химия 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарын қорытындылау.
Сабақтың мақсаттары
білімділік: Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары - оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздар туралы білімді тереңдету, жүйелеу және қорытындылау.
дамытушылық: Химиялық формула мен химиялық теңдеулер құру, есеп шығару біліктілігін арттыру.
тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білімді қорытындылау.
Көрнекілігі: Химиялық элементтердің периодтық жүйесі, тест тапсырмалары, үлестірмелер.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Тақырыпты қорытындылау
ІІІ. Бағалау
ІV. Сабақты қорытындылау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Тақырыпты қорытындылау
1. Тест тапсырмаларын орындау.
1. Мына заттардың қайсысы сумен әрекеттесіп, қышқыл түзеді: а NaCI ә CaO б SO3 в NH3 ? 2. Fe(OH)3 -ң молярлық массасы ( гмоль): а 73 ә 75 б 104 в 107? 3. Мына заттардың жұбы өзара әрекеттеспейді: а CaH2 мен H2 O ә Na2O мен SO3
б CO2 мен SO2 в MgO мен CO2 ? 4. Ас содасының химиялық формуласы: а Na2CO3 ә K2CO3 б KHCO3 в NaHCO3? 5. Күкірт қышқылын нейтралдау үшін мына заттардың қайсысын қолдану керек: а HNO3 ә Mg(OH)2 б CH3OH в NaHSO4 ?
2.Төменде берілген кестелер бойынша тапсырмалар орындау.
1-кесте
KHSO4
NaOН
АI2O3
Mn2O7
Fe(OH)3
Mg(OH)CI
HCI
H2SO4
Li2O
HNO3
Bе(OH) 2
CrO3
CaCO3
H2S
K2NaPO4
АgNO3
2- кесте
Кремний (ІV) оксиді
Кремний қышқылы
Мырыш
гидроксиді
Күкірт (VІ)
оксиді
Калий гидроксиді
Бромсутек қышқылы
Темір (ІІІ)
сульфаты
Магний гидроксиді
Берилий оксиді
Натрий дигидрофосфаты
Мыс (ІІ)
гидроксиді
Фосфор
қышқылы
Литий карбонаты
Алюминий
оксиді
Алюминий гидроксохлориді
Көмір
қышқылы
1 тапсырма. 1-кестеде формулалары берілген химиялық қосылыстарды атаңыздар (1 нұсқа ). 2- кестеде берілген химиялық қосылыстардың формуласын құрыңыздар (2 нұсқа).
2 тапсырма. Бейорганикалық қосылыстарды төмендегі сызбанұсқа бойынша жіктеңіздер:
(1,2- кесте)
Оксидтер
Негіздік Қышқылдық Екідайлы
Негіздер
Сілтілер суда ерімейтіндер Екідайлылар
Қышқылдар
Оттекті Оттексіз
Тұздар
Орта немесе Қышқылдық Негіздік қалыпты
3 тапсырма.
Күкірт қышқылының (1 нұсқа), алюминий оксидінің (2 нұсқа) құрылымдық формуласын жазыңыздар.
3. Кальций гидроксиді мен күкірт қышқылы төмендегі кестеде берілген заттардың қайсысымен әрекеттеседі? Мысал келтіріп, реакция теңдеулерін жазыңыздар (1 нұсқа).
Қышқылдық оксид
Металл
Тұз
Негіздік
оксид
Қышқыл
Негіз
Барий оксиді мен мыс (ІІ) хлориді төмендегі кестеде берілген заттардың қайсысымен әрекеттеседі? Мысал келтіріп, реакция теңдеулерін жазыңыздар (2 нұсқа).
Қышқыл
Сілті
Тұз
Қышқылдық оксид
Негіздік
оксид
Ерімейтін негіз
4. Төмендегі айналымдарды іске асыруға болатын химиялық реакция теңдеулерің жазыңыздар:
1 нұсқа
Жай зат Оксид Гидрокид Тұз
2 нұсқа
Элемент Оксид
Тұз
Элемент Оксид
5. Есеп шығару
а 1% -қ қанттың ерітіндісін дайындау үшін 0,5 г қантты судың қандай көлемінде еріту керек? ә Массасы 120 г NaOH-нің көлемін, молекула санын есептеңіздер.
ІІІ. Бағалау.
ІV. Сабақты қорытындылау.