Менің кіндік қаным тамған жер Қаратау қаласы

Скачать

Менің кіндік қаным тамған жер Қаратау қаласы. Мен өз туған жерімді жақсы көремін. Менің туған жерім кенге бай. Мұнда Менделеев атамыздың химиялық элементтерін, айта кететін болсақ фосфор, мрамор, цемент, цианид  шығарады. Бізде шахта бар, онда руда шығарылады. Қаламызда таудың етегіне аппақ болып Қазыналы Қаратау - киелі өлке деген жазуды жай жазбаған. Егер мен басқа қалаға кетсем, туған жерімді қатты сағынатын едім. Басқа елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол демекші өз жерімде рахаттанып жүремін. Өзімнің туған жерімнің жусанының иісі қандай тамаша! Туған жер жүрегімде үлкен орынмен сақталады. Туған жер -  анаңдай, туған жер – әкеңдей. Туған жердей - жер болмас, туған елдей - ел болмас деп қазақ атам бекер айтпаған. Әрбір азамат өз туған жерін қадірлеу керек!


Скачать


zharar.kz