Әкімшілік-құқықтық қатынастар құқықтық қатынастардың бір түрі болып табылады. Оларға қандай да болмасын құқықтық қатынастардың барлық негізгі белгілері тән, атап айтқанда, құқықтық норманың біріншілігі, соның арқасында құқықтық қатынас тиісті құқықтық норманың тиісі қоғамдық қатынасқа, оған заңдық нысан беретін, реттеушілік ықпал жасауының нәтижесі; осы қатынас тараптарының іс-қимылдарын (мінез-құлықтарын) құқықтық нормамен реттеу: құқықтық нормамен белгіленетін құқықтық қатынас тараптарының өзара міндеттері мен құқықтарын сәйкестендіру (корреспонденциялау) және с.с.
Сонымен, әкімшілік-құқықтық қатынастар - бұл әкімшілік құқық нормаларымен реттелінген басқарушылық қоғамдық қатынастар, ондағы тараптар әкімшілік-құқықтық нормалармен тағайындалған және кепілденген өзара байланысты міндеттер мен құқықтарды иеленуші болып табылады.
Бұл құқықтық қатынастардың қатысушылары (тараптары) мыналар болуы мүмкін: Қазақстан Республиксының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар;
мемлекеттік ұйымдар: атқарушы билік (мемлекеттік басқару) органдары: мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер; мемлекеттік емес ұйымдар; қоғамдық бірлестіктер (партиялар, одақтар т.с.с); еңбек ұжымдары; жергілікті өзін-өзі басқару органдары; коммерциялық құрылымдар; жеке кәсіпорындар мен мекемелер.
Әкімшілік-құқықтық қатынастар тараптардың қайсысының болса да - басқару органының, азаматтың және сол сияқты басқалардың - ынтасы бойынша пайда болады. Бірақ екінші тараптың келісім немесе тілегі олардың пайда болуына барлық жағдайларда міндетті шарт емес. ол екінші тараптың тілегіне қарамастан немесе оның келісімінсіз де пайда болуы мүмкін. Бұл белгі оларды азаматтық-құқықтық қатынастардан ерекшелейді.
Тараптардың арасындағы әкімшілік-құқықтық даулар, қағида бойынша, әкімшілік тәртіппен, яғни өкілетті басқару органының немесе лауазымды адамның тікелей заңдық биліктік және біржақты өкім ету жолымен шешіледі.
Әкімшілік-құқықтық нормалардың талаптарын әкімшілік-құқықтық қатынастар тараптары бұзған жағдайда құқықтық қатынастың бір тарабының жауапкершілігі екінші тараптың алдында емес, мемлекеттің, оның атынан уәкілдігі бар тиісті органның (лауазымды адамның) алдында пайда болады.
Әкімшілік-құқықтық қатынастардың түрлері. Әкімшілік-құқықтық қатынастарды әртүрлі белгілері бойынша түрлеп топтастыруға болады. Бұлардың ішінде олардың қатысушыларының өзара қатынасының заңдық сипаты бойынша топтарға бөлудің ерекше назар аударарлық маңызы бар. Осы белгіге сәйкес тіке және көлбеу құқықтық қатынастар бөлінеді.
Тіке әкімшілік-құқықтық қатынастар әкімшілік-құқықтық реттеудің және мемлекеттік басқару қызметіне тән басқарудың субъектісі мен объектісінің арасындағы бағыныстылық байланыстардың мәнін едәуір мол дәрежеде білдіреді. Бұл ылғи да биліктік қатынастар деп аталатынның дәл өзі. Олар біріне-бірі бағынысты тараптардың арасында пайда болады, бұл азаматтық-құқықтық қатынастардан айыратын басты белгі, оларда тараптардың тепе-теңдігі болмайтынын дәлелдейді. Шындығында тіке қатынаста бір тараптың заңдық-биліктік өкілеттіктері болады, басқа тарапта олар болмайды, мысалы, азаматта немесе олардың көлемі аз болады (мысалы, басқарудың төменгі органында).
Көлбеу әкімшілік-құқықтық қатынастар болып, солардың шеңберінде тараптардың шындығында және заңды түрде тең құқылы болатындығы танылады. Оларда, осыған сәйкес, бір тараптың екінші тарапқа міндетті болатын заңдық-биліктік өкімі болмайды.
Көлбеу қатынастары мемлекеттік басқар саласында, тікелік қатынастар сияқты, соншалықты кең қолданылмайды.