Ақша айналымын реттейтiн заңдылықтар

Скачать

Ақша жүйесiн реттейтiн нақты заңдылықтар қабылданбайынша, елдегi ақша жүйесiн дұрыс жолға қою мұмкiн еместiгiн бұрынғы жұргiзiлген ақша реформалары дәлелдеп бердi.
Ал ендi елiмiздегi ақша жүйесiне келер болсақ ҚР-дағы ақша жүйесi 1995 жылы 30 наурыздағы, Қазақстан Республикасы µлттық банк туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысын ұймдастыру негiзiн және формаларын белгiлейдi, онда ресми ақша бiрлiгi, ақша белгiлерiнiң эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртiбi, ақша айналысын ұймдастыру және реттеу тәртiптерi қамтылады.
ҚР-да орталық Банк-µлттық банк болып саналады. ҚР ұлттық банкiнiң негiзгi мiндеттерi-Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының iшкi және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсiне мынадай қосымша мiндеттер жүктеледi:
- экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуiне көмектесiп, ақша айналысы, несие, банктiк есептеулердi және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттiк саясатты жасау және жүзеге асыру;
- Ақша-несие және банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге кҚазақстанның экономикасының дамуы және оның дүниежүзiлiк өмектесу;
- Банктiң және басқа несиелiк мекемелердiң қызметiн реттейтiн ережелердi жасау және орындалуына бақылау жасау негiзiнде банк несие берушiлердiң, салымшылардың мүдделерiн қорғау.

Ұлттық банктiң жұмыстарының негiзгi бағыттары.
- елдегi несиелiк ресурстарды және ақша айналысын басқару;
- өзiне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсiмдi инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- халық шаруашылығындағы несиелiк, есеп айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру;
- халық шаруашылығындағы несиелiк, есеп айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру ережелердi, әдiстемелiк инструкциялық нормативтiк актiлердi шығару (барлық банктерге мiндеттi) есеп жүргiзу және банктердiң есеп беруiн ұйымдастыру;
- банк iсiн лицензиялау, ақша-несиелiк реттеудiң әдiстерiнiң формаларын талдау;
- банк iсiн бақылау және қадағалау;
- елдiң банк жүйесiнiң тәуелсiз балансын жасау;
- ғылыми зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргiзу;
- валюталық операцияларды жүргiзу ережелерiн және тәртiбiн жасау, бiркелкi валюталық саясатын жүргiзу және т.б.
Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасының Парламентiнiң құқы бар. ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзiмiн, тәртiбiн анықтау құқығы Қазақстан республикасының Президентiне жүктеледi.
Ұлттық банк ҚР-сының валютасын шетел мемлекеттерiнiң ақша белгiлерiне айрбастау тәртiбiн белгiлейдi


Скачать


zharar.kz