Морфологиялық құрылыс стильдік қолданыс тұрғысынан сөздік қормен салыстырғанда біршама бейтарап екені айқын. Өйткені морфологиялық кұрылыс стильдік топтардың қай саласына да бірдей, барлығына да тән. Сондықтан сөз таптарының немесе сөз тудырушы аффикстер мен сөз өзгерту тәсілдерінің бір-бірінен оқ-шау қолданылу сырлары анық байқала бермейді. Солай бола тұрса да, тілдің морфологиялық тұлғаларының стильдік қолданылу жүйесі мен заңдылықтары бар. Оны мына өзгешеліктерден де байқауға болады. Алдымен стилистика тілдегі синонимдік құбылыстармен ұштасып жатады. Ал біздің тіліміздің морфологиялық құрылысында да мұндай синонимдік қатарлар кездесед.
Әрине, сөз өзгертуші, сөз жасаушы қосымшалардың синонимдік қатарларын айқындау, жіктеу тілдің лексикалық қорымен са-лыстырғанда әлдеқайда қиын жұмыс. Тіпті сөз қолдану тәжірибе-сінде белгілі бір аффикстің’ қай аффикспен синонимдігі барлығын ажырату мүмкін де бола бермейді. Оған себеп: біріншіден, қандай бір аффикс болмасын өзі жалғанған (немесе, біріккен) түбірге қосылып, оның өз мәні айқын жіктеліп тұрмайды. Екіншіден, тілдің грамматикалық құрылысында кез келген аффикс абстрактану .процесіне ұшырайды. Соның салдарынан, оның өзіне ғана тән мән-мәнер бірте-бірте көмескіленіп, өшуге айналады. Қазіргі тіліміздегі бүршік,талшык, келіншек, т. б. сөздерді осы сипатында, осы кү-йінше тұтас ұғынамыз, оны түбір мен қосымшаға жіктеу былай тұрсын, -шік, -шық, -шек аффикстерінің біркезгі кішірейту мәнерін де байқамаймыз. Бірақ түйіншек, інішек, төбешік сөздерінің құра-мында бұлардың, кішірейту мәнері айқын сезіледі. Соңғы сөздер құрамындағы (түбіршік, інішек, төбешік) -шық, -шақ ұзын ша, сұрша сөздері құрамындағы -ша аффиксімен мәндес болғанмен, алдыңғы сөздер (бүршік, талшық келіншек) құрамындағы сондай аффикстермен мәндес деп есептелмейді. Осылар тәріздес, жеке сөздер ыңғайында, бір-бірінен мәнерлік айырмасы бар, бірақ орай-лас мағыналы сөздер жасайтын қосымшалар қатарына сын есім жасайтын -ғыш пен -шақ, -қыр менғыш, -шыл мен -қай, -шыл және -паз, -қор қосымшаларын жатқызуға болар еді. Осылар арқылы жасалған сөзшең мен сөйлегіш, тапқыр мен тапқыш, сауықшыл мен сауыққой, шайшыл, шайқор, ойынпаз, ойыншыл тәрізді сөздер орайлас мағыналы, бірақ бір мәнерлі емес. Осы ыңғайда аталған аффикстердің синонимдік қатар құрай алатындығын көруге болады. Бірақ аффикстер арқылы жақа сөз жасауда кездесіп отыратын грамматикалық шектелу процесі де ескерілуі қажет. Мәселе мынада: сөзшең, сөйлегіш сөздерінің синоним болуы олардың құрамындағы -шең, -гіш аффикстеріне байланысты болғанмен, -шаңаффиксі жалғаса алатын түбірлердің бәріне бірдей -гіш ’ аффиксі қосылып айтыла бермейді. Мысалы, ашушаң, бойшақ, тершең деп айта береміз, бұлардың қайсысы да кісінің белгілі бір ерекшелікке бейімділігін білдіреді. Дегенмен осы түбірлерге -гіш аффиксін тікелей қосып айтуға болмайды. Есім түбір туынды етістікке ай-налғанда ғана (ашуланғыш, терлегіш) жалғанады. Бірак сол түбірге -шыл аффиксі тікелей қосылып, -шең аффиксімен синонимдік қатар құрады: ашушыл, тершіл. Сондай-ақ, тапқыр, тапқыш сөздерінің синоним болуы -қар, қыш, -қыр аффикстеріне байланысты. Бірақ сенгіш, болжағыш, сөйлегіш, байқағыш, аяғыш сөздеріне -қыр аффиксін жалғап айтуға келмейді.
Сонымен, сөз жасаушы аффикстердің синонимдік қатар кұруы кез келген сөз құрамынан байқала бермейді. Аффикстердің сино-нимдігі жайында айтқанда, түбірге қандай аффикс жалғана ала-тындығы ескерілу керек болады.
Сөз өзгертуші қосымшалар ішінде де контекстік қолданыста бір-біріне синонимдес қолданылатындары бар. Мысал үшін М. Әуезов-тің “Абай жолы” романында кездесетін мына сөйлемдерге назар аударайық: Ауыл шаппақ, жылқыға тимек, тұрысатын жерін айтысып бөліспек... Шырағым, Абай мұны істемек болса, ол құпияның ісі емес, әшкеренің ісі ғой... Абай асықпай киініп боп, ен-ді үйге қайтпаққа артына бұрылып еді. Осы сөйлемдер құрамында-ғы -мақ тұлғасымен келген сөздерді (етістік тұлғаларын), егер авторлық қолданысты ескермесек, өзгертіп айтуға да болар еді. Ауыл шауып, жылқыға тиіп, тұрысатын жерін айтысып бөліс-пек...— Шырағым, Абай мұны істейтін болса, ол құпияның ісі емес, әшкеренің ісі ғой... Абай асықпай киініп боп, енді үйге қайтуға ар-тына бұрылып еді. Сөйтіп, бұл жерде -мақ қосымшасының -а, -й, -у тұлғаларының орнына қолданылғандығын көруге болады. Сол сияқты, Абай өлеңдерінде де мынадай қолданыстар кездеседі: Мал жияды мақтанын білдірмекке, көзге шұқып малменен күйдірмекке... Жүректе қайрат болмаса, ұйықтаған ойды кім түртпек? Мұнда да-мақ қосымшасының басқа тұлғалар орнына қолданылғандығы байқалады.
Жеке сөз таптарының өздеріне ғана тән категорияларының ішінде сөз қолданыстың белгілі бір заңдылығы қалыптасқан. Осы ретте көптік жалғауларының қолданылу заңдылығын еске алу қа-жет болады.
Қөптік жалғаулары ең алдымен көптік ұғым туғызу үшін қол-данылатыны белгілі. Өз табиғатында жекелік ұғымға негізделген сөздер көптік жалғаулар арқылы көптік мән алады (тас — тастар, кітап — кітаптар т. б.). Қазақ тіліндегі кей сөздер сол күйінде, қо-сымшасыз-ақ көптік мағына бере алады. Бұлар көбіне топталған, жинақталған заттардың атауы болады. Мысалы, шаш, қас, сақал, жүн, бидай, тары, сұлы, жүгері, шөп, өсімдік, т. б. Бұл сөздерге мағыналық тұрғыдан көптік жалғаудың ешбір қажеті жоқ. Бірақ кейде жазушы не басқа автор өз ойын түспалдап жеткізу үшін жинақты зат атауларына көптік жалғау жалғап та қолданады. Бұндай реттерде зат атаулары өзінің тура мәнінде емес, ауыспалы мәнде айтылады, көп ыңғайда жансыз, зат жандыға айналады.
Көптік жалғау осындай мәнді туғызудың тәсілі болады. Мысалы: Күн көзінің алтын кірпіктері аласа үйлерден асып, биік үйлердің те-резелерін шам жаққандай жарқырата бастады (Ғ. Мүсірепов.) Жа-зушы кірпік сөзін көптік жалғауынсыз да қолдана алар еді, бірақ онда заттық мән айқын болмас еді. Көпбастар шұлғысып, көп сақалдар шошаңдасып қалды. Бұл жүрістің түбі бір жанжалға соғатынын сезінген қу тақымдар шыбындап Игілік тобына өздері қосылып, елден-елге шығарып салып қайтысты (¥. Мүсірепов).
Жинақтық мәнді зат есімдерге көптік жалғауларын қосып қол-дану кеңсе стилінде немесе ғылыми әдебиеттер стилінде кездесе бермейді. Мұндай сөз қолданыстары, әрине, тек көркем әдебиет пен публицистикалық шығармалар тіліне ғана тән.
Кейде көптік жалғау заттын, көптігін білдіру үшін қолданыл-май, оның көп кісіге ортақтығын, теңдігін, қатыстылығын білдіру үшін де айтылады. Ондай зат атауы көбіне сөйлемнің толықтауы-шы, яғни істің объектісі қызметінде тұрады. Мысалы: Сонаи кейін шетіңнен ұрысыңдар, қожаларыңды сыйламайсыңдар деп барлы-ғына да жағалай ұрысып, аяңдап өзінің бөлмесіне қарай тартты (Гоголь). Сөйлем құрамындағы ұрысыңдар, қожаларыңды сөздері көптік жалғаулы болғанмен, мағынасы жағынан бірдей емес. Ал-дыңғы ұрысыңдар сөзі көп кісіні білдіреді де, соңғы қожаларыңды сөзі қожаның көптігін білдірмей, оның (қожаның) біреу болған-мен, көп кісіге ортақтығын, көп кісіге қатыстылығын білдіреді. Сөз қолданыстың бұл түрі тек көптік жалғауларға ғана тән емес. Тілі-міздегі басқа да көптік тұлғаларға тән жәйт. Мысалы: “Былшық басқан көзіміз, тарлан тартқан кезіміз” дегендей, бұлтағы көп бұ-лыңғыр заманыңды шала алмай қаламыз... (Ғ. Мүсірепов). Бұл сөйлемдегі көзіміз, кезіміз сөздері де сондай мәнде айтылган.
Егер сөйлем ішінде бірыңғайлас зат атаулары қатарынан, бірінен соң бірі айтылатын болса, сөз жинақы, түсінікті болу үшін көптік жалғауы олардың ең соңғысына ғана жалғанады. Мысалы: Пұ-шарбай, Садырбай, Мұңсызбайлар боп Майбасарға мықтап дүре соқты (М. Әуезов).
Алайда, аталған заттардың әркайсысын мағыналық жағынан даралап, әрқайсысынық көптігін баса көрсету қажет болғанда, көптік жалғауы жеке-жеке жалғанады. Мысалы: Жолдастар, жа-уынгерлер мен командирлер! (А. Бек.) Қазақ сөйлемінде қалып-тасқан норманың бірі — көптік жалғау бір-бірімен синтаксистік қатынасқа түскен, бірі екіншісіне тікелей қатысты екі есім сөздің соңғы айтылған қосарына жалғанады. Мысалы: Қазіргі жастар шетінен білімді. Дегенмен стиль айқындығы үшін, әрқайсысының жеке-жеке қатыстылығын баса көрсету керек болғанда, жоғаргы сөйлем құрамындағы шетінен сөзіне көптік жалғау жалғанады. Мысалы: Қазіргі жастар шеттерінен білімді. Соңғы сөзге көптік жалғауының жалғануы сөзге логикалық екпін түсіріп, әрқайсысын даралай айтуға мүмкіндік береді. Мына сөйлемдер құрамындағы көптік жалғаумен келген сөздер де сондай мақсатпен қолданылған: Қенесарыға ерген жұрттьң Шу мен Сарысу бойында жатқан жылқыларын айдап бұрылды... Кейбір үйлерде құрмет көрсетіп өзінен жоғары отырғызса, кейде сол жоғарыға өзі отырып алып, кэрі биді төменірек сырғытып жібереді (Ғ. Мүсірепов).
Қөз, құлақ, аяқ, бет, қабақ, тәрізді зат атауларының көптік жалғауында қолданылуы айрықша стильдік мән алады. Бұларды көптік жалғауынсыз қолдану — Қазақ тілінің замандар бойы қа-лыптасқан заңдылығы. Қазақ құлақ дегенде бір ғана құлақты емес, екеуін де, сондай-ақ көз дегенде көздің біреуін ғана емес, екеуін де еске алады. Сол себептен көзі көк (адам), көзін көкшитіп деп сөйлейді де, көздері көк адам, көздерін көкшитіп тәрізді сөз қолданыстарын оғаш көреді. Алайда қазіргі әдеби тілімізде мұндай сөздерді көптік жалғауында қолдану мағына айқындығы, ой саралығы үшін қажет тәсіл есебінде қалыптасып бара жатыр. Мына сөйлемдер құрамындағы көптік жалғаулы сөздер сондай процестің нәтижесі:
Рульді көптен бері ұстамағандықтан эбден тосырқап қалған қолдар оны баппен ұстап олай-бұлай бұрай бастады... Мынау қолдар Сталинградта трактор жасаған қолдар (Ғ. Мүсірепов). Ресчи қағаздар тілінде де осы тәріздес сөз қолданыстың жиі кездесуі сол мақсаттан туса керек. І
Қөптік жалғауының тағы да мынадай екі түрлі қызметін атаған жөн. Егер көптік жалғауы сан есімдер мен үстеулерге (мезгіл үс-теулеріне) жалғанса, ол көптік мағына бермей, долбарлы, шамамен алғандағы мөлшерді, мерзімді білдіреді. Мысалы: Әкелері Тұяқбай ерте өлген, шешелері Ұлберген шаруадан қалмаған, жасы қырық бестердегі кісі (С. Мұқанов). Мұрат ертеңдері келіп қалар. Мұндай сөз қолданыс әрине, ресми қаулы-қарарлар, анықтамалар мен ақпарлар, куәліктер тіліне т,ән емес. Көптік жалғауларының бұл қызметі көркем әдебиет тілінің ерекшелігі. Әдеби шығарма өмір құбылысының образды көрінісі ғана. Сол себептен оған ста-тистидалық мәліметтерді дәл де тура келтіру қажет те болмайды.
Көптік жалғау жалғанган Оспандар, Омарлар, Мараттар сияқты жалқы есімдер есім иесінің көптігін білдірмей, сол және соның айналасындағылар, қасындағылар дейтін ұғымды білдіреді. Мұндай сөз қолданыстың басты мақсаты — оның жинақы болуын және аты аталған кісіні оның айналасындағылардан, қасындағылардан бөлектеп, даралап айту.
Сөз жүйесінде септік жалғаулары да айрықша көңіл аударуды қажет етеді. Өйткені олар тек сөз бен сөзді байланыстырып қой-майды, жалғанған сөзіне қосымша мән де үстемелейді.
Айрықша көңіл аударатын септік жалғауларының бірі — ілік септігі. Оның жалғаулары бірде айтылады да, бірде айтылмай түсіп қалады. Бұл тек грамматикалық құбылыс қана емес, сөз қол-даныспен ұштасатын ерекшелік. Ілік септігінің жалғаулары мына-дай реттерде түсіріліп айтылуы мүмкін:
1) Ілік септіктегі сөз конкретті менішкті, тәнділікті білдірмей, абстрактылы немесе коллективтік қатынасты білдірген жағдайда: колхоз малы, товар айналымы, сауда айналымы, мемлекет қаржысы, т. б. Бұл әсіресе жазба тілде қалыптасып келе жатқан салт. Дегенмен, логикалық екпін түскенде немесе тәуелдік жалғаулы сөздің білдіретін мағынасынын. нендей құбылысқа, затқа, кісіге катыстылығын білдіру ниеті көзделгенде, ілік жалғауы түсірілмей айтылады. Мысалы:Дүние жүзінің халықтары бейбіт-шілік пен бақыт жолындағы қозғалысты қолдай алады... (газеттен). Бұл сөйлемде дүние жүзінің халықтары, яғни ілік жалғауы-мен келген. Бұл жердегі ілік жалғаулы конструкция нақтылы мақсатпен айтылған.
2) Қейде жалпының жалқыға, бүтіннің бөлшекке қатысын біл-діретін реттерде де ілік жалғауы түсіріліп айтылуға бейім болады. Мысалы: гүл иісі (гүлдің емес),тауық сорпасы, қой еті деп қолдану әрі жинақы, әрі қалыптасып қалған норма тәрізді болып көрінеді. Жазба тілде солай қолданылады да. Дегенмен кейде ілік жалғауын түсірмей қолдану да қажет болады. Мына сөйлемге назар аударайық: Сондықтан маған тауықтың еті мен сорпасы жұғын да болған жок, (С. Мүқанов). Жігттің түсін айтпа, ісін айт (мәтел). Онымен бірге басқа иіс емес, әдемі әтірдің иісі ере келгендей бол-ды (газеттен). Осы сөйлемдер құрамындағы ілік жалғаулы сөздер-дін, жалғауын түсіріп айтса, сөйлем қиыспайды. Өйткені әңгіме жалпы сорпа мен ет жайында емес, тауықтың сорпасы мен еті жа-йында болып отыр.
3) Мән-мағынасы жағынан айқьш анықтауды керек етпейтін жағдайда ілік жалғаулы сөз бен көмекші есімдерден құралған тіркестердің, құрамындағы ілік жалғауы түсіріліп айтылады. Мы-салы: бірде кітап стол үстінде жатыр, бірде кітап столдың үстінде жатыр деп айтуға әбден болады. Бірақ екі сөйлемнің айтылу мақ-саты бірдей емес. Алдыңғысында кітаптың бар екендігі ғана ха-барланып тұр, сондықтан стол сөзі жалғаусыз айтылған. Әдетте іс-қимылдың болған, болатын, болып жаткан мекені айрықша аталып көрсетілуі керек болғанда, мүндай тіркестердің құрамындағы ілік жалғауы түсірілмей қолданылады.
4) Күрделі атаулардың құрамында ілік жалғауы бірнеше рет қайталануға тиіс болса, солардың тек біреуі, кейде екеуі ғана тү-сірілмей толық айтылады да, басқалары түсіріліп айтылады. Мы-салы: Қазақ (тың) мемлекеттік С. М. Киров (тың) атындағы уни-верситеті, Шымкент (тің) облысы (ның) Сарысу ауданы (ның) “Победа” колхозының тұрғыны. Мұндай күрделі атаулар құрамын-дағы ілік жалғауынын, түсіріліп айтылуы қазіргі тілімізде нормаға айналып кетті. Бұлардың ізімен тіпті екі сөзден құралатын атаулар құрамындағы ілік жалғауы да түсіріліп айтылады. Мысалы: балалар (дың) бақшасы, пәтер (дің) ақысы, кафедра (ның) меңгерушісі т. б. Бұндай тіркестер ауызекі сөйлеу тілінде ешбір жалғаусыз, қабыса байланысқан тіркес түрінде де айтылады: бала бақша, пәтер ақы т. б.
Қазіргі жазба тілде ілік жалғаулы конструкцияға -лық аффик-сімен келген тіркестер мәндес болып келеді: қоғамдық, мал, ауыл-дың совет, мемлекеттік орған, бесжылдық жоспар, т. б. қазіргі ті-лімізде қалыптасып, тұрақталып кеткен тіркестер абстрактілі тән-дікті, қатынасты білдіретіні белгілі. Мүндай сөз колданыс — әдеби тілдің кейінгі дамуының жемісі. Жазба әдеби тілдің жаңа қалыптасу дәуірінде бұл сияқты тіркестер ілік жалғаулы конструкция түрінде айтылған. Бірақ қазіргі әдеби тіл мұндай қалыптасқан терминдік тіркестерді ілік жалғауымен қолданбайды.
Б а р ы с ж а л ғ а у ы іс бағытталған, арналған жанама объект мәнінде, кейде жатыс жалғауымен синонимдік қатар құрады. Мы-салы: Терезе алдындағы алма ағашы бөлмеге күн сәулесін тусір-мейді. Терезе алдындағы алма ағашы бөлмеде күн сэулесін тусір-мейді (газеттен). Ол от-дэріні қай жерге сақтайды,қайтеді — ол жағынан хабарсыз болады. Ол от-дэріні қай жерде сақтайды — ол жағынан хабарсыз болады (Есенберлин). Осы сөйлемдер құрамын-дағыбөлме, жер сөздері бірде барыс жалғаулы, бірде жатыс жал-ғаулы болып қолданылған. Барыс тұлғасының жатыс тұлғалы сөз-бен жарыса қолданылуы статикалық күйді, қалыпты білдіретін етістіктермен тіркесіп келгенде де байқалады, Қазақ тілінде қону (далада қону, далаға қону), қамау (үйге қамау, үйде қамау), бату (суға бату, суда бату), отыру (орындыққа отыру, орындықта оты-ру), қалу (жұмыста қалу, жұмысқа қалу) тәрізді етістіктер екі түрлі .септік жалғауын қажет етеді. Қай тұлғада (барыс, не жатыс тұлғасы) қолданса да сөз мақсатымен, контекс ерекшелігімен бай-ланысты болады.
- Барыс жалғауы (осы мәнде) кейде көмектес жалғауымен жа-рыспалы қолданылуы да кездеседі. Мысалы: Төрт түлікке толды аймақ, осынау аулым колхозда(Жамбыл). Осы сөйлемнің алдыңғы бөлігіндегі түлікке сөзін өзгертіп көмектес септікте қолданып, төрт түлікпен толды аймақ осынау аулым колхозда деп айтуға да болар еді. Бұдан грамматикалық тұрғыдан ешбір нұсқан келмес еді. Бірақ бұл жерде мынадай бір ерекшелікті ескеру керек. Барыс жалғауда қолданғанда сөз мағынасы үдемелі мәнде ұғынылады. яғни жоғарыдағы сөйлем ыңғайында айтқанда “қазір көп болған-мен, әлі де көбейе береді” дейтін ұғым туады. Өйткені барыс септік әдетте козғалыспен, қимылмен байланысты қолданылуға бейім. Ал түлік сөзін көмектес септікте айтсақ, онда бүкіл аймақ сонымен толы болды, ешбір бос жер қалмады дейтін үғым туар еді. Іс-қи-мылдың болатын мезгіл-уақытын, мезгіл мөлшерін білдіруде барыс септікке жатыс септік синоним болады. Мысалы: Қазақ ССР Жоғарғы Советінің сессияларын Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Президиумы жылына екі рет шақырады. Қазак, ССР Жоғарғы Со-веті сессияларын Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Президиумы жылында екі рет шақырады. Дегенмен бірде әдеби норма тұрғы-сынан, бірде мағыналық мәнер тұрғысынан мұндай сөз қолданысты бірдей деп қарауға болмайды. Әдеби тіл тұрғысынан жылына түл-ғасы норма болып саналады да,жылында сөйлеу тілінің әлементі дәрежесінде қалады.
Сонымен қатар, сөйлем ішінде іргелес орналасқан сездердің бәрі бірдей жатыс жалғауында айтылуы әуезділік тұрғысынан да, айқындылық тұрғысынан да пайдасыз болар еді. Мынадай бір мысал келтірейік: Айтқан уақытта дәл келу, айтқан жерде дэл болу — біздер үшін қатал заң. Осы мысалда қатар тұрған екі сөздің де жатыс тұлғалы болуы ойландырарлық жай. Сірә, дұрысы алдыңғы сөзді барыс тұлғасында қолданып, “Айтқан уақытқа дэл келу, айтқан жерде дэл болу — біздер үшін қатал заң” деп айту орынды болмақ. Өйткені, сөйлемнің, алдыңғы бөлігіндегі келу етістігі қимылды білдіреді, олай болса, барыс септік айтылу орынды, ал соңғы бөліктегі болу — статикалық қалыпты білдіреді, сондықтан бағыныңқы сөздің жатыс тұлғалы болуы дұрыс.
Қазақ тілінде бірде сөз табыс жалғауымен келеді де, бірде табыс септік мәнді болса да, жалғаусыз айтыла береді. Мысалы: кітапты оқыды, кітап оқыды. Бірақ барлық ыңғайда да табыс жалғауын қоспай айтуға бола бермейтіні айқын. Мына реттерде жалғаусыз айтуға болмайды: а) Кісі аттары: Әйгерім Абайдыкінәламаса да, ақтамақшы емес (М. Әуезов). Жіктік және сілтеу есімдіктер: Шеген біржола мені тартып әкетті (Р. Мүсірепов). ә) Сын есімдер мен сан есімдер, есімше етістіктері іс-әрекеттің объектісі мәнінде айтылса табыс жалғауы түсірілмейді: Жақсыны көрмек үшін (мақал). Сағат сегізді соқты... Шын тапқан деп жақсылық тапқанды айтат та (М. Әуезов). Егер осы сөйлемдер құрамындағы сөздердің табыс жалғауын түсіріп айтатын болсақ, онда сөз мағынасы өзгерер еді немесе сөйлемдегі сөздер өз ара дұрыс байланыспай жүйесіз болып шығар еді.
Екінші жағынан, табыс жалғауын әр уақытта қосып айтуга бола бермейді. Бұл, ең алдымен, бір ғана ырғақпен айтылып, қалыптасып кеткен сөйлемдер құрамында жиі кездеседі. Мысалы: Орақшының жаманы орақ таңдайды (мәтел). Ғылым таппай мақтанба, орын таппай, баптанба (Абай). Осы сөйлемдер ішіндегі орақ, ғылым, орын сөздеріне табыс жалғауын жалғап айтсақ, ырғаққа сыймас еді.
Табыс жалғауының айтылмауы кейде сөзге логикалық екпіннің түспеуімен де байланысты. Мысалы: Абай мен Ербол Семей қаласының өз ішінен пәтер алды(М. Әуезов) деген сөйлемдегі пә-тер сөзіне табыс жалғауын қосудың қажеті жоқ. Сөйлемнің мақсаты — Абай мен Ерболдың қаланың ішіне орналасқанын хабарлау ғана. Егер ой мақсаты пәтер алуын хабарлау болса, табыс жалғауын қосу керек болар еді. Бала кітап оқыды. Бала кітапты оқыды деген сөйлемдер құрамындағы кітап сөзінін, табыс жалғаулы және жалғаусыз жұмсалуы да осындай.
Бал’а кітап оқыды дегенде бала бос отырмады, бір нәрсемен айналысып отырды деген біршама жалпы мән болса, бала кітапты оқыды дегенде басқаны емес, тек кітапты оқығандығын хабарлау мақсаты бар.
Қазақ тілінде табыс септік жалғауының кейде барыс тұлғасымен жарыспалы қолданылуы кездеседі. Әкесі Маратты ұрысты, әкесі Маратқа ұрысты тәрізді бір ғана сөзді екі түрлі айтып, жазу салты бары белгілі. Әдеби нормаға жақын түрі, әрине, барыс жалғаулы түрі болса керек. Ұрысу етістігі өз табиғатында барыс жалғауын қажет етеді. Сондықтан жоғарғыдай сөздердің табыс жалғаулы түрін әдеби нормадан ауытқушылық деп қана қарау қажет.
Табыс жалғауы кейде шығыс жалғауымен жарыса қолданылады. Бірақ ондай қолданыстың кейбір мағыналық ерекшелігі бар. Мысалы: судан аттады — суды аттады, бұрыштан айналды —- бұ-рышты айналды,асудан асты — асуды асты, өзеннен өтті —- өзенді өтті тәрізді бірде шығыс, бірде табыс септік жалғауы айтылады. Мұндай ыңғайда шығыс септіктің қолданылуы жалпы мән берумен байланысып жатады. Екінші сөзбен, шығыс жалғаулы сөз белгілі бір нақты объектіні көздемейді, істің орындалу барысындағы өтілуге тиіс объектінің бірі ретінде ұғынылады. Ал, табыс септігінің қолданылуы нақты объектіні еске алуымен (байланысып жатады. Іс- қимылдың мекен-орнын білдіруде жатыс тұлғасы шығыс жалғауымен жарыспалы қолданылуы мүмкін. Мысалы: Алма-ты қаласында № 12 мектепте оқыдым. Алматы қаласында № 12 мектептен оқыдым. Мұндай варианттардың жатыс жалғаулы түрі қазіргі тілімізде жиі қолданылып жүр.
Жатыс септікте тек мезгіл мәнді (кез, шақ, уақыт, т. б.) сөздер ғана емес, лексикалық тұрғыдан оған жатпайтын сөздер де мез-гілдік мән ала алады. Мысалы:Тыныштықта сүйген менің қыр-дағы. әнім— Москва (Ерғалиев). Бұл жерде нақтылы мезгіл — уақыт жоқ, оны (мезгілді) белгілі бір күйге, қалыпқа мезгеу арқылы жобалау ғана бар. Сондықтан мұндай қолданыс публицистика мен көркем әдебиетте ғана жиі кездеседі. Ресми стиль (кеңсе стилі және ғылыми әдебиеттер стилі) мұндай реттерде айқындыққа, дәлдікке ұмтылады.
Шығыс жалгауы мынадай мағыналық мәнерлерде қолда-нылады:
Заттың неден істелгендігін білдіреді: тастан үй салды. 2) Нәрсенің шығар көзін білдіреді: білімді кітаптан алады. 3) Іс-әрекеттің шығатын, таралатын мекенін білдіреді: Қарағандыдан көмір шығады. 4) Іс-қимылдың пайда болу, таралу мезгілін, уақы-, тын білдіреді: жастайынан суретке эуес. Дегенмен халық тілінін практикасында тастан үй салды, ағаштан ыдыс жасады тәрізді тір-кестерді шығыс септігінсіз-ақ “тас үй салды, ағаш ыдыс жасады” деп айту да бар. Әдеби тілде екеуі де жарыса қолданылады. Бұл екі тәсілдің арасындағы айырмашылық: шығыс -септік жалғауы заттың неден істелгендігін білдіріп, сөзге логикалық екпін береді. Егер мүндай даралап, нақтылау қажет болмаса, олар шығыс жал-ғауынсыз, түбір күйінде айтыла береді. Мысалы: Өнер-білім бар жұрттар, тастан сарай салғызды (ЬІбырай). Осы сөйлемдегі ақын-ның айтайын деген ойының өзі белгілі дәрежеде шығыс септік тұлғасына байланысты. Сол сияқты,ағаштан ыдыс жасады — ағаш ыдыс жасады тәрізді параллельдер мағыналық мәнер тұрғысынан бірдей емес. Алдыңғысында заттың тегін көрсету басым да, соң-ғысында заттың жасалу фактісі ғана хабарланған.
Кейде табыс септік пен шығыс септіктің тұлғалары мәндес қол-данылады. Ауызекі сөйлеуде, “қалтаңдағы ақшаңнан .жұмса”, “ақшаңды жұмса” деп мәндес қолдану жиі кездеседі. Дегенмен жазба тілде (сөйлеуде де) мынаны ескерген дұрыс. Егер айтылып отырған іс-әрекетке сол зат түгел қатысты болса ғана табыс тұлғасын қолдану орынды, ал ішінара қатысты болса шырыс тұлғасын қолдану дәл.
Шығыс септік тұлғасының мезгілдік мәнде жұмсалуы қарапа-йым сөйлеуде, эпистолярлык, қағаздарда, сондай-ақ көркем әдебиет шығармаларында жиі кездеседі. Шығыс тұлгасы- мезгіл-уақытты дәл көрсетіп, белгілі мөлшерді білдірмейді, тұтас бір кезеңді, мол уақыт мөлшерін көрсетеді. Әрқашан дәлдікті, басы ашық айқындықты мақсат ететір стильдер жүйесіне бұл ыңғайлы тәсіл болмайтындығы да сондықтан.
Көмектес септік, негізінен, іс-қимылдың не, кім арқылы жасал-ғандығын, іс-әрекеттің болу ерекшелігін, себебін, орын-мекенін, мезгілін білдіретіні мәлім. Көмектес жалғауы мекендік мәнде жатыс септік орнына жұмсалады. Мысалы: Рахмет бір күні Нева про-спектісімен келе жатты (Ерубаев). Жоғарғы сөйлемді Рахмет, бір күні Нева проспектісінде келе жатты деп те айтуға болар ёді. Де-генмен бұл жердегі бір ерекшелік көмектес жалғауы істің мекенін сол мекен-орынның ‘ұзына бойына созылған қимылмен байланысты білдіреді. Жатыс септік тұлғасынан мұндай жіктелген мән байқалмайды. Сол сияқты мезплдік мәнде қолданылғанда көмектес септік тұтас мерзімді білдіреді: Күнімен күтті, түнімен жүрді. Қөмектес жалғауы бұл мәнде тек бойы көмекші есімді тіркестермен ғана синоним бола алады: Күні бойы күтті — күнімен күтті.
Сонымен, зат есімнің септік жалғаулары, олардың кейбір қолдану ерекшеліктері осы тәрізді. Септік жалғауларын дұрыс қолдану ең алдымен олардың грамматикалық ерекшеліктерін, мағыналары білу деген сөз.
Қолданылу сипаты тұрғысынан назар аударатын грамматикалық категорияның бірі — сын есімдердің заттануы, сөйтіп зат есім мәнінде қолданылуы, Сөйлеуде болсын, жазба тілде болсын сын есімдердін, зат есім мәнінде колданылуы — сөздін, жинақы, ойдың образды болуы үшін ұтымды тәсіл. Мына төмендегі үзінділерде сын есімдер сондай мәнде қолданылған:
Сонан бері рақымсыз көп жыл өтті,
Орақ келді, орылар мезгіл жетті.
Жылы менен суықтың бэрін көріп,
Қайран көңіл қайыспай қайрат етті (Абай).
... Өзен тоқтап, көп мақпал қара ағып бара жатқандай сезіледі
(Ғ. Мүсірепов). Дегенмен, сын есім атаулының бәрі бірдей заттанып, зат есім мәнін алуға бейім бола бермейді. Сапалық сын есімдердің көпшілігі-ақ сондай мәнде жұмсалуға бейім болса, кейбір қатыстық сын есімдердің мұндай қасиеті жоқ. Ауызекі тілде әр кез кездесетш “әлгі құлықсыз келді”, “құнтсызбен жолдас болма” тәрізді конструкциялар жазба- тізде кездесе қоймайды. Жазба тіл мұндай реттерде сын есімді зат есімдермен тіркестіріп қолдануға (құнтсыз адам, құлықсыз бала) ұмтылады.
Ауызекі сөйлеуде де, жазба тілде де адам мағынасында заттануға бейім қатыстық сын есімдер мыналар: -ғыр (-гір), -ғыш (-гіш) аффикстері арқылы жасалған сөздер: білгір, білгіш, айтқыш, сөйлегіш. Сондай-ақ, екі зат есімнің, не зат есім мен сын есімнің бірігуінен жасалған сын есімдер де көбіне бейнелі ойдық көрінісі ретінде ауызекі сөйлеуде де, жазба тілде де жиі кездеседі: тас бауыр, су жүрек, өр көкірек, есалаң, ашқарақ, қан құйлы, жансе-біл, көкжал т. б.
Қатыстық сын есімдердің мағынасы өздерінің арғы төркіндерінің мәніне орайлас келіп жатады. Мысалы: мақтаншақ (мақтануды сүйетін адам), ашушаң (тез ашуланатын адам), білгіш (көп білетін кісі немесе көп білемін деп ойлайтын кісі) т. б. Бұл ерекшелік кейбір қатыстық сын есімдерді реті келген жерінде мәндес конструкциялармен ауыстырып қолдануға мүмкіндік. береді: Бала жаңа туған кезінде ұйқышыл болады. Бала^ жаңа туған кезінде_ көп ұйықтайтын болады.Екі сөйлемде де айтылатын ой — біреу.
тәсілі өзгеше: бірінде сын есім, бірінде синтаксистік конструкция қолданылған. Дегенмен, бұлардың әрқай-сысы әр түрлі стильдік жүйеде қолданылуға бейім. Егер публицистне жазушы өз шығарма-сында қатыстық сын есімді қолданса,ғылыми еңбектің авторы он-ның орнына есімшелі сөз тіркесін лайық көрер еді.
Сәбит Мұқановтың “Өмір мектебінде” мынадай сөйлемдер бар. Сені жәдиттің молдасын жалдап әкелді деп еді, рас па? — деп сұ-райды.
— Рас, — дейді Нұртаза.
— Ондай дін бұзғыштарды қайдан жолатып жүрсің? — дейді хазірет.
— Дінді бұзған молданы көрген жоқпын, — дейді Нуртаза.
Бұл үзіндіде бір ғана мән екі түрлі тәсілмен — сын есім және синтаксистік конструкция арқылы берілген. Бұлай қолданыс — әрі сөз қайталамаудың, әрі ойды мәнерлі де айқын айтудың тәсілі.
Тектік (род) мән туғызудың грамматикалық тәсілдері де сөз жүйесінде назар аударуды қажет ететін мәселелердің бірі. Ана тілімізде тек категориясының жоғы мәлім. Дегенмен кейбір сөздер құрамында түбірмен бірігіп кеткен бірен-саран қосымшалар кез-деседі. Мысалы, жалқы есімдерге жалғанатын -ша, -шеқосымшасы осындай. Сонымен бірге Шығыс тілдерінің ықпалымен қалып-тасқан мұғалима, Батыс тілдерінің ықпалымен пайда болған секретарьша, официантка, лаборантка, комсомолка, пионерка тә-різдес сөздер де бар. Әрине, ана тіліміз бұлардың бірқатарын өз заңдылығына лайықтап, тектік қосымшаларды түсіріп айтады. Мысалы, орыс тілінен енген газета сөзі біздің тілімізде газет тү-рінде қалыптасты. Куәліктерде, қаулы-қарарларда, анықтамалар мен ақпарларда, жолдамаларда т. б. ресми қағаздар тілінде комсомол (мүшесі), пионер, официант, секретарь деп жазылып жүр. Бұл нормаға айналды. Сөз мәдениеті тұрғысынан лауазым иесінің ер я әйел екендігін анықтап жазу тәсілінің де айрықша мәні бар. Мысалы, Штейнберг, Диких, Трахтенберг тәрізді басқа халықтарға тән фамилиялардан сол кісінің әйел не ер кісі екендігін білу қиын. Оның үстіне Қазақ тілінде орыс тіліндегідей қимыл иесініңәйел я ер кісі екендігі сөйлемнің баяндауышынан да көрінбейді. Мұндай жағдайда лауазымды білдіретін зат есімнен кейін, сол лауазым иесі кісінің өз атын айту қажет болады. Мысалы: Лаборант Юрий Трахтенберг, тракторист Людмила Диких т. б.
Тектік ұғым беретін сөздер мен тұлғаларды қолдану көркем әдебиет тілінде, ресми тілдегідей емес, ерекше мән алады. Қейбір тектік қосымшаларды қолдану оқушы ойында жеңіл ирония туғызу мақсатымен немесе жазушының субъективтік айрықша тәсілімен ұштасып жатуы мүмкін. Мысалы:
“Сөйткенше төрде отырған біреудің қатты тамсанған үнін есіт-ті. Қараса, Сары апаң екен. Ол ашулы түспен түйіліп, қара шапанды басына жамыла беріп, жүрелей отырып ап айғайлай жөнелді. Сөзінің басы Бөжейді мақтау мен сол жақсыны жоқтау еді.
Соның аяғын шұбыртып кеп:
Мына да қарлар не дейді.
Жақсыдан жаман көбейді.
Ескінің асыл көзі еді
Ұрлап та көмдің Бөжейді,—-
деп, қатты айғайлап қалт тоқтады (М. Әуезов). Шебер де жетік жазушы әйелдің атын Сары апаң қоймай, басқаша коюына да болар еді. Бірақ Сары сөзінеапақ сөзін қосып айтып, әрі тектік ұғым туғызса, әрі есім иесінің сол ортада (Құнанбай ортасында) атқарар міндетін де айрықша нәзік тәсілмен байқатып отыр. Сондай-ақ қар сөзі де тектік айырмашылықпен байланысты айтылатын қарғыс сөзі.’ Әйтсе де осы сөз де белгілі бір мақсатпен орайлас айтылған. Жалпы қарғыс, балағат мәнінде бір нәрсе айтқысы келетін болса, оның орнына басқа сөз қолдануға да болар еді. Дегенмен жоқтау айтушы қыздардың жас шамасы мен мінез сипаты оқушыға бір сөз арқылы айнымай, дәл жетіп тұр.
Немесе мына бір мысалға көңіл аударайық.
“Дегенмен құлақтандыруда бәлендей қызық еш нэрсе де жоқ еді: Коцебу мырзаның драмасы қойылып жатыр екен, онда Ролланы — Поплевин, Қораны — Зяблева бикеш ойнайды депті” (Гоголь).
Зяблева дейтін фамилияның өзі оның әйел екенін білдіріп тұр, Бірақ бикеш сөзі қосылмаса, айтылып отырған оқиғаға автордың қатынасы айқын байқалмаған болар еді. Жазушы стилінің мұндай сөздерді қолданудағы ерекшелігін байқау үшін Ғ. Мүсіреповтің мына сөйлеміне де назар аударған дұрыс:
Ерінің бір ескерткенін ендігәрі қайталатпауға дағдыланған сылаң тоқал Айғанша қысыр жыландай жүйткіп жүр. Мүсірепов сти-лінің ёрекше бір қырын танытатын бұл сөйлемде тектік мән беретін сөзден гөрі тектік мән берілген теңеудің (қысыр жыландай) қолданысы айрықша назар аударады.