Акросомалық реакция — ұрықтану кезеңінде сперматозоид басының жұмыртқа жасушасына жанасуы кезінде акросома қабықшасының еріп, акросомалық жіпшелердің жұмыртқа жасушасы қабықшаларына ену реакциясы. Электронды микроскопиялық зерттеуге дейін, "акросома ұрықтану процесі кезінде жұмыртқа жасушасы кабыкшаларын қандауыр тәрізді тесіп өтеді" деген жаңсақ ұғым болған. Шын мәнінде, жұмыртқа жасушасындағы ұрықтану төмпегінің пайда болуы осы акросомалық реакцияға байланысты