Менің сыныбым екінші қабатта

Скачать

Мектеп - оқушыларға білім мен тәрбие береді. Біздің мектеп екі қабатты. Менің сыныбым екінші қабатта. Мен 3-сыныпта оқимын. Сыныпта 18 оқушы бар. Олар бір-бірімен тату-тәтті. Мектебімізде көптеген мұғалімдер ұстаздық етеді. Сүйікті ұстазым - Аманиязов Даурен ағай. Ал директорымыз - Жандос Елпашұлы. Ол ақылды басшы. Мен күнде бестік баға аламын. Өз мұғалімімді сыйлаймын, оны жақсы көремін. Алғашқы білімнің бастауы Әліппені бетін ашып, әріп танытып, сауатымызды ашып, өмірдің қыр-сырын білуге танытқан ұстазыма шексіз ризамын. Оның әрбір айтқан ақыл сөзі мен үшін үлкен сабақ. Жарқын болашағымның бастауы, жігерлендіріп алға қарай жетелейді деп білемін. Сондықтан мектебім - екінші үйім.


Скачать


zharar.kz