Ұстаз деген ұлы есімді барша адамзат баласы құрметтеуі қажет. Мен ұстазым - Керимова Нұргүл апайды жақсы көремін. Ол бізге тек сабақ үйретіп қана қоймай, үнемі өнегелі әңгімелер, пайдалы кеңестер айтып отырады. Қолыма ең алғаш қалам ұстатып, қырық екі әріпті танытып, жақсылығымды асырып, жамандығымды жасыра білген ұстазыма алғысым шексіз.