Төсек режимін қатал сақтау

Скачать

Тромбоцитопеняилық пурпура (Верльгоф ауруы) - көбіне еркек балалар ауырады.
 
   Себебі: қандағы тромбоциттер санының төмендеуімен байланысты сапасының өзгерістері.
 
Клиникалық айқындалуы:
 
1.         Тері астына қан құйылу, денесінде, аяқ-қолдарында көгерген жерлердің пайда болуы. Көгерген жерлердің көлемі және түсі әр-түрлі.
 
2.         Шырышты қабықтардан қан кету, көбіне мұрыннан.
 
3.         Көкбауырдың ісініп, үлкеюі.
 
Қанның жалпы анализінде-тромбоциттердің азаюы-тромбоцитопения.
 
Емдеу: гематологиялық бөлімде өткізіледі.Ауырған балаға төсек режимі тағайындалады. Жергілікті қан тоқтату шаралары және жалпы организмге ететін  емдеу-хлорлы кальций немесе кальций глюконаты, викасол, рутин, аскорбин қышқылы, аминокапрон қышқылы және т.б. Кейбір жағдайларда гармондар беріледі, спленэктомия өткізіледі
 
.Геморрагиялық васкулит (капилляротоксикоз, Шенлейн-Генох ауруы)-инфекциялық-аллергиялық ауру.
 
Себебі: аллергендердің қантамырларын көрсететін әсеріне байланысты капилляр қабырғасының қанөткізгіштігі өседі.
 
Клиникалық айқындалуы: ауру көбіне баспадан, тұмаудан 10-14 күн өткеннен кейін басталады. Баланың қолдарына, бөксесіне, балтырына, әсіресе буын тұстарына симметриялы орналасқан, майда сипағанда қолға білінбейтін теңбіл бөртпе шығады. Баланың іші бүріп қатты ауырады, буындары ісініп ауырсынуы мүмкін.
 
   Асқынуы-нефрит.
 
   Қанның жалпы анализінде-ЭТЖ жоғарылайды, нейтрофилез, эозинофилия.
 
   Емдеу:
 
Балаға 3-4 аптаға төсек режимі тағайындалады.
Тамақ құрамында ақуыздар мөлшері азайтылып, тамақ жұмсақ түрде беріледі.
Дәрі-дәрмектер:
А) антигистаминді терапия-супрастин, тавегил, диазолин т.б.
 
Б) қантамырлардың қабырғасын нығайтатын дәрілер-хлорлы кальций, кальций глюконаты, рутин, аскорбин қышқылы.
 
В) қанның ұюын азайту үшін-гепарин.
 
Г) симптомдық ем.
 
Д) керек болған жағдайда гармондар және антибиотиктер.
 
Күтімі:
 
Төсек режимін қатал сақтау.
Терісінің және шырышты қабатының жарақаттануының алды алу.
Нәжісінің және зәрінің түсін бақылау.
Баланы инфекциядан сақтау.
 


Скачать


zharar.kz