезов). Мұндай, контекстік (стильдік) омонимдер ақын, жазушыларда біркелкі бола бермейді. Өйткені жоғарыдағыдай контекстік омо-нимдердің көркем әдебиет стиліндегі колданылуы автордың сөз қолдану шеберлігімен байланысты.
Аяғыңды аңдап бас, ей Жақсылық!
Өз басыңда жының бар бір бақсылық,...
Қарсақ жортпас кара адыр,
Қарамай неге шабасың...
Бір атқа жүз құбылған, жүзі күйгір1 (Абай)
Қызған жанға жану деген сөз емес (Сағди)
Туғандай еді әдет арнап шешесі
Жандырсын деп, жігіт жанын өртесін (сонда).
Суы молдыгына және ақ от, қара отына қарап қоныс етеді (М. Әуезов). Кәрлі көздерін бір түйреп қалып, қат-қабаттап өрген темір сымдай шор саусақтарын тоса берген кәрің, ұстасса-ақ ай-
1 Осы жолдары алдыңғы жүз — сан есш, кейінп жүз — ар, ұят мағынасында қолданылып тұрған зат есім. Демек бұлар омонимдер Қазақ тілінде дыбыстык. құрамы, яғни сырт түлғасы осылармен бірдей, бірақ мағынасы басқа және бір сөз бар Ол — кіші жүз, орта жүз, ұлы жүз дегендердеп жүз Мұның, мағынасы жөнінде айтылып жүрген пікір әр түрлі Ал, бұл сөз жайлы біздің ойымыз ол пікірлерден өзгерек Мысалы, А Габәннің неміс тілінде жазылған Көне түркі грамматикасында (Леипциг, 1950 357 бет) жүз деген жеке-жеке үш омоним қатар келтіріледі Бұл үшеуінің соңғысы звено (цепи), колено, поколение (“Глиед”) мәніндеп сөз екен Көне түркі тіліндегі осы сөз тува, хакас тілдерінде казір дыбыстық құрамы жағынан сәл басқашарақ болып, яғни чүс түрінде “сустав” мағынасында айтылады, ал алтай тіліндегі “йүстүк” “кольцо” мәнінде колданылады (В И Рассадин. Фонетика и лексика тофаларского языка Улан-Уде, 1971, 199) Міне, осы деректерге сүйене отырып, Қазақ тіліндегі әлгі кіші жүз, орта жүз, ұлы жүз дегендердегі жүз сөзі ұрпақ, буын деген мағына білдіреді демекпіз Екіншіден, Қазақ тіліндегі бұл буын, ұрпақ мағынасындағы жүз сөзі — сонау, көне түркі заманынан келе жатқан құбылыс. ырғакда, ұйқасқа құрылған. Мысалы: сабыр түбі — сары алтын, сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа, қысыла-қысыла қыз болдым, айтпа, айтқаныңнан қайтпа, аманат, аманатқа қылма қиянат т. б.
Фразеологизмдердің өлең тәрізді осындай ырғаққа, ұйқасқа құрылуының өзі кездейсоқ емес. Тұрақты сөз тіркестерінің ұмы-тылмай ұзақ жылдар “өмір сүру” сырының өзі осы ырғақ пен ұй-қасқа құрылуында болу керек. Өйткені ырғақ, ұйқасқа құрылған мақал-мәтелдер мен шешендік нақыл сөздер белгілі бір қалыпта айтылып көңілге қонымды, жаттауға оңай келеді. Бұл жалпы фра-зеологияның табиғатына тән қасиет.
Жоғарыда келтірілген фразеологиялық бейнелік мәнерлегіш тәсілдердің барлығы да дайын тілдік единица ретінде жұмсалады.