Тақырып Акробатикалық жаттығулар орындау

Скачать



Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы

Дене шынықтыру

5-сынып
Құрметті мұғалім!

Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.

Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.

Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ smk.edu ресми сайтынан таба аласыз.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

2
Мазмұны

1-тоқсан 4

1-бөлім. Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларына оқыту 4

2-бөлім. Өзгертілген командалық ойын 9

2-тоқсан 16

3-бөлім. Гимнастика арқылы денсаулықты нығайту 16

4-бөлім. Қазақтың ұлттық және зияткер ойындары 23

3-тоқсан 28

5-бөлім. Шаңғы кроссконьки дайындығы 28

6-бөлім. Бірлескен іс-әрекеттегі ойын-сауық ойындары 32

4-тоқсан 39

7-бөлім. Ойын кезіндегі басып кіру дағдыларын түсіну және үйрету 39

8-бөлім. Жеңіл атлетика дағдысын дамыту және шолу 44

3
1-тоқсан

1-бөлім Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларына оқыту

Тақырып Қауіпсіздік ережесі. Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын
үйрету

Оқу мақсаты 5.3.4.1. Денсаулықты нығайту жаттығулары барысында
қауіпсіздік техникасынан хабардар болу

Бағалау критерийі Білім алушы
Қауіпсіздік техника ережелерімен танысып,
жаттығуларды орындайды

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну

деңгейі

Тапсырма

Төменгі сөреден шығудың техникасын көрсетіңіз және қауіпсіздік техникасын сипаттаңыз. Берілген команданы орындап, 60 метр қашықтықты максималды қарқынмен жүгіріңіз.

Дескриптор Білім алушы

төменгі сөреден шығу техникасын көрсетеді;
берілген командаларды орындайды;
60 метр қашықтықты максималды қарқынмен жүгіреді.

4
Тақырып
Орта және алыс қашықтық техникасын үйрету

Оқу мақсаты
5.3.3.1
Түрлі
дене
жүктемелерінің
арасындағы

айырмашылықты
және
олардың ағзаға тигізетін әсерін

сыртқы белгілеріне қарап анықтай білу

Бағалау критерийі
Білім алушы

Қашықтықта жүгіру техникаларын көрсетеді

Орта және алыс қашықтықтағы дене жүктемелерінің айырмашылығын және оның ағзаға тигізетін әсерін анықтайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Орта және қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын көрсетіңіз және дене жүктемелерінің айырмашылығы мен оның ағзаға тигізетін әсерін анықтаңыз.

Дескриптор Білім алушы

орта және алыс қашықтыққа жүгіру техникасын көрсетеді;
қашықтықтағы дене жүктемелерінің айырмашылығын ажыратады;

орта және алыс қашықтыққа жүгіру дағдысында ағзаға (тыныс алу, бұлшық ет) тигізетін әсерді анықтайды.

Тақырып Орта және алыс қашықтық техникасын үйрету

Оқу мақсаты 5.3.2.1 Қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларын

орындау мен дайындау аясындағы негізгі компоненттерді білу және түсіну

Бағалау критерийі Білім алушы
Денені қыздыру жаттығуларын орындайды
Жаттығудан кейін денесін қалпына келтіру
жаттығуларын орындайды
Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Денені қыздыру жаттығулары мен қашықтыққа жүгіру техникасын орындап, демді қалыпқа келтіру жатығуларын жасаңыз.

Дескриптор Білім алушы

денені қыздыру жаттығуларын жасайды;

қашықтыққа жүгіргенде қол мен аяқты үйлестіру техникасын орындайды;

жүгіргеннен кейін денесін қалыпқа келтіру жаттығуларын жасайды.

5
Тақырып Жүгіріп келіп және бір орында ұзындыққа секіру
техникасын үйрету

Оқу мақсаты 5.1.2.1 Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың
кейбір жаттығулардағы реттілігін білу және орындау

Бағалау критерийі Білім алушы

Жүгіріп келіп, секіру техникасын қолданады Жаттығуларды ретімен орындайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Жүгіріп келіп ұзындыққа секірудің 4 фазасын қолданып, 3 рет секіріңіз. Жүгіріп келіп секіру фазасы

Дескриптор Білім алушы

ұзындыққа секіру техникасын қолданады;
реттілігін орындайды;

жүгіріп келіп, аяқты бүгіп секіреді.

6
Тақырып
Әр түрлі снарядтарды нысанаға, қашықтыққа лақтыру

техникасы
Оқу мақсаты
5.1.1.1 Аздаған ауқымдағы арнайы спорттық спецификалық

қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті

дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын білу және

түсіну

Бағалау критерийі
Білім алушы

Қозғалыс әрекеттерін бақылайды

Қимыл-қозғалыс үйлесімділігін сақтайды
Ойлау дағдыларының
Қолдану
деңгейі

Тапсырма

1. Төменде берілген 150 гр кіші допты лақтыру техникасының сипаттамасына сәйкес орындалуын көрсетіңіз. Допты лақтыру кезінде жіберілген қателіктерді талқылаңыз.

Дескриптор Білім алушы

лақтыру бағытына қарап лақтырады;
оңға жартылай бұрылып лақтырады;
лақтыру бағытына бүйірін қаратып тұрып лақтырады;

лақтыру бағытына (бір қырымен) тұрып, сол аяқтан оң аяққа жеңіл секіріп, ауысу арқылы лақтырады;

лақтыру кезеңдерінің реттілігіне сәйкес лақтырады;

жіберілген қателіктерін талқылап айтады.

7
Тақырып Топтық эстафеталық жұмыс

Оқу мақсаты 5.3.5.1 Басқа адамдардың дене жаттығуларының

тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды білу және орындау

Бағалау критерийі Білім алушы

Дене жаттығуларының орындалуын анықтайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

1. Шағын топтарға бөлініп, шеңбермен жүгіру кезінде эстафеталық таяқшаны беру техникаларын көрсетіңіз.

Дескриптор Білім алушы

шеңбер бойынша жүгіреді;
қозғалыста таяқшаны бередіалады;

жеңіл жүгіріп, таяқшаны бередіалады.

8

2-бөлім Өзгертілген командалық ойын

Тақырып
Ойынның қабылдау техникасын үйрету

Оқу мақсаты
5.1.1.1
Аздаған
ауқымдағы
арнайы
спорттық

спецификалық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды

және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс

дағдыларын білу және түсіну

Бағалау критерийі
Білім алушы

Қозғалыс әрекеттерін бақылайды
Қимыл-қозғалыс үйлесімділігін сақтайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Волейбол ойынының допты төменнен және жоғарыдан беру техникаларын көрсетіңіз. Білім алушылар екі қатарға бір-біріне қарама-қарсы тұрады (жұптық жұмыс).

Дескриптор Білім алушы
допты төменнен қабылдау техникасын орындайды;
допты жоғарыдан қабылдау техникасын орындайды.

9
Тақырып Ойынның қабылдау техникасын үйрету

Оқу мақсаты 5.1.3.1 Қарапайым арнайы спорттық техникаларды

орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті білу және анықтау

Бағалау критерийі Білім алушы
Спорттық техникалардың орындалуын ойын
барысында көрсетеді

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Волейбол ойынындағы допты беру техникаларын көрсетіңіз.
Білім алушы волейбол алаңының бүйір сызығына тұрады (жұптық жұмыс)

1. Допты үстінен беру, жеке жұмыс (допты жерге түсіріп алмай 20 рет қағу).

2. Серіктесі допты тастағаннан кейін жоғарыдан беру (15-20 рет қайталап орындау және білім алушылардың ауысуы).

3. Допты үстінен 5 рет қағу және серіктесіне беру, екінші білім алушы допты қағып алып, ары қарай жеке жұмыс жасайды (5-7 рет қайталау).

4. Волейбол добын серіктесі тастағаннан кейін төменнен беру (10-15 рет қайталау).

Дескриптор Білім алушы
допты берер алдында бастапқы позицияны қадағалайды;
допты ойынға қосқанда қолды сермеп бағыттайды;
допты жоғарыдан беру техникасын орындайды;
допты төменнен беру техникасын орындайды.

10
Тақырып Ойынның қабылдау техникасын үйрету

Оқу мақсаты 5.2.4.1 Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді

оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді білу және түсіну

Бағалау критерийі Білім алушы
Дене жаттығуларын орындау барысында
техникалық тиімді тәсілдерді анықтайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

Баскетбол ойынындағы допты алып жүру техникаларын қолданып, тиімді тәсілдерін анықтаңыз.

Екі қатар саппен сапты қайтадан түзеу (доппен жаттығу)

1. Допты бел деңгейінде айналдырып, серіктесіне пасс беру (10-15 рет орындау).

2. Баскетбол добын серіктесіне оң жақ қолымен айналдырып, сол жақ аяқтың астымен беру (10-15 рет орындау).

3. Допты сол аяқтың және оң аяқтың астымен сегіздік қылып өткізіп пасс беру (10-15 рет орындау).

4. Допты оң қолмен және сол қолмен бір орында жүргізіп, серіктесіне пасс беру (10-15 рет орындау).

Дескриптор Білім алушы
допты алып жүру техникаларын орындайды;
допты алып жүрудің тиімді тәсілдерін анықтайды.

11
Тақырып Негізгі қабылдау тактикасын үйрету

Оқу мақсаты 5.1.2.1 Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың
кейбір жаттығулардағы реттілігін білу және орындау

Бағалау критерийі Білім алушы
Қимыл-қозғалыс комбинацияларын орындайды

Жаттығулардағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын
реттілікпен қолданады

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

1. Баскетбол ойынындағы берілген қимыл-қозғалыс комбинацияларын орындаңыз.

а. Баскетбол добын кедергі араларымен жылан тәрізді сол қолымен алып жүру.
ә. Баскетбол добын кедергі араларымен жылан тәрізді оң қолымен алып жүру.
б. Екі қолымен алма кезек допты алып жүру.

2. Шағын топта баскетбол добын алып жүріп, торға дәл салу үшін қимыл-қозғалыс комбинацияларының реттілігін құрастырып көрсетіңіз.

Дескриптор Білім алушы
сол қолымен алып жүреді;
оң қолымен алып жүреді;

шығыршыққа дәл салу үшін қимыл-қозғалыс комбинацияларының реттілігін құрастырады және көрсетеді.

12
Тақырып Негізгі қабылдау тактикасын үйрету

Оқу мақсаты 5.1.5.1 Аздаған ауқымдағы дене жаттығуларының

тактикасын, стратегиясын және құрылымдық идеяларын білу және сипаттау

Бағалау критерийі Білім алушы
Қимыл-қозғалыс техникасын орындайды
Физикалық жаттығулардың қызметін оңтайландыру
үшін, құрылымдық тәсілдерін сипаттайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Жаттығудағы допты тоқтатуберуді орындаңыз (футбол).

Білім алушылар 8-10м қашықтықта бір-біріне қарама–қарсы тұрады (жұптық жұмыс).

1. Табанының ішкі жағымен допты беру және допты табанының ішкі жағымен тоқтатады.

2. Серіктесіне дейін допты жүргізеді. Допты тоқтату және бастапқы орынына тоқтап, серіктесіне допты береді.

3. Табанының сыртқы жағымен серіктесіне допты береді.

Дескриптор Білім алушы
жаттығудағы допты тоқтатуберуді орындайды;
қозғалыс комбинацияларын реттілігімен орындайды.

13
Тақырып Ойын кезінде көшбасшылық дағдыны қалыптастыру

5.2.2.1 Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында
Оқу мақсаты жұмыс істей білуді түсіну

Бағалау критерийі Білім алушы
Көшбасшылық дағдыларын көрсетіп, командалық
жұмысты орындайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Кешенді эстафетаны орындаңыз (допты алып жүрудопты беру, допты шығыршыққа лақтыру, жұптасып допты беру).

3-4 командаға бөлініңіз. Әр команда өзіңізге капитан тағайындаңыз. Капитан әр ойыншыңызды мүмкіндігіне қарай станцияларға бөліңіз. (Әр білім алушы кезекпен капитан болады).

Кешенді эстафета

1. Бірінші білім алушы 10 м қашықтыққа дейін допты алып жүруді орындайды және екінші білім алушыға допты береді.

2. Екінші білім алушы допты 5 рет нәтижелі соққымен шығыршыққа тастайды, одан кейін допты алып жүру арқылы 10 м қашықтықты қайта жүріп, сөреге жетіп, допты үшінші білім алушыға береді.

3. Үшінші және төртінші білім алушылар допты жұпта оң және сол бүйірлерімен 10 м қашықтықты қозғалыс арқылы жүріп отырып, бесінші білім алушыға береді.

4. Бесінші білім алушы допты алып жүріп, екі қадам жасау арқылы шығыршыққа допты салады. Добы шығыршыққа түскен жағдайда орнына оралады, сонымен эстафета аяқталады.

Егер добы шығыршыққа түспесе, шығыршыққа доп нәтижелі түскенше 3 рет допты лақтырады, 3 ретте де добын шығыршыққа түсіре алмаған жағдайда орнына қайта оралады.

Дескриптор Білім алушы
допты алып жүруді орындайды;
доппен пас беруді орындайды;
допты шығыршыққа тастауды орындайды;
жұпта қозғалыс арқылы доп беруді орындайды;
тапсырманың ретімен орындалуын бақылайды.

14
Тақырып Ойын кезінде көшбасшылық дағдыны қалыптастыру

Оқу мақсаты 5.2.1.1 Өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу, қимыл-
әрекеттермен байланысты білімді білу және түсіну

Бағалау критерийі Білім алушы
Ойын барысында қимыл-қозғалыс әрекеттерін
орындайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Футбол ойынын ойнаңыз.

Білім алушылар екі командаға бөлініп, футбол ойнайды. Белгілі уақыт бойынша өздерінің ойнаған позицияларын өзгертеді. Әркім қақпашы, қорғаушы, шабуылшы рөлдерінде ойнайды.

Дескриптор Білім алушы
футбол ойынында техника қауіпсіздігін сақтайды;
ойын позицияларын өзгертеді;

футбол ойынындағы ойыншылардың атқаратын қақпашықорғаушышабуылшы рөлдерін орындайды.

15
2-тоқсан

3-бөлім Гимнастика арқылы денсаулықты нығайту

Тақырып Қауіпсіздік ережесі. Кешенді жалпы дамыту жаттығуларының
негізін құру

Оқу мақсаты 5.3.4.1 Денсаулықты нығайту жаттығулары барысында
қауіпсіздік техникасынан хабардар болу

Бағалау критерийі Білім алушы
Жаттығуларды орындау барысында, қауіпсіздік
ережелерін сақтайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Төменде берілген гимнастика кешенінің жаттығуларын орындаңыз.

Жеткен жетістіктері мен қателіктеріңізді талқылаңыз.

Дескриптор Білім алушы

гимнастика кешенінің жаттығуларын орындауда техника қауіпсіздігін сақтайды;

жаттығуларды ретімен орындайды;
жеткен жетістіктері мен қателіктерін талқылайды.

16
Тақырып Акробатикалық жаттығулар орындау

Оқу мақсаты 5.1.2.1 Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың
кейбір жаттығулардағы реттілігін білу және орындау

Бағалау критерийі Білім алушы
Қимыл-қозғалыс комбинацияларын ретімен
орындайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Гимнастика жаттығуларындағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын ретімен орындаңыз.

1. Қолыңызды тіреп отырыңыз, тізеңізді кеудеге жинақтаңыз. Жаттығуды 10-15 рет орындаңыз.

2. Гимнастикалық төсенішке жатып, аяғыңызды кеудеге жинап, жинақталыңыз. Жаттығуды 10-15 рет орындаңыз.

3. Алақаныңызды бір-біріне қарама-қарсы бағытта ұстаңыз, осы күйде, тез отырып топтасыңыз. Жаттығуды 10-15 рет орындаңыз.

4. Гимнастикалық төсенішке жатыңыз, тез арада отырып топтасыңыз. Жаттығуды 10-15 рет орындаңыз.

17
Дескриптор Білім алушы
қолын тіреп отырып, тізесін кеудеге жинақтайды;

гимнастикалық төсенішке жатып, аяғын кеудесіне жинақтайды;

алақанын бір-біріне қарама-қарсы бағытта ұстап, тез отырып топтастырады;

гимнастикалық төсенішке жатып, тез арада отырып топтастырады;

гимнастика жаттығуларын ретімен орындайды.

18
Тақырып Снарядтарда гимнастикалық жаттығудың техникасын
үйрету

Оқу мақсаты 5.1.5.1 Аздаған ауқымдағы дене жаттығуларының

тактикасын, стратегиясын және құрылымдық идеяларын білу және сипаттау

Бағалау критерийі Білім алушы
Дене жаттығуларын орындайды
Жаттығу тактикасын, стратегиясын және
құрылымдық идеяларын сипаттайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Төменде берілген сурет бойынша кіші ат снарядынан секіру техникасын орындаңыз.

1. Кіші ат ені мен ұзындығын сақтай отырып аяқты алшақ қойып секіріңіз.
2. Гимнастикалық көпірді снарядтан ығыстырыңыз (1 м дейін).

Жұптық жұмыс.
Жаттығу барысында тактиканы, стратегия мен құрылымдық идеяны талқылаңыз.

Дескриптор Білім алушы

гимнастика жаттығуларын орындағанда техника қауіпсіздігін сақтайды;

гимнастикалық аттан секіру жаттығуының орындалу реттілігін орындайды;

аяғын бүкпейді және бақай ұштарын созады;
кеудесін тік, басын көтеріңкі, қолын түзу ұстайды;
гимнастика жаттығуын толық орындайды;

жаттығудың тактикасын, стратегиясын және құрылымдық идеясын жұпта талқылайды.

19
Тақырып Снарядтарда гимнастикалық жаттығудың техникасын
үйрету

Оқу мақсаты 5.1.4.1 Қимыл-қозғалысты орындау кезіндегі өзінің және
өзгелердің қолынан не келетінін білу және анықтау

Бағалау критерийі Білім алушы
Өзінің және өзгенің қимыл-қозғалысын анықтайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Гимнастикалық бөренеде тепе-теңдік жаттығуларын орындаңыз.

1. Екі қолды екі жаққа соза қарлығаш бейнесін жасаңыз;
2. Қолды жайып, аяқтың ұшымен жүріңіз;
3. Жартылай отырып, өкшені көтеріп бұрылыңыз;
4. Тізені жоғары көтере жүріңіз;
5. Басына зат қойып, гимнастикалық бөрене үстімен жүріңіз.

Жаттығуларды бірнеше рет жасағаннан кейін, орындарыңызды алмастырыңыз.
Сыныптасыңыздың көмегімен жаттығуларды орындаңыз.

Дескриптор Білім алушы
тепе-теңдік жаттығуларын орындайды;
қарлығаш бейнесін жасайды;
қолды жайып, аяқтың ұшымен жүреді;
жартылай отырып, өкшені көтеріп бұрылады;
тізені жоғары көтеріп жүреді;
басына зат қойып, гимнастикалық бөрене үстімен жүреді.

20
Тақырып Гимнастикалық жиынтықтың негізін құру

Оқу мақсаты 5.2.2.1 Көшбасшылық дағдылар мен команда

құрамында жұмыс істей білуді түсіну

Бағалау критерийі Білім алушы
Көшбасшылық дағдыларын көрсетіп,
командалық жұмысты орындайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Топта гимнастикалық жаттығу элементтерін құрастырыңыз. Құрастырған гимнастикалық жаттығу элементтеріңізді, көшбасшылық дағдыларыңызбен топта орындаңыз.

Мысалы:

Дескриптор Білім алушы
гимнастикалық жаттығу элементтерін құрастырады;
жаттығуларды реттілікпен және синхронды орындайды;

көшбасшылық қасиеттері мен шығармашылық дағдыларын топта көрсетеді.

21

Тақырып
Гимнастикалық жиынтықтың негізін құру

Оқу мақсаты
5.2.5.1
Өзінің және өзгелердің шығармашылық

қабілеттерін білу және түсіну, сондай-ақ оны шешудің

қарапайым балама жолдарын ұсыну

Бағалау критерийі
Білім алушы

Өзініңжәне
өзгелердің
шығармашылық

қабілеттерін
анықтайды,
шешу
жолдарын

талқылайды

Ойлау дағдыларының
Қолдану

деңгейі

Тапсырма

1. Заманауи гимнастикалық бидің түрлері тақырыбында гимнастикалық билерді құрастырыңыз.

Әр топ бір заманауи гимнастикалық биді таңдап, құрастырыңыз. Биді синхронды, көркем, мәнерлеп орындаңыз.

2. Топта шығармашылық қабілетті анықтаңыз және оны шешу жолдарын талқылаңыз.

Дескриптор Білім алушы
әр топ заманауи гимнастикалық биді орындайды;
шығармашылық қабілеттерін көрсетеді;
заманауи гимнастикалық биді синхронды орындайды;
заманауи гимнастикалық биді көркем орындайды;
заманауи гимнастикалық биді мәнерлеп орындайды;

өзінің және басқалардың шығармашылық қабілеттерінің жақсы жақтарын сипаттайды;

өзінің және басқалардың шығармашылық қабілеттерінің кемшіліктерін сипаттайды;

жақсы жақтары мен кемшіліктерінің шешу жолдарын талқылайды.

22
4-бөлім Қазақтың ұлттық және зияткер ойындары

Тақырып Қазақтың ұлттық ойындары

Оқу мақсаты 5.2.7.1 Жарыс кезінде әділ ойнау, патриотизм және

ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсету және түсіндіру

Бағалау критерийі Білім алушы

Жарыс кезіндегі ұйымшылдықты көрсетеді

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

1. Қазақтың ұлттық ойындарының түрлерін ажыратыңыз.

2. Ұлттық ойындарға қазіргі заманауи құралдармен балама ойын құрастырыңыз.

Жарыс кезінде әділ ойнау, патриотизм және ынтымақтастық туралы ақпаратты талқылаңыз.

Дескриптор Білім алушы

ұлттық ойын түрлерін ажыратады;
қазіргі заманауи құралдармен балама ойын құрастырады;

жарыс кезінде әділ ойнауды, өз тобының жеңуіне патриоттық қолдау көрсетуді және ынтамақтастыққа шақыру туралы ақпаратты талқылайды.

23
Тақырып Қазақтың ұлттық ойындары

Оқу мақсаты 5.2.3.1 Қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша

біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын түсіну және анықтау

Бағалау критерийі Білім алушы
Ойнауға қолайлы орта қалыптастырады
Ойынның орындалуының тиімді жолдарын
көрсетеді

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Жаяу көкпар ойынын ойнаңыз.
Берілген ойынның орындалуының тиімді жолдарын топта талқылаңыз.

Дескриптор Білім алушы
Жаяу көкпар ойынын ойнайды;
ойынның шартын орындайды;
ойынның тиімді жолдарын топта талқылайды;
өзі алған ақпаратты басқаларға жеткізеді.

24
Тақырып Қазақтың ұлттық ойындары

Оқу мақсаты 5.3.5.1 Басқа адамдардың дене жаттығуларының

тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды білу және орындау

Бағалау критерийі Білім алушы
Дене жаттығуларының орындалуын анықтайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Қызыл ту ойынын ойнаңыз.
Дене жаттығуларының басқа түрін ұсыныңыз және ойнау әдісін құрастырыңыз.

Дескриптор Білім алушы
Қызыл ту ойынын ойнайды;
дене жаттығуларының басқа түрін ұсынады;

ойынның әдісін құрастырады.

25
Тақырып Ұлттық ойындар аясындағы тактикалар мен
стратегияларды оқып үйрену

Оқу мақсаты 5.2.6.1 Жарыс іс-әрекеттері және төрелік ету ережелерін
білу

Бағалау критерийі Білім алушы
Жарыс кезіндегі әрекеттерге төрелік жасайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Тоғызқұмалақ ойынын ойнаңыз. Бір-бірлеріңізге төрелік етіңіз.

Дескриптор Білім алушы
ойын ережесін сақтайды;
Тоғызқұмалақ ойынын шартымен ойнайды;
бір-біріне төрелік жасайды.

26
Тақырып
Ұлттық ойындар аясындағы тактикалар мен стратегияларды

оқып үйрену
Оқу мақсаты
5.2.5.1
Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін

білу және түсіну, сондай-ақ оны шешудің қарапайым балама

жолдарын ұсыну
Бағалау критерийі
Білім алушы

Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін

анықтайды, балама жолдарын талқылайды
Ойлау дағдыларының
Қолдану
деңгейі

Тапсырма

Тоғызқұмалақ ойынын ойнаңыз. Ойынның балама жолдарын талқылаңыз.

Дескриптор Білім алушы

ойынның ережесін сақтайды;
ойын кезінде тактика мен стратегияны қолданады;

ойын кезінде қарсыласының қабілетін ескереді;
ойынның балама жолдарын талқылайды;
балама шешім қабылдайды.

27
3-тоқсан

5-бөлім Шаңғы кроссконьки дайындығы

Тақырып Қауіпсіздік ережесі Ағзаны қалпына келтіру техникасының
түрлеріне шолу жасау

Оқу мақсаты 5.3.4.1 Денсаулықты нығайту жаттығулары барысында
қауіпсіздік мәселелері бойынша хабардар болу

Бағалау критерийі Білім алушы

Қауіпсіздік техникасын сақтап, жаттығуларды
орындайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма
Төменде суретте көрсетілген жаттығуларды орындаңыз, техника қауіпсіздігін
сақтаңыз.

Дескриптор Білім алушы
жаттығуларды орындағанда техника қауіпсіздігін сақтайды;

жаттығуларды ретімен орындайды.

28
Тапсырма Қауіпсіздік ережесі

Ағзаны қалпына келтіру техникасының түрлеріне шолу жасау

Оқу мақсаты
5.3.2.1 Қыздырыну және қалпына келтіру жаттығуларын
орындау мен дайындау аясындағы негізгі компоненттерді
білу және түсіну

Бағалау критерийі Білім алушы

Денені қыздыру жаттығуларын орындайды
Жаттығудан кейін денесін қалпына келтіру
жаттығуларын орындайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Шаңғы дайындығына арналған қыздырыну жаттығуларын орындаңыз.

Қандай қимыл-қозғалыс орындалды және тағы қандай жаттығу жұмыстарын жасау керектігін талқылаңыз.

Дескриптор Білім алушы
жаттығуларды орындау кезінде оның ретін және қалпына келтіру
техникасын көрсетеді;

қандай қимыл-қозғалыс орындалды және тағы қалай жұмыс жасау керектігін талқылайды.

Тақырып Қозғалыс техникасының элементтерін үйрету

Оқу мақсаты 5.3.1.1 Денсаулықты сақтаудың маңыздылығын білу және
түсіну

Бағалау критерийі Білім алушы
Денсаулықты сақтауға бағытталған жаттығуларды
орындайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма
Денсаулықты сақтауға қатысты аралық жүгіруді орындаңыз.

Дескриптор Білім алушы

жүгіруді орындайды;
жүгіргенде демалу аралығы мен қарқынын сақтайды;

жаттығудыңденсаулықты сақтаудағы маңыздылығына тоқталады.

29

Тақырып

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Қозғалыс техникасының элементтерін үйрету

5.1.4.1 Қимыл-қозғалысты орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің қолынан не келетінін білу және анықтау

Білім алушы

Қозғалыс кезіндегі әрекеттерді орындайды

Өзінің және өзгелердің әрекетін анықтайды

Қолдану

Шексіз жүгіру эстафетасы жаттығуын орындаңыз.

Дескриптор Білім алушы

эстафетаны бере отырып, жүгіруді орындайды;
топпен өзара іс-қимыл жасайды;

қозғалыс дағдысының жақсарту жолдарын ұсынады.

Тақырып
Қашықтықтан өту тактикасының негізі

Оқу мақсаты
5.1.3.1 Қарапайым арнайы спорттық техникаларды орындау

кезіндегі дағдылар мен реттілікті білу және анықтау

Бағалау критерийі
Білім алушы

Спорттық техниканың дағдылары мен реттілігін

анықтайды

Ойлау дағдыларының
Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Кезектесіп келетін екі қадамды жүрісті орындаңыз.

1. Таяқтың көмегінсіз сырғанай аттап жүріңіз және әрбір шаңғымен неғұрлым ұзақ сырғанауға дем беру үшін екі қол аяқ қозғалысына сәйкес ырғақты қимыл жасап отырыңыз.
2. Жаттығуды екі қолды белде ұстап орындаңыз.

3. Екі таяқпен кезек-кезек баяу қозғала отырып, ұзақ сырғанау қадамдарын жасаңыз.

Дескриптор Білім алушы

екі адымды жүріс техникасын орындайды;
екі адымды жүрісті орындау реттілігін сақтайды;

әрқайсысының қозғалыс дағдыларының тізімін жасайды.

30

Тақырып
Қашықтықтан өту тактикасының негізі

Оқу мақсаты
5.3.3.1
Түрлі
дене
жүктемелерінің
арасындағы

айырмашылықты
және
олардың ағзаға тигізетін әсерін

сыртқы белгілеріне қарап анықтай білу

Бағалау критерийі
Білім алушы

Дене жүктемелерінің айырмашылықтарын және ағзаға тигізетін әсерін сыртқы белгілеріне қарай анықтайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Кезектесіп келетін екі қадамды жүрісті орындаңыз.

Шаңғының таяғымен таянып сермей бұрылыңыз. Қозғалыс бағытында айырмашылықтарын және ағзаға тигізетін әсерін сыртқы белгілеріне қарай өзгерту үшін әр түрлі бұрылу әдістерін қолданыңыз:

1) аттап басу арқылы бұрылыңыз;

2) соқа әдісімен бұрылыңыз;

3) шаңғыны тежеу әдісімен бұрылыңыз;

4) қатар екі шаңғының өзімен бұрылыңыз.

Дескриптор Білім алушы

айырмашылықтарын және ағзаға тигізетін әсерін сыртқы белгілеріне қарай ажыратады;

шаңғымен аттап басып бұрылады;
шаңғымен соқа әдісімен бұрылады;

шаңғымен тежеу әдісімен бұрылады;

қатар екі шаңғымен бұрылады.

31
6-бөлім Бірлескен іс-әрекеттегі ойын-сауық ойындары

Тақырып Ойындағы бірлескен іс әрекет және көшбасшылық

Оқу мақсаты 5.3.4.1 Денсаулықты нығайту жаттығулары барысында

қауіпсіздік мәселелері бойынша хабардар болу

Бағалау критерийі Білім алушы

Қауіпсіздік техникасын сақтап, жаттығуларды
орындайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Жіпше ойынын ойнаңыз.

Бұл ойынды өткізу үшін жіпті алып, екі ұшын қосыңыз. Шеңберге тұрып жіпті екі қолыңызбен ұстаңыз. Көзіңізді жұмып, жіптен үшбұрыш құрыңыз. Алдымен тынышталыңыз, ортақ идеяға келіңіз, үшбұрышты құрудың амалдарын орындаңыз.

Дескриптор Білім алушы
қимыл-қозғалыстың жетілдіру амал-тәсілдерін орындайды;
жіптің екі ұшын қосады;
шеңберге тұрып, жіптен үшбұрыш құрады;
өз идеяларын ортаға салады;
үшбұрыш құрудың амалдарын орындайды.

32
Тақырып Ойындағы бірлескен іс-әрекет және көшбасшылық

Оқу мақсаты 5.2.2.1 Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында
жұмыс істей білуді түсіну

Бағалау критерийі Білім алушы
Көшбасшылық дағдыларын көрсетіп, командалық
жұмысты орындайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

3-4 командаға бөлініңіз. Әр командада капитан тағайындаңыз. Ойыншылардың мүмкіндігіне қарай станцияға бөліңіз (капитан). (Әр оқушы кезекпен капитан болады).

Эстафета ойынын ойнаңыз.

1. Бірінші ойыншы қолыңызға таяқша алып, залдың ортасындағы жатқан секіртпе жіпке дейін жүгіріп бараыңыз, таяқшаны қойып, секіртпе жіпті алып, секіріп межені айналып сол жерге дейін келіңіз де секіртпе жіпті тастап, таяқшаны алып келесі балаға беріңіз. Ойын осылай жалғаса береді.

2. Бірінші бала екі баскетбол добын қолтығыңызға қысып алып, межеге жүгіріп барыңыз да, бір допты қалдырып, екінші допты келесі ойыншыға әкеліп беріңіз. Келесі ойыншы бір доппен барып, екінші допты ала келіңіз. Ойын осылай жалғаса береді.

Ойын барысында берілген ескертпелер мен мәселелердің шешілу жолдарын ұсынып, талқылаңыз.

Дескриптор Білім алушы
көшбасшы дағдыларын қолданады;
команда құрамында жұмыс істейді;

берілген ескертпелер мен мәселелердің шешілу жолдарын ұсынып, талқылайды.

33
Тақырып Ойын арқылы қиындықты шешу жолдарына оқыту

Оқу мақсаты 5.2.8.1 Түрлі қимыл-қозғалыстарға негізделген
шарттастырылған рөлдерді анықтай білу

Бағалау критерийі Білім алушы

Қимыл-қозғалыстармен шарттастырылған рөлдерді анықтайды

Қозғалмалы ойын арқылы қимыл-қозғалыстарын жақсартады

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Ойынға қатысушылар жұпқа немесе 2 топқа бөлініңіз. Ойын басқарушысы бірінші жұпты немесе әр топтың бірінші ойыншыларын шақырыңыз. Екі ойыншының біреуі қолыңыздағы таяқты мәре сызығында тұрып, алға қарай жоғарылата лақтырыңыз. Оның соңынан екінші ойыншы қолыңыздағы таяқты жоғары лақтырып, қарсыласыңыздың ауадағы таяғына тигізуге тырысыңыз. Егер таяққа тигізсеңіз балл аласыз. Әрі қарай келесі ойыншылар ойынды жалғастырыңыз. Екінші кезекте жұптар рөлдеріңізбен ауысыңыз. (Жеңіске көп балл алған топ жетеді).

Дескриптор Білім алушы
қозғалмалы ойындағы шарттастырылған рөлдерді атқарады;
таяқты мәре сызығында тұрып, алға қарай лақтырады;
келесі ойыншы ауадағы таяққа тигізеді;
рөлдерін ауыстырады, қимыл-қозғалыстарын жақсартады.

34
Тақырып Ойын арқылы қиындықты шешу жолдарына оқыту

Оқу мақсаты 5.1.4.1 Қимыл-қозғалысты орындау кезіндегі өзінің және

өзгелердің біліктілік сапасын білу және анықтау

Бағалау критерийі Білім алушы

Ойын кезіндегі қимыл қозғалысты орындайды Қимыл қозғалыстың сапасын анықтайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Жалаушалармен жүгіру ойынын орындаңыз.

Екіге бөлініп, басшы тағайындаңыз. Топ арасындағы арақашықтық 20-30 метр.
Топта екіге бөлініп, сызықтан 2-3 м жерде жалаушаларды шахмат түрінде орналастырыңыз.

Дабыл бойынша жалаушаны бір-бірлеп алыңыз. Мәре сызығына жетіңіз, жалаушаларды санаңыз (топ басшысы сайды).

Дескриптор Білім алушы
тез, шапшаң, ширақ қимылдайды;
мәре сызығына жетеді.

35
Тақырып Ойын құруға арналған шығармашылық қабілет

Оқу мақсаты 5.2.3.1 Қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша
біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын түсіну және анықтау

Бағалау критерийі Білім алушы
Командалық жұмысты жақсы орындау үшін қолайлы
орта қалыптастырады

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Баскетбол ойынында допты қағып алу, ұстау, берулақтыруды орындаңыз және ойынның жүргізілу ережесін талқылап, өзгерістер енгізіңіз.

Екі командаға бөлініңіз. Спорт алаңының бір жартысына екі команда қатысып, жарысыңыз.

Дескриптор Білім алушы
допты берулақтыруды орындайды;
допты қағып алуұстап алуды орындайды;
топта ойнауға қолайлы орта құрады;

бірігіп тиімді жұмыс жасайды;

ойынды жүргізудің жаңа элементтерін ұсынады.

36
Тақырып Ойын құруға арналған шығармашылық қабілет

Оқу мақсаты 5.2.5.1 Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін

білу және түсіну, сондай-ақ оны шешудің қарапайым балама жолдарын ұсыну

Бағалау критерийі Білім алушы
Шығармашылық қабілеттерін көрсетеді
Қарапайым шешу жолдарын ұсынады
Алған білімін түрлі жағдайларда қолданады

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Сол қол алақаныңыздың сыртын оң жақ шекеңізге апарып, оң қолыңызбен сол жақ қолыңыздың шынтағын ұстап, сапқа теріс қарап тұрыңыз. Басқа ойыншылар кезекпен келіп, оның алақанынан түртіңіз. Кімнің түрткенін дәл тапсаңыз, сонымен орын ауыстырасыз. Басқарушы ойын тәртібін тексеріп тұрыңыз. Қатты түртпеңіз.

Дескриптор Білім алушы
ойын шартын орындайды;
ойын кезінде қарсыласының қабілетін ескереді;
қарапайым шешім қолданады;
өзінің және басқалардың шығармашылық қабілеттерін бағалайды.

37
Тақырып Ойын - сауық ойындарын құру

Оқу мақсаты 5.2.1.1 Өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу, қимыл-
әрекеттермен байланысты білімді білу және түсіну

Бағалау критерийі Білім алушы
Өзгермелі жағдайда қимыл-әрекеттерді
байланыстырып тапсырмаларды орындайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгей

Тапсырма

Екі немесе төрт топқа бөлініңіз. (Допты ойынға жоғарыға лақтырып қосады). Команда капитандары секіріп, допты өз командаңызға қарай қағып лақтырыңыз. Допты ұстаған команда өз әріптестеріңізге 10 рет пасс беріңіз. Қарсылас команда допты ойын ережесін бұзбай қағып алыңыз. Қарсылас команда допты 10 рет өзара беріңіз.

Дескриптор Білім алушы
ойын шартын орындайды;
доппен пас беруді орындайды;
допты дәл беруді орындайды.

Тақырып Ойын-сауық ойындарын құру

Оқу мақсаты 5.2.6.1 Жарыс іс-әрекеттері және төрелік ету ережелерін білу

Бағалау критерийі Білім алушы

Жарыстарда бірлескен іс-әрекеттерін пайдаланады Төрелік ету ережелерін көрсетеді

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Екі топқа бөлініңіз, футбол ойынын ойнаңыз және кезекпен белгілі уақыт бойынша төрелік қызметін атқарыңыз.

Дескриптор Білім алушы
бірлесіп футбол ойынын ойнайды;
төрелік ету ережелерін практика жүзінде қолданып, көрсетеді.

38
4-тоқсан
7-бөлім Ойын кезіндегі басып кіру дағдыларын түсіну және үйрету

Тақырып Қауіпсіздік ережесі. Ойын кезінде допты иелену

Оқу мақсаты 5.1.1.1 Аздаған ауқымдағы арнайы спорттық спецификалық
қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және
үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс
дағдыларын білу және түсіну

Бағалау критерийі Білім алушы

Қозғалыс әрекеттерін бақылайды
Қимыл-қозғалыс үйлесімділігін сақтайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Допты әр түрлі жағдайда алып жүру нұсқаларын орындаңыз.

Доптарыңызбен үш, төрт, бесеуден бөлініңіз, сызық бойына тұрыңыз. Допты алып жүру нұсқаларын орындаңыз:
допты жүргізіп келе жатқан қолын ауыстыру;

артқа жылжу;
жылдамдығын өзгерту;

бұрылу арқылы жүргізу;

тоқтап секіру;
допты жүргізіп келе жатқан қолын ауыстыра отырып, 360° бұрылу.

Дескриптор Білім алушы

допты жүргізіп келе жатқан қолын ауыстырады;

артқа жылжу арқылы допты жүргізеді;
жылдамдықты өзгерту арқылы допты жүргізеді;
допты бұрылу арқылы жүргізеді;
допты тоқтап секіру арқылы жүргізеді;
допты жүргізіп келе жатқан қолын ауыстыра отырып, 360° бұрылады.

39

Тақырып Қауіпсіздік ережесі. Ойын кезінде допты иелену

Оқу мақсаты 5.3.4.1 Денсаулықты нығайту жаттығулары барысында
қауіпсіздік техникасынан хабардар болу

Бағалау критерийі Білім алушы

Қауіпсіздік техникасын сақтап, жаттығуларды
орындайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма
Сызықтан тартып өткізу ойынын ойнаңыз.

Ойынның шарты: Алаңның ортасын бөле сызық сызылады. Оның сол жағынан және оң жағынан 2-3 м қашық жерден соған параллель етіп тағы екі сызық сызылады. Ойыншылар екі командаға бөлінеді де, орталық сызықтың екі жағына бір-біріне қарама-қарсы сапқа тұрады. Қарама-қарсы тұрған бәсекелестер бір-бірінің оң қолдарынан ұстайды да (білектерінен), сол қолдарын артына ұстайды. Жетекшінің белгісі бойынша әрқайсысы қарсыласын өзіне қарай тартып, өзінің артындағы сызықтан өткізуге тырысады. Ойыншылар түгелдей бір-бірін тартып шығарғанша ойын жалғаса береді. Ойыншыларды өз жағына неғұрлым көбірек тартып шығарған команда жеңеді.

Дескриптор Білім алушы
жаттығуларды нақты орындап көрсетеді;
қарсыласын өзіне тартады;
сызықтан өткізеді;
ойынның шартын сақтайды.

40

Тақырып Ойын кеңістігінде бағдарлау дағдыларына үйрету

Оқу мақсаты 5.1.2.1 Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың
кейбір жаттығулардағы реттілігін білу және орындау

Бағалау критерийі Білім алушы

Қимыл-қозғалыс комбинацияларын орындайды Жаттығуды орындағанда ретін сақтайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Қасқыр және қойлар ойынын ойнаңыз. Допты жоғарыалға лақтыру, бір мезетте тоқтау арқылы қағып алу және допты жүргізуді орындаңыз.

Дескриптор Білім алушы
допты жоғарыалға лақтыру техникасын орындайды;
бір мезетте тоқтау арқылы қағып алу техникасын орындайды;
ойынның шарттарын ретімен орындайды.

Тақырып Жеке және командалық ойын әрекеттері

Оқу мақсаты 5.1.5.1 Аздаған ауқымдағы дене жаттығуларының

тактикасын, стратегиясын және құрылымдық идеяларын білу және сипаттау

Бағалау критерийі Білім алушы

Қимыл-қозғалыс техникасын орындайды
Физикалық жаттығулардың қызметін оңтайландыру
үшін, құрылымдық идеяларын сипаттайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Баскетбол ойынын ойнаңыз. Баскетбол ойынын ойнағанда әр топ өздеріңіздің ортақ бір тактикаларыңызбен стратегияларыңызды және құрылымдылық идеяларыңызды қолданыңыз.

Дескриптор Білім алушы
ойын шартын орындайды;
допты шығыршыққа салады;
өздерінің тактикалары мен стратегияларын қолданады;
ойлаған тактикасын жүзеге асырады;
құрылымдық идеяларын қолданады.

41
Тақырып Ойын стратегиясын құрудағы дағдыны дамыту

Оқу мақсаты 5.2.8.1 Түрлі қимыл-қозғалыс негіздерімен шарттастырылған
рөлдерді анықтай білу

Бағалау критерийі Білім алушы
Қимыл-қозғалыстармен шарттастырылған рөлдерді

анықтайды
Қозғалмалы ойын арқылы қимыл-қозғалыстарын

жақсартады

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Лашын және күркетауық ойынының әртүрлі тәсілдерін орындаңыз.

Дескриптор Білім алушы

ойнау барысында қорғаушы рөлін орындайды;
лашынкүркетауық рөлдерін орындайды;
ойын алаңында тәсілдерді орындайды.

42
Тақырып
Ойын стратегиясын құрудағы дағдыны дамыту

Оқу мақсаты
5.1.6.1Қимыл-қозғалысбелсенділігіменбайланысты

қиындықтарды жеңу және қауіп-қатерге жауап қайтара

білудің қарапайым дағдыларын білу және анықтау

Бағалау критерийі
Білім алушы

Қимыл-қозғалыстардағы қиындықтарды
жеңу

дағдыларын көрсетеді

Ойлау дағдыларының
Қолдану

деңгейі

Тапсырма
Волейбол ойынын ойнаңыз. Ойнау шартын сақтаңыз. Кездескен

қиындықтарды жеңу жолын анықтаңыз.

Дескриптор Білім алушы

ойын шартын сақтайды;
ойын барысында қимыл-қозғалыстардағы қиындықтарды көрсетеді;
қиындықтарды жеңу жолын анықтайды.

43
8-бөлім Жеңіл атлетика дағдысын дамыту және шолу

Тақырып Ойын арқылы жеңіл атлетика дағдысын дамыту

Оқу мақсаты 5.3.4.1 Денсаулықты нығайту жаттығулары барысында
қауіпсіздік мәселелері бойынша хабардар болу

Бағалау критерийі Білім алушы

Қауіпсіздік техникасын сақтап, жаттығуларды
орындайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

Эстафеталық ойынды орындаңыз. Қарлығаш және Торғай болып екі топқа бөлініңіз. А және В сызықтарында (№2 суретті қараңыз) берілген заттарды (кубиктер, доптар, кеглдер) командаға алып келіңіз.

№2-сурет.

Дескриптор Білім алушы

ойын шартын орындайды;
сызық бойындағы заттарды алып үлгереді.

44
Тақырып
Ойын арқылы жеңіл атлетика дағдысын дамыту
Оқу мақсаты
5.2.5.1
Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін

білу және түсіну, сондай-ақ оны шешудің қарапайым балама

жолдарын ұсыну
Бағалау критерийі
Білім алушы

Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін

анықтайды, балама жолдарын талқылайды
Ойлау дағдыларының
Қолдану
деңгейі

Тапсырма

Екі қолыңызбен басыңыздан асыра допты лақтырып, оны қағып алуды орындаңыз.

Допты басыңыздан асыра екі қолыңызбен белгілі қашықтықта 3-4 м қарама-қарсы тұрған жаққа допты еденге тигізіп, секірту арқылы жеткізіңіз. Допты қағып алған жақ сол тәсілмен кері қайтарыңыз.

Дескриптор Білім алушы

допты лақтырады;
допты ұстайды;

топта бірлесіп әрекет жасайды .

45
Тақырып
Денені қыздыру және тыныс алу жүйесін қалпына келтіру

5.3.3.1
Түрлі
дене
жүктемелерінің
арасындағы
Оқу мақсаты
айырмашылықты
және
олардың ағзаға тигізетін әсерін

сыртқы белгілеріне қарап анықтай білу

Бағалау критерийі
Білім алушы

Дене жүктемелерінің айырмашылықтарын және олардың ағзаға тигізетін әсерін анықтайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма
Дене жүктемелерінің айырмашылықтары мен олардың ағзаға тигізетін әсерін

жаттығу жұмыстары арқылы көрсетіп талқылаңыз.

2-3 қауіпсіз жаттығу көрсетіңіз (Мысалы: бір орында секіру). Жұпта, топта жаттығу жасап болғаннан кейін жаттығудың ағзаға тигізетін әсерін айтыңыз.

Дескриптор Білім алушы

жаттығуларды талқылайды;
топпен жаттығуларды орындайды;
орындаған жаттығуларының ағзаға тигізетін әсерін айтады.

46
Тақырып Денені қыздыру және тыныс алу жүйесін қалпына келтіру

5.1.3.1 Қарапайым арнайы спорттық техникаларды орындау
Оқу мақсаты кезіндегі дағдылар мен реттілікті білу және анықтау

Бағалау критерийі Білім алушы

Спорттық техниканы орындағанда дағдылар мен
реттілікті анықтайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Мәреге деп аталатын жаттығу ойынын ойнаңыз. 20x20 метрлі торда конуспен СӨРЕ және МӘРЕ сызығын белгілеңіз. Берілген сызыққа ішпен жатыңыз. МӘРЕГЕ. НАЗАР САЛЫҢЫЗДАР. ЖҮГІР. деген белгі бойынша жүгіріңіз. МӘРЕГЕ. НАЗАР САЛЫҢЫЗДАР. ЖАТТЫҒУ. деген белгі бойынша бір орында жүгіріңіз.

Дескриптор Білім алушы

сөре және мәре командасын орындайды;
берілген команданың ретін бұзбай орындайды;

қарапайым спорттық техникаларды орындау барысындағы дағдыларды анықтайды.

Тақырып Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту

Оқу мақсаты 5.3.1.1 Денсаулықты сақтаудың маңыздылығын білу және
түсіну

Бағалау критерийі Білім алушы
Денсаулықты сақтауға бағытталған жаттығуларды
орындайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма
Белгілі бір қашықтықты (400, 800) бір темппен жүгіріп өтіңіз. 20-30 м

қашықтықты өте жоғары жылдамдықпен жүгіріп өтіңіз.

Дескриптор Білім алушы

бір темппен жүгіріп өту дағдылары мен ретін орындайды;
қозғалыс дағдыларын анықтаңыз;
салауатты өмір сүру салтының маңыздылығын көрсетеді.

47

Теруге 25.07.2017. берілді. Басуға 27.07.2017. қол қойылды. Пішімі 60х848. Кеңсе қағаз 80 грм2. Сандық басылыс. Шартты б. т.5,04. Таралымы 18 дана. Тапсырыс № 1574 Педагогикалық шеберлік орталығы ЖМ типографиясында басылды. 010000, Астана қ., №31 көше, 37а үй. e-mail: info@cpm.


Скачать


zharar.kz