Түлкі бір күні оттап жүрген бір қазды ұстап алып, алдыңғы екі аяғымен басып тұрып, мазақ қылып, біраз азаптайын деп, мұртынан күліп: - Ә, қаз, сенің қолыңа мен түссем, сен не қылар едің

Скачать


Түлкі бір күні оттап жүрген бір қазды ұстап алып, алдыңғы екі аяғымен басып тұрып, мазақ қылып, біраз азаптайын деп, мұртынан күліп:
         — Ә, қаз, сенің қолыңа мен түссем, сен не қылар едің? Қаз сәл ойланып тұрып:
         — Не қылар едім? Белгілі емес пе, сені тісіммен тістеп тұрып, екі аяғымды кеудеңе қойып, көзімді жұмып: Ә, Құдай, бергеніңе мың шүкір! дер едім де сені жеп қояр едім, – депті.
         Түлкі:
         — Мынауың дұрыс екен. Мен де сені өзің айтқандай қылып жейін, – депті де қазды тістеп, өзі шоңқиып отырып, алдыңғы екі аяғын кеудесіне қойып, көзін жұмып: Ә, Құдай... – дей бергенде, қаз қанатын қағып қалып, қаңқылдап ұшып кете беріпті,
         Түлкі:
         — Ә, Құдай... – деген күйінде аузын аңқита ашып, шоңқиып қала беріпті.


Скачать


zharar.kz