Көп жағдайда респираторлы вирусты инфекцияның асқынуы

Скачать

Бронхит - бронхтың қабынуы. Көп жағдайда респираторлы вирусты инфекцияның асқынуы.
 
Этиологиясы: вирустар, (парагрипп, аденовирус, қызылша, микоплазма вирустары т.б.),  кейде бактериялар болуы да мүмкін (жұтқыншақтағы тұрақты инфекция ошақтары, интубациядан болған асқынулар), тыныс жолдарына сырттан бөгде заттар түскенде ( химиялық) дамуы да мүмкін.
 
Икемдеуші жағдайға-салқындық,  лас ауа, темекі түтіні т.б.жатады.
 
Патогенезі: Вирустар тыныс жолдарының эпителийін зақымдайды. Бронх қабатының кедергілік (барьерлік) қасиетін төмендетеді. Балаларда, әсіресе сәбилерде тыныс жолдарының тарылуы, бронх қабатының ісінуі, ішіне секреттердің жиналуы жиі байқалады.
 
Клиникасы: Баланың терісі, еріні,  ауыз қуысының шырышты қабаты көгілдірленіп тұрады, тыныс алуы жиілейді, дем алуға қосымша бұлшықеттер қатысады. Көкірек  клеткасы кеңейіп, гипоксияға әкеледі. Кейде қатты жөтелгенде тынысы тарылып, демалысы тоқтап қалуы мүмкін.
 
Тыңдағанда:Орташа, ірі көпіршікті, құрғақ тұрақсыз сырылдар көкірек кеудесінің екі жағынан да естілуі мүмкін.
 
Емі: Төсек режимі дене қызуы түскеннен соң  тағы 2-3 күнге тағайындалады.
 
·         Диета:  Баланың тамағында сүт, өсімдік тағамдары болуы керек. Витаминге бай, құнарлы, сұйықтық жеткілікті болғаны жөн. Әсіресе мүкжидек, итмұрын тұнбасы, боржоми, лимон қосылған шай, бал аралас сүт, таңқурай қосылған шай, жалбыз  беру керек.
 
·         Антибиотиктер, сульфаниламидтер.
 
·         Қақырық түсіретін дәрілер-алтей тұнбасы, мукалтин, мия түбірі, бромгексин, перкуссин.     Жөтелді азайту үшін көп беруге болмайды, себебі жөтел қорғаныс реакциясы, қақырық шықпай обструкция болуы мүмкін.
 
·         Қыздырғыш компресс, қышамен аяққа ванна жасау.
 
·         В тобының витаминдері
 
·         Физиоемі-УФО, калий иодидімен, эуфиллинмен кеуде клеткасына электрофорез.
 
·         Оттегімен демалдыру, ингаляциялар.
 
·         Ең жиі асқынуы-пневмония.


Скачать


zharar.kz