Бекболат Әшекеев (1843 - 1916) бұрынғы Жетісу облысы, таудың етегіндегі Үшқоңыр де­ген жерде, Жайылмыс болысы, Боралдай маңында туды

Скачать



Бекболат Әшекеев (1843 -1916) бұрынғы Жетісу облысы, таудың етегіндегі Үшқоңыр де­ген жерде, Жайылмыс болысы, Боралдай маңында туды. Жастайынан мал бақты. Егіншілікпен шұғылданды. Ағаш шебері атанды. Домбырамен күй шертті, есейгенде ел арасындағы дау- жанжалды шешуге қатынасты. Әділ төреші бола білді. Сол үшін аз уақыт болыстықтың тәжін де киді. Ресейдегі аласапран кезең қазақ даласына да келіп жетеді. Ресей патшасының Қазақ жастарын майдандағы тыл жұмысына алу жөніндегі 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы халықтың шыдамын тауысып, олардың отарлау езгісі мен орта ғасырлық қанауға қарсы көтерілуіне себеп болды.

7 шілдеде Үшқоңырда Жайылмыс қазақтарының съезі болды. Мал санағын жүргізуге келген шенеулік Ивановқа қарсы пікір айтады. Не істесе де, балаларымызды солдатқа бермейміз! ... деп қарсылық білдіреді. Оған Әміре Төлеубаев бастаған 45 кісі қол қояды. 10 шілде күні тағы да сол Үлкен Сазда 5 мың адам қатынасқан жиын өткізіледі. Ауыл қазақтары жоғарыдан келген бұйрыққа ашық қарсы шығады. Сөйтіп, Қазақ даласында (1916ж.) Ұлт-азаттық көтеріліс басталып кетеді.

Көтерілісті қазақ демократиялық интеллигенциясының өкілі Тоқаш Бокин ұйымдастырды. Жер-жердегі топтарды Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Н. Сатыбеков, Д. Қашағанов, Ә. Нұрғожаев т. б жерім, елім деген белсенділер басқарды. Солардың ішінде Бекболыт Әшекеев айрықша көзге түсті, дараланды, ерлік көрсетті. Ол алдына қойған мақсатынан қайтпады, халқына берген уәдесінен таймады. 1916 жылы 7–8 шілдеде Бекболат Алматының батысындағы (шамамен 40 км) Үшқоңыр де­ген жерде Жайылмыс және онымен көршілес болыстар тұрғындарының басын қосып, Ресей патшасының маусым жарлығын талқылайды. Тез арада Бекболаттың ұсынысымен тың жұмыстарына адам бермеу жөнінде шешім қабылданады. Осындай жиын 13 тамызда Ошақты деген жерінде де өтеді. Үшқоңыр мекені көтеріліс ор­талығы болды. Бекболат ұста дүкендерін ашқызып, қару-жарақ жасатты, жігіттерді соғыс өнеріне үйретті, Үшқоңырға келетін жолдарға тосқауылдар қойылып, жазалаушы отрядтар өте алмайтын берік қамал жасалды. Тамыз айының ортасында Бекболат бастаған көтерілісшілер жақсы қаруланған жазалаушы отрядпен қақтығысады. Күші басым отрядқа төтеп бере алмаған кетерілісшілер Жасылкөл мен Құмбел асуы арқылы қыр­ғыз жеріне шегініп, одан әрі Қытайға өтпек болады. Бірақ ел-жұртын қорғансыз қалдырмауға бел байлап, барлық кінәні өз мойнына алмақ болған Бекболат көтерілісшілерді таратып, өз еркімен жаудың қолына түседі. 1916 жылы 7 қыркүйекте Ресей армиясының қалалық әскери гарнизонының соты Бекболатты дарға асуға үкім шығарды. "Рас, мен соғысуға шықпақ болдым, Басыңда жер астына тықпақ болдым. Рас десең, рас сөз мен айтайын, Ақ патшаның тұқымын құрпақ болдым " деп кімге қарсы шыққанын ашық, анық айтты. Бекболаттың 20-дан астам жақын серіктестері де сотқа тартылып, олардың 12-сі өлім жазасына кесіледі.

Санат: KZ портал Қазақша Рефераттар жинағы


Скачать


zharar.kz