Менің Отаным, туған жерім – Қазақстан. Отбасым, достарым да Қазақстанда туып, өскен. Ата-бабам ежелден осы жерде өмір сүрген. Қазақстан – өте үлкен республика. Оның табиғаты алуан түрлі, жері бай. Мұнда жазық дала да, орман да, көл де, шөлді аймақ та бар. Қазақстанда әлемге әйгілі тарихи ескерткіштер, табиғаты көркем қорықтар, демалыс орындары көптеп кездеседі. Медеу мұз айдыны халқымыздың мақтанышы болып саналады. Талай қиындықтарды бастан кешкен қазақ халқы – бүгінгі күні егемендікке қол жеткізіп отырған ел.