Менің ата анам менің жұмағым. Бесігімде әлдилеп, алақандарына аялады. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, қатарынан қалмасын деп қолдағы барын аямады. Сіздер маған, өнегелі тәрбие беріп, жақсы үлгілі қыз болып өсуіме себепкер болды. Ендігі менің мақсатым: алдағы уақытта үлгілі қыз болып, ата анамды жерге қаратпай сенімдерін ақтау. Менің армандарым өте көп. Арманымның алғашқысы ата анамның бауырларымның туыстарымның амандығы. Мен болашақта көздеген мақсатыма жету үшін ерінбей еңбек етіп оқуда озат болуым қажет. Арманымның біреуі дизайнер болу. Ол үшін де талпынысымды тоқтатпаймын. Мені осындай үлгілі етіп, тәрбиелеп өсіргенің үшін алғысым шексіз.