Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы

Скачать



Мен жазғы демалысымды Балқаш қаласында өткіздім. Менде осыдан бірнеше күн бұрын үлкен бір сұрақ бар еді. Оның жауабын табу әлбетте қиын емес, бірақ, соңғы кездері қызықты жауаптар естіп жүрмін. 

Каникул дегенді осы адамдар қалай түсінеді екен? Бір күні осы сауалға өзім жауап іздедім. Таптым. Оны мен мына басымнан өткен оқиғамен сабақтағым келіп отыр. Әрине, мен ойлағандай емес, Балқаш көлінде демалушылар саны көп. Сонда немересін демалысқа әкелген әжеймен таныстым. Ертегі, әңгіме айтуға шебер. Ол кісі сондай мейірбан көрінді. 

Білемісің, қарғам, адам ең алдымен рухани демалысқа шөліркейді екен. Ал, мынадай ойын-сауыққа ешқашан адам құмары қанбаса керек. Қай кезде адам миы толық рухани демалса, оқуы, зейіні ашылады, дейді мейірбан әжей. 

Міне, мен каникулдың қызығымен қоса осындай жайтқа тап болдым. Рас, ойын-сауық пен рухани демалыс тепе-тең болғанда ғана, адам жігерлі болады екен. 

Айтпақшы, мен рухани демалыстың не екенін айтпаппын ғой. Ол - кітап оқу. Иә, кітап. 

Донбай Сағыныш Елеусізқызы 
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы 
№ 27 орта мектебі, 3 А сыныбы  
 
Дереккөзі: http:goo.glk4VmEq    
©   


Скачать


zharar.kz