Азу тістер — тістің шығып тісеуі мен пішініне байланысты: алдыңғы азу тістер (премолярлар) және нағыз азу тістер (молярлар) болып екіге бөлінеді. Алдыңғы азу тістер (dentes praemolares; лат. dens — тіс; лат. praemolaris - алдыңғы азу) адам мен жануарлардың жоғарғы және төменгі тіс доғаларында (аркадаларында) күрек тістерден кейін орналасады. Нағыз азу тістер (лат. dentes molares) алдыңғы азу тістерден кейін, тіс аркадаларының шетіне қарай орналасады. Азу тістер тамақты (азықты) шайнап үсақтауға арналған, өте берік те, қатты ас қорыту мүшелері. Алдыңғы азу тістер адам мен жануарларда алдымен сүт тістері ретінде шығып, нәрестелер мен төлдерде біраз қызмет атқарып тісейді де, түрақты тіспен алмасады. Ал нағыз азу тістер түрақты тіс ретінде тек бір рет ғана шығады. Жыртқыштар мен талғаусыз (шошқа) жануарларда азу тістер — қысқасауытты, тақтұяқты және жұптұяқты жануарларда — ұзынсауытты тістерге, ал пішініне байланысты олар жыртқыштарда - тісше, талғаусыздарда - бұдырлы, тақ тұяқтыларда — қатпарлы, жұптұяқтыларда — айшықты тістерге жатады. Алдыңғы азу тістердің саны жануарлардың түрлеріне байланысты түрліше болып келеді. Ал нағыз азу тістер жануарлар жоғарғы және төменгі тіс доғаларының оң және сол жағында үш-үштен орналасады, тек жыртқыштарда ғана екі-екіден ғана болады