Балаларды мадақтау

Скачать

Ембі қаласы,
Достық балабақшасының
тәрбиешісі Г. Агайдарова

Тақырыбы: Жайнай берсін, Астана!
Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру.
- Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой - өрісін, қимылын ұштау.
- Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қ. Р - ның рәміздері, Астана қаласының ғимараттары.
Әдісі: Әңгімелесу, сұрақ - жауап.
Жүргізуші: Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, қонақтар!
- Сіздерді салтанатты мереке Астана күнімен құттықтаймыз!

Жылулық шеңбері: Ал, енді балалар бәріміз бір - бірімізбен сәлемдесіп алайық.
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Жер ана!
Амансың ба, Астана!
Келдік саған қуана!

- Балалар, енді бүгінгі күнімізге сәттілік тілей отырып, жылы лебіздер айтайық.
Деніміз сау болсын!
Күніміз күлімдесін!
Еліміз аман болсын!
Ата - анамыз қасымызда болсын!
Бәріміз дос болайық!
Бәріміз бақытты болайық!
Аспанымыз ашық болсын!
Әнұран орындалады.

- Кәне, балалар отырайық. Біз бүгін Отан туралы әңгімелесеміз. Балалар Отан деген сөзді қалай түсінеміз?
Балалар: туған жерім, атамекенім, отбасым, халқым.
- Дұрыс балалар, Отан дегеніміз біздің еліміз, туған үйлеріміз, өзіміз туып өскен жеріміз.
- Біздің Отанымыз - Қазақстан. Қазақстанды Отанымыз дейтін себебіміз, бұл жерде ата - бабаларымыз тұрған, енді сол жерде біз тұрамыз. Адал адам Отанын сүйеді. Адам жүрексіз өмір сүре алмайтыны сияқты, Отансыз да өмір сүре алмайды. Біздің мемлекетіміз Қазақстан Республикасы, ұлтымыз - қазақ.

- Балалар, Қазақстан Республикасының президенті кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
- Біз қай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақстан Республикасы
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай?
- Қазақ тілі
- Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады? Соның ішінде қандай ұлт өкілдерін білесіңдер?
- Орыс, өзбек, түрік, қытай.
- Мемлекеттік рәміздерімізді кім атап береді?
- Әнұран, ту, елтаңба.
- Ел ордамыз қай қала?
- Астана.
- Балалар, бүгін бас қаламыз - Астананың туған күні!
Тақтада ілулі тұрған суреттермен таныстыру.
Балалар, мынау Қазақстанның бас ордасы - Астана. Ол жаңадан бой көтеріп келе жатқан жас қала. Ал мынау - Ақорда үйі. онда біздің елімізді басқаратын президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев отырады. Мынау - Бәйтерек. Ол өте биік, оның биіктігі 105метр. Мұнараның жоғары жағында шыныдан жасалған алтын шар бар. Мұнараның жоғарғы жағына көтерілсек, Астана қаласы толығымен көрініп тұрады.

- Астана күні мерекесіне арналған Балдырған тобының тақпақтарын тыңдайық.
Арайлым: Алтын заңның аясында,
Құлпырамыз бәріміз.
Отан ана аясында,
Жарқыраймыз күн болып.

Бағлан: Қадамың бар баспаған,
Асуың бар аспаған.
Халқым жетсін мұратқа,
Ей, бас қалам - Астанам.

Айша: Шырқап көкке аспан ән,
Болашаққа бас қадам.
Қазақ рухын биіктет,
Ей, бас қалам - Астанам.

Камила: Отан тарих, Отан - тіл,
Жасаған елім өз халқым.
Асылым: Көк байрағы бабамның,
Бүгінгі ұрпақ алауы.
Тірегі әке баланың,
Қазақстан жалауы.

Жансерік: Желбірейді шалықтап,
Қазақстан жалауы.
Көкте қыран қалықтап,
Қанат қағып барады.
- Өте жақсы, балалар!
- Келесі кезекті Айгөлек тобының биші қыздарына береміз.
Қазақ биі.
Балапан тобының балаларының тақпақтары:

Нұрхан: Астана - арман қала,
Бағы бір жанған қала.
Тұрады ол жап - жас болып,
Мен үлкен болғанда да.

Нұрасыл: Жаңа қала, жас қала,
Болды бүгін бас қала.
Ол - сүйікті қаламыз,
Алып қала Астана.
Ардақ: Жүрегі елімнің,
Астана - бас қала.
Әлемге көріндің,
Ұқсамай басқаға.

Мейірімжан: Ел ордам менің - Астанам,
Осында жаңа бастама.
Меруерт: Сәулетті зәулім үйлер көп,
Көрікті сондай жас қалам!

- Өте жақсы, балалар! Енді балалар орнымыздан тұрып, сергіту жаттығуын жасайық.
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.

Айгөлек тобының балаларының тақпақтары:
Меруерт: Гүл жайнаған Астана,
Қазақсан отаны,
Бірін - бірі сыйлаған.
Туысқандар отаны.

Бекұлан: Астана - арман қала,
Бағы бар жанған қала
Тұрады ол жап - жас болып,
Мен үлкен болғанда да.

Азиз: Жаса - жаса Астанам,
Өркен жая бастаған.
Болашақтың есігін,
Өз қолыңмен аш маған.

Хор: Отан.
- Балаларды мадақтау. Қонақтармен қоштасу.
- Сау болыңыздар!


Скачать


zharar.kz