Жалған круп дауысы

Скачать

ммБалалардағы тыныс алу жүйесінің АФЕ-рі. Тыныс алу жүйесінің аурулары.
 
Балалардың тыныс алу жүйесінің АФЕ-рі
Ринит анықтамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі
Баспа анықтамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, алдын алуы.
Созылмалы тонзиллит анықтамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, алдын алуы.
Жалған круп анықтамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, көрсетілетін жедел жәрдем.
    Тыныс алу жүйесіне жоғарғы тыныс алу жолдары, төменгі тыныс алу жолдары және газ алмасу аппараты жатады.          Жоғарғы тыныс алу -мұрын, жұтқыншақ, кеңірдек.
 
            Төменгі тыныс алу жолдары-трахея, бронхтар.
 
            Газ алмасу аппараты-өкпе.
 
            Тыныс алу жүйесінің аурулары балаларда көп кездеседі, ол анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты:
 
            Мұрын. Мұрын кеңістігі балаларда жетілмеген және тар. Шырышты қабаты қабынған кезде ол ісініп, тыныс жолдары тарылып, демалысы нашарлайды, тыныс алуы нашарлап, ему қабілеті де нашарлайды.
 
            Көз-мұрын каналы кең, сондықтан мұрын инфекциясы коньюктива қапшығына жиі ауысып, коньюктивит дамиды.
 
            Жұтқыншақ-жіңішке және қысқа.
 
            Евстахиев каналы-қысқа және кең , нәрестелерде ересек балаларға қарағанда горизонтальды орналасқан және оның тесігі хоандарға жақын орналасқандықтан инфекция жиі барабан кеңістігіне ауысады.
 
            Көмекей жоғары орналасқан сондықтан нәрестелер жатып сұйық тамақты жұта береді. Тар болғандықтан қабынған кезде стенозға (тарылуға) әкеледі.
 
            Кеңірдек үлкендермен салыстырғанда кеңірек келеді. Шеміршектері әлсіз, тыныс алу бұлшықеттерімен жалғасқан. Сондықтан да осы бұлшықеттердің қатты қозғалысының әсерінен сырыл пайда болады, тыныс алуы қиындайды. Көбінесе экспираторлы ентігу дамиды.
 
            Бронхтар-жіңішке және иілгіш. Ерте жастағы балаларда кеңірдектің бронхтарға бөлінетін жерінің бұрышы бірдей, сондықтан бөгде заттар екі жаққа бірдей түседі. Сонымен қатар ерте жастағы балаларда бронхиальды ағаштың тазартылу қызметі толық орындалмайды.
 
            Өкпе-нәрестелерде толығымен жетілмеген. Өкпенің ұлпасы борпылдақ және эластикалық талшықтарға кедей, тамырларға бай. Осыған байланысты ерте жастағы балаларда өкпесі қанға бай және ауалы. Сурфактант жетіспеушілігіне байланысты ателектазға бейім. Сурфактант альвеолалардың ішкі қабатын астарлап жатады және олардың жабыспауын қадағалайды.
 
            Плевра-қан және лимфа тамырларына бай, кең және оңай созылады. Диафрагмасы жоғары орналасқан, сондықтан демалысы беткей болады.
 
            Тыныс алу жиілігі жасына байланысты:
 
ЖТБ-да минутына 40-60 рет.
 
1 жасында               35 рет
 
5 жасында               25 рет
 
10 жасында             20 рет
 
15 жасында             16-18 рет
 
 
Нағыз круп пен жалған круптың (стенозды ларингиттің) ажырату диагностикасы
 
 
 
Белгісі
 
Нағыз круп
 
Жалған круп
 
дауысы
 
Қарлығып, толық жоғалады
 
Қарлығуы тұрақсыз
 
Жөтелі
 
Құрғақ, ит ургенге ұқсас, дыбыссыз
 
Құрғақ, ит ургенге ұқсас, дыбысы сақтаулы
 
Бадамша безінде
 
Сұрғылт, қиын алынатын, алғанда орны қанталайтын қабыршық
 
Беткей, оңай алынатын іріңді шырыш
 
Мойын лимфа түйіндері
 
Екі жақта үлкейген, ауырсынуы әлсіз, теріасты қабатының ісінуі
 
Үлкейген, қатты ауырсынады, ісіну жоқ, жеке лимфа түйіндері пальпацияланады.
 
Стеноздың дамуы
 
Баяу дамиды, тыныс алуы шулы, ентігуге ауысады, өз бетімен басылмайды
 
Кенет түнде дамиды, өз бетімен басылады.
 
            Жалған круптағыстенозды ларингиттегі көрсетілетін жедел жәрдем
 
1.      Баланыңбасынжоғарысалуыңыз
 
2.      Қысатынкиімдерденбосатыңыз
 
3.      Таза ауаменқамтамасуетіңіз
 
4.      Қышақағазынбалтырғажапсырыңыз,ыстықаяқваннасынжасаңызэкссудаттыңтөменкетуінебайланыстыісінуіқайтады
 
5.      Ингаляция жүргізіңізэуфиллин,ассодасы,қақырықтүсіретіндәрілер дауысқуысыныңісінуінтөмендетеді.
 
6.      Бұлшықеткенемесекөктамырға лазикс 1-2мгкг1мл-10мг енгізіңіз
 
7.      Эфедрин 0,1млжастеріастынанемесебұлшықеткеенгізіңіз. Ауыржағдайдапреднизалонбұлшықеткенемесекөктамырғаенгізіңіз 3-5мгкг 1мл -30мг
 
8.      Оттегіберіңіз


Скачать


zharar.kz