Аталар аманаты

Скачать

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,
Абай атындағы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі
Каримова Айгүл Аманбайқызы

Тақырыбы: Ардың шыңы – Ата Заң
Мақсаты: 1. Балаларға Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету, өзіндік шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.
3. Құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Әдісі: Тренинг

Жүру барысы: І. Ұйымдастыру
Кіріспе әңгіме
Еліне арналатын тілегі шын,
Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп тұрған
Қадірін Ата Заңның білемісің?!,- деп ақын жырлағандай бүгін оқушыларымызға Ата Заңымыз туралы терең түсінік беру үшін тәрбие сағатымызды ата - аналармен бірлесе отырып тренинг түрінде өткізбекшіміз.
Сен шыр етіп дүниеге келдің. Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар.

Мемлекеттік гимн орындалады.

Айбыны асқақ, атағы әлемге мәшһүр, күн санап өсіп - өркендеп келе жатқан жас мемлекетіміз Қазақстанның Тәуелсіздігіне 22 жыл толып отыр.
Қаншама қиындық көрсе де, Қазақ елінің аумағында ғасырлар бойы шапқыншылық болып, астан - кестең оқиғалар мен өзгерістер орын алса да қазақтар, яғни, көне дәуірден бастау алған ата - бабамыз екі құндылықты мәңгілік сақтап қалды, ол Сөз құдіреті мен Заң құдіреті.
Ел басқарудың тамаша үлгілері біздің ата - бабаларымызда да болған. Қазақ тарихында Қасқа жол, Ескі жол, Жеті жарғы делінген заң үлгілері болған. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды. Ол 4 бөлім, 21 тараудан тұрды. Алайда уақыт өте келе бұл Конституция заманның талабына сай келмегендіктен, өзінің өмір сүруін тоқтатты.

Тренинг
Бүгінгі тәрбие сағатымызға өз ой - пікірлерін ортаға салуға ата - аналар мен олардың пікіріне сарапшы ретінде облыстық, аудандық ата - аналар комитетінің төрайымы, облысымызға танымал заңгер Сапарова Ұлмекен Қибатоллақызы қатысып отыр. Қош келдіңіздер!
- Оқушыларды 2 топқа бөлу.
- 3 - топ – ата-аналардан құралады.

І – бөлім Тәуелсіз елдің тұғыры – Ата Заң
1 - топ Қазақстан елі қандай ел?
Сарапшы пікірі
2 - топ Оқушы қандай міндеттерді білуі керек?
Сарапшы пікірі
3 - топ. Ата – аналар міндеттері мен құқықтары ( ата - аналардан құралған топ )
Сарапшы пікірі
Түйін сөз
Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Сендер әлі кішкентайсыңдар, алайда Қазақстан мемлекетінің мүшесі бола отырып, сол елдің азаматы мен азаматшалары болып табыласыңдар. Болашақ - жастардың қолында дегендей оқушы болып, олардың үйдегі ұстаздары - ата - ана және мектептегі ата - анасы – ұстаздар болып, өз міндеттеріміз бен құқықтарымызды біліп, оны дұрыс орындап, бірлік пен ынтымақта жұмыс жасап, Қазақстан елінің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы үшін үлесімізді қосайық дегім келеді.

ІІ – бөлім Ата Заңым – мақтанышым, қорғаным
Дильназ - 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз ҚР тұңғыш конституциясының негізгі заңы қабылданды да, 1995 жылы 30 тамызда біздің қоғамымызда өзгерістерге, жаңа талаптарға сай толықтырылған жаңа Конституциясы өмірге келді.
Асылгүл - Қазіргі Ата Заң 98 баптан, 9 бөлімнен тұрады. Конституция негізінен әлемдік тәжірибеде жиі қолданатын, халықаралық Адам құқығы туралы декларация (1948 ж 10 желтоқсан Нью - Йорк) және 1989 ж 20 қарашада қабылданған Балалар құқығы туралы конвенцияға сәйкестендіріліп жасалған.
Мұғалім: Енді Ата Заңымыздың кейбір баптарына тоқталып өтейік.
7 - бап
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тiлi.
Хор Ана тілін сүйеміз
9 - бап
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимнi бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгiленедi.
14 - бап
Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
15 – бап Әркiмнiң өмір сүруге құқығы бар. Мұғалім: Ата – аналар құқығы мен міндеті туралы Ата Заңымызда не делінген екен?
27 - бап Қайрат (ата – ана)
1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.
2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата - ананың етене құқығы әрі мiндетi.
3. Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата - анасына қамқорлық жасауға мiндеттi.
29 - бап
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
30 - бап
1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта бiлiм алуына кепiлдiк берiледi. Орта бiлiм алу мiндеттi
34 - бап
1. Әркiм Республиканың мемлекеттiк рәміздерін құрметтеуге мiндеттi.
Бейнеклип Көк тудың желбірегені

ІІІ бөлім – Ынтымақтың ұйытқысы – Ата Заң
(әдеби монтаж )
Сержан - Бұл күнде ата Заңымыз өз күшінде. Бәріміз де Ата Заңға бағынып, соның баптарымен жүруіміз керек. Ата Заңда айтылғандай, адам – мемлекеттің басты байлығы. Адамның құқығы мен міндеті Заңда толық көрсетілген. Тек соны әркім өз білгенінше, өз қалауынша жүрмей, жауапкершілікті орындауға міндетті.
Нұргүл - Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Абай Құнанбаев та адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы – Конституция қорғайды.
Дияс А - Біздің еліміздің ең алғашқы Конституция негізін қалаушы – Қорқыт бабамыз. Ол кісінің конституциясы Адат деп аталады. Ол мынадай негізгі баптардан тұрған: Атамекенді Жерұйық деп білу, оны жаудан қорғау, жер суды белгілі тәртіппен пайдалану, дау жанжалды ақылмен шешу, кінәліні жазасыз қалдырмау.
Аруна – Бұл құжат еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бас болуымен қабылданды.
Бастайтын болашаққа бас кемені,
Осы жол халықтың да нақ сенері!
Халқыма адалмын! деп Ата Заңға
Елбасы қолын қойып Ант береді.
Данагүл - Ата - бабаларымыз сан ғасыр арман еткен Егемендігімізге қол жеткізіп, бүгінде өзіміздің Ата Заңымыз бар, біз бақытты ұрпақпыз. Конституцияны білу, заңды білу біз үшін міндет сияқты. Себебі, заңды білмесең, өз құқығыңды қорғай алмайсың.
Маркен - Ата Заң. Азаттығыңды айқындайтын, Тәуелсіздігіңді паш ететін, Егеменді ел екеніңді танытатын, дербес мемлекеттігіңді көрсететін қастерлі құжат.
Салтанат - Ата Заң. Әрбір азаматтың конституциялық құқын танытатын, әр қазақстандық бұлжытпай орындайтын заңдардың темірқазығы.
Бекзат Ғ - Ата Заң. Дүние есігін ашқаннан бастап, басың құбылаға қарағанға дейінгі уақытта сенің құқыңды сақтайтын, құр сөреде жатпайтын баталы заң.
Нұргүл - Ата Заң. Аталар аманаты. Кешегі Қасымның қасқа жолы, Есімнің ескі жолы, Тәукенің Жеті жарғысының жалғасы, заңды мұрагері – біздің бүгінгі Конституция.
Дильназ - Әр азамат Ата Заңға арқа сүйеуге міндетті. Егер, Конституцияда жазылған бір бап орындалмай, теріске шықса, оны да қадағалайтын арнайы орган бар. Ол – Конституциялық кеңес.

Асылгүл –
Ешкім де мін таға алмас елдігіме!
Дауласып жармаспайды белдігіме.
Бойында Ата Заңның өріліп тұр
Даламның кеңдігі де, теңдігі де!
Бекзат Ө - Бағынған өз заңына жұмыр ғалам,
Сондықтан Күннен Жерім суынбаған.
Қоғамның сан саласын реттейтін
Әрбір заң Ата Заңнан туындаған.

Маркен –
Болғанмен бұл Өмірде айлаң күшті,
Ел үшін кім тындырар қайран істі?!
Еліңнің дамуы мен дағдарысы
Ол - дағы Ата Заңға байланысты!
Жанболат –
Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына,
Тікелей әсер еткен ғұмырына
Айналды Ата Заңым мызғымайтын
Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына!
Жанел –
Әр бабы, әр тармағы жойылмайды,
Шектеу де және тегін қойылмайды!
Келісім - шарт жасасқан барлық шет ел
Қазақтың Ата Заңын мойындайды!
Даниал Қ –
Өмірден әділдік пен бақ табатын,
Құқығым қорғалды деп шаттанатын,
Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп
Бұл біздің – Ата Заң деп мақтанатын!
Даниал Ж - Өркендеп өз қолына алған ісі,
Биікке қазағымның самға, құсы!
Халық боп қадір тұтып, қастерлеген
Ата Заң – Азат елдің Ар - намысы!
Сабыржан - Міндетімді білемін
Тәртіп сақтап жүремін
Ата Заңым тұрғанда,
Алаңсыз өмір сүремін.
Даниал Ж –
Алса адамның мазасын
Бұзақы тартар жазасын,
Әрі сыйлы, әрі әділ,
А т а З а ң ы м ж а с а с ы н! (хормен)

ІV бөлім – Ата Заңым - ар - намысым!
І – топ – Заң білмеген зардап шегеді
(көріністер көрсету)
Мұғалім: Осы көріністер бойынша сарапшы пікірін тыңдайық.
ІІ – топ Мектеп заңына бағынайық!
(Оқушыларға арналған бірыңғай талап ережелеріне тоқталып өтеді )
ІІІ – топ. Әр бала жүрек жылуын қажет етеді
( жағдаяттар шешу )
- Балаңыз үнемі сабаққа кешігеді. Оны ұйқысынан кеш оятып, сабаққа кеш жіберіп отырған кінә өзіңізден екенін біле тұра, балаңыздың бол да, бол! деп мазасын алдыңыз. Балаңыз тағы да сыныптастарым мен мұғалімнен ұят болды - ау деп ұялғаннан жылап бара жатыр. Сіз не істейсіз?
- Балаңыз сабақтан келді. Есіктен кірмей жатып сіз Бүгін неше алдың? дедіңіз. Үнемі осы сұрақтармен қарсы алатын сізге балаңыз ренжулі қарады. Сіздің бұған көзқарасыңыз?

ІV бөлім. Қорытынды

Хор Бақытты балалық шақ

Мұғалім: Ата заңым!
Арман әнім!
Сенен асқан бар ма бағым!
Жалғыз саған байланысты
Елімде еркін самғағаным
Тәуелсіздігімізге 22 жыл толған еліміздің тұрақтылығы мен гүлденуі – Ата Заңның орындалуында. Ата Заңымыз бізді қорғайды, әрі қамқор болады. Халқымызға дұрыс бағыт беретін Ата Заңымыз мәңгілік жасасын!,- дей отырып, бүгінгі тренингке өз ой - тәжірибелерімен алмасқан ата - аналарға және сарапшы Ұлмекен Қибатоллақызына алғысымызды айта отырып, Ардың шыңы – Ата Заң атты тәрбие сағатын аяқтаймыз.


Скачать


zharar.kz