Жаңа ғасырдағы білім берудегі оқытудың үрдісі
Биманова Ж.А.
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
№18 ОМ, Ақтөбе қаласы
Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында
Н.Назарбаев
Қазіргі заманда Қазақстанның өзіне ғана тән ұлттық сипаты бар білім беру жүйесін одан әрі дамыту,білім беру сапасында әлемнің басқада алдыңғы қатарлы беделді де,белді елдерімен қатар жұмыс жасау,бүкіл әлемдік деңгейге көтеру, білім беру ісінде әлеуметтік кеңістікке шығу алдағы тұрған міндеттер. Әлем елдерінің біразы бұдан 40-50 жыл бұрын игерген әдіс-тәсілдер мен озық технологиялар бұл күнде әрбір оқытушының басты құралы болып отыр.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің басты
міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтары,ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығудеп,білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру-маңызды мәселелердің бірі.
Мектептің есігін ашқан жас ұрпаққа адам бойындағы қасиеттерді қастерлеп, өмір талабына сай заңдылықтарды түсіндіру, үйрету. Әдептілік, имандылық, инабаттылық, мейірімділік, қайырымдылық, құндылықтары қалыптасқан халқымыздың асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың сана – сезіміне, ақыл – парасатына ұялата білу, рухани жаны таза адам болуға тәрбилеу. Бастауыш мектеп жасындағы баланы тәрбиелеу – жалпы тәрбие үрдісінің ең неізгі кезеңі. Тәрбие – бұл өмірлік шығармашылық.
Оқыту үрдісі педагогикалық үрдістің басты қараушысы болып табылады. Оқыту үрдісі мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеті негізінде оқыту мен оқудың бірлігін көрсетеді.
Қазіргі таңда оқыту:
- екі жақты сипатта;
- мұғалім мен оқушылардың бірлескен әрекеті;
- жоспарлы ұйымдастыру мен басқару;
- тұтастығы және бірлігі;
- балалардың жас ерекшелігіне сәйкестігі;
Мұғалім мен оқушының бірлескен әрекетінде мына кезеңдер айқындалады.
- оқушының оқуға қызығушылығын ояту;
- оқушының білім, білік, тәжірибесін айқындау;
- жаңа тақырыпты меңгеруін ұйымдастыру;
- өткенді пысықтау;
- оқытудың нәтижелілігін айқындау
Біздің басты мақсатымыз – білім сапасы. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге , оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Мұғалім тікелей оқыту мен тәрбиелеу үрдісіне жаңалықты енгізуші, оқушымен бірлесе жұмыс істейтін белсенді әрекет иесі. Сондықтан да, ол мектепке жаңалық енгізуде шешуші роль атқарады.
Ғалым педагог Л.В. Занков: Оқыту – оқушының рухани дамуын қамтамасыз етуі қажет, - дейді.
Көрнекті психолог Л.С.Выготский: Жақсы оқыту деп, ол баланың дамуына ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқуды айтады, - деп тұжырымдайды.
Бүгінгі таңда Қазақстанда Ш.Қаланованың, Ж.Қараевтің, Ш.Таубаеваның, Қ.Қабдықайровтың, С.Көшімбетованың ғылыми зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан 2030 Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады.Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр.Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы алға апаратын құдіретті күш –білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы-бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту-бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Педагогика технологиялар – бұл білімнің; басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.
Бүгінгі таңда П.М. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру (УДЕ) технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті – тұлғалық технологиясы В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модулбді оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал.
Қазақстанда Ж.А.Қараевтің, Ә.Жүнісбековтың,Жанпейісованың және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.
Дәстүрлі сыныптық – сабақ жүйесінің барлық элементерінің және сабақты құрастыру техноглогияларын қолданумен қатар, мұғалім келесі педагогикалық технологияларды пайдалана алады: Ойын технологиялары, проблемаларды оқыту, оқу зерттеуін ұйымдастыру технологиясы, жобалау әдісі, ақпараттық – комуникациялық технологиялар.
Осылардың ішіндегі оқытудың интерактивті әдісі.
Интерактивті сөзін ағылшын тілінен аударғанда бірлесіп әрекет жасау деген мағынаны білдіреді.
Білім берудегі интерактивтік технология -бірін-бірі толықтыратын және барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту технологиясы. Бұл сабақ барысында оқушының ұжымдық жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес.
Интерактивтік тақта –дегеніміз не?
Интерактивтік тақта (ИТ) – дәріскерге немесе оқытушыға екі түрлі құралдарды, атап айтқанда, ақпарат кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіріп қолдануға негізделген құрал
Интерактивтік технологияның жеделдетіп дамуына байланысты тақтаның түрлері де, оның типтері күннен күнге даму үстінде.
Оқытудың интерактивті әдісі.
Оқытудың тәжірбиелерді дамытуға бағытталуы .
Елде болып жатқан саяси, әлеуметтік, экономикалық және басқадай өзгерістер білім беру жүйесіне де әсерін тигізді. Бұл өзгерістер оқу орындарында жаңа пәндер енгізіп қана қоймай, дәріс беру әдістемесінің өзін өзгерту қажеттігін туғызды. Біздің еліміз дамудың демократикалық жолын таңдап алғандықтан қазіргі кезде шешім қабылдауға халықты тартудың да маңызы зор. Бұл аудиториядағы жұмысқа да қатысты: оқушылар сабақ кезінде мейлінше белсенділік танытуға тиіс. Міне оқушылардың сондай белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасайтын әдістемелік амалдарды көбіне интерактивті деп атайды.
Интерактивті оқыту әдістемесі.
Егерде сабақ үстінде оқушылар мен оқытушылардың арасында тығыз қарым-қатынас байқалса бұлайша оқытуды біз интерактивті деп атаймыз. Әдетте мұндай қарым-қатынас оқушылар әлдебір мәселені талқылап, соның шешімін табуға тырысқан кезде байқалады. Бұл жерде оқушылардың жауаптарынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңыздырақ. Себебі интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі сол- оқушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап таратуға үйрету.
Интерактивті әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды.
Оқу процесінің барысында оқушылар мыналармен қарым-қатынасқа түседі:
*оқытушымен (оқушылар оқытушының сұрағына жауап берген кезде);
*шақырылған адамдармен (немесе топ оқушыларының өздері әлдебір ұйымдар мен адамдарға баруы мүмкін);
*өзге оқушылармен (бірігіп жұмыс істеу барысында);
*шағын топтармен (3-5 оқушымен);
*оқушылардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас, топ болып әлдебір мәселені талқылау барысында);
*оқушылардың тобымен және халықпен (топ әлеуметтік сауалнама жүргізеді);
кейбір техника түрлерімен (мысалға компьютермен).
Топтың сандық құрамы оқудың немесе өзара қарым-қатынастың сапасын айқындамайды. Өзара қарым-қатынас әдісінің ерекшелігі- оқушы өзгелермен араласу барысында ашыла түсетін болады.
Әдебиеттер
1. Білім туралы. Қазақстан Республикасының заңы. Алматы. Литература,1999,96-б.
2. Қазақстан мектебі. № 11, 2004
3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030 (Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы) Алматы. Білім баспасы, 1998, 96 бет.
4. 12 - жылдық білім, №2 2007