Қазақ өнері

Скачать

 16.02.2014, 02:10
Қазақстан мәдениетіндегі жаңа құбылыстар.

(Соғысқа дейінгі білім мен ғылым)

1. Тегін оқу. Ұлдар мен қыздарды бірге оқыту.

1924 жылы сәуір Сауатсыздық жойылсын қоғамы құрылды. Кеңестік білім

жүйесінің негізгі қағидалары: тегін оқу, ұлдар мен қыздарды бірге оқыту, дніи

пәндерді оқу бағдарламасынан алып тастау болды. 1921-1927 жылы 200 мың адам

оқып сауатын ашты. 1928 жылы аяғында сауатты адамдар 25 %, оның ішінде

қазақтар – 10 % болды. 1926 жылы Бірыңғай еңбек мектебі туралы Ереже

қабылданды. Осы ережелер бойынша міндетті бастауыш білім беру енгізілді. Үш

жылдық және төрт жылдық мектептер және қазақ қыздарына арнап мектептер

ашылды. Қыздарға арналған мектептер Шымкент, Алматы, Түркістан, Оралда

ашылды.

2. Зайырлы пәндер. Латын әрпінің ендірілуі.

Мәдени құрылыс процесін жеделдетуге ұлттық зиялылар ықпалы ерекше болды.

Араб тілінде оқулықтар жазылды. Мысалы: А. Байтұрсынов – суретті әліппені,

мысал-жұмбақтар жинақтары, Ж. Аймауытов – қостілділік және ана тілін оқыту

әдістемесі, Ә. Бөкейханов – география оқулығын, Қ. Сәтпаев – алгебра оқулығын

құрастырды.

1928 жылы араб әрпіне көшу туралы жарлық шықты. Араб әрпімен оқып,

сауатын ашқан қазақтар жаңа әліппені меңгеру керек болды. Ғасырлар бойы

жазылған рухани мұраны игеруге мүмкіндік болмай қалды. Араб әрпімен шыққан

басылымды пайдаланғандар пантюркист, панисламист деп жарияланып,

қудалауға ұшырады.

3. 1928 жылы комсомолдар бастамасымен Бүкілқазақстандық мәдени жорық басталды.

Соғысқа дейін 65 мың комсомол мәдени жорықтарға қатысты. 1931 жылы

желтоқсан 15-50 жас арасындағы сауатсыз халыққа жалпыға бірдей міндетті білім

беру енгізілді. 1939 жылы жалпы халықтың сауаттылығы 65 %-ға, оның ішінде

қазақтар 40 %-ға жетті.

4. Жоғары оқу орындарының ашылуы.

1928 жылы – тұңғыш педагогикалық институт, оған кейін Абай есімі берілді.

1929 жылы – Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институты.

1930 жылы – Қазақ ауылшаруашылық институты.

1931 жылы – Алматы медицина институты.

1931-1932 жылдары – Орал және Қызылорда педагогикалық институттары.

1934 жылы – С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университеті.

1934 жылы – Қазақ кен-металлургия институты.

1928 жылы – 24 техникум, 1940 жылы – 118 техникум.

Ұлы Отан соғысы қарсаңында 20 оқу орны, 118 орта арнаулы оқу орны болып 40

мыңдай адам оқыды.

5. Қазақстан ғылымының қылыптасқан кезеңі.

1920 жылы қазақстанда зерттеу қоғамы құрылды. Қазақ АКСР халық ағарту

комиссариятының академиялық орталығы құрылды. Бұл орталық қазақша жазуды

жетілдірді. Қазақ тілінде алғашқы оқулықтарды құрастырды. Қазақ халқының

тарихы, этнографиясы жөнінде еңбектер басып шығарды. Мысалы: 1926 жылы

М. Е. Массон Әулиеатада қазба жұмыстарын жүргізді

1932 жылы КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандағы базасы құрылды.

Зоология және ботаника секторларының қатарына тарих секторы қосылды.

1935 жылы Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы (авторы С. Асфендияров)

жарыққа шықты. Соғыс қарсаңында 57 ғылыми мекемеде 1700-дей ғалым

еңбек етті.

6. Қазақ әдебиеті мен өнері қалыптасты.

Қазақстанның мәдени мұрасында қазақ әдебиеті ерекше орын алды.

Прозалық шығармалар:

· С. Сейфуллин – Тар жол, тайғақ кешу (1927 жылы).

· Б. Майлин – Азамат Азаматыч.

· Ж. Аймауытов – Қартқожа.

· С. Мұқанов – Жұмбақ жалау.

· С. Ерубаев – Менің құрдастарым.

· Ғ. Мустафин – Өмір мен өлім.

Поэзия:

· С. Сейфуллин – Көкшетау.

· С. Мұқанов – Сұлушаш.

· І. Жансүгіров – Құлагер.

Қазақ драматургиясы дамыды.

· М. Әуезов – Айман - Шолпан, Түнгі сарын.

· Б. Майлин – Жалбыр.

· Ғ. Мүсірепов – Қыз Жібек, Қозы Көрпеш – Баян сұлу.

· Ж. Аймауытов – Мансапқорлар, Ел қорғаны.

1934 жылы 12-18 маусым – Қазақстан жазушуларының 1 съезі өткізілді.

1935 жылы Халық поэзиясының алыбы Ж. Жабаевтың 90 жасқа толуы атап өтілді.

1936 жылы С. Сейфуллиннің әдеби қызметінің 20 жылдығы мерекеленді.

Сталиндік жазалау қазақ әдебиетінің дамуын төмендетті.

6. Қазақ Кеңестік өнер қалыптасты.

Халықтық музыканы зерттеуде А. В. Затаевичтің еңбегі ерекше. Ол 2300-ден астам

халық әндері мен күйлерін жазып қалдырған. Оның еңбектері:

- 1925 жылы Қырғыз (Қазақ) халқының 1000 әні.

- 1935 жылы Қазақ халқының 500 әні мен күйі деп аталды.

Қазақ өнері. 1922 жылы – Қарқаралыда халық жыршыларының бәйгесі өткізілді.

1925 жылы Ә. Қашаубаев (1888-1934 жылдары) Парижде концертте ән шырқап, күміс медаль иеленді. Германияның Майн қаласында қазақ ән өнерін көрсетті (1927 жылы).

1926 жылы Қызылордада тұңғыш ұлттық қазақ театры ашылып, Еңлік – Кебек пъесасы қойылды, режисоры – Ж. Шанин.

30-шы жылдардан кейін Қазақстан кино өнерінің негізі қаланды. Жайлауда, Түрксіб деректі фильмдер, Дала әндері, Жұт деген дыбыссыз фильмдер түсірілді (Ленфильм).Дыбысты фильм Амангелді түсірілді.

1934 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Мемелекеттік оркестрі құрылды, жетекшісі – сазгер А. Жұбанов.

1936 жылы Жамбыл атындағы қазақ Мемелекеттік филармониясы ашылды. Күләш Байсейітова (1912-1957) КСРО Халық әртісі атанды.

П. Г. Хлудов шеберханасы сурет өнерінің орталығы болды. Шәкірті Қазақстанның халық суретшісі Ә. Қастеевтың Амангелді сарбаздары, Түрксіб суреті жазылды.

1939 жылы А. С. Пушкин атындағы кітапхана ашылды.


Скачать


zharar.kz