Менің үлкен атам Балғымбаев Сарбас Рысжанұлы – соғыс ардагері. Ол Жылыой ауданы Қияқ ауыл кеңесінде 1921 жылы туған. 1939–1941 жылдары сегіз жылдық Қара арна орталық мектебінде мұғалім болып жұмыс жасаған. 1942 жылдың қаңтарында Совет Армиясы қатарына алынып, 1942 жылдың мамыр айынан бастап Ұлы Отан соғысына қатысқан. 648-ші атқыштар полкі 1-ші батальон пулеметшілер ротасында бөлімше командирі және сержант болған. Бұл полк 200-ші дивизия солтүстік Батыс майданы Старый Русь қаласының бағытында соғысқан. Соғыстағы ерлігі үшін За отвагу және Бірінші дәрежелі Отан соғысы орденімен наградталған. 1943 жылы ауыр жарақат алып елге оралған.1943 – 1946 жылдары Куйбышев атындағы 7 жылдық мектебінде мұғалім және оқу ісінің меңгерушісі болып жасаған. 1951-1952 жылдары Бірліктаң 7 жылдық мектебінде, 1952-1959 жылдары Қараша 7 жылдық мектебінде, 1959-1962 жылдары Орджоникидзе атындағы 8 жылдық мектепте мұғалім болып жұмыс жасаған.
1962-1976 жылдары М.Әуезов атындағы орта мектепте математика, физика, химия пәндерінің мұғалімі болып жұмыс жасаған. 1976 жылы зейнеткерлікке шыққан. Лениннің 100 жылдық мерекесі қарсаңында Қазақ ССР оқу министрі мен профсоюзының мақтау грамотасымен марапатталған. Соғыстан кейін Ұлы Жеңіс-тің 25 жылдығы, 30 жылдығы, 40 жылдығы, 50 жылдығы, 55 жылдығы мерекелік медальдарын алған. Маршалл Жуковтың 100 жылдық мерекесі медалін алған.
4 сынып оқушысы Сарбасова Азиза
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
№18 М.Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Жетекшісі: Шегирова Жанаргуль Сайлауовна